Фонетка-фйолнематикалық толық дамымау

Курсовая работа, 12 Мая 2015, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Мектепке дейінгі балалық шақ – бұл психикалық дамудың қарқынды кезеңі. Осы уақытта тұлғаның барлық қасиеттері мен ерекшеліктері, таным процестері мен іс-әрекет түрлерінің негіздері қалыптасады. Бұл айналадағы әлемді белсенді танитын кез. Бала заттармен танысып, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі; сөйлеуді, іс-әрекеттерді меңгереді; сөз-логикалық ойлаудың көрнекі-сөздік, көрнекі-бейнелік элементтері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады, сондықтан, оқыту және тәрбие үрдісінде бала ойлауының белсенділігін тудыратын ойыншықтар, ойын әдістері кеңінен қолданылады. Психикалық дамуының дәл осы кезінде ересек баламен жақын қарым-қатынаста болып, оның дамуына белсенді қатысуы керек. Егер баланың интеллектуалдық және эмоционалдық потенциалының дамуына мектепке дейінгі жаста қажетті жағдай жасалмаса, кейін оны толық көлемде жүзеге асыру мүмкіндігі болмайды.

Файлы: 1 файл

Курс.работа Ербулат Иманмагзам.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Зерттеу өзектілігі. Мектепке дейінгі балалық шақ – бұл психикалық дамудың қарқынды кезеңі. Осы уақытта тұлғаның барлық қасиеттері мен ерекшеліктері, таным процестері мен іс-әрекет түрлерінің негіздері қалыптасады. Бұл айналадағы әлемді белсенді танитын кез. Бала заттармен танысып, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі; сөйлеуді, іс-әрекеттерді меңгереді; сөз-логикалық ойлаудың көрнекі-сөздік, көрнекі-бейнелік элементтері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады, сондықтан, оқыту және тәрбие үрдісінде бала ойлауының белсенділігін тудыратын ойыншықтар, ойын әдістері кеңінен қолданылады. Психикалық дамуының дәл осы кезінде ересек баламен жақын қарым-қатынаста болып, оның дамуына белсенді қатысуы керек. Егер баланың интеллектуалдық және эмоционалдық потенциалының дамуына мектепке дейінгі жаста қажетті жағдай жасалмаса, кейін оны толық көлемде жүзеге асыру мүмкіндігі болмайды.

Психология мен педагогикада мектепке дейінгі балалардың ойлау түрлерінің, әсіресе көрнекі-бейнелік қалыптасу зерттеулері Л.С. Выготскийдің, Р.С. Немовтың, С.Л. Рубинштейннің, Ф.А. Сохинаның, Г.А. Урунтаеваның, В.И. Ядэшконың және т.б. еңбектерінде кездеседі.

Ойлау – болмыстың жалпы және жанама түрдегі бейнеленуімен сипатталатын жеке тұлғаның танымдық процесі. Мектепке дейінгі ПДТ балалардың ойлау әрекеті қиын зеттеу пәні болып табылады. Әсіресе осы жаста көрнекі-бейнелік ойлаудың дамуы маңызды болады.

ПДТ балалардың ойлауы ойлау операцияларының қалыптаспауымен, сондай-ақ, тұтас ойлау әрекетінде даму бұзылыстарымен сипатталады. Оларда ойлаудың үстін түрі, оның кездейсоқ белгілері, ойлау процесінің инерттілігі, аз қозғалғылғыштығы, көшіруге, еліктеуге бейімділік байқалады.

ПДТ балалардың ойлау дамуының проблемасы арнайы педагогика мен арнайы психологияда бұрынғыдай өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселеге Ж.Ы .Намазбаева, О.С.Сангилбаев, Қ.Жарықбаев, Т.Б.Кенжебаева, Қ.С.Тебенова, А.Р.Рымханова, К.С.Жумасова, С.Елеусізова, М.Мұқанов, И.М.Итбаева , А.И.Блинова, А.В.Брушлинский, Л.С.Выготский, А.А.Катаева, У.Е.Кузнецова, В.И.Лубовский, Е.М.Мастюкова, Н.Г.Морозова, В.Г.Петрова, М.С.Певзнер, С.Я.Рубинштейн, Е.А.Стребелева, И.М. Соловьева, Г.Е.Сухарева, Ж.И.Шиф және т.б. сынды Қазақстандық және Ресейлік педагогтар мен психологтардың бірқатар еңбектері арналған.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуында ПДТ балалардың көбеюі және төмен үлгерімінен, айналадағылармен қарым-қатынас қиыншылығынан, мінез-құлықтың нормадан ауытқуынан көрінетін мектеп дезадаптациясының алдын-алу мен жеңіп шығу өзекті мәселе болып табылады. Сонымен қатар, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық алға басулар жаңа өмірлік мәселелерді тиімді шешуге қабілетті белсенді тұлғаны тәрбиелеуді қажет етеді.

Бала ойлау дамуының мәселесі, осы психикалық процесс адамның кез-келген әрекетінің айрылмас компоненті болып табылатынымен өзекті. Осыған байланысты өсіп жатқан ұрпақтың интеллектуалдық және эмоционалдық потенциалын дамыту мәселесі тұр. Ал бұл өз кезегінде барлық танымдық процестер жүйесінің даму заңдылықтарын ескеріп, оқыту бағдарламасын дамытуды талап етеді.

Зерттеу мақсаты: 5-6 жастағы ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауының даму ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу объектісі: 5-6 жастағы ПДТ балалар.

Зерттеу пәні: 5-6 жастағы ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлау ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы: егер, мектепке дейінгі ПДТ балалардың

1) ойлау диагностикасын уақытында  өткізсе,

2) диагностикалық тексеріс нәтижесін, жеке және жас ерекшеліктерін  ескеріп, түзету-дамытушы бағдарламаны  іске асырса, онда олардың көрнекі-бейнелік  ойлауы неғұрлым табысты болады.

Зерттеу болжамын дәлелдеу үшін келесі міндеттер қойылады: 

  1. Мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлау мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және арнайы әдебиеттерді зерттеу және талдау.
  2. Мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлау деңгейін анықтайтын диагностикалық бағдарлама құрастыру және өткізу.
  3. Диагностика нәтижелерін ескеріп, мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлауын дамытуға арналған психокоррекциялық бағдарлама құрастыру.
  4. Жасалған жұмыс тиімділігін анықтау, қорытынды жасау.

Қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды:

  1. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттер анализі.
  2. З кезеңнен тұратын педагогикалық тәжірибе: фактіні анықтау, қалыптастырушы және бақылау.
  3. Мәліметтерді өндеу әдістері: зерттеудің сандық және сапалық нәтижесі.

Фактіні анықтау және бақылау кезеңінде «Бөліктерден тұтасты құрастыру», «Суреттер бірізділігі», «Артық суретті алып тастау» әдістемелерінен тұратын диагностикалық бағдарлама қолданылды.

Зерттеу әдістемелерінің негізі А.З. Зак, Л.М. Лихтарникова, В.Н. Русанова, С.Д. Забрамная, М.В. Шнейдерман және т.б. еңбектері болды.

Зерттеу базасы: Павлодар қаласындағы №38 балабақша.

 

 

 

 

 

I ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ КӨРНЕКІ-БЕЙНЕЛІК ОЙЛАУ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Ойлау – психикалық процесс.

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз  болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады.  Адамның ой-әрекеті, әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан,  олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәлеметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасында теңдік белгісін қою дұрыс емес.

Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрыңғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады [13].

Ойлау адамның  сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін – объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып  оны шешуге ұмтылдыратын – оның қажеттері.

Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау сұраққа  жауап қайтарудан  мәселені шешуден  оның  мән-мағынасын түсіне білуден жақсы байқалады. Затты не құбылысты тұспалдап, айтатын  жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады [13].

Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау – ми қабағының  күрделі формадағы анализдік- қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша нерв байланыстары жетекші роль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде нерв қызметенің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды.

Барлық сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірініші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады [13].

Ойлау түрлері. Психологияда ойлаудың 3 түрі белгілі: көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөз-логикалық.

Көрнекі-әрекеттік ойлау – мәселелерді берілген заттың қөмегімен, ситуацияны көріп байқау арқылы практикалық міңдеттерді шешу үрдісі мен әдістерінің жиынтығы[12]. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы 3 жасқа дейінгі сәбилерге тән. Бұл кезеңде бала заттарды бірін-біріне беттестіре салыстырады; ойыншығын бөлек-бөлек сындыра, бұзып талдайды; таяқшалары мен кубиктерін бір ортаға үйіп, біріктіреді; ойыншықтарын түр-түсіне орай қосып, қорытындылайды [15].

Көрнекі-бейнелік ойлау – шынайы практикалық әрекеттер жасамай-ақ, бейнелік мәселелерді көпшілік бақылауында шешу үрдісі мен әдістерінің жиынтығы [12]. Көрнекі-бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттардың тұтастай сипаты толық әрі жан-жақты көрініс береді. Бұл тұрғыдан көрнекі-бейнелі ойлау қиялдаумен жанасып кетеді. Қарапайым формада көрнекі-бейнелі ойлау 4-7 жастағы балаларға тән. Бұл кезеңде таным тікелей әрекетпен емес, дейділенген нысанды қабылдап, көрнекі-бейнесін еске, көз алдына келтірумен байланысты. Баланың дәлелдеулері тікелей заттың өзіне негізделген қандай да ой жүргізуден бұрын сол заттың бейнесін еске түсіреді, орындайтын ісі мен оның нәтижесін суреттеп, болжайды. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы өзі жоқ не көрінбейтін заттардың кескін бедері тұрғызылады.

 Сөз-логикалық ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөз-логикалық ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады. Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын ала болжап, сан алуан көрнекі материалдарды жалпыланған, қорытынды күйінде келтіреді [15]. 

Ойлау тәсілдері. Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ (талдау) – ойлау арқылы түрлі заттарың, құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлшектерге бөлу. Синтез – ой арқылы заттардың, құбылыстардың барлық элементтерін біріктіру. Анализ бен синтез – бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс. Олар – бір-бірінен ешқашан ажырамайтын ой процестерінің негізгі компоненттері.

Салыстыру – заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын аңықтау, салыстыру (түріне, түсіне, атқаратын қызметіне байланысты). Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді.

Абстракциялау – шыңдықтағы заттармен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттермен ойша бөліп алу.

Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Ол абстракцияға қарағанда ұғымды, көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жалпылау – біртекті заттардың құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Ол бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға мүмкіндік береді.

Жүйелеу – нақтылау арқылы шындықтағы заттармен құбылыстарды белгілеу принципі бойынша орналастыру.

Топтау салыстырудан барып шығатын күрделі операция. Ол басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттарды құбылыстарды класс, тип, түр сияқты топтарға біріктіру.

Ойлау формалары. Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғым дара және жалпы болып бөлінеді.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді.  Пікір бір зат туралы мақұлдау және оны бекерге шығарудағы көзқарас. Пікірде адам белгілі заттар туралы өз ойын , байланысын, қатынасын білдіреді.

Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындысы бірнеше пікірді біріктіріп жаңа бір пікір шығару тәсілі. Ой қорытындысы үш жолмен жасалады:

а) дедукция –жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы;

б) индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы;

в) аналогия – ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.

Оқушыларларда ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы соған сәйкес ой қорытындысының дамуына мүмкіндік туғызады [13].

 

1.2 Психикалық дамуында тежелуі бар балалар. Классификациясы, себептері  және ауытқу механизмдері

ПДТ түсінігі Ресейлік психологияда XX ғ. 60 жылдарында мектеп оқуында қиыншылықтары бар және ақыл-ойы кем диагнозы қойылған, көмекші мектепте ұзақ емес оқуы кезінде оқуында алға озып, үлкен мүмкіндіктері бар балаларды 10 жыл бұрын басталған зерттеулер нәтижесінде қалыптасты. Көп жағдайда соңғыларына  педагогикалық және ұйымдастырушылық көмек нәтижесінде олар оқуын ЖОМ-да жалғастырды.

Бірінші жағдайда балалар тұрақты үлгермейтін болып сипатталса, екінші жағдайда – ПДТ терминін енгізбегенше – балалар жағдайын жалған олигофрения деп атады.

Информация о работе Фонетка-фйолнематикалық толық дамымау