Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 22:42, дипломная работа

Описание работы

Осыған байланысты қандай да бір іс жүргізу әрекеттің ісін дұрыс және тиімді жүргізуге қажетті тұлғаларды қылмыстық іске қатысу үшін таңдау мен тартуда қиындықтар жиі кездесіп отырады. Заңда бекітілген іс жүргізу қызметті жүзеге асырудың ережелері қаншама жетілдірілсе де олар процессуалдық іс-әрекеттердің тиісті түрде өтуімен қамтамасыз ететін тұлғалардың қылмыстық сот ісіне қатысуына байланысты барлық мәселелерді толығымен реттей алмайды.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-4
1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
құқығының түсінігі.Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
құқығының түсінігі.....................................................................................5-7
1.2.Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер
теориясындағы орны...................................................................................8-10
1.3. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы...11-15 1.4.Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі....................................16-18
1.5.Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны..................19-21
1.6.Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың іс жүргізудегі
кепілдіктері................................................................................................22-25
2-тарау.Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы.
2.1.Дәлелдемелердің қайнар көздері...........................................................26-28
2.2.Дәлелдемелерді топтастыру....................................................................29-35
2.3Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі.............................36-41
2.4.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес
ақпараттың арақатынасы.........................................................................42-51
2.5.Техникалық құралдарды қолдана отырып жедел-іздестіру жолымен
алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік
шарттары..................................................................................................52-54
Қорытынды......................................................................................55-
Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-Қылмыстық-сот-ісін-жүргізудегі-заттай-дәлелдеу.doc

— 413.00 Кб (Скачать файл)

Дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысының маңызы мынадан көрінеді: осы өлшемге сүйене отырып, "тергеу мен сот қылмыстық істерді тергеу және қарау кезінде өздерінің қолынан өтетін іс жүзіндегі материалдардың "үйіндісінен" оларды дұрыс шешу үшін қажетті деректерді таңдап ала алады".

Дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені шешу үшін оларда бар ақпарат сипатының маңызы болмайды (дәлелдемелер ізделетін фактілерді растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін). Қатыстылық — дәлелдеменің мәнділігіне ықпал ететін ішкі қасиетінің белгісі. Сонымен бірге осы айтылған белгінің сыртқы көрінісі мынадай: ол істі ақпаратсыз-ақ көптеген жағдайларды анықтауға қатысы бар материалдарды іске шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Дәлелдемелердің іске жіберілуі дегеніміз — көздерінің, олар алынған әдістер мен тәсілдердің заңдылығы көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелердің жарамдылығы, толықтығы. Дәлелдемелердің іске жіберілуін қамтамасыз ететін іс жүргізу нысандарының мынадай элементтерін бөліп кәрсету қабылданған: дәлелдеудің тиісті қатысушысы; заңда көзделген дәлелдеме көзі; заңға сәйкес тергеу іс-қимылын (дәлелдеме алуға көмектескен) өткізудің тәртібі.

Дәлелдемелердің қатыстылығы мен іске жіберілуі арасындағы арақатынасты айқындай отырып, В. Д. Арсеньев былай деп жазды: "Егер қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің мазмұны олардың іске қатыстылығын көрсетсе, дәлелдемелердің іс жүргізу нысаны — олардың осы іс бойынша іске жіберілуін айқындайды".

Дәлелдеудің тиісті қатысушысы туралы талап мазмұнының негізінде дәлелдеп керсету айыпталушыға аударуға қатысты қылмыстық іс жүргізуге тыйым салады. Алайда бұл айыпталушыдан басқасының бәрі де дәлелдеуі тиіс дегенді білдірмейді. Заңда дәлелдеу функциясы тергеушіге, анықтау жүргізетін адамға, прокурорға жүктеледі. Бұл сотқа дейінгі кезеңдерде тек осы қатысушыларға ғана дәлелдемелерді мақсатты түрде жинауға және нақты іс бойынша оларды қылмыстық сот ісін жүргізуге тарту туралы мәселені шешуге құқық берілгендігін білдіреді. Істі сот қарауы кезінде жинау және дәлелдемелерді істің материалдарына тігу мәселелерін сот шешеді.

Заңда көзделген дәлелдемелер көзі іс жүзінде қолда бар көздін ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігінде көзделген тәсілдердің бірімен сәйкес келетіндігін білдіреді. Бұл орайда заң шығарушы істің мән-жайын дәлелдеу үшін ҚІЖК-де санамаланған кезкелген кездер пайдаланылуы мүмкін екендігін белгілейді. Алайда белгілі бір жағдайларда мән-жай қатаң түрде белгілі бір көздерден анықталуы мумкін. Мәселен, ҚІЖК-нің 240-бабына сәйкес қаза табуының себептерін анықтау, дене жарақатының сипаты мен ауырлығын анықтау, айыпталушының, куәгердің және жәбірленушінің психикалық жай-күйін анықтау тиісті сот сараптамасын жүргізу жолымен мүмкін болады. Осы жағдайларда анықталатын фактілер дәлелдемелерінің бірден бір көздері сарапшылардың қорытындылары болады. Дәлелдемелердің көздеріне қатысты талаптардың осы категориясына адамның жасы туралы құжаттарда керсетілген мәліметтердің дұрыстығына күмән болған немесе АХАЖ-дың (азаматтық хал актілерін жазу) қажетті құжаттары болмаған жағдайда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау кезінде жасалатын саратшылар қорытындылары да жатады.

Заңда көзделгеніндей дәлелдемелерді алу тәсілі іс жүргізушілік нысанының тағы бір міндетті элементі. Дәлелдемелерді жинақтау мақсатында анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот заңда белгіленген тәртіппен куәгерлер, жәбірленушілер ретінде жауап алу үшін сарапшылар ретінде қорытынды беруі үшін кез келген адамды іске тартуға; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардан іс бойынша кажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға жәрдемі тиетін заттарды, кұжаттарды, сондай-ақ мәліметтерді талап етуге құқылы. Дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, қорғаушы, айыптаушы, сондай-ақ жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ак кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.

Бұл ереже дәлелдеу тәсілдерінің тізбесімен ұштаса келіп дәлелдеменің екі тәсілімен алынатындығын білдіреді:

1) тергеу істерін жүргізудің нәтижесінде;

2) соттың іс-қимыл жүргізуі нәтижесінде.

Дәлелдеме алудың басқа жолы жок, ҚІЖК-де тергеу және сот іс-қимылдарының тізбесі егжей-тегжейлі көрсетілген.

Дәлелдеме алуға жәрдемі тиген заңға сәйкес тергеу іс-қимылын жүргізу тәртібі — іске жіберілу категориясының маңызды элементі. Заң шығарушы тергеу іс-қимылын жүргізудің екі деңгейдегі тәртібін көздейді: а) жалпы; ә) жеке. Барлық тергеу іс-қимылдарына қатысы бар жалпы деңгей кылмыстық сот ісін жүргізуден туындайтын талаптарға негізделген. Осы деңгейге тергеу істерін хаттамалау, хаттамаларды жасаудың жалпы ережелері туралы талаптар жатады. Жеке деңгейдің жекелеген (нақты) тергеу іс-қимылын жүргізудің регламентіне катысы болады.

Дәлелдеменің іске жіберілуі оның факті туралы мәлімет көзі ретінде осы фактіні анықтаудың құралы болып алу қабілеті және осы тұрғыдағы түсінікте іске жіберілуі іс жүргізу нысаны көрінісінің мәні.

Қолданылып жүрген занда іске жіберілу категориясы жоққа шығару әдісімен шешіледі, оның мәнісі мынада: дәлелдемелер ретінде белгілі бір деректерді іске жіберуге болмайтындығы анықталатын белгілер регламенттеледі, ал іске жіберуге болмайтын өлшемдерге қайшы келмейтіннің барлығын да іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде іске жіберуге болатындығын тану үшін негіз ретінде қарау керек". ҚІЖК-нің 116-бабында: "Іс жүзіндегі деректер, егер олар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепілдік берілген кұқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзумен..." деп атап көрсетілген. Жоғарыда келтірілген анықтамаға қайшы келмейтін барлық басқа деректер дәлелдемелер алудың процедуралық талаптары, іс материалдарына тігудің талаптары сақталған жағдайда дәлелдемелер деп танылады.

Іс үшін маңызы бар, іс жүзіндегі деректерді алу кезінде жол берілген ҚІЖК-нің талаптарын бұзу деп мыналар есептеледі: күш қолдану, қатер тендіру, аддап арбау, сол сиякты өзге де заңсыз іс-қимылдар; қылмыстық процеске қатысушы адамға түсіндірмеу немесе толық емес, сондай-ақ дұрыс емес түсіндіру салдарынан туындаған оның өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты аңғырттығын пайдалану; қатысы жоқ адамның тергеу іс-қимылын жүргізуі; қарсылық білдірілуі тиіс адамның іс жүргізуге қатысуы; іс жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу; іс жүзіндегі фактілердің белгісіз көзден не сот мәжілісі анықтауы мүмкін емес көзден алынуы; дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімдерге қайшы келетін әдістерді қоддану.

Іс жүзіндегі деректерді, егер осы деректердің көздері қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, қылмыстық ізге түсу органының айыптауын, сондай-ақ соттың үкімін және өзге де қорытынды шешімін негіздеу үшін пайдалануға заң тыйым салады. Осы айтылған тыйым салуды қолдану үшін төмендегі іс жүргізуде маңызы зор жағдайлар да ықпал етпейді:

сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің және куәгердің жауаптарын ҚІЖК-нің барлық нұсқамаларын сақтай отырып алу, жауаптарды қолданылып жүрген процедуралық нұсқамаларға сәйкес хаттамаларда бекіту; сарапшының өз қорытындысын қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысына сәйкес жүргізу негізінде жасауы, сараптаманың барлық белгіленген ережелерді сақтай отырып жасалуы; қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті каулысына сәйкес заттық айғақтарды іске тігу және оларды тиісті процедура сақталған жолмен алу, осы әрекетке қатыстылығының белгілері болуы; тергеу және сот іс-қимылдарының қажетті хаттамаларын және өзге де құжаттарды тиісті түрде ресімдеу.

Іс жүзіндегі деректердің заң белгілеген көздерін қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізбеу дәлелдемелерді іске жіберу мәселесін шешу кезінде оларға қойылатын талаптарды елеулі түрде бұзу деп қарау қажет.

Қылмыстық іс бойынша тізімдемеге қажетті материалдарды енгізбеуді анықтау органының бастығы анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 66-бабына сәйкес анықтаушыға осы тізімдемені қайта жасау туралы нұсқау беруге құқылы. Егер занды бұзушылықты айыптау қорытындысы немесе айыптау хаттамасы бар қылмыстық іс өзіне келіп түскен кезде прокурор анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 281—282-баптарына сәйкес материалдардың тізімдемесін қайта жасау үшін өзінің жазбаша нұсқауларымен бірге істі тергеушіге, анықтау органының басшысына қайтаруға құкылы. Егер заң бұзушылықты судья (сот) анықтамаса, онда ол ҚІЖК-нің 300-бабының негізінде өзінің қаулысымен қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмеген дәлелдемелерді істің материалдарынан алып тастауға кұкылы.

Дәлелдемелер ретінде іс жүзіндегі деректерді іске жіберуге болмайтындығын, сондай-ақ құқықтық күші жоқ екендігін танудың бастамашылары мыналар бола алады: сот; қылмыстық ізге түсу органдары; тараптар.

Сот, қылмыстық ізге түсу органдары дәлелдемелердің құқықтық күші жоқ екенін және оларды айыптауды қалыптастыру кезінде пайдалануға болмайтындығын, сондай-ақ оларды алу кезінде заңды бұзушылыққа жол берілгендігі анықталса дәлелдеу тақырыбының кез келген элементін дәлелдеуге жатпайтындығын тану туралы қаулы шығарады. Тараптар соттың немесе қылмыстық ізге түсу органдарының алдында өз өтініштерін мәлім етеді. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша уәкілетті адам қанағаттандыру туралы немесе бас тарту туралы қаулы шығарады. Тараптардың өтініші қанағаттандырылған жағдайда іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде тануға жол берілмейтіндігі туралы қорытындыны бекітетін дербес қаулы шығарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.Дәлелдемелер  мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес

ақпараттың арақатынасы.

Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кенесі 1994 жылғы қыркүйектің 15-інде қабылдаған жедел-іздестіру қызметінің бірі ретінде қылмысты анықтауды, алдын алуды, болдырмауды және ашуды көздейді (2-бап). Жедел-іздестіру қызметін мынадай органдар жүзеге асырады:

а) ішкі істер орган-дары,

ә) ұлттык қауіпсіздік органдары;

б) Қорғаныс министрлігінін, әскери барлау органдары;

в) Қаржы министрлігінің салық қызметі органдары;

г) Қазақстан Республикасы Президентінін күзет қызметі (жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 6-бабы).

ҚІЖК-нің 65-бабына сәйкес (1-бөліктің 1—2-тармақтары) қылмыс белгілерін және оны жасаған адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау жүктеледі. Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында дамытылды. Мәселен, аталған Жарлықтың 10-бабында былай деп жазылған: "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға және ашуға, ішкі істер органдары жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген бас бостандығынан айыру орындарында режимді сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға кұқылы ішкі істер органдарынын, бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер министрлігі белгілейді". Одан әрі аталған Жарлықтың 11-бабына (1-бөлім, 10-тармақ) сәйкес өздеріне уәкілеттік берілген қызмет адамдарының атынан ішкі істер органдары "қылмыстық істер бойынша сараптамалар және жедел-іздестіру материалдары бойынша қажетті зерттеу жүргізуге құкығыы бар", талданып отырған баптың 1-бөлімінің 14-тармағына сәйкес ішкі істер органдары "заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын жүргізуге, оларды жүргізуге мамандарды тартуға, дерек мәліметтерді жинау мен зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға күқығы бар".

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында да жоғарыда айтылғанындай тиісінш регламент бар. Мәселен, осы Жарлықтың 13-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары өздерінежүктелген міндеттерді орындау үшін "жалпы және арнаулы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге" күкығы бар.

Өзге де анықтау органдары қызметі регламентінің заңдық тұрғыдағы көздерін талдау—олардың жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығы жоғарыда келтірілгендерге ұқсас жалпы ережелер шектерінен шыкпайтындығы туралы куәландырады. Сондықтан, жедел-іздестіру жолымен алынған дәлелдемелер мен процессуаддық емес ақпараттың арақатынасын анықтамас бұрын төмендегідей мәселелерде айқындалуы қажет: анықтау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кұқығы бар органдардан айырмашылығы; процессуалдық емес акпараттың мәні.

Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу зандары анықтау органдарына мыналарды жатқызады: ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары; әділет органдары; салық полициясының органдары; кеден органдары; әскери полиция органдары; шекара бөлімдерінің командирлері; әскери бөлімдердің командирлері; Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары; мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары; геологиялық барлау партияларының басшылары, теңіз кемелерінің капитандары.

Анықтау органдарының тізбесі "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңмен жедел-іздестіру кызметін жузеге асыру құқығы берілген органдар тізбесімен толық көлемде сәйкес келмейді. Бұдан мынадай қорытынды туындайды: анықтаудың кез келген органы жедел-іздестіру қызметін жүргізуге құқылы емес, сондай-ақ осындай құкығы бар әрбір орган анықтау органы болып табылмайды. Мұны мысал арқылы түсіндіріп көрелік. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 6-бабына сәйкес ішкі істер органдары жедел-іздестіру кызметін жүзеге асыратын субъектілердің бірі болып табылады. Ішкі істер органдарының жүйесін мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; оған бағынысты облыстардың ішкі істер басқармалары және ішкі істер органдарының көлік, калалық, аудандык, қалалардағы аудаңдық, поселкелік бөлімшелері, сондай-ақ ерекше және режимдік объектілері; оқу орындары, мекемелер мен ұйымдары. Әрбір санамаланған субъектілердің құрылымы — функциясы тұрғысынан қандай да бір қызметке, бір бағытқа бағдарланған негізгі және көмекші аппараттардың, бөлімшелердің (оперативті, тергеу, кадр және т.б.) күрделі жүйесін білдіреді. Ішкі істер органдары туралы Жарлықтың іріктейтін сипаты да осымен түсіндіріледі, оган сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға кұқылы ішкі істер органдары бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер министрлігі белгілейді.

Информация о работе Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы