Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Реферат, 05 Апреля 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны анықталды. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ.
Файлы: 1 файл
Дип.-Қазақстан-Республикасының-Сыртқы-істер-министрлігі.doc
— 725.50 Кб (Скачать файл)Сонымен, біз бұл тарауда Сыртқы істер министрлігіне анықтама бердік, атқаратын міндеттері мен функцияларына талдау жасадық, әрі қарай Сыртқы істер министрлігінің негізгі қызметі мен құқықтық реттелуіне тереңірек тоқталамыз.
2 Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігінің
атқаратын қызметі мен құқықтық
реттелуі
1.2 Сыртқы істер
министрлігінің қызметін ұйымдастыру
Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің оның ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Министр Министрліктің жұмысына басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады. Министрдің негізгі функцияларын төмендегідей көрсетуге блады: [8]
1) өз құзыреті шегінде
шет мемлекеттермен және
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
3) өзінің орынбасарлары
мен Министрліктің құрылымдық
бөлімшелері басшыларының
4) еңбек қатынастарының
мәселелері Министрдің
5) еңбек қатынастарының
мәселелері жоғары тұрған
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Сондай - ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы Министрлік аппаратын басқарады. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқпайды. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне және Министрге есеп береді. Жауапты хатшының негізгі функцияларын жекелеп көрсетейік:
1) Министр қалыптастыратын
саясатты іске асыруды
2) Министрлік аппаратына басшылық етеді: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін
ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық,
материалдық-техникалық және
4) Министрмен келісілген соң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штаттық саны шегінде Министрліктің, ведомствоның құрылымын және штаттық санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен
кейін Министрліктің
6) Министрліктің тәртіптік,
аттестациялық және конкурстық
комиссияларының қызметіне
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету мақсатында және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік сатып алулар өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілген
соң Министрліктің
9) Ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынатын ведомство басшысының орынбасарын Министрдің тағайындауын келіседі;
10) Министрдің келісім
бойынша Министрліктің
11) еңбек қатынастарының
мәселелері Министрдің және
12) Министрліктің Қазақстан
Республикасының Президенті, Қазақстан
Республикасының Үкіметі және
Министр бекітетін
13) Министрліктің жыл
сайынғы жұмыс жоспарын және
Министрліктің қызметінің
14) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Министрдің келісімінен
кейін Министрлікті
16) Мемлекеттік қызмет
көрсетудің регламенттері мен
стандарттарын әзірлеуді
17) Министрліктің құзыреті
шегінде нормативтік құқықтық
актілердің жобаларын
18) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) Өз өкілеттіктері шегінде
мемлекеттік органдармен және
өзге де ұйымдармен өзара
20) Еңбек қатынастарының жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын персоналды қоспағанда, Министрліктің персоналын лауазымдарға тағайындайды және босатады;
21) Қазақстан Республикасының
заңдарымен және Қазақстан
Сондай-ақ жауапты хатшының Министрліктің аппараты қызметкерлерінің орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге, өзге мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға, жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапкершілікте болады.
Министрдің жанынан сандық және жеке құрамын Министр бекітетін алқа құрылады. Алқа халықаралық жағдайдың, Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің практикалық жұмысының негізгі мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктерін Министрліктің регламенті және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді. [10]
Ал Министрліктің болашақтағы іс-әрекетінің жоспары Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2008 жылєы 23-желтоќсандаєы N 1212 ќаулысымен бекітілген Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ 2009-2011 жылдарєа арналєан стратегиялыќ жоспарында айтылған. [11]
Јлемдік тјжірибені зерделеу сыртќы саясат ведосмтвосыныѕ абсолютті жетілген ќўрылымы іс жїзінде јлемніѕ бірде-бір елінде жоќ екенін, ал оларды реформалау їздіксіз їдеріс болып табылатынын кґрсетеді.
Мемлекет ќызметініѕ тиімділігін арттыру - Ќазаќстанныѕ болашаєын айќындайтын басты фактор. Демек, бўл - аса маѕызды стратегиялыќ міндет.
Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ Орталыќ аппараты жјне шетелдердегі мекемелері ќызметініѕ тиімділігіне ќол жеткізу жјне жаќсарту ќажеттігін назарєа ала отырып, орта мерзімді кезеѕде келесі іс-шараларды жїзеге асыру жоспарлануда:
- Озыќ аќпараттыќ жјне коммуникациялыќ технологияларды енгізу;
- СІМ-ніѕ жјне ЌР шетелдегі мекемелерініѕ оѕтайлы ќўрылымын ќўру;
- Басќарудыѕ жїйесі мен јдістерін жетілдіру, їйлестіру мен баќылаудыѕ тиімді тетіктерін енгізу;
- Кадрлыќ ќамтамасыз ету жїйесін жетілдіру.
Сонымен, Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Оның негізгі функциялары: өзінің орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді, дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ал жауапты хатшы министрлік аппаратты басқарады, ал функцияларын жоғарыда тізбектеп көрсеттік. Сыртқы істер министрлігінің тиімділігін арттыру - Ќазаќстанныѕ болашаєын айќындайтын басты фактор. Демек, бўл - аса маѕызды стратегиялыќ міндет.
2.2 Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметі
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсiби қызметi.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі - Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы 2002 жылєы 7 наурыз N 299-ІІ туралы заңмен реттеліп отырады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, осы Заңмен реттелмеген бөлігінде мемлекеттік қызмет туралы заңдардан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады [12].
Тікелей дипломатиялық қызметке көшпес бұрын, дипломатиялық қызметтің жүйесіне тоқталған жөн. Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi, оның ведомстволары, шет елдердегi мекемелер, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгінiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауындағы оқу орындары құрайды. Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi басқарады.
Ал Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар дипломатиялық қызмет органдары болып табылады. Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
- Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiне тиiстi ұсыныстар беру;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету;
- шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
- Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы iске асыру;
- Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
- шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бiрыңғай бағытын және инвестициялық саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында басқа да орталық атқарушы органдардың халықаралық қызметiн үйлестiру;
- әлемдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.
Жоғарыда айтылған міндеттерді орындай ортырып, Дипломатиялық қызмет органдары төмендегі функцияларды атқарады: [12]
- шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
- Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын iске асыру;
- келiссөздер жүргiзудi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;
- халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Yкiметiнiң қарауына белгiленген тәртiппен енгiзу;
- Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау;
- Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiнде ғаламдық және аймақтық проблемаларды шешудегi рөлiн арттыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзiлiк мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу саласындағы мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысу;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн, құқық тәртiбiн қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысу;
- Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
- Қазақстан Республикасының мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының Мемлекеттiк протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
- дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетiн консулдық функцияларды жүзеге асыру;
- шет елдерде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде оларға қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
- аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, дiни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға өз құзыреті шегiнде қатысу;
- шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын жүзеге асыру;
- өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының транзиттiк-көлiктiк әлеуетiн тиiмдi пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастықпен ынтымақтастығы жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және жүргiзуге қатысу;
- өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
- инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесiн қалыптастыру;
- мемлекеттiк бағдарламаларды, басым жобаларды iске асыру үшiн тiкелей қаржы ресурстарын, соның iшiнде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары тарапынан берiлетiн заемдар мен гранттар есебiнен тартуға қатысу;
- қазақстандық тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.