Фонетка-фйолнематикалық толық дамымау

Курсовая работа, 12 Мая 2015, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Мектепке дейінгі балалық шақ – бұл психикалық дамудың қарқынды кезеңі. Осы уақытта тұлғаның барлық қасиеттері мен ерекшеліктері, таным процестері мен іс-әрекет түрлерінің негіздері қалыптасады. Бұл айналадағы әлемді белсенді танитын кез. Бала заттармен танысып, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі; сөйлеуді, іс-әрекеттерді меңгереді; сөз-логикалық ойлаудың көрнекі-сөздік, көрнекі-бейнелік элементтері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады, сондықтан, оқыту және тәрбие үрдісінде бала ойлауының белсенділігін тудыратын ойыншықтар, ойын әдістері кеңінен қолданылады. Психикалық дамуының дәл осы кезінде ересек баламен жақын қарым-қатынаста болып, оның дамуына белсенді қатысуы керек. Егер баланың интеллектуалдық және эмоционалдық потенциалының дамуына мектепке дейінгі жаста қажетті жағдай жасалмаса, кейін оны толық көлемде жүзеге асыру мүмкіндігі болмайды.

Файлы: 1 файл

Курс.работа Ербулат Иманмагзам.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

Ойлауын дамыту кезінде психолог осы категориядағы балалардың ойлау дамуының негізгі кезеңдерін естен шығармау қажет және жұмыс барысында келесі шарттарды шешуге міндетті: көрнекі-әрекеттік ойлау дамуына алғышарттар жасау; проблемалық тәжірибелік тапсырма шарттары мен орындау тәсілдеріне бейімделу әдістерін қалыптастыру; сынақ әдісін қалыптастыру; барлық танымдық тапсырмаларды шешу процесіне сөйлеуді қосу; балаларды өзінің практикалық және әлеуметтік тәжірибесіне сүеніп, суретте көрсетілген жағдайды қабылдауға үйрету, уақыттық және себеп-салдарлық байланыстарды түсінуді дамыту; үлгі, сөз бойынша және өз бетінше заттық классификация мен топтауды орындау ептілігін дамыту; логикалық тапсырмаларды шешу [2].

         Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында алынған материалдар бойынша келесі қорытынды жасауға болады.

Ойлау – шындықтың жалпылама және жанама түрдегі бейнеленуімен сипатталатын адамның танымдық процесі. Психологияда ойлаудың 3 түрі белгілі: көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөз-логикалық.

ПДТ балалардың психикалық ерекшеліктерінің бірі оларда барлық ойлау формаларының дамуында артта қалушылық байқалады. Осы артта қалушылық барлық ойлау компоненттерінің құрылымдарында байқалады.

Мектепке дейінгі кезең соңына дейін ПДТ балаларда арнайы көмексіз көрнекі-бейнелік тапсырмаларды іс-жүзінде шешуге мүмкіндік болмайды. ПДТ баларда ойлау әрекетінің негізгі компоненттері (әрекет, сөз және бейне) арасында нашар байланыс байқалады.

Ойлауын дамыту кезінде психолог осы категориядағы балалардың ойлау дамуының негізгі кезеңдерін естен шығармау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ  КӨРНЕКІ-БЕЙНЕЛІК ОЙЛАУ ДАМУЫН  ЗЕРТТЕУ

 

2.1 Мектепке дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың көрнекі-бейнелік ойлау деңгейін анықтау диагностикалық бағдарламасы және зерттеу нәтижелері

Зерттеуді ұйымдастыру және өткізу. Зерттеу Павлодар қаласындағы №39 балабақшасында өткізілді. Зерттеуге ПДТ диагнозы бар 5-6 жастағы 10 бала қатысты: 6 ұл бала, 4 қыз бала.

Диагностикалық зерттеу мақсаты – мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлау деңгейін анықтау.

Зерттеу күннің бірінші жартысында тыныш, ақ ниетті жағдайда өткізілді. Бұл зерттеу мақсатына жетуді қамтамасыз етті. Балалармен тіл табысып, әрбір балаға жеке келіс жүзеге асырылды. Неғұрлым тиімді зерттеу үшін біз балабақша күнтәртібімен, сыналушылардың жеке іс-қағаздары және медициналық карталарымен таныстық; психолог сабақтарына қатыстық.

Құжаттарды (анамнез мәліметтері, медициналық карталар, жеке іс-қағаздары) талдау барысында балардың психикалық және физикалық дамуы туралы ақпарат алдық.

Барлық балаларда физикалық дамуы орташа деңгейде, ал психикалық дамуы тежелген. Олар үлкендермен де, құрдастарымен де қарым-қатынасқа оңай түседі. Мақұлдау мен ескертулерге реакциясы адекватты, көмекті жартылай қабылдайды. Бір іс-әрекеттен екіншіге өту қабілеті, яғни зейін аударылуы төмен.

Диагностиканы жүзеге асыруды біз баламен тіл табысу құралы болып табылатын әңгімеден бастадық. Бұл осы балалармен кейінгі жылы қарым-қатынасқа бастама болды. Эксперименттік зерттеу әрбір баламен жеке жүргізілгендіктен сенім атмосферасы пайда болды. Осының нәтижесінде топпен эмоционалдық қатынас реттелді.

Аталған жұмыстан кейін біздің зерттеу пәні ПДТ балалардың   көрнекі-бейнелік ойлау деңгейін анықтау үшін зерттеу мақсаты мен логикасына сәйкес диагностикалық бағдарлама таңдап алынды. Аталмыш бағдарлама келесі әдістемелерден тұрады: «Бөліктерден  тұтасты құрастыру»,  «Суреттер бірізділігі», «Артық суретті алып тастау».

Диагностикалық бағдарлама әдістемелері.

Әдістеме №1. «Бөліктерден  тұтасты құрастыру» (5-6 жас).

Мақсаты: көрнекі-бейнелік түсінік қалыптасуын, құрастыру кезіндегі сынақтардың мақсат-бағыттылығын анықтау (тапсырманың 1 бөлімі), тұтасты көру негізінде бөліктерді байланыстырып, тұтасты қайта жасау қабілеттігі (тапсырманың 2 бөлімі).

Құрал-жабдықтар:

  1. Диагональ бойымен 4 бөлікке бөлінген таныс заттар бейнеленген 2 сурет
  2. Квадрат, үшбұрыш, дөңгелек суреттері және олар құрастырылуы мүмкін бөліктер (ҚОСЫМША А қараңыз).

Өткізу үрдісі. Әдістеме 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде диагональ бойымен 4-ке кесілген суреттерді кезекпен көрсетеді, оларды еркін ретте қояды. Бала құраушы бөліктерден құралған затты танып, атап сосын оны құрастыру керек. 6 жастағы балаларға 2 суретті қатар қоюға болады. Бала әрбіреуі үшін бөліктерді таңдап, оны құрастыру керек.

Екінші кезеңде суретті қарап, оң жағындағы бөліктерден сол жақтағы геометриялық фигураны құрастыруға болатын бөліктерді табуын сұрайды.

Бала әрекетін бағалау: тапсырманы қабылдау, әрекет сипаты, салынған затты атаудағы сөйлеу ептілігі.

1 ұпай – тапсырма шартын түсінбейді, нұсқау бойынша адекватты емес әреттер жасайды.

2 ұпай – тапсырманы қабылдайды, негізгі белгілерді ескермей бейберекет орындайды, суретті атай алмайды.

3 ұпай – тапсырманы қабылдайды және түсінеді, оны негізгі белгісін ескере отырып орындайды, салынған суретті атай алмайды.

4 ұпай – тапсырманы қабылдайды және түсінеді, оны негізгі белгісін ескере отырып орындайды, салынған суретті атайды.

Нәтижелерді бағалау:

4 ұпай – жоғары деңгей

3 ұпай – орташа деңгей

2 ұпай – төмен деңгей

1 ұпай – өте төмен деңгей

Әдістеме №2. «Суреттер бірізділігі»

Мақсаты: көрнекі жағдайға байланысты себеп-салдарлық байланысты дұрыс анықтау қабілетті, жалпылау, бір ізді суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

Құрал-жабдықтар: 4 сурет (бір бала оянады, жуынды, тамақ ішеді, мектепте отырады, ҚОСЫМША Ә қараңыз).

Өткізу үрдісі: бала алдында 4 суретті еріксіз қойып, 20-30 секундта қарауға ұсынады.

Нұсқау: «Бұл барлық суреттер бір бала туралы. Оларды рет-ретімен қой: алғашқыда не болды, кейін не болды». Бала жұмысты бастамаса, анықтап айтады: «Бала ең алдымен не істеді, ал содан кейін?». Бала барлық суреттерді орналастырған соң, суреттер бойынша әңгіме құрастыруды ұсынады.

Бала әрекетін бағалау: тапсырманы қабылдау мен түсіну; баланың барлық суреттерде бір оқиға және белгілі уақыттық рет ептілігі; логикалық байланысты әңгіме құрастыру шеберлігі.

1 ұпай – тапсырма шартын түсінбейді, нұсқау бойынша адекватты емес әреттер жасайды.

2 ұпай – тапсырманы қабылдайды, суреттерді оқиғалар ретін ескермей қояды, әрбір суретті бір сюжетке қоспай, бөлек оқиға деп таниды.

3 ұпай – тапсырманы қабылдайды және түсінеді, әрекеттерді шатастырады, бірақ соңғы есепте суреттерді дұрыс орналастырады, оқиға желісі бойынша байланысты әңгіме құрастыра алмайды.

4 ұпай – тапсырманы қабылдайды және түсінеді, суреттерді бір оқиғаға біріктіріп кезекпен орналастырады, негізгі принципті ескеріп әңгіме құрастыра алады, өз пікірінде принципті жалпылай алады.

Нәтижелерді бағалау:

4 ұпай – жоғары деңгей

3 ұпай – орташа деңгей

2 ұпай – төмен деңгей

1 ұпай – өте төмен деңгей

Әдістеме №3. «Артық суретті алып тастау» (5-6 жас)

Мақсаты: көріп қабылданатын объектілерде (1,2 нұсқа) және ойша бейнелеу негізінде (3 нұсқа) аналитикалық-синтетикалық әрекеттерді анықтау; жалпылау шеберлігі.

Құрал-жабдықтар: қиындық деңгейі әр түрлі 3 сурет:

  1. Суретте 3 кесте берілген. Әрбіреуінде 4 фигура бар, олардың біреуі бір белгісі бойынша сәйкес келмейді (көлем, пішін, түс).
  2. Суретте 3 кесте берілген. Әрбіреуінде 4 зат, ушеуі бір түрдік топ, төртіншісі басқа.
  3. Суретте 3 кесте берілген. Әрбіреуінде 4 ұғым сөздер, біреуі сәйкес келмейді.

(ҚОСЫМША Б қараңыз)

Өткізу үрдісі: 1, 2, 3 суретті кезекпен көрсетеді. 1-ші суретпен жұмыс кезінде келесі нұсқау беріледі: «айтшы, мында қайсысы сәйкес келмейді?». 2-ші суретпен жұмыс кезінде алдымен не салынғанын атауды, кейін: «мында қайсысы артық?» деп сұрайды. Көмек: «мында 3 зат бір-біріне ұқсайды, қандай?». 3-ші суретпен жұмыс кезінде психолог өзі сөздерді оқып, баланы өз таңдауын түсіндіруді сұрайды.

Бала әрекетін бағалау: тапсырмаларды қабылдау мен түсіну; аналитико-синтетикалық функцияның қалыптасу деңгейі; өз әрекеттерін себеп-салдарлы байланыста түсіндіре білу, сөйлеу жағынан топтау принципін жалпылауын білу.

1 ұпай – тапсырма шартын түсінбейді, нұсқау бойынша адекватты емес әреттер жасайды.

2 ұпай – тапсырманы қабылдайды, негізгі принципті ескермей орындайды, топтау принципін жалпылай алмайды.

3 ұпай – тапсырманы қабылдайды және түсінеді, заттарды маңызды белгі бойынша ажыратады, бірақ соңғы есепте маңызды вербальды белгіні атай алмайды.

4 ұпай – тапсырманы қабылдайды және түсінеді, заттарды маңызды белгі бойынша ажыратады, соңғы есепте маңызды вербальды белгіні атай алады.

Нәтижелерді бағалау:

4 ұпай – жоғары деңгей

3 ұпай – орташа деңгей

2 ұпай – төмен деңгей

1 ұпай – өте төмен деңгей

Экспериментік  зерттеу нәтижелері. Экспериментті зерттеуді өткізу нәтижесінде 5-6 жастағы ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлау ерекшеліктерін сипаттайтын келесі деректер алынды.(сурет1-5).

Көрнекі-бейнелік түсінік қалыптасуы мен тұтасты көру негізінде бөліктерді байланыстырып, тұтасты қайта жасауға бағытталған «Бөліктерден тұтасты құрастыру» әдістемесін өткізу барысында төменде көрсетілген нәтижелер алынды.

3 сыналушы (Д., А., К.) тапсырманы негізгі белгісін ескермей, бейберект орындады, барлық сыналушылар затты қиналып атай алды.

5 сыналушы (С., А., Х., Т., З.) көрнекі-бейнелік түсініктердің орташа даму деңгейіне сәйкес нәтижелерді көрсетті. Балалар тапсырманы негізгі белгісін ескеріп орындады, салынған суретті атады.

Қалған 2 сыналушы (О., Ж.) берілген тапсырманы еш қиындықсыз, көмексіз орындады.

Әдістеме нәтижелері графикалық түрде сурет 1 кескінделген.

Сурет 1. «Бөліктерден тұтасты құрастыру» әдістемесі бойынша эксперименттік зерттеу нәтижелері.

Көрнекі жағдайда себеп-салдарлық байланысты анықтау, жалпылау жасау және бірізді суреттер бойынша әңгіме құрастыру қабілеттілігін анықтайтын «Суреттер бірізділігі» әдістемесінің нәтижелері бойынша, тек 2 сыналушы (С., Ж.) суреттердің дұрыс ретін анықтап, бір оқиғаға біріктіріп, негізгі принцип бойынша әңгіме құрастырып, тапсырмаларды қатесіз орындады.

6 сыналушы (А., Х., Т., З., О., К.) тапсырманы орташа деңгейде орындады. Бұл олардың тапсырманы орындаған кезде әрекеттерді шатастырып, бірақ соңғы есепте дұрыс ретімен қойғанымен байланысты. Бірақ, осы сыналушылар әңгіме құрастыруға қиналды.

Қалған 2 сыналушы (Д., А.) төмен нәтиже көрсетті. Әдістемені өткізу барысында олар суреттерді оқиға кезектілігін ескермей, әрбір суретті бөлек әрекет ретінде танып, сюжетке біріктірмей қойды.

Әдістеме нәтижелері графикалық түрде сурет 2 кескінделген.

 

Сурет 2. «Суреттер бірізділігі» әдістемесі бойынша эксперименттік зерттеу нәтижелері.

 «Артық суретті алып тастау»  әдістемесі бойынша топта объекттерді  көріп қабылдану кезіндегі және ойша елестету негізінде орташа аналитикалық-синтетикалық әрекет басым екенін көрсетті. Келесі нәтижелер алынды:

10 сыналушының 2-і (О., Ж.) жоғары нәтиже көрсетті. Балалар маңызды белгі бойынша заттарды вербальды көрсетіп, бөлді.

5 сыналушы (С., А., Т., Д.,З.) берілген  тапсырманы толық емес орындап, орташа нәтиже көрсетті. Олар  заттарды маңызды белгі бойынша анықтап, бірақ соңғы есепте маңызды белгіні вербальды көрсете алмады.

Қалған 3 сыналушы (К.,А.,Р.) тапсырманы қабылдады, бірақ классификацияны негізгі принципті ескермей орындады.

Әдістеме нәтижелері графикалық түрде сурет 3 кескінделген.

 

Сурет 3. «Артық суретті алып тастау» әдістемесі бойынша эксперименттік зерттеу нәтижелері.

 

Диагностика нәтижесінде балалар танымдық әрекетінде, тапсырманы қабылдау, орындау тәсілдері, оқытылуы, өз іс-әрекет нәтижесіне қызығушылығында айырмашылықтар анықталды. Осы айырмашылықтарға  сәйкес  оларды IV топқа бөлдік (ҚОСЫМША В қараңыз).

Сонымен, диагностика кезінде алынған нәтиже Кесте 1 көрсетілген.

Кесте 1.                                                            

Сыналушы аты

Әдістеме №1

Әдістеме №2

Әдістеме  №3

Жалпы нәтиже

ұпай

топ

1

С.

орташа деңгей

жоғары деңгей

орташа деңгей

10

III

2

А.

орташа деңгей

орташа деңгей

орташа деңгей

9

III

3

Д.

төмен деңгей

төмен деңгей

төмен деңгей

6

II

4

Х.

орташа деңгей

орташа деңгей

төмен деңгей

8

III

5

О.

жоғары деңгей

орташа деңгей

жоғары деңгей

11

IV

6

Р.

төмен деңгей

төмен деңгей

төмен деңгей

6

II

7

К.

төмен деңгей

орташа деңгей

төмен деңгей

7

II

8

Т.

орташа деңгей

орташа деңгей

орташа деңгей

9

III

9

З.

орташа деңгей

орташа деңгей

орташа деңгей

9

III

10

Ж.

жоғары деңгей

жоғары деңгей

жоғары деңгей

12

IV

Информация о работе Фонетка-фйолнематикалық толық дамымау