Эмоция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 17:27, реферат

Описание работы

Эмоция және оның балалық шақта дамуы. Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.

Файлы: 1 файл

Эмоция және оның балалық шақта дамуы.docx

— 105.29 Кб (Скачать файл)

Вуңдт ассоцианистер ерікті ес арқылы түсіндірсе, ал ақыл-ойды жақтаушылар ерікті интеллект арқылы түсіндіруге тырысады, ал дұрысында ерікті аффер жолымен анықтаған әлдеқайда тиімді болар еді деген пікірді жақтайды. Өйткені аффект адамның ішкі дүниесінің жай-күйін айқын білдіретін жанды әрекет дейді. Вунда былай дейді: егер біз еріктің пайда болуын тірілткіміз келсе, онда біз адамның басынан кешірген күйінішті күйі мен ашу-ызаға булыққан жағдайын зерттеуіміз керек. Мұндай күйге ұшыраған адамды ақыл-ойы билемей, ол күшті сезімнің кыспағында болады. Бұл жайттан біздер адамның ерікті әрекетіне сыртқы жағдайдың күшті ықпал етіп, оның жан дүниесін тебірентетінін байқай аламыз. Аффектті әрекеттік нәтижесінде ерік процесі пайда болады дейді.

Біздер үшін ерік процесіне қатысты мәселенің одан әрі қарай өрбуінің ерекше мәні бар, өйткені Вундт психолог ғалым ретіңде бір ағымен волюнтаристік көзқарасты басып тұрса (ол осы көзқарасы бойынша психолог, әрі философ ғалым ретінде волюнтарист болып қалады), ал екінші аяғымен бұрынғы гетерономдык теорияны басады. Мұндай көзқарастар ерік жайындағы геориялардың мән-жайын бекерлеп, жоққ шығаруларына соқтырады.

Ерік жөніндегі автономдык теория осы аталған баяыттардың бәрін бекерлеп, ол тек еріктің өзіңдік срекшслігі арқылы анықталуға тиіс дегсн иікірді қолдады. Бұл түсінік бойынша еріктің пайда болуы үшін басты фактор – белсенді әрскст. Бұл әрекет – сріктің бастауы. Белеенді әрекст еріктін бастау алар негіэі. Белсенді әрекет жайындағы ерік теориясының өкілдері – Э.Гартман мен А, Шопенгауэр. Олар адамның еркі жоғарғы күш билейді, ол бүкіл әлемдік белсенді күш, ондай күш адамды да өзіне бағындырып, ақыл-ойға қатыссыз-ақ белсенді мақсатқа жетелеп отырады дейді.

Ерік жайындағы мұндай көзқарас психология ғылымың санасыздык деген ұғымды ендірді. Бұл ұғым ерік жайындағы; ілімнің бұдан былайғы өрістеуіне көп уақытқа дейін кедер жасады. Сонымен санасыздық ұғымның психологияға ендірілуі еріктің ақыл-ойға қатысы жайындағы идеалистік бағытты же деп саналады. Сөйтіп, санасыздык туралы ілімнің өкілдері тегіс дерлік және шопенгауэршілердің бірсыпырасы адам психикасының табиғатын түсіндіруде волюнтаристік бағыттан бастеу алатын болды. Кейінірек мұндай көзқарасқа З.Фрейд сияқты ғалымдар да қосылды.

Енді біз осы волюнтаристік  бағыттың түрлі ерекшелікте мен варианттарына тоқталып өтейік. Бұл мәселеге шолу жасау үшін волюнтаристік бағыттын біріне-бірінің қарсы жақтарын баяндай отырып, барлық теориялық көзқарастардың ауытқуларын, сонан кейін осы теориялардын ғылымға ендірген недей жаңалықтары болады? деген мәселені қарастырып көрейік. Бірінщіден, ерікті алғашқы деп танып, оның санадан тыс қалатын ерекшелігі қандай, ол күш қандай күш, бұл күштің ада тіршілігінін материалдык және рухани жақтарын қалайша дамыда та алатындырын білуіміз керек. Спиртуалистік теорияның тарахи дамуы Р.Декарт философиясымен байланысты. Бұл философиялық көзқарас орта ғасырлардағы христиандык фшюсі фиялософиямен үңдеседі. Декарт теориясының бастамасы рухани күші тіректеледі де, ол адамның жаң дүниесі мен қылығын басқару бейімделген.

Шын мәнінде Декарт теориясы – 19 ғасырдың соңғы ширетінде қайта туып дамытылған ерік жайындағы волюнтаристік арымның психология ғылымына еніп, идеалистік көқарастын үстемдік етуі. У.Джемс теориясы да осы бағытқа кел саяды. Біз Джемс жүйесін түрлі теориялар және бағыттармен біріктіре отырып қарастыр-мақпыз. Джемс ерік жөнінде өзінің теория жасап, оны латын сөзімен «фиат» деп атады. Бұл сөз Тауараттан алынған. Мағынасы бүкіл дүниені жаратушының құдіреті арқылы бәрі де, «бола берсін» деген сөзді білдіреді. Джеметің пікірікше әрбір ерікті әрекетте осындай күштің бөлшегі болмақ сондай күш әлсіз психикалық процестерді демеп отырмақ. Xирургітің столында жатқан ауру адам жаны катты қиналса, айқай- шу шығармай дәрігердін көз алдында үнсіз жатады. Бұл Джемст айтуынша ерік қасиеті, мінз-құлқындағы ерікті қасиет.

Джемстің ойынша ерік жайындағы Вундтын аффекті теориясын жоққа шығарады. Өйткені аурудан да күшіті аффект еріктен ығысып, адамның емдеуші дәрігер алдында үнсіз жатуына мәжбүр етеді. Шындығында, істің мәніне келгенде, – дейді Джемс, – ауру адамның жаны қиналғанда шыңғырып жіберуінен гөрі үнсіз жатуы онын калауы деу дурыс болмас еді. Әрике ауру адамннң үнсіз жатуынан гөрі шыңғырып жіберуі әлдеқайда басым болатыны мәлім. Аддмның мінез-құлқына қатысты ішкі дүниесі мен сыртқы жағдай арасындағы үйлесімдік, дүниежүзіне мәлім физика заңына қайшьшық жағдайдан өзгеше, ерекше болатындығын жайында терең ойлауды талап етеді. Осы мысалға орай рухани қүбылыс пен физикалық құбылыс арасындағы байланысты калай түсінуге болады? деген сұрақ туады.

Джемстің пікірінше, мұндай фактілерді түсіндіру мүмкін емес, өйткені бұл пікірді қолдай отырып, біздер мынадай жайттарды қолдауға тиіспіз. Ауру адам стол үстінде жата бермек. Ал оның тәні тітіркенгенмен сыртқы әсерге қарсылық көрсетуі әлсіз, немесе бұл орайда біздер физикалық тұрғыдан кінәрат іздейміз, керісінше физикалық ережелерді мақұлдай түсеміз. Дегенмен, мұңдай жағдайда біз өзімізге өзіміз сұрақ қойып, адамның үнсіз жатуына әсер етуші әдде бір рухани күш бар ма? деген жайтты білгіміз келеді. Джемстін К.Щтумпка жазған хатында бейнелі сөэдеріне қарап, әрбір ерікті өрекет Давид пен Голиаф күресі сияқты, Давид қара күштің піріндей Голиафты құдай тағаланың демеуімен жеңіп шығады. Бұл жерде окиғаға рухани күш араласып, болған оқиғаның шындығын бұрмалап, әсірелеп көрсету бар.

Ерік жайындағы тағы бір теорияда, атап айтқанда А,Бергсонның көзқарасында нәрселердің бастамасы етіп интуициялық әдіске тіректелген мәліметтерді алуға болады дейді. Бұл әдістін мәні – сана арқылы нәрселердің жемісін талдау. Бұл жеміс – адамның басынан кешіргендерін өзінше таразылап білуі. Джемс сияқты Бергсон да айқын фактілер мен адамның басынан кешірген қилы-қилы оқиғалары өз еркіне тәуелді деп санады, ал еріктен тыс қимыл-қозғалыстар адам санасынан тәуелсіз бастан кешірілетін оқиғалар дейді.

Сонымен біздер волюнтаристік  теориядағы қарама-қарсы екі жағын қарастыра отырып, оның бірін санадан тыс дүние-жүзілік құдіреттің ырқы деп санасак, ал онын екінші жағын адамның бойыңдағы заттың және жүйкелік процестің бірігуінен пайда болатын рухани күш ол адамның бойындағы әлсіз күштерді жеңіп шығуды қамтамасыз етіп отыады деген қорытынды жасайды. Бүл теорляларға тән жалпы қасиет каңдай? Бұл теорияның екеуі де ерікті әлде бір алғашқы, бастапқы күш, ол бірсыпыра негізгі психикалық процестерге жатпайды деп санайды. Ондай күштің тіршілік жағдайына бейімделуі мен себебін түсіндірудің өзі қиын деген пікірді білдіреді.

Жеке алғанда алғаш рет ерікті әрекетке катысты себеп психологаясымен бірге психологияныц телеологиялық идеясы пайда болды. Бұл идея бойынша ерікті әрекеттердің пайда болып отыру себептері анықталмай, олардың мақсатгарын ғана түсіндірумен шекгелді.

Ерік жайындағы ғылыми идеялардын даму тарихында волюнтаристік теория қаншама кертартпа роль атқарғанымен, еріктің өзівдік сипатын зерттеп білуде психолог мамаңдардың назарьш езіне аударып отырды. Олар ерік процесін жоққа шығармақ болған көзқарастарға тосқауыл қойып, еріктің жандануын қолдады. Сондай-ақ, волюнтаристердік психологияда атқарған тағы бір ролі ” олар алғаш рет психояогияда мынадай екі түрлі бағыттың тууына себепші болды. Оның бірі – себеп принципіне негізделген ғылыми-табиғи бағыт, ал екіншісі телеологиялық бағыт.

Енді біз осы мәселелерді қорытып, олардан туындайтын қажетгі мәселелердің түйінін шешу үшін ерік жайындағы казіргі зерттеушілердің ой-пікірлерін талдап көрейік. Олардың ұстанған бағдары және нендей күрделі мәселелердің түйінін шешуге күштерін жұмсайды деген сұрақтын мән-жайын ашып көрсетуге келейік. Қиьшшылық пен негізгі мақсат түйінін ашып беру осы ерік процесіне байланысты. Міне, осы бағытта ерік процесіне зерттеудің бір тарапынан алып қарағанда оның дамуын табиғи детерминистік, себептілік, шартта жағдайларға сүйене отырып діни түсініктен бөлек алып ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Екінші тараптан – ерік процесін тусіндіруді ғылыми яегіздс іздестіріп оған тән ерекшеліктерді сақтай отырып, адамның ерікті әрекеттерінің детерминдігін, себептілігін және шартгалығын көрсету

Басқаша айтқанда ерікті әрекетті бастан кешіру жағдайына орай өзге психикалық процестерден айырмашылығын айқындап беру әр түрлі бағдар ұстанған зерттеуші мамандардың жұмбақ мәсселені шешуде алға қойған негізгі мақсат-міндеті болып отыр. 
Ерікке қатысты қазіргі экспериментгік зертгеулерде есаларлық біраз жайттар бар. Берлиндік мектепке жататын

К.Коффканын зерттеулерінде ерік әрекеттері мен ақыл-ой қатысты мәселелерді тәжірибе жүзінде ажыратып қарастыруді ерекше манызды екендігін атап көрсетеді. Бүл орайда Коффка былай дейдіі: ақылға қонымды әрекетгердің бәрін өздінен ерікті рекеттер катарына жаткызуға болмайды, Мұндай әрекеттер те-реологиялық, бастан кешіруі, құрылымы, қызметі жағынақ алып сарағанда да ерікгі әрекеттер емес. Сондай-ақ, еріксіз әрекеттер

мен автоматты қозғалыстар да ерікті әрекеттер ден саналған болатын. В.Келердін бірсыпыра тәжірибелерін жаңғырта отырып, Коффка хайуанатгар мен адамдарға бірнеше тежірибе жасады. Адамдарға жүргізген сондай тәжірибелер арқылы кейбір әрекеттердің ерікті әрекеттер қатарына жатпайтындығын анық-

тады. Ол басқа бір тәжірибе арқылы, керісінше, адамның көмескі орындаған ісіндегі ақыл-ойға қатысты ерекшеліктің айқын байқалып, ерікті әрекеттің белгісіз сырын ашты. Коффка тәжірибелеріндегі мұндай жайттар бір жағынан алып көргенде ақылды істін ауқым мөлшері шектеулі екенін көрсетсе, ал екінші жағынан қарастырғанда, адамның көптеген ерікті әрекеттерінің түрліше болып, олардың ауқымын барынша кеңейтуге болатындығын анықтай түсті.

Осыған ұқсас тәжірибелерді К.Ленин де өз зерттеулерінде қолданды. ол адамның аффектті ерік процестерін анықтауды мақсат етіп койды. К-Левиннің жұмысы аффекіті-ерік әрекеттердің құрылысын іздестіре отырып, адамның аффектті әрекеті оның ерікті ісінің негізінде жасалатынын дәйектеп беруді басты мақсат етіп санаған-ды. Алайда, К-Левин арада көп уақыт өтпей-ақ мынадай фактілерге кездесіп, оларды былай етіп орытады. Ол аффектгі әрекеттердің өздігінен ешбір дәрежеде ерікті әрекетке айнала қоймайтындығын анықтап, психологияда үнемі ерікті әрекет деп саналып келген көмтеген жайттардың табиғи негізі анықталмай, ондай әрекеттер тек ерікті әрекеттерге ақындау сипатында болады деген қорытынды жасайды.

КЛевиннің осы бағытгағы алғашқы зерттуі дәстүрлі психологияда қолданған Н.Ах жүргізгем модификация тәжірибелеріне сүйенген еді. Нақтырақ айтқанда бұл тәжірибе шартты белгіге қайтаратын жауаптың жасалу жолын анықтауды мақсат етіп қойған. Бүл тәжірибе одан әрі кеңейтіліп бірсыпыра әрекеттерді, әсіресе адамның ниет-тілегінің іске асу тәсілдерін анықтауға бағытталған болатын. Бұл тәжірибенің мәні негізінен адамның ерікті аффекттің типіне сәйкестендірілген. Мұндай тәжірибе адамның еркі мен сезім-күйлеріне байланысты. Осы жайтты Левин ынталану деп атайды.

Левин осы орайда тағы бір тәжірибе жасап, мынадай қорытындыға келді: біреуге хат жазып, оны жіберу үшін пальтосының қалтасына салып қойған, оны почта жәшігіне саламын деген ниетте болған. Бұл әрекет ерікті түрде орындалады. Әрекет сипаты алдын ала белгіленген жоспар бойынша іске асқандай, немесе ерікті әрекетпен орындалған.

К.Ленин тәжіркбелері, Коффка тәжірибелері сияқты кейбір ерікті әрекеттер аффектті не еріксіз әрекетгер сипатында болатын сияқты. Осынлай тәжірибелерді корыта келе, Левин адам сан алуан әрекеттерді заңды түрде жүзеге асырып отырадъі дейді.

Левин ерік мәселесін ұнамсыз жағынан қарастырып негативті пікірде болды. Ол өзі жүргізтен тәжірибелерге ересек адамдармен бірге, балаларды да қатыстырды. Мұңдай тәжірибеге қатыстырылған адамдардың ыкылас-ынтасы мен ниеті мақсатты да. мағынасыз да болуы мүмкін. Ал балалардың мүндай тәжірибелерде талғамы мен өзіндік пікірі әлдеқайда әлсіз болатындығын аңғартады. Бала дамуының бастапқы кезеңінде оның белгілі әрекеттерді орындауға бағытталған ықылас-ынтасының жандануы белгілі бір жағдайда байланысты пайда болып, оның өзіндік өресі болатындығына зер салады. Бұл жайт Левиннің бейнелеп айтуынша ынта қоюының бастамасы, бірақ нағыз ықылас-ынта емес дейді. Ол ең алдымен кез келген ықылас ынтаның пайда болуын зерттеп, олардың жасалу жолын іздестіреді. Ал ықылас-ынтаның құрылысын ол шартты түрде ғана қарастырады. Біздер ересек адамдарда адамгершілііі қасиеттерге керегар келетін кез келген еріксіз, мағынасыз ынта- ықыласты тудыра алмаймыз. Осы ретге біз өз мақсаттарымызға қайшы келмейтін және дау-дамай туғызбайтын істерді жузеге асыруда қилы-қилы ықылас-ынтамыз пайда болады. Мұндай ықылас біздің ерікті әрекеттеріміздің, балалардың әлі де дамып жетілмеген еркімен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

Левин анықтаған ерікті әрекеттің құрылысы жайында екінші факті – еріктің қарапайым түрінің сипатын анықтауға арналған. Еріктің мұндай түрлерінің адам тіршілігінде байқалуы өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, бұл жайттарды К.Гольдштейн және А.Гельб зерттеген. Олар еріктің қарапайым түрлерін неврология тұрғысынан түсіндіруге күш жұмсайды.

Левин эксперименттік зертгеулер арқылы адамның белгілі бір механизмді іске қосу нәтижесінде мағынасыз жағдайдан арылу үшін өзінің еркінен тыс тірек боларлық жайтты іздеп, сол арқылы өз құлқын анықтағасы келеді дейді. Мысалы, тәжірибе жүргізуші сыналушы адамның созымды мерзім ішінде оған оралмай, басқа бір көршілес бөлмеден оның не істегенін бақылап отырады. Сыналушы әдетте 10-20 минут бойы күтеді, ақыр соңында ол күдер үзіп не істерін білмейді, ұзақ мерзім бойы әрқилы ауытқуда болады, бір кезде зерігіп не істерін білмейді. Левиннің тәжірибе жүргізген ересек адамдарының бәрі неше алуан айла-әрекеттер жасағанымен, олардың бәрі де сырттан демеуші бір нәрсенің әсерін қажет етеді. Сыналушы ересек адамдар ішінен бір әйелдің әрекеті мұндай психологаялық жайттың жайсыздығын айқын байқатады. Сыналушы әйел сыртқы әсердін тірегі етіп сағаттың тілін белгілейді. «Осы сағат тілдері айқасып, тік түру жағдайына жеткенде, мен кетемін», -деп белгілейді. Сөйтіп сыналушы әйел өзі отырған жағдайды өзгертеді. Айталық, ол әйел сағат 2,5 дейін күтеді де, сол сағат 2,5 жетеді. Бұл жагдайда сыналушылар әрекеті автоматты түрде орындалады. «Мен кетемін». Бұл шешімімен сыналушы өзінін бүрынғы мақсатсыз әрекетін мақсатгы әрекетімен алмастырады, сөйтіп ол Левиннін айтуынша белгілі жағдайға сәйкес өзінің психологиялық өрісін өзгертті. Мұңдай жайттың мәнін анықтай түсу ниетімен жүргізілген тәжірибелер (Т.Дембо жүргізген мағынасыз қозғалыстардың мәнін білу) жайында жақында Москвада болған Коффканың өз аузынан естідім. Сыналушыға әдейі мағынасыз бірнеше сұрақтар қойылды да зертгелушінің бұл сұрақтарға қалайша серпілетіні анықталды. Осындай сынақ кезінде сыналушылар өздеріне қойылған мағынасыз сұрақтарға жауап беру ұшін психологиялық өріс іздестіріп, қойылған сұрақтарға қалайда мағыналы жауап беруге тырысып баққан.

Бала еркінін дамуы  және оның механизмі мен маңызы жайында Гольдштейн пікірін атап көрсету әддеқайда орынды болар еді. Жүйке ауруына ұшырағандармен жүргізілген тәжірибелерде Гольдштейн әрбір психолог маман күнделікті ісінде кездестіріп отыратын мынадай жайтқа көңіл аударады. Ауруға ықпал ету үшін оған бірнеше сұрақ қойылады да жауап беруі талал етіледі. Егер сыналушы бұл талапты орындамаса, онда оған екішпі рет осы талап өзгеше етіп қойғанда орындап шыққан. Мәселен, психолог аруға «көзіңді жұм» дейді. Бірақ ауру көзін жұмған болады да берілген нұскауды орындамайды. Біраздан кейін ауруды емдеуші маман онан «Төсекке жатьш ұйықтағаныңды көрсетші», – дейді. Ауру бұл ңұсқауды орындап, өзін жұмады. Міне, осының өзі-ақ аурудың өзіне қойылған алапты бір жағдайда орындамаса, ал өзге бір ретте берілген нұсқауды орындайтындығын көрсетеді.

Информация о работе Эмоция