Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2015 в 17:55, реферат

Описание работы

Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны анықталды. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-Сыртқы-істер-министрлігі.doc

— 725.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкілдіктерiнен, консулдық мекемелерiнен келiп түсiп жататын сұрау салуларды, Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету және Қазақстан Республикасында анықтама жүргiзудi орындау Консулдық қызмет департаментi арқылы, оның ішінде :

1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу  туралы куәлiктi талап ету бойынша - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларының АХАТ бөлiмдерi, сондай-ақ Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет;

2) Әлеуметтiк-құқықтық сипаттасы (еңбек  стаждары, жалақылары, зейнетақылары, бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерi, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттаулары, негiзсiз қуәын-сүргiнге ұшырау фактiлерi, азаматтардың және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуi, әскери қызметi, еңбек армиясына қатысқаны туралы) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және арнайы мемлекеттiк мұрағаттарында, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында жатқан құжаттар бойынша мәлiметтер талап етудi Мәдениет, ақпарат және келiсiм министрлiгiнің Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика мен ақпарат орталығы (Департаментi);

3) Ұйымдарда ведомстволық сақтауда  жатқан құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi талап ету бойынша - тиiстi мемлекеттiк органдар мен олардың жүйесiндегi мекемелер;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтiк қорғау  министрлiгiнiң құзыретiне кiретiн  құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;

5) Бiлiмi туралы құжаттарды, сондай-ақ  жоғары бiлiм деңгейiн растайтын  құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi;

6) Саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың  немесе табиғат апаттарының салдарынан  олармен байланыс үзiлген, оның iшiнде  бұрынғы әскери тұтқындар мен  еркiнен айырылғандар Қазақстан  Республикасының аумағында және  шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын iздестiру бойынша, сондай-ақ бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери iс-қимыл кезеңдерiнде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалар қабiрлерiнiң сақталғандығы туралы анықтама жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қазақ қоғамы;

7) Емделуде болғаны, кәсiби аурулары  мен қайғылы оқиғалар туралы  мәлiметтердi талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет жүзеге асырады.

Мәлiметтер (мұрағаттық анықтамалар) азаматтарға олардың өздерi туралы және олардың асырауындағы немесе олардың қамқорлығындағы адамдар туралы берiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатпаған және оның мүдделерi басқа мемлекеттер арқылы көрсетiлмеген елдерде құжаттарды талап ету iргелес жатқан мемлекеттердiң бiрiнде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ қазіргі таңдағы консулдық қызмет саласындағы мәселелердің бірі «Туризм» пилоттық кластерін дамыту жөніндегі Үкіметтің жоспарына сәйкес туристік визалар (рұқсатнамалар) үшін тарифтерді төмендету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Туризмнің (Дүниежүзілік туристік ұйымның жіктеуі бойынша азаматтардың өзінің тұрақты тұратын елінен тыс жасайтын кез келген жүріс-тұрыстары туризмге жатады) экономиканың табыстар деңгейі бойынша үшінші орындағы саласы болып табылтынын атап өту қажет. Тайланд мысалынан туындайтыны, кіру туризмінен түсетін пайда жалпы ішкі өнімнің 10 %-ын құрайды. Кіру туризміне ондаған жылдар бойы маманданған елдердің (Түркия, Таиланд, Малайзия, Сингапур және т.б.) тарихы көрсеткендей, заңға бағынатын елдер  азаматтарының қысқа уақыт осы елдерде болуының себебі бойынша өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қайсыбір нұқсан келтірмеген. Туризм жұмыссыздықпен күресуге көмектеседі, қонақүй және мейрамхана бизнесін, көлік және басқа да салаларды дамытады. Туризм жалпы алғанда шағын және орта бизнеске септігін тигізеді, ол сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайтады.

Рұқсатнамалар алу ережелерін жеңілдету де туризмді дамытудың бірден-бір жолы болып табылады.

Шетел азаматтары Қазақстанға келу үшін рұқсатнамалар (визалар) алуда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланатын 28 мемлекеттің қатарына Шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Латын Америкасындағы заңсыз көші-қон қаупін төндірмейтін бірқатар елдерді қосу жоспарланып отыр. Осындай шаралар қабылдау туристер ағындарының өсуіне жағдай жасайды және экономиканы әртараптандыруға септігін тигізеді. Мұнымен қатар, әуежайларда рұқсатнамалар беру практикасы кеңінен қолданылатын болады. Қазіргі кезде Жапония азаматтары үшін эксперимент ретінде бір ай мерзімге маусымдық рұқсатнамасыз режимді енгізу туралы мәселе пысықталып жатыр. Шетел азаматтарының рұқсатнама алуы Қазақстан Републикасында виза алу ережелері бойынша реттеліп отырады.

ҚР визаларын беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 08-1/77 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 806 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықпен реттеледі.

ҚР визасы жарамды паспортқа немесе Қазақстан Республикасы  танитын жеке басын куәландыратын басқа құжатқа жапсырылады, және Қазақстан Республикасының аумағына келуге, және онда болуға, сондай-ақ кетуге немесе транзитпен ҚР аумағын кесіп өтуге құқық береді. [17]

Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ресімделген  халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерінің Астанадағы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне немесе Алматыдағы КҚД өкілдігіне тапсырылған жазбаша өтініштері негіз болып табылады.[18]

Туристер ретінде немесе іскерлік мақсатпен шетел азаматтарын шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясының жергілікті бөлімшелерімен (Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасымен) келіскеннен кейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жазбаша өтініштерді береді.

Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Андорраның, Аргентина Республикасының, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Бразилия Федеративтік Республикасының, Ватиканның, Венгрия Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Кипр Республикасының, Корея Республикасының, Коста-Рика Республикасының, Куба Республикасының, Латыш Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының Монаконың, Наурудың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оңтүстік Африка Республикасының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румыния Республикасының, Сан-Марино Республикасының, Сингапур Республикасының, Словакия Республикасының, Словения Республикасының, Түркия Республикасының, Уругвай Шығыс Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Хорватияның, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Эстон Республикасының, Ямайканың азаматтарын іскерлік немесе туристік мақсатпен шақыру үшін ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді, яғни қабылдайтын ұйымдардың шақырулары (Астана, Алматы қалаларындағы) ҚР СІМ КҚД-ға тікелей тапсырылады.

Дипломатиялық визалар дипломатиялық паспорттың иелеріне, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелерiне, Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттерде үкiметке, парламентке мүше, көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлерге консулдық алымдар алынбай беріледі.

Қызметтiк визалар шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң персоналына, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк iстермен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетел азаматтарына, қызметтік паспорттың иелеріне беріледі.

Инвесторлық визалар Қазақстан экономикасын инвестициялауға қатысатын шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 - қаңтардағы № 46 қаулысына сәйкес инвесторлық виза тегін беріледі. [19]

Егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзгеше көзделмесе «жұмыс iстеуге арналған» санаттағы ҚР визаларын ресімдеу үшін басқа құжаттармен қоса шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат болуы қажет.

Iскерлiк визалар (iскерлiк келiссөздерге, кеңесулерге, түрлі форумдарға, конференцияларға  қатысу, келісім-шарттар жасасу, бiрлескен кәсiпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, консультативтi және аудиторлық қызмет көрсету және т.б.) Қазақстан Республикасына iскерлiк мақсатпен келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухаттарының негізінде беріледі.

ҚР туристiк визалары шетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ КҚД-нiң визалық қолдауы болған жағдайда беріледі.

Оқуға арналған визалар оқу орындарының қолдаухаттары негiзiнде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына оқуға, оқу тәжiрибесінен өтуге, тағылымдамаға және осылар тәрізді себептермен келетiн, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген  шетел азаматтарына  беріледi.

Емделуге арналған визаларды медициналық мекемелердің шақыру мақсатын растайтын құжаттары негізінде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделуге, медициналық тексерiлуге, кеңес алуға және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен келетін, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi.

Тұрақты тұруға арналған визаларды ҚР ҰҚК-нің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон жөніндегі комитетінің келісімі бойынша ресімделетін, ҚР СIМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, шетел азаматтарының өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерi Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарына бередi.

Транзиттік визалар үшiншi елге келуге жарамды құжаттары (визалары) бар, визасыз транзитке құқығы жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүрулері үшiн беріледi.

Қазақстанның аумағы арқылы транзитпен өтетін шетел азаматтарының өзімен бірге Қазақстан Республикасының аумағына кірген күнін растайтын құжаттары (жол билеттері) болуы тиіс.

Консулдық қызметтің тағы бір маңызды бағыты екі жақты және көп жақты деңгейлерде азаматтардың өзара сапарларының құқықтық базасын әрі қарай дамыту болып табылады.

Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2008 жылєы 23 - желтоќсандаєы N 1212 ќаулысымен бекітілген Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ 2009-2011 жылдарєа арналєан стратегиялыќ жоспарында Шет елдерде Ќазаќстан Республикасыныѕ жеке жјне заѕдыќ тўлєаларыныѕ ќўќыќтары мен мїдделерін ќорєау жјне ќамтамасыз ету, сыртќы байланыстарды консулдыќ ќолдау бағыты қарастырылған. Осы стратегиялық бағыттың мақсатын, міндеттерін, жұмсалатын қаржы мөлшерін 1-кестеден көруге болады [11].

1-кесте. Шет елдерде Ќазаќстан  Республикасыныѕ жеке жјне заѕдыќ  тўлєаларыныѕ ќўќыќтары мен мїдделерін  консулдық қорғау стратегиясы

 

Кґрсеткіштер атауы

Ґлшем бірлігі

Есепті кезеѕ

Жоспарлы кезеѕ

2007 жыл 

2008 жыл 

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Стратегиялыќ баєыт

Шет елдерде Ќазаќстан Республикасыныѕ жеке жјне заѕды тўлєаларыныѕ ќўќыќтары мен мїдделерін ќорєау жјне ќамтамасыз ету, сыртќы байланыстарды консулдыќ ќолдау

Маќсат

1.Шет елдерде Ќазаќстан  Республикасыныѕ жеке жјне заѕдыќ  тўлєаларыныѕ мїдделерін ќолдау  тиімділігін арттыру;

2. Шет мемлекеттерде (бірінші  кезекте ЕО елдерінде) ЌР азаматтары  їшін визалыќ режимді жеѕілдету;

3. Жеке басты кујландыратын  ќўжаттардыѕ ќорєану деѕгейін кґтеру

Міндеттер

Шет елдерде консулдыќ ќатысуды арттыру. ЕО-єа мїше мемлекеттермен реадмиссия, заѕсыз кґші-ќон жјне ўйымдасќан ќылмысќа ќарсы кїрес саласындаєы, босќындарєа баќылау жїргізу, тґлќўжат деректерін ќорєауды кїшейту жјне шекаралыќ баќылауды басќару жґніндегі ынтымаќтастыќ орнату. Ќазаќстан Республикасыныѕ дипломатиялыќ жјне ќызметтік тґлќўжаттарыныѕ "жаѕа їлгісін" дайындау.

Баєдарламаны іске асыруєа арналєан шыєыстар

 

мыѕ теѕге

282700

282702

297825

297825

0

Информация о работе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі