Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2015 в 17:55, реферат

Описание работы

Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны анықталды. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-Сыртқы-істер-министрлігі.doc

— 725.50 Кб (Скачать файл)

Әрі қарай Қазақстанның дипломатиялық қызметін жүзеге асыратын, еліне, жеріне адал қызмет ететін дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне, олардың құқықтары мен міндеттеріне  тоқталамыз. Дипломатиялық қызметтің қызметкерлері - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер, ал жұмыскерлері - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер. [13,с.110]


 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Дипломатиялық қызмет персоналы

1-суретте көріп тұрғанымыздай  – ақ дипломатиялық қызметтің  персоналы - дипломатиялық қызметтің  қызметкерлері мен жұмыскерлерін  құрайды.

Ал дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық лауазымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Дипломатиялық қызмет органдарына кімдер қызметке тұра алады және оларды кім жұмыстан босата алады сынды сұрақтар кімді болса да ойландыратыны анық. Сондай-ақ біз осы сұрақтарға жауап береміз.

Дипломатиялық қызметке жоғары бiлiмi бар, өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi iскерлiк, моральдық, кәсiби қасиеттерге қол жеткiзген әрi денсаулық жағдайы дұрыс Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру азаматтар алдын ала мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

Шет елдегi жұмыстан кейiн Қазақстан Республикасына оралған дипломатиялық қызметтiң қызметкерi, ескерту, сөгiс, қатаң сөгiс, дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру, лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету, дипломаттық дәрежесiнен айыру, қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту, жұмыстан босату сияқты тәртіптік жазаларға тартылмаған болса, бұрын Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Дипломаттық дәрежелер

Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке алғаш тұрған адамдар үшiн үш айға дейiн мiндеттi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ мерзiмiнен өтудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан  Республикасының Сыртқы iстер министрi белгiлейдi. Бұрын сотталған және ақтала алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ ұнамсыз себептермен мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.

Дипломатиялық қызмет туралы заңның 3-бабына сәйкес дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне атқаратын лауазымы және бiлiктiлiгi ескерiле отырып, мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi. Дипломаттық дәрежелерді төменнен жоғары қарай 2-сурет түрінде көрсетуге болады.

Мұндағы Төтенше және Өкiлеттi Елшi, І және II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломаттық дәрежелерiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

Басқа дипломаттық дәрежелердi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi бередi.  Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ережемен белгiленедi.

Қызметкердiң дипломаттық дәрежесi, әдетте, дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес болуға немесе бiр саты жоғары не төмен болуға тиiс. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктер тапсырумен және қызмет тiзiмiндегi (еңбек кiтапшасындағы) жазбалармен расталады. Жекелеген жағдайларда, жұмыста елеулi табыстарға қол жеткiзсе немесе айрықша еңбек сiңiрсе, белгiленген мерзiм өткенге дейiн (мерзiмiнен бұрын дәреже беру) немесе дәреже берудiң кезегi сақталмастан (кезектен тыс дәреже беру) дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дәрежесi өсiрiлуі мүмкiн. [14]

Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының және өздерi болатын елдердiң заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын iс-әрекеттер жасаған жағдайда олардың дипломаттық дәрежесі төмендетiлуi немесе олар дипломаттық дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.  Мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн дипломатиялық қызмет органдары жүйесiнен босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкерi сонымен бiр мезгiлде дипломаттық дәрежесiнен де айырылады, басқа жағдайда дипломаттық дәрежелер өмiр бойына берiледi және сақталады.

Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық қызмет персоналының ротациясы жүзеге асырылады.

Ротация шеңберiнде дипломатиялық қызмет персоналы, оның кәсiби даярлығы мен мамандануы ескерiле отырып, шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберiледi немесе өздерiнiң қызметiн Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жүзеге асырады. Ротация дегеніміз дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) мен шетелдік мекемелер арасында, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында лауазымдық орын ауыстыруы.

Дипломатиялық қызмет персоналының ротациясы мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) сыртқы ротация - Сыртқы iстер  министрлiгiнен шет елдердегi мекемелерге және шет елдердегi мекемелерден Сыртқы iстер министрлiгiне ауысу;

2) iшкi ротация - Сыртқы iстер министрлiгiнiң  құрылымдық бөлiмшелерi арасында  ауысу.

Дипломатиялық қызмет персоналының өзіндік  құқықтары мен мiндеттерi бар.

Өзiнiң кәсiби функцияларын жүзеге асырған кезде дипломатиялық қызмет персоналының:

1) дипломатиялық қызмет органдарының  қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар  енгiзуге;

2) шет елде болу кезеңiнде  халықаралық құқық нормаларына  сәйкес белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарына  Конституцияда және Қазақстан  Республикасының заң актiлерiнде  кепiлдiк берiлген өзге де құқықтар  мен бостандықтарды пайдалануға  құқығы бар.

Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мемлекеттiң сыртқы саясаты мәселелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге де құқылы.

Дипломатиялық қызмет персоналы:

1) дипломатиялық қызмет атқаруға  байланысты мiндеттердi адал орындауға;

2) болатын мемлекетiнiң заңдарын, дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын құрметтеуге;

3) мемлекеттiк құпияларды құрайтын  мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын  өзге де құпияны, дипломатиялық қызмет аяқталғаннан кейiн де, жарияламауға;

4) өзiнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн, жалпы саяси даярлығын арттыруға, мемлекеттiк және шет тiлдердi бiлуiн жетiлдiруге;

5) Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде белгiленген өзге де  мiндеттердi орындауға мiндеттi.

Дипломатиялық қызметтi және оның органдарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.  Дипломатиялық қызмет органдары консулдық iс-әрекеттер жасаған кезде жұмсайтын күтiлмеген шығыстар Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Консулдық жарғыда белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.  Құрметті консул аппаратының қызметін және соған байланысты iс-шараларды қаржыландыру құрметтi консул бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

Дипломатиялық қызмет органдары көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етiледi.

Дипломатиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдегi жылжымайтын және өзге мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.

Дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамтамасыз ету атқаратын қызметiнiң қиындығы, оған байланысты қауiп-қатер, сондай-ақ шет мемлекеттiң өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып жүзеге асырылады.

Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналына және отбасы мүшелерiне қандай да болсын зиян келтiрмеуге тиiс.

Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерiне көмек көрсету мен қорғауға байланысты мiндеттердi шет елдегi мекеменiң жетекшiсi орындайды. Шет елдегi қызметi кезiнде дипломатиялық қызметтiң қызметкерi немесе жұмыскерi не оның отбасы мүшелерi ауырған, қайтыс болған, отбасында бала туылған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.

Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастары Дипломатиялық қызмет Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.  Шет елдердегi мекемелерде қызметтердi қоса атқаруға немесе уақытша жоқ қызметкерлердiң немесе жұмыскерлердiң мiндеттерiн орындауға рұқсат етiледi. Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек жағдайларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн еңбекке ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi. Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу болатын елiнiң саяси, әлеуметтiк-экономикалық және материалдық-тұрмыстық жағдайлары ескерiле отырып айқындалады.

Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежесi үшiн, шет тiлдерiн бiлгенi үшiн, мемлекеттiк құпия болып табылатын мәліметтермен жұмыс істегені үшiн ақшалай төлем алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өкiлдiк керек-жарағы құнының мөлшерiнде жыл сайынғы ақшалай өтем алуға құқығы бар. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң өкiлдiк керек-жарағы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Дипломатиялық қызметтiң персоналына ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Дипломатиялық қызметтiң шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн қызметкерiне немесе жұмыскерiне кезектi еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру үшiн оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының екi еселенген мөлшерiнде жәрдемақы төленедi. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының  консулдық қызметі мен құқықтық  реттелуі

 

 

Қазақстан Республикасының консулдық қызметі - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретiн шектерде мемлекеттің, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, ізгілік-мәдени байланыстарды және туризмді кеңейтуге жәрдемдесетін бір бөлігі. [8]

Консулдық қызметтің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 - қарашадағы Консулдық заңдастыру Ережелерiн бекіту туралы N 264 бұйрығы, Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 28 - қаңтардағы № 136 қаулысы, қазақстандық визаларды алу ережелері, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 - сәуірдегі № 545 «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметі Қаулысы бойынша іске асырылады.

Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiѕ қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады.

Консулдық заңдастыру функцияларын мыналар атқарады: [15]

  • шетелде - Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi;
  • Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi.

Шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Консулдың тапсырмасы бойынша консулдық заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады. Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығаран құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарт бойынша  ґзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шетелдiк мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi қарауына қабылдайды.

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiѕ мазмұны бойынша Қазақстан Республикасыныѕ мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды.

Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады. Құжаттыѕ немесе актiнiң осы талаптарға сәйкес заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады. Жазба нұсқасы 2-қосымшада көрсетілген. Консулдық мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi 3-қосымшада көрсетілгендей, нысанға сәйкес жүргiзедi.

Консулдық қызметтің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан шетелге уақытша кеткен азаматтар да консулдық қызмет департаментінің қарамағында болады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi  арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 "Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы" қаулысының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрленген және Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi, консулдық мекемелерi мен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiн айқындайды. [16]

Информация о работе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі