Фонетка-фйолнематикалық толық дамымау

Курсовая работа, 12 Мая 2015, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Мектепке дейінгі балалық шақ – бұл психикалық дамудың қарқынды кезеңі. Осы уақытта тұлғаның барлық қасиеттері мен ерекшеліктері, таным процестері мен іс-әрекет түрлерінің негіздері қалыптасады. Бұл айналадағы әлемді белсенді танитын кез. Бала заттармен танысып, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі; сөйлеуді, іс-әрекеттерді меңгереді; сөз-логикалық ойлаудың көрнекі-сөздік, көрнекі-бейнелік элементтері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады, сондықтан, оқыту және тәрбие үрдісінде бала ойлауының белсенділігін тудыратын ойыншықтар, ойын әдістері кеңінен қолданылады. Психикалық дамуының дәл осы кезінде ересек баламен жақын қарым-қатынаста болып, оның дамуына белсенді қатысуы керек. Егер баланың интеллектуалдық және эмоционалдық потенциалының дамуына мектепке дейінгі жаста қажетті жағдай жасалмаса, кейін оны толық көлемде жүзеге асыру мүмкіндігі болмайды.

Файлы: 1 файл

Курс.работа Ербулат Иманмагзам.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

Бұл балаларды кейінгі толық зерттеуі бұл топ балаларды уақытша ПДТ бар деп сипаттауға мүмкіндік берді. Сол себептен бұл категория атауының артықшылығы жойылып, «психикалық дамуының тежелуі» термині бекітілді [7].

     ПДТ балалар дегеніміз  – оқу бағдарламасын меңгеруде  қиындықтарға  кездесетін үлгірмейтін балалар. Сонымен қатар, олардың эмоциялық-ерік саласының жетілмеуі органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. Органикалық инфантилизм терминін алғаш рет француз психиатрлары Лоран және Ласег XIX ғ. соңында енгізді және оны әртүрлі инфекциялар мен интоксикация әсерінен пайда болған психофизикалық дамуының ерекше тежелуін белгілеу үшін қолданды. Инфантилизм әсіресе мектеп жасына келген кезеңде анык байқалады. Бұл балалар өте мазасыз, әбігерге түседі, қимыл- қозғалысты өте шапшаң, бірақ координацияларында дәлдік жоқ. Мектептегі ситуацияны сезінбейді. Мектептегі тапсырмаларды орындауда жалпы сыныппен ілесе алмайды. Жұмыс істеу қарқындары баяу, сәл қиындықтар кездессе, жұмыстан бас тартады. Сонымен қатар дене бітімі дамуы да теңеледі. Мұндай инфантизм гармониялық инфатизм деп аталады.

    М.С. Певзнер пікірінше, эмоциялық ерік-жігер дамуының  тежелеуі уақытша болуы мүмкін  және баланың жеке ерекшеліктерімен  санасатын дамыту бағдарламасы  дұрыс жүзеге асырылса, бұл кемшіліктер  толык жойылады. Сондықтан, психикалық  даму тежелуін уақытша құбылыс деп санауға болады [1].

      Бірақ балаларды  тереңірек зерттей келе үлгерімейтін  оқушының психикалық және дене  бітіміндегі инфантилизм басқа  да даму ауытқыларымен ұласатындығы  аңықталған.

1966 ж. М.С.Певзнер ПДТ клиникалық  нұсқауларына сүйеніп,  жасаған өз классификациясын ұсынды:

1  қалыпты интеллектпен эмоцианалды ерік-жігер саласының жетілмеуі , яғни асқынбаған гармониялық инфантилизм;

2. танымдық әрекітінің жетілмеуі;

3. танымдық әрекетінің жетілмеуі, нейродинамикалық бұзылуыннан асқынған психофизикалық инфантилизм;

4.  танымдық әрекетінің жетілмеуі, сөйлеу қызметінің кемістігімен  асқынған психофизикалық инфантилизм [1].

      1980 ж. Лебядинская  К.С. ПДТ классификациясының жаңа  нұсқасын ұсынды:

-     конституционалдық  ПДТ

-     соматогендік ПДТ

-     психогендік ПДТ

-     целебралдық ПДТ.

Конституциондық шығу тегіндегі психикалық тежелуі (пайда болу себебі бас мүшелердің маңдай бөлігінің жетілмеуі). Былайша айтқанда – гормоникалық инфантализм (М.С. Певзнер мен Т.А. Власованың классификациясы бойынша күрделенбеген психикалық және психофизикалық инфантализм), бұл жағдайда эмоционалдық ерік сферасының қалыптасуы дамудың ерте сатысында тоқтап қалады, көп жағдайларда, кішкентай балалардың эмоциясының ойдағыдай құрылымын еске салады. Тәртібінің эмоционалдық мотивациясы, көніл-күйінің көтеріңкілігі, тұрақсыздық кезіндегі эмоцияның жарықтығымен сипатталады. Мектеп жасына келген кезде ойын әрекетінің басымдылығы сақталады.

Соматогендік шығу тегіндегі психикалық тежелуі. Бұл топқа жататын балалар түрлі соматикалық әлсіздікпен көзге түседі. Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы аурулар, аллергиялық күйді, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық кемістіктер баланың психикалық  дамуының тежелуіне себеп болады. Соматикалық әлсіз балаларға танымдық белсендігінің төмендігі, шаршағыштық тән. Интеллектуалдық және дене қуатын қажет ететін жаттығуларын олар тез шаршайды.

Олар қандай да бір тапсырманы  орындау үшін ұзақ уақытты қажет етеді және осы балаларда жеке тұлғалық дамуында эгоцентризм және эгоизм қалыптасқан. Олардың жұмыс істеу қабілеті төмен үнемі біреудің көмегін және қамқорлық жасауын қажет етеді.

Психогендік шығу тегіндегі психикалық тежелуі. Тәрбие берудің жағымсыз жағдайларына байланысты (толық емес н\е жағдайы нашар отбасы, психикалық травмалар) бала жеке тұлғасының дұрыс қалыптаспауы.

Осы аномалияның әлеуметтік генезі оның патологиялық сипатын есептен шығармайды. Қоршаған ортадағы баланың психикасына әсер ететін келеңсіз жағдайлар оның жүйке жүйесінде де ауытқулар туғызуы мүмкін. Алдымен вегетативтік қызметі бұзылады, содан кейін психикалық және эмоциялық  салалар дамуында ауытқулар пайда болады. Бұл жағдайда жеке тұлғаның патологиялық дамуы туралы айтылады. Бұл типті педагогикалық қамқорлықтан  тыс қалған патологиялық дамуы жоқ, интелектуалдық ақпарат жетіспеушілігінен ептіліктер мен білімдері аз балалар типімен шатастырмау керек.

Психогендік шығу тегіндегі ПДТ ең алдымен, психикалық тұрақсыздық типі бойынша тұлғаның аномальдық дамуында байқалады. Бұл көбінесе балаларға қажет тәрбие бермеу салдарынан болып, ондай жағдайда балада жауапкершілік пен қарыз сезімдері, тәртіп формалары тәрбиеленбейді. Интелектуалдық қызығушылықтар мен талаптарды, танымдылық қасиеттердің дамуын қадағаламайды. Сондықтан балалардың афференттік лабильдік түріндегі эмоцианалдық- ерік сферасының дамымауының патологиялық түрлері жиі мектеп сабақтарын меңгеруге қажетті білім мен танымдылықтың деңгейінің жетіспеушілігімен байланыстырылады.

«Отбасылық кумир» типі бойынша тұлғаның аномальды қалыптасуының нұсқасы керісінше балаларға тым көп көңіл бөлуінен, жауапкершілік инициативтік сезімдерін аса үйрете қоймайды. Осы пихогендік инфантилизм түріне эгоизім мен эгоцентризм, еңбекке деген сүйіспеншіліктің жоқтығы тән. Олар тез шаршайды, тұрақты көмек пен қауіпсіздікті қажет етеді.

Церебралды – астеникалық  шығу тегіндегі психикалық тежелуі (себебі ми дисфукциясы). Танымдылық қабілеттерінің, эмоцианалдық-ерік сферасының тұрақты және белгіленген бұзылушылықтарында кездеседі. Бұл дамудың аномалиясында негізгі орын алады. Бұл типтегі балалардың анамнезін зерттеу кезіндегі жағдайлардың көбінде жүйке жүйесінің дөрекі емес органикалық жетіспеушілігін, жиі жүктілік кезіндегі патологияларды (күрделі таксикоздар, инфекциялар, интоксикациялар мен жарақаттар, бала мен ананың резус-фактор дауы), асфикция мен босану кезіндегі жарақаттар, бірінші жылдағы аурулардың әсерін көрсетеді.

Церебралды-органикалық шығу тегіндегі психикалық кешендеуге танымдылық қабілеттің бұзылуы, зейіннің жетіспеушілігі және бір нәседен екінші нәрсеге ауысудың төмендеуі, психикалық процестердің баяулылығы, қыртысты функциялардың жетіспеушілігі жатады.

Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, көп сөйлемейтін, әлсіз, тез шаршап, көп ауырады [1].

ПДТ пайда болуы себептері екі үлкен топқа бөлінеді:

  • табиғи сипаттары;
  • әлеуметтік психикалық сипатты себептер.

Табиғи сипаттағы себептерге жатады:

    1. жүктіліктің түрлі нұсқадағы патологиясы (интоксикация, резус-фактор дауы);
    2. баланың мерзімін бұрын туылуы;
    3. босану кезіндегі жарақаттар;
    4. түрлі соматикалық аурулар (тұмау, ауыр түрлері, рахит, созымалы ауру, ішкі мүшелірінің атаулығы т.б.)
    5. ауыр емес ми жарақаттары.

        Әлеуметтік –психологиялық сипаттағы себептер:

  1. баланы анасынан ерте айыру және әлеуметтік депрессиялық жағдайда толық оқшалауда тәрбиелеу;
  2. жасқа сай әрекетінің жетіспеуі;
  3. баланы отбасында тәрбиенің бұрмаланған кезде немесе тәрбиелеудің авторитарлық түрі.

 

1.3 Мектепке дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың көрнекі-бейнелік ойлауының даму ерекшеліктері

Ойлау – шындықтың жалпылама және жанама түрдегі бейнеленуімен сипатталатын адамның танымдық процесі. Балада алғаш ойлау процестері айналадағы заттардың қасиеттері мен қатынасының, оларды қабылдау және  заттармен өз іс-әрекетінің барысында, айналадағы болмыста болып жатқан оқиғалармен танысу нәтижесінде пайда болады.

Көрнекі-әрекеттік ойлау адам проблемалық практикалық тапсырмаларды шешудің жаңа шарттары мен тәсілдеріне кезіккен кезде пайда болады. Ондай түрдегі тапсырмалар балалық шақтың барлық кезеңдерінде кездеседі (тұрмыстық және ойын жағдайларында) [2].

Көрнекі-әрекеттік ойлаудан кейін көрнекі-бейнелік ойлау қалыптасады. Ол кіші мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының негізгі түрі болып табылады. Бала бұрын тек тәжірибе арқылы шешкен тапсырмаларды ойша шешеді. 5-6 жасқа қарай көрнекі-бейнелік ойлау жалпылауыш болып келеді. Бала схемалық кескінді түсініп, олардың негізінде шынайы жағдайды елестейді және, тіпті, өз бетімен сондай кескіндерді бейнелейді.

Көрнекі-бейнелік ойлаудың дамуы елестеу бейнелерін бекітетін сөйлеумен тығыз байланысты [2].

Соңғы 30 жыл ішінде ПДТ зерттеушілердің үлкен назарын аудартады.

Психологтік-педагогикалық зерттеу барысында ПДТ балалардың психикалық дамуы қалыпты балалардан ерекшелейтін арнайы ерекшеліктерін растайтын материал жетерлік жинақталған [8].

ПДТ бұл – балалардың қалыпты психикалық даму бұзылысында көрінетін ерекше аномалия түрі [14]. ПДТ баларда пайда болатын церебрастения, психикалық ширақталу, қозушылықтың салдарынан оларда еңбек қабілеті төмен болады. Ондай балалар танымдық әрекет белсенділігінің төмен деңгейімен және ақпаратты өндеу баяулығымен сипатталады.

ПДТ балалардың психикалық ерекшеліктерінің бірі оларда барлық ойлау формаларының дамуы артта қалады. Осы артта қалушылық барлық ойлау компоненттерінің құрылымдарында байқалады (Т.В. Егорова, В.И. Лубовский, Т.Д. Пускаева, У.В. Ульенкова және т.б.).

Біріншіден, төмен танымдық белсенділікте, интеллектуалдық күш салудан қашқақтайды, тіпті, тапсырмадан бас тартуда көрінетін  мотивациялық компоненттің жетіспеушілігі.

Екіншіден, эмпирикалық сынақ әдісі мен іс-әрекеттерді жоспарлау, мақсат қою қажеттілігінің жоқ болуымен негізделген реттеуші-мақсат компоненттерінің тиімді еместігі.

Үшіншіден, операциялық компоненттердің, яғни, ойлау операциялары – анализ, синтез, абстракциялау, жалпылау, салыстырудың ұзақ қалыптаспауы.

Төртіншіден, ойлау процестерінің динамикалық жағының бұзылуы [4]. Мектепке дейінгі ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлау даму деңгейінің анализі біркелкі емес нәтижелерді көрсетеді. Мектепке дейінгі балалар арасында аса бейнетсіз тапсырмаларды орындайтындар бар (30%), көп жағдайда (60%) балаларға тапсырманы көпреттік қайталауды және әртүрлі көмек көрсетуді қажет етті. Барлық әрекеттер мен алуан көмекті қолданып, тапсырмаларды орындай алмайтындар да бар (10%) [1].

ПДТ балалар танымдық белсенділігінің төмен деңгейімен сипатталады. Бұл ең алдымен білуге құмарлықтың жетіспеушілігінде көрінеді. Кейбіреулері өзінің қалыпты дамып жатқан құрдастарына қарағанда сұрақ қоймайды. Олар – баяу, енжар, сөйлеу қарқындылығы баяу балалар. Енді біреулері тек айналадағы заттардың сыртқы қасиеттерімен байланысты сұрақтарды қояды. Бұл ширақ, көп сөйлейтін, тіпті, мылжың балалар. Сондай сұрақтарды қоя білуі және проблемалар қажет ететін шешімдерді өз бетінше табуға қабілеттілік ойлау белсенділігінің маңызды көріністері болып табылады. ПДТ балалардың танымдық тапсырмаларды орындауға дайындығы жоқ.

ПДТ балаларда ойлау әрекетінің қалыптасу деңгейінің жетіспеушілігі – негізгі функциясы тапсырма шарттарының анализі мен алдын-ала шешудің жалпы жоспарын құруында, іздеудің белгілі бір стратегиясы болып табылатын бағытталғандық кезеңінде анық байқалады. Бұл маңызды кезең осы балаларда болмайды [5].

Зерттеулер анализі (Л.С. Выготский, Г.М. Дульнев, В.И. Лубовский, В.Г. Петрова, Г.Е. Сухарева, Ж.И. Шиф және т.б.) ПДТ балаларда проблемалық жағдайды ұғыну және белгілеуді оның шарттарын анализдеу, өткен тәжірибені жалпылауға сүйене отырып, шешімдердің жаңа әдісін табуды қажет ететін тапсырмаларды шешу аса қиыншылықтар тудыратынын көрсетті.

Ойлау операциялары (анализ, синтез, жалпылау, абстракция, салыстыру) жеткіліксіз қалыптасқан және өзіндік белгілері болады. Сонымен, ондай балалар заттар мен айналадағы болмыстың анализін (объекттерді  ойша оларды құраушы элементтерге бөлу, заттардың жеке қасиеттері мен белгілерін ажырату ептілігі) ойлаусыз өткізеді, тек неғұрлым көзге көрінетін бөліктерді бөліп, бірқатар маңызды қасиеттерді қалдырып кетеді. Осының нәтижесінде олар заттар бөліктерінің арасында байланыстарды орнатуға қиналады, әдетте, заттардың жеке белгілері бойынша емес, тек көзге көрінетін қасиеттерін байланыстырады. Заттар анализі толықсыздығымен және жеткіліксіздігімен ерекшеленеді [6].

Заттар анализінің жеткіліксіздігінен синтезде қиыншылықтар байқалады. ПДТ балалар ойлауының ерекше белгілері салыстырмалы анализ бен синтезді өткізуді қажет ететін салыстыру операцияларында көрінеді.Олар салыстыруды маңызды емес белгілері бойынша жүргізеді, көбінесе байланыссыз белгілері бойынша. Балалар заттардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуда қиналады.

Келесі ерекшелік – заттар мен айналадағы әлем құбылыстарының арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді орнатуда жалпылау операциясының жеткіліксіз қалыптасу деңгейі (заттар мен құбылыстарды «ойша» салыстыру және оларда ортақ белгіні анықтау ептілігі). Бұл заттардың түрдік қатысы бойынша топтауға тапсырмаларды орындаған кезде анық байқалады. ПДТ балаларда түрдік түсініктер диффузиялық, нашар дифференциацияланған сипатта болады. Балаларда абстракция операциялары жеткіліксіз дамыған: мұндай бала үшін әрбір зат және әрбір оқиға  жағдайға байланысты маңызды бола бастайды. Абстракциялық ойға қабілетсіздік жүйке-психикалық әрекетінің  барлық салаларында байқалады [6].

Көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту 3 кезеңнен тұрады. Олар: практикалық тәжірибені көрнекі-бейнелік жоспарға аудару; балалардың себеп-салдарлық байланыстарды анытау; жасырылған мағынасы бар сюжет анализі (жете қарау және ерікті қиял) [2].

Жоғарыда айтылған ПДТ балалардың көрнекі-бейнелік ойлау ерекшеліктерін ескеріп, коррекциялық-педагогикалық жұмыс бағыттарының бірі – баланың танымдық ойлау әрекеттерін, ойлаудың негізгі түрлерін, яғни, көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлауды дамытуды анықтауға болады.

Информация о работе Фонетка-фйолнематикалық толық дамымау