Фонетка-фйолнематикалық толық дамымау
Курсовая работа, 12 Мая 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Мектепке дейінгі балалық шақ – бұл психикалық дамудың қарқынды кезеңі. Осы уақытта тұлғаның барлық қасиеттері мен ерекшеліктері, таным процестері мен іс-әрекет түрлерінің негіздері қалыптасады. Бұл айналадағы әлемді белсенді танитын кез. Бала заттармен танысып, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі; сөйлеуді, іс-әрекеттерді меңгереді; сөз-логикалық ойлаудың көрнекі-сөздік, көрнекі-бейнелік элементтері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады, сондықтан, оқыту және тәрбие үрдісінде бала ойлауының белсенділігін тудыратын ойыншықтар, ойын әдістері кеңінен қолданылады. Психикалық дамуының дәл осы кезінде ересек баламен жақын қарым-қатынаста болып, оның дамуына белсенді қатысуы керек. Егер баланың интеллектуалдық және эмоционалдық потенциалының дамуына мектепке дейінгі жаста қажетті жағдай жасалмаса, кейін оны толық көлемде жүзеге асыру мүмкіндігі болмайды.
Файлы: 1 файл
Курс.работа Ербулат Иманмагзам.doc
— 396.00 Кб (Скачать файл)Кесте 3 көрсетілген деректер бойынша келесі қорытынды шығаруға болады:
- 1 сыналушы (А.) 7 ұпай жинап, танымдық әрекетіне, тапсырманы қабылдау, орындау тәсілдері, оқытылуы, өз іс-әрекет нәтижесіне қызығушылығына сәйкес II топта қалды. Ол қажетті аз н\е көп дифференцияланған жалпы бейнелер мен қарапайым түсініктерді білмейді. Қажет ойлау операциялары жеткіліксіз дамыған.
- Сыналушылар Д., К., А., Т. тапсырмаларды орындау барысында 8-10 ұпай жинап, III топты құрады. Олар барлық тапсырмаларды бірден қабылдап, оларды орындауға тырысты, психологпен бірге қызығып жұмыс істеді. Өз нәтижелеріне үлкен қызығушылық танытты.
- Қалған 5 сыналушы (О., Ж., С., З., А.) 11-12 ұпай жинап, IV топты мқұрады. Балалар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, нұсқауды қайталауды қажет етпеді, тапсырманы өз бетінше орындады. Балалар өз әрекетінің нәтижесіне үлкен қызығушылық танытты.
- Алынған нәтижелердің салыстырмалы анализі
Мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауын дамытуға арналған мұқият таңдалған диагностикалық және коррекциялық бағдарлама өткізу нәтижесінде эксперименттік жұмыстың бақылау кезеңінде жақсы динамика байқалады. Алынған ңәтижелердің салыстырмалы анализі төменде келтірілген.
«Бөліктерден тұтасты құрастыру» әдістемесі бойынша салыстырмалы мәліметтер
Кесте 3.
№ |
Сыналушы аты |
Даму деңгейі | |
фактіні анықтау кезеңі |
бақылау кезеңі | ||
1 |
С. |
орташа деңгей |
жоғары деңгей |
2 |
А. |
орташа деңгей |
орташа деңгей |
3 |
Д. |
төмен деңгей |
орташа деңгей |
4 |
Х. |
орташа деңгей |
жоғары деңгей |
5 |
О. |
жоғары деңгей |
жоғары деңгей |
6 |
Р. |
төмен деңгей |
төмен деңгей |
7 |
К. |
төмен деңгей |
орташа деңгей |
8 |
Т. |
орташа деңгей |
орташа деңгей |
9 |
З. |
орташа деңгей |
жоғары деңгей |
10 |
Ж. |
жоғары деңгей |
жоғары деңгей |
Коррекциялық-дамытушы жұмысты өткізу нәтижесінде «Бөліктерден тұтасты құрастыру» әдістемесі бойынша кейбір балаларда жақсы өзгерістер байқалатыны 3кестеде көрініп тұр: 3сыналушыда (А., С., З.) фактіні анықтау кезеңінде орташа деңгей болды, ал бақылау кезеңінде – жоғары. Сонымен қатар 2 сыналушы (Д., К.) төмен деңгейден орташа деңгейге көтерілді.
«Суреттер бірізділігі» әдістемесі бойынша салыстырмалы мәліметтер
Кесте 4.
№ |
Сыналушы аты |
Даму деңгейі | |
фактіні анықтау кезеңі |
бақылау кезеңі | ||
1 |
С. |
жоғары деңгей |
жоғары деңгей |
2 |
А. |
орташа деңгей |
жоғары деңгей |
3 |
Д. |
төмен деңгей |
орташа деңгей |
4 |
Х. |
орташа деңгей |
орташа деңгей |
5 |
О. |
орташа деңгей |
жоғары деңгей |
6 |
Р. |
төмен деңгей |
орташа деңгей |
7 |
К. |
орташа деңгей |
орташа деңгей |
8 |
Т. |
орташа деңгей |
орташа деңгей |
9 |
З. |
орташа деңгей |
орташа деңгей |
10 |
Ж. |
жоғары деңгей |
жоғары деңгей |
Коррекциялық-дамытушы жұмысты өткізу нәтижесінде «Суреттер бірізділігі» әдістемесі бойынша ойлау деңгейіндегі келесі жақсы өзгерістербайқалатынын кесте 4 растайды: 3 сыналушыда (А., Д., Р.) бақылау кезеңінде фактіні анықтау кезеңіне қарағанда жоғары көрсеткіштер болды. Төмен деңгей байқалған жоқ.
«Артық суретті алып тастау» әдістемесі бойынша салыстырмалы мәліметтер
Кесте 5.
№ |
Сыналушы аты |
Даму деңгейі | |
фактіні анықтау кезеңі |
бақылау кезеңі | ||
1 |
С. |
орташа деңгей |
орташа деңгей |
2 |
А. |
орташа деңгей |
жоғары деңгей |
3 |
Д. |
төмен деңгей |
орташа деңгей |
4 |
Х. |
төмен деңгей |
орташа деңгей |
5 |
О. |
жоғары деңгей |
жоғары деңгей |
6 |
Р. |
төмен деңгей |
төмен деңгей |
7 |
К. |
төмен деңгей |
төмен деңгей |
8 |
Т. |
орташа деңгей |
жоғары деңгей |
9 |
З. |
орташа деңгей |
жоғары деңгей |
10 |
Ж. |
жоғары деңгей |
жоғары деңгей |
5 кестеде берілген мәлімет
Бақылау кезеңінде осы әдістеме бойынша төмен нәтиже көрсеткен 1 сыналушы анықталды. Бұны ПДТ балалардың жалпылау деңгейінің төмендеуімен, пайымдауында заттар мен құбылыстар туралы тура бейнелер басым болуымен, құбылыстар мен заттардың жалпы белгілерді топтастырудың орнына нақты байланыстар орнауымен түсіндіруге болады. ПДТ балаларда заттың ортақ қасиеттерін анықтау, оның басқа нақты қасиеттер мен ерекшеліктерінің бөлінуі негіз болатын классификация операциясы қиындық туғызады.
5-6 жастағы ПДТ балалардың
фактіні анықтау және бақылау
зерттеулері кезіндегі көрнекі-
Кесте 6.
№ |
Сыналушы аты |
Даму деңгейі | |||
Фактіні анықтау кезеңі |
Бақылау диагностикасы кезеңі | ||||
ұпай |
топ |
ұпай |
топ | ||
1 |
С. |
10 |
III |
11 |
IV |
2 |
А. |
9 |
III |
11 |
IV |
3 |
Д. |
6 |
II |
9 |
III |
4 |
Х. |
8 |
III |
10 |
III |
5 |
О. |
11 |
IV |
12 |
IV |
6 |
Р. |
6 |
II |
7 |
II |
7 |
К. |
7 |
II |
8 |
III |
8 |
Т. |
9 |
III |
10 |
III |
9 |
З. |
9 |
III |
11 |
IV |
10 |
Ж. |
12 |
IV |
12 |
IV |
Сонымен, кесте 6 берілген деректер бойынша төмендегідей қорытынды шығаруға болады:
3 сыналушы (С., А., З.) орташа деңгейден жоғары деңгейге көтеріліп, IV топқа ауысты. IV топта болған Орынтайдың сапалық көрсеткіші өсті. 2 сыналушы (Д., К.) төмен деңгейден орташа деңгейге көтеріліп III топқа ауысса, III топта қалған 2 сыналушының (Т., А.) сапалық көрсеткіші өсті. 1 сыналушы А. төмен деңгейде қалғанымен, сапалық көрсеткіші өсті. Бұл балалардың қөрнекі-бейнелік ойлауының бастапқыдан қарағанда 1 дәрежеге сапалы көтерілгенін көрсетеді.
Сонымен, ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауын анықтауға арналған бағдарлама таңдап алынып, диагностикалық зерттеу өткізілді. Диагностика нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйеніп, коррекциялық-дамытушы бағдарлама құрастырылды. Бағдарлама тиімділігін анықтау үшін бақылау диагностикасы өткізілді. Фактіні анықтау және бақылау кезеңіндегі эксперименттік жұмыс нәтижелерінің анализі бойынша мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауында жақсы өзгерістер пайда болғаны туралы қорытынды жасалды. Бұл таңдап алынған және олармен өткізілген коррекциялық-дамыту жұмысының тиімділігін дәлелдейді. Психологиялық-педагогикалық эксперимент нәтижесінде мектепке дейінгі ПДТ балалар көрнекі-бейнелік ойлау дамуында бастапқыдан қарағанда 1 дәрежеге сапалы көтерілді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бізбен жүргізілген зерттеуде келесі міндеттер шешілді:
- Мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы туралы психологиялық-педагогикалық әдебиеттер зерттеліп, талданды. Ойлау бұл – жоғары танымдық процесс. Психологияда ойлаудың 3 түрін бөледі: көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөз-логикалық. ПДТ балаларда ойлаудың барлық түрінде артта қалушылық байқалады. Бұл артта қалушылық ойлаудың барлық компонеттерінде байқалады. Мектепке дейінгі кезеңнің соңына дейін ПДТ балаларда арнайы көмексіз көрнекі-бейнелік тапсырмаларды орындау мүмкіндігі өте аз. ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауын дамыту тәсілдерінің бірі – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойын бала тұлғасын қалыптастыру мен тәрбиелеудің ойын әдісі болып табылады. Ойын кезінде ПДТ балаларда өмірлік, практикалық, тәжірибе мен көрнекі-сезімдік бейненің арасында тығыз байланыстар және бұл балалардың осы тәжірибені бекітіп, оның нәтижесін жалпылайтын сөйлеуінде байқалады.
- Мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауын анықтауға арналған бағдарлама құрастырылып, өткізілді. Біз құрастырған диагностикалық бағдарлама келесі әдістемелерден тұрады: «Бөліктерден тұтасты құрастыру», «Суреттер бірізділігі», «Артық суретті алып тастау».
- Диагностика нәтижесін ескере отырып, мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауын дамытуға әсер ететін психокоррекциялық бағдарлама құрастырылып, өткізілген.
- Өткізілген жұмыстың тиімділігі таңдалған мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлау дамуының деңгейінде жақсы өзгерістер пайда болғаны туралы қорытынды жасалды. Бұл жете таңдап алынған және өткізілген коррекциялық-дамытушы жұмысының тиімділігін дәлелдейді. Психологиялық-педагогикалық эксперимент нәтижесінде мектепке дейінгі ПДТ балалар көрнекі-бейнелік ойлау дамуында бастапқыдан қарағанда 1 дәрежеге сапалы көтерілді.