Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2015 в 17:55, реферат

Описание работы

Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны анықталды. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-Сыртқы-істер-министрлігі.doc

— 725.50 Кб (Скачать файл)

Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і қазақ даласында өсіріледі. Мұның бәрі шетелдерді қызықтырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауының нәтижесінде мүлдем жаңа географиялық саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия-Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси жән стратегиялык тиімді кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де Республикамызға септігін тигізуге тиіс.

Біздін географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде караған. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25- мамырда Н. Ә. Назарбаев пен Б. Н. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Онда мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара кұрметтеу, даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау, ішкі істерге араласпау және т.б. қарастырылды. "Байкоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы" келісімге қол қойды. Ресей Федерациясы "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасына жылына 115 мың АҚШ доллары көлемінде жалға алу ақысы төлеп отырады. Ол 20 жылға жалға берілді, екі жақ өзара келіскенде жалға алу мерзімі содан кейінгі 10 жылға ұзартылады. Екі ел арасында әскери-саяси, мәдени-гуманитарлық салаларда шарттарға қол қойылды. 1998 жылдың 12 - қазанында Ресей Федерациясымен Қазақстан және Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы хаттамаға қол қойылды. Мұнын бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынастың өрбіп келе жатқанын кәрсетеді.

Көріп отырғанымыздай-ақ 1992 жылы тарихта Қазақстанның тәуелсіздік табалдырығын аттап, алға қарай серпімді қадам басып келе жатқанының айғағы.

1993 жылы 14 - ақпанда Қазақстан  Республикасының Атом энергиясы  бойынша Халықаралық Агентствоға (МАГАТЭ) кірді.

1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігі айтпаса да түсінікті. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. Өз кезегінде, Қазақстан ҚХР-дың аумақтық тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мойнына алды. 1994 жылы 18 - тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды, 4 - желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Швейцария конфедерациясындағы Елшілігін ашу туралы» және «Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілдігін ашу туралы» жарлықтары шықты, 15 - желтоқсанда Жамбылда Президенттер Н.Ә.Назарбаевтың, А.А.Ақаевтың, И.А.Кәрімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс соңында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында БҰҰ қамқоршылығымен Үш елдің бітімгершілік батальонын құру және қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды. Осы айтылған келісімдердің барлығы Қазақстанның Азиямен, Еуропа елдерімен, ынтымақтастықтың жалғасуы, бейбітшілік жолды жалғастыруы деуге болады.

Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның 1994 жылғы желтоқсан айында Будапешт (Венгрия) қаласында өткен кезекті жиыны өте маңызды болды. Дәл осы жиын үстінде Қазақстан үшін маңызды келісімге қол қойылып, елдің мәртебесі көтерілген еді, ол– жер бетіндегі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи келісім болатын.

1995 жылы 19 - ақпанда ҚР  Сыртқы істер министрінің бұйрығымен  ҚР Сыртқы істер министрлігінің  алқасы құрылды. ҚР СІМ Алқасы  Сыртқы істер министрлігі жанындағы  кеңестік орган болып табылады. [6, 87-б.]

Сол жылы 26 - сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытайға ресми сапармен барды. Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей және Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери салалада сенімділікті нығайту туралы келісімге (Шанхайлық келісім) қол қойды, 11 - мамырда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Президенттер Каспий теңізі бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады, 23 - тамызда Алматыда Орта Азия Одағына қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында 1996–1998 жылдарға арналған Біртұтас экономикалық кеңістік құру бойынша іс-шара бағдарламасы бекітілді, қатысушы-мемлекеттер шекаралық аумақтарында арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешім қабылданды, 30-  қыркүйекте Қазақстан ядролық сынақтарға тегіс тыйым салу келісім шартына қол қойды

1995 жылы 10 - қыркүйекте ҚР  Үкіметі қаулысымен ҚР Сыртқы  істер министрлігінің Жоғарғы  дипломатиялық мектебі (Диломатиялық  Академия) құрылды.

1997 жылы 2 - желтоқсанда Ослода  өткен ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚҰЫ арасында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу туралы меморандумға және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның Демократия және адам құқығы жөніндегі бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2002 жылы 7 - наурызда Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан Республикасының дипломатиялық  қызметі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына қол қойды. Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.

2006 жылы 25 - қаңтарда Санкт-Петербургте  өткен Еуразиялық Экономикалық  Қауымдастықтың Мемлекетаралық  Кеңесіне қатысу шеңберінде Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Назарбаев  пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путин атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстандық-ресей ынтымақтастығын дамыту туралы бірлескен Мәлімдемені қабылдады.

Сонымен бірге мемлекет басшылары 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы  Су асты қорын пайдалануға дербес құқықтарды орындау мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы Келісімнің 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойды. Сол жылы 17 - маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) екінші саммиті өтті. Саммит барысында АӨСШК екінші саммитінің Декларациясы қабылданып, Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелеріне ортақ көзқарас білдірілді. Аталған шара шеңберінде АӨСШК хатшылығының құрылуы және оның Алматыда орналасуы туралы шешім қабылданды.

2006 жылы 8 - қыркүйекте Семей  қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан  мен Түрікменстанның Сыртқы істер  министрлері деңгейінде «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аумақ құру туралы» Шартқа қол қойылды. Қол қою рәсіміне БҰҰ, МАГАТЭ, халықаралық қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007 жылғы қарашаның 29-30 Мадридте қабылдаған Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуі туралы шешімі біздің еліміздің халықаралық тұрғыдан танылуының, сапалық жаңа деңгейге көтерілуінің айқын айғағы болды.

Қазақстанның төрағалығы – бұл, бірінші кезекте, өзінің саяси тарихында тұңғыш рет салмақты халықаралық легитимизация мен өзінің ұмтылысына қолдау көрген барлық Қазақстан халқының жетістігі.

Қазақстан халқы іштегі және сырттағы сындарға қарамастан, таңдап алынған саяси және экономикалық даму бағытынан таймаған елімізге қолдау көрсетіп, өзінің ақылмандығын айғақтады.

Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттык ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дипломатиялық әлеуеті шын мәнінде қажет болғандығын уақыт айшықтап көрсетті. Қазақстандық дипломатиялық қызмет еліміздің халықаралық ұстанымын нығайтуға нақты үлесін қосты. Бүгінде Қазақстан әлемге негізді және ашық сыртқы саясаты бар мемлекет ретінде танылды.

Сонымен қатар, Қазақстан бүгінде ТМД, Біртұтас экономикалық кеңістік, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы секілді өңірлік ықпалдастық құрылымдардың аясында көп жақты ынтымақтастықты белсенді жүргізіп отырған белді мүшелердің қатарында.

Осының бәрі, яғни қазақ дипломатиясының белсенді қызметі, серіктестерімізбен тең құқылы және өзара тиімді қатынастар дамытуға мүдделілігіміз жаһандық және өңірлік саясаттың  өзекті мәселелері бойынша сындарлы да табанды ұстанымдарымыз халықаралық аренада Қазақстан Республикасына құрмет пен сүйініш  тудырды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының  тұжырымдамалық қырлары турасында сөз қозғағанда, Елбасы белгілеп, біздің дипломатия жүзеге асырып келе жатқан көпвекторлы бағдары дұрыстығын атап айту керек. Өзінің геосаяси орны мен экономикалық әлеуетіне байланысты Қазақстанға дәл осындай саясат жүргізу қажет болды. Қазақстанды екі құрлықта да мүддесі алысты көздеген, ірі еуразиялық мемлекет ретінде қарастыра отырып, орталықазиялық өңірдің ғана акцияларымен шектеліп, тар ауқымды географиямен тұйықталу жөн болмас еді. Мұндай ұстаным біздің елдің әлеуеті мен стратегиялық мүдделеріне кереғар келер еді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның көпвекторлы саясаты түпкілікті жүйеге түсті және елдің өсіп-өркендеуі мен бақуаттылығына жұмыс істеп жатыр деп айтуға толық негіз бар.

Қазақстан Республикасының сындарлы сыртқы саясаты оның мақсаттарына жету үшін нысанасы мен мүмкіндіктерінің арасындағы қисынды теңгерімді сақтауға негізделуі тиіс.  Саяси-дипломатиялық құралдарды сыртқы саяси міндеттерді шешуге шоғырландыру біздің еліміздің ұлттық мүдделерінің нақты маңызына бара-бар болуы қажет. Халықаралық проблемалардың көпқырлылығы мен күрделілігі,  дағдарыстық жағдайлардың болуы олардың әрқайсысын да Қазақстанның сыртқы саяси қызметінде басымдылық жағынан дер уақытында бағалауды талап етеді.  Жаһандану жағдайында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен оның ұлттық экономикасын қорғаудың саяси, құқықтық, сыртқы экономикалық және басқа да құралдарының тиімділігін арттыру қажет. Осы міндеттердің бәрін қаншалық сәтті шешетіндігіміз белгілі бір деңгейде біздің дипломатиялық қызметті дамыту мен жетілдіруімізге байланысты болмақ. Бұл ретте, тұрақты экономикалық өсімнің арқасында еліміздің халықаралық орнын нығайтуға қажетті мүмкіндіктер мен ресурстардың да ұлғайып келе жатқанын ескеру керек.

Сонымен Сыртқы істер министрлігінің құрылуын зерттедік және қысқаша қорытындылайық:

Төл дипломатияның тарихы Қазақ хандықтарынан, дәлірек айтқанда тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу міндеті маңдайларына жазылған Керей мен Жәнібектен Әбілқайыр, Абылай хандарға, одан беріде Бөкей хандығы мен Алашорда қайраткерлерінен тамыр алады.

1944 жылдың сәуір айының 13-інде Қазақ КСР-інің Сыртқы  істер ұлттық комиссариаты құрылып, оны кейіннен КСРО-ның  Үндістандағы  елші-кеңесшісі болып істеген, талантты дипломат Төлеген Тәжібаев басқарды. Қазақ КСР-інің Сыртқы істер ұлттық комиссариаты 1946 жылы Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылды.

1992 жылдың 2 - шілдесінде  Президент Нұрсұлтан Назарбаев  жас Қазақстан мемлекетінің сыртқы  саясат ведомствосының мәртебесі мен өкілеттігін ресми рәсімдеген, “Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы” Жарлыққа қол қойды.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында  тәуелсіздік алғаннан кейінгі  Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен  Сыртқы істер министрі лауазымына Төлеутай Сүлейменов тағайындалды. Кейіннен  министрлік басшылығына Қанат Саудабаев (1994 жылдың сәуір-қазан аралығы), Қасым-Жомарт Тоқаев (1994-1999, 2002-2007 жылдары),  Ерлан Ыдырысов (1999-2002) сынды кәсіби дипломаттар тағайындалды, Март Тәжин (2007 – бүгінгі күнге дейін).

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі үшін 17 жыл тарихи уақыт тұрғысынан өте қысқа екендігі сөзсіз. Жоғарыда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері де аймақтық және халықаралық қатынастарды дамытудағы іс-әрекетін айтып өттік. Осының бәрі ел басшылығы мен сыртқы саясаттың өнімді жұмысын және дамудағы сапалы деңгейге жеткенімізді көрсететін болса керек. Сөз жоқ, оған еліміздің сыртқы саясат тұжырымдамасын айқындап, оны баянды етуге тікелей өзі ұйытқы болған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегі әлемдік саясаттың дамуына да айтарлықтай ықпал етті.

 

 

1.2 Сыртқы істер  министрлігінің түсінігі, міндеттері  мен функциялары

 

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі - сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі" мемлекеттік мекемесі. [8]

Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі