Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының қайнар көздерін толықтай зерттеу болып табылады. Бұл курстық жұмыс барысында көптеген мағлұматтар қамтылады. Енді қысқаша тоқталып кететін болсам: курстық жұмыс кіріспе, негізгі 2 бөлімінен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы құқықтың қайнар көздері және оның түрлері туралы сөз қозғасам, курстық жұмыстың екінші бөлімінде азаматтық құқықтың қайнар көздері және оның жекелеген түрлері туралы мәлімет қамтылған.

Файлы: 1 файл

точный курсовой Ибрашева.docx2003-2007.doc,,.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Азаматтық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері». 

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының қайнар көздерін толықтай зерттеу болып табылады. Бұл курстық жұмыс барысында көптеген мағлұматтар қамтылады. Енді қысқаша тоқталып  кететін болсам: курстық жұмыс кіріспе, негізгі  2 бөлімінен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың  бірінші бөлімінде жалпы құқықтың қайнар көздері және оның түрлері туралы сөз қозғасам, курстық жұмыстың екінші бөлімінде азаматтық құқықтың қайнар көздері және оның жекелеген түрлері туралы мәлімет қамтылған. 

Басты міндетім : Құқықтың қайнар көздеріне  тоқталып өту. ҚР  Азаматтық құқығының қайнар көздерінің жекелеген түрлереіне толық мәлімет беру.

Жалпы құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының  мемлекет шығарған  немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі: 1)құқықшығармашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.2)санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып,корпаративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді. Материалдық мағынада алып қарағанда құқықтың қайнар көздері қалыптасқан материалдық жағдайлардың жиынтығынан туындайтын мемлекеттің құқық жасау барысындағы қызметі. Бұл жерде  құқықтың қайнар көздері материалдық мағынада мемлекеттік билік болып қабылданады. Қазіргі уақытта құқықтың қайнар көздерін материалдық мағынада қабылдау, оны мойындау өте сирек кездеседі. Құқықтың қайнар көздерін формальдық мағынада мемлекеттік биліктің мінез-құлық ережелерін бәріне бірдей екендігін құқық нормалары арқылы бекіту. Құқықтың қайнар көздеріне: Нормативтік заң актілері, Санкцияланған әдет нормалары, Заңды прецедент, Нормативтік шарт, Құқықтың жалпы қағидалары, Діни мәтіндер жатады .

Менің курстық жұмысымның негізгі бөлімінде Азаматтық құқықтың қайнар көздері туралы айтылады. Сонымен  азаматтық құқықтың қайнар көздеріне ең бірінші ҚР ата заңы, ҚР азаматтық кодексі, халықаралық шарттар,  әдеттегі  құқықтар,  басқа да заң актілері жатады.  Ең бірінші ата заңымыз туралы мәлімет жазып кетсем. Конституция – ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі. Еліміздің Ата Заңы–бостандық пен тәуелсіздіктің негізі, Республика халқына ең бастысы – таңдау құқығын берді. Біздің ата заңымыз 2 мәрте қабылданған болатын.  Қазіргі қолданылып жүрген ата заңымыз 1995 жылы 30 тамызда қабылданған болатын.

Осы - 1995 жылы қабылданған Конституция құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Елден 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген.

Ата заңымыздың бірінші бабында енгізу арқылы Қазақстанның жан-жақты дамуына жол аша алдық», Кейіннен 1995 жылы тамыздың 30-ында елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90, 58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Сонымен 20 жасқа толған Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының басым бөлігін қамтып отыр десе де болады. Ал, қазіргі басты міндет Конституцияны қатаң ұстану болып табылады.

Курстық жұмыс құрылымы : мазмұны, кіріспе және 2 негізгі бөлім,  қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 27беттен тұрады.

Мен курстық жұмыс барысында “ Мемлекет және құқық теориясы ” пәні бойынша С. Досжанов, Т. Б Даулетбеков М.Ә.Бақтыбаева, С.Өзбекұлы, Т. Б Даулетбековтің әдебиеттерін , ҚР Азаматтық кодексін, Азаматтық құқық бойынша әдебиеттерді және заңтану сөздіктерін пайдалана отырып осы берілген курстық жұмысты орындадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Құқықтың қайнар көздері туралы  жалпы ереже

 

1.1 Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы.

 

 

Мемлекет жүргізу барысында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларынан қабылдайды. Құқықтың формасына, (қайнар көздеріне) құқықты жасаушылық барысында қабылданған, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер кіреді. 

Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып табылуы мүмкін.      

Құқықтың қайнар көздері - бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қаматамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

1)құқықшығармашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды       құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.

2)санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып,корпаративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді [1,92б].

     Заң әдебиетттерінде құқықтың қайнар көздерін екі мағынада айқындап, түсінік береді. Біріншісі, материалдық, екіншісі формальдық.

Материалдық мағынада алып қарағанда құқықтың қайнар көздері қалыптасқан материалдық жағдайлардың жиынтығынан туындайтын мемлекеттің құқық жасау барысындағы қызметі. Бұл жерде материалдық, жағдайлар құқықты тікелей қалыптастырмайды, керісінше, құқықтың қайнар көздері материалдық мағынада мемлекеттік билік болып қабылданады. Қазіргі уақытта құқықтың қайнар көздерін материалдық мағынада қабылдау, оны мойындау өте сирек кездеседі.

Құқықтың қайнар көздерін формальдық мағынада мемлекеттік биліктің мінез-құлық ережелерін бәріне бірдей екендігін құқық нормалары арқылы бекіту. Бірақ, қазіргі құқықтық мемлекет құру барысында құқықтың қайнар көздерін тек ғана мемлекеттік-биліктік қызметтің нәтижесінде болатын көрініс деп танымай, керісінше, әдет-ғұрыптарды мойындау құқықтың жаңа қайнар көздерін қалыптастыруда. Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың заңдары құқықтық қатынастардың субьектілері  "іскерлік қатынастарды орнату" сияқты көріністерді заң талаптары бекітпеген позитивтік әдеттік құқық деп бағалауға құлшыныс таныту көрінісі байқалады [2,56б].

    

Мемлекет және құқық теориясында құқықтың қайнар көздеріне талдау жасап, баға берген де ең алдымен халықтың мүддесі қалай заңнан шешімін табады?

Құқық нормалары қалай бекітіледі?-деген сұрақтарға нақтылы жауап беруге тиіс.

Халықтың еркі, тілек -талаптары, қажетті мүдделері құқықтық нормаға айналу үшін бұл көріністер обьективтендірулері тиіс. Оған дейін тек идея жүзінде болады, құқықытық норма санатына ие емес. Құқықтық идеяның құқық нормаларына айналу үшін мемлекеттің ерекше кесімі қажет. Тек содан кейін ғана идея құқық нормаларына айналады.

Құқықтың формалары (қайнар көздері) деп мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау үшін қабылдаған және бекіткен нормативтік кесімдердің біртұтастықтағы жиынтығын айтады.

Құқықтық қайнар көздеріне тек ғана мемлекеттік органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын, құқық нормасы бар, бәріне бірдей міндеті мінез-құлық ережелері, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер жатады. Ал, құқық негізінде қабылданатын дара кесімдер бір ғана оқиға, сәттерге пайдаланылады. Мысалы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының негізінде тест тапсырудың нәтижесінде талапкерді студенттер қатарна енгізу туралы бұйрық. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы наурыздың 24-інде қабылданған "Нормативтік құқықтық актілер" туралы Заң мемлекетте қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді екі түрге бөліп қарайды:

1.Негізгі.

2.Туынды.

Негізгісіне мыналар жатады:

1. Конституция,конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар.

2. Қазақстан Республикасының Президентінің  Конституциялық күші бар, заң  күші бар және өзге де нормативтік  құқықтық Жарлықтары.

3. Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  нормативтік қаулылары.

5. Қазақстан Республикасының Конституциялық  Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және  Қазақстан Республикасы Орталық  сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.

6. Қазақстан Республикасының министрлері  мен өзге де орталық мемлекеттік  органдар басшыларының нормативтік  бұйрықтары.

7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік  қаулылары.

8. Мәслихаттар мен әкімдіктердің  нормативтік құқықтық шешімдері.

Туынды түрлері мынадай тізімді қамтиды:

1. Регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметі нің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесім.

2. Ереже-қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық кесім.

3. Қағида-қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық кесім.

4. Нұсқаулық-заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей –тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық кесім [3,108-111б].

       Қазақстан  Республикасындағы  заңдардың  түрлері:

Ғылыми негізінде талдау жасап қарасақ Қазақстан Республикасында заңның 10 түрі бар екені айқындалды.

1. Конституция - мемлекттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар, референдум арқылы, немесе парламентте қабылданатын құрылтайлық дәрежеге ие негізгі заңы.

Конституцияға мынандай ерекшеліктер тән:

а) Конституция-тікелей қолднылатын құжат. Барлық мемлекеттік органдар мен азаматтар Конституциялық нормаларды қоғамдық қатынастарды реттеуде пайдаланады.

б) Конституцияның ең жоғары күші бар, мемлекетте қабылданатын барлық нормативтік құ қықтық кесімдер соған сәйкес қабылданады және қайшы болған жағдайда Конституция іс жүзіне асырылуы тиіс.

в) Конституция мемлекеттегі конституциялық құрылым, адам құқықтары мен бостандықта ры, биліктің тармақ жүйелері сияқты ең негізгі қоғамдық қатынастарды реттейді.

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңдары-Коснтитуция белгіленген, маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қабылданған заңдар. Конституциялық  заңдарды қабылдау.Негізгі заңның 62-бабының 4-тармағы, 53-баптың 1-тармағы, 9-бап, 49-баптың 4-тармағы, 64-баптың 4-тармағы, 71-баптың 6-тармағы, 75-баптың 4-тармағы, 92-баптың 1-тармағында көрсетілген.

3.Қазақстан Рсепубликасы Парламентінің заңдары-Констиуция сатысынан кейін ең жоғары күші бар, ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданған акт. (62-баптың 1-тармағы)

4.Қазақстан Республикасы Парламентінің  Конституцияға өзгертулер мен  толықтырулар енгізетін заңдары. (53-бап,1-тармағы,91-бап,1-тармақ) 

5.Қазақстан Республикасы Парламентінің  Конституциялық заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдары. (53-бап,1-тармақ).

6.Республикалық  референдумда қабылданған  заңдар (1-баптың 2-тармағы, 3-баптың   2-тармағы, 91-баптың 1-тармағы).

7.Қазақстан Республикасы Президентінң  заңдары (53-баптың 4-тармағы, 45-баптың 2-тармағы).    

8.Қазақстан Республикасы Президентінің  Конституциялық заң күші бар  жарлықтары.

9.Қазақстан Республикасы Президентінің  заң күші бар жарлықтары (45-баптың 2-тармағы, 61-баптың 2-тармағы).

10.Үкімет заңдары. (61-баптың, 7-тармағы) [4,111б].     

Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдердің ұғымы және түрлері

Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңда қабылданатын актілердің сатылары нақты көрсетілген. Теорияда заңға сәйкес қабылданатын актілер деп заңдарды орндау және іс жүзіне асыру үшін мемлекеттік және жергілікті органдардың  шығарған кесімдерін айтады. Дүниежүзілік тәжірибиде бұл процесс « заңнаманың делегациялануы» (делегированность законодательства) деп аталады.

Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау мынандай жағдайларға байланысты:

1.Заң қоғамдық қатынастардың  барлық салаларын, субьектілердің  мінез-құлықтарын толыққанды дәрежеде  реттеп, қамти алмайды.Заңда негізінде  жалпы талаптар мен нормалар  бекітіледі.

2.Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдер заңмен жоққа шығарылады, ал мемлекеттік басқару органдарының кесімдері заңның қолдану күшін тоқтата алмайды.

3.Заңнын ең жоғарғы күші бар, заңға сәйкес қабылданған кесімдер  тек ғана заңның негізінде  және оны орындау үшін қабылданды.

4.Заңға сәйкес қабылданған нормативтік  құқықтық кесімдер заңға қайшы  келмеулері тиіс. Олай болған  жағадайда жоққа шығарылады.

Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заң бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:

Информация о работе Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы