Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Әдіснамалық тұғырлардың әдіснамалық ұстанымдарға қарағанда аясы кең, сондықтан да ұстанымдар тұғырлардан нақтыланып шығады. Демек, шығармаларды талдаудың нақтырақ жолын (ұстанымдар арқылы талдау) қарастырмақпыз. 

Ұстаным – оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылған әдістері мен түрлерін, педагогикалық теориялар мен концепциялардың мазмұнын айқындаудан шығатын негізгі ереже. Педагогикалық ұстанымды нормативтік сипаттың негізі немесе білім беру саласындағы барлық құбылыстарға қарастырылатын әрекетке ортақ ереже деп те айтуға болады.

Б.С. Гершунский «әдіснамалық ұстаным» ұғымын теория мен практикаға қойылған мақсаттың жетістігіне бағытталған іс-әрекеттің жетекші қалпы, білім беру саласындағы стратегиялық шешімдердің  ұжымдық негіздемесі, білім берудің стратегиялық шешімдері бағасының көпқырлылығы мен баламалылығы деп сипаттама береді ( 228-235 бб. Гершунский Б.С. Философия  образования для ХХІ века в поисках практико-ориентированных образовательных концепции. – М.: Изд. «Совершенство». -1998. -608 с.).

Шығармашыл тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуі мен тәрбие диалектикасын зерттеуде В.А. Андреев (24-35 бб. Андреев В.А. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой личности. Основы педагогики творчества. Казань, 1988. -288 с.) көрсеткен ұстанымдарын саралай отырып, зерттеу нысанының әлеуетіне ескере тарихилық пен логикалық бірлігі ұстанымын, сондай-ақ, тұтастық, кешенділік, жүйелілік, және тұлғалық пен іс-әрекеттік тұғырларына диалектикалық бірлік ұстанымын  басшылыққа алады.

Біз жазушы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялар мен ой-пікірлерін талдауға тарихи педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы арқылы тақырыбымыздың мазмұнына сай ұстанымдар таңдаймыз. Ол жоғарыдағы ғалымдардың пікірімен өзара үндеседі, сонымен қатар өзіндік ерекшелігі де бар. Демек, біз басшылыққа алатын ұстанымдар:

  • тарихилық;
  • халықтық;
  • сабақтастық;
  • шынайылық;

Жазушы шығармашылығындағы тағылымдық идеяларды тарихилық ұстаным арқылы талдар болсақ, Әзілхан Нұршайықов шығармашылығы тарихи екі кезеңді қамтиды. Ол кеңестік идеологияның бас кезеңінен бастап ыдырағанына дейінгі және қазақ елінің егемендік алып әрі қарай дербес мемлекет ретінде даму жолдарына куә. Сондықтан да оның шығармаларында осы тарихи кезеңдердің барлық суреттері орын алады.

Ә. Нұршайықовтың тарихи кезеңдер тудырған қаһармандар 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының жауынгерлеріне және сол майданда кездескен тұлғаларға: Махмет Қайырбаев туралы «Батырдың өмірі», 100-атқыштар бригадасы туралы «Великие Луки ұрыстары», Мәншүк Мәметова туралы «Невель түбінде», т.б. арнады. Осы шығармаларын толық жинастырып және зерттеулермен толықтырып «Боздақтар» деген атпен қайта кітап етіп шығарды. Бұл кітаптың шынайылығы жауынгерлердің суреттері, хаттары, сол кезеңдердегі газеттерге жарияланған мақалалардан үзінділер, өлеңдері, ең бастысы, сол уақыттағы оқиғаларға дәлел болар жазушының қолымен жазылған күнделіктері мен тарихи құжаттар да бар.

Бауыржан Момышұлына арналған «Ақиқат пен аңыз» атты романының сұхбаттардан тұруының өзі бір жағы «шындықтан басқаны жазба» дейтін қағидасы бар Бауыржанның талабы болса, екінші жағынан сұхбаттасу мазмұнының білгілі бір тарихи кезеңді қамтуынан да болар.

Жазушы әдеби күнделігіне «Шығарма қай тақырыпқа жазылып, қай кезеңдер мен жылдарды суреттесе де оның ішкі идеясы осы заман үнімен ұштасып жатуы керек» (49-б. Өмір өрнектері) – деген пікір қалдырады. Демек, бүгінгі күннің адамына бұл шығарма арқылы не беруге болады, өміріне тағылым берердей ықпалы бар ма деген ойды басшылыққа алатынын байқаймыз.

Қаламгердің шығармашылық қорының тәлім-тәрбиелік идеяларын тарихилық бағыттан да көп тапқан болар едік. Ол алғаш алғаш ұжымдаса бастаған кеңестік қоғамның өміріндегі жаңа идеология, қолдан жасалған ашаршылық, репрессиялық зұлматтың бала болса да зардабын көрді. Ол шығармашылығында баяндалады. Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып, өзінің бар мүмкіндігін іске қосты: зеңбірегі мен қаламын қару етті, майдандағылар мен тылдағылардың рухын көтерді, жігерлендірді.

Халықтық ұстаным бойынша: жазушының халықтан шыққан тұлғалардың бойындағы адами абзал қасиеттерін дәріптеудегі ұлтқа тән ерекшелік пен олардың халық үшін жасаған ерлік істері, мүлтіксіз қызметін үлгі-өнеге етуін айтамыз. «Ақиқат пен аңыз» романында Бауыржан Момышұлының халықтың тағылымдық ой-пікірлеріне, аңыздары мен жырларына, салт-дәстүріне, ұлттық мәдениетке мол сілтеме жасалады. Мысалы, Франциядан келген жазушы әйел подполковник ағасының өтініші бойынша  Баукеңе жолығып әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында Бауыржан қазақ халқының алғыр, өзіндік ерекшелігі бар, алайда олардың әлемдік мәдениетті жатырқамайтын халық екендігін көрсетеді. Оның француз классиктерінің кітаптарын кітап сөрелеріне жинап қойғанын көргенде шетелдік әйел таң-тамаша болады. Баукең ұлтының тарихымен таныстырып отырғанда, «Қазақтың жазуы қашаннан басталды» деген сұрақ қояды. Жауап беріп отырып, батыр былайша толықтыра түседі: «Қазақтың жазу құралы міне мынадай болған, - деп, мен креслоның қасында тұрған домбырамды алып шертіп-шертіп жібердім. – Қазақтың асқақ ақындары мен әйгілі композиторлары өз өлеңдері мен музыкаларын халықтың жанына, жүрегіне осы аспаппен жазған. Тілін түсінбейтін басқыншы армияның алдынан шығып біздің ежелгі дипломаттарымыз бен парламенттеріміз осы домбыра үнімен жауап берген, оларға өз ультиматумын домбра күйімен ұқтырған. Күй қазақтың жер қайысқан қалың қолы бар екенін, олар жер бетінде бір жауынгер қалғанынша өзінің туған жерін қорғайтынын, оларға туған жердің асқар-асқар таулары мен күркіреген өзендері көмектесетінін айтқан. Қазақтың кең даласы келген дұшпанның басына кебін болып кептелетінін білдірген. Есің бар да елің тап, кейін қайт деген. Міне, бұл домбырамен осындай ноталар жазған» ( 116-б.Ақиқат пен аңыз.).

Шындығында, халық ішінде Бауыржан туралы ақиқаттан гөрі аңыз көп. Ал, ақиқаты аңызға бергісіз. Ол туралы соғыс кезінің өзінде-ақ «Фамилиясы жоқ адам» атты мақала жариялануы арқылы әңгіме кең тарап кеткен еді. Шындығында, бұл романда батырдың ұлт, халық мәселесі туралы айтқан ойларынан мол мысал келтірілген. «Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай деп жазғанмын: «Өз халқын құметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам» дегенмін. Сол сөзімді әлі де қайталаймын. ...Өйткені, халықтардың туыстығы алдымен, адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлтты құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын» - деген ойына істеген істері де дәлел болардай екеніне көз жеткізе аламыз: «Ол кезде менің Қазақстанға хат жазып, халық ақындарының айтысын ұйымдастыру керек, бұл халықтың рхын көтереді дегенім кейбір жеке адамдарға ұнамаған болар. Кейбір ұлттық киімдеріміздің үлгісін сақтау, үлкенді құрметтеу, ананы ардақтау, ағаны қадірлеу сияқты жақсы дәстүрлерімізді жандандыра беру жайындағы пікірім жақпаған шығар. Менің мұным көп халықты мемлекетіміздің түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетіне, салт-санасына өзіміздің ұлттық үлесімізді қосайық деген игі тілек еді ғой. Мен кеше, қырық төртінші жылы осыны айтып едім ғой» (31-б. Ақиқат пен аңыз.).

Сабақтастық ұстанымына: өз идеясын ұстаным ретінде шығармаларына тақырып етті.

Ә. Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар Абай шығармалық мұрасында идеялармен үндес әрі сабақтас. Абайдың шығармаларындағы әл-Фарабиден бастау алған, шығыс шайырларымен сабақтаса өрілген  адамды сүю идеясы, сезімдерді дамыту туралы «һауас» туралы тұжырымдары жалғасады. «Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады» - деген Абай өзінің 32-қара сөзінде. (68-б. Абай. Қара сөз. Поэмалар. – Алматы: Ел. 1993. – 272 б.) Бұл ақиқатқа жүгіну, шынайылықты көркем тілмен ұсыну Ә. Нұршайықовтың да басты ұстанымдарының бірі. «Нұршайықов нақылдары» атты құрастырған жинағымызда «Жаман ұстаздан оқыған оқушының жақсы ұстаздан үлгі алған шәкірттен бір артықшылығы бар: жаман ұстаздан озып кетуге болады, жақсы ұстазға жету қиын. Бірақ, жаман ұстаздың шәкірттері өздерінің осы мүмкіндіктерін көбінесе пайдалана білмейді» деген тұжырымы  бір жағынан педагогикалық проблема, екінші жағынан: «Ұстаздан шәкірт озар», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық мақалымен сабақтаса үндеседі.

Шығармаларының әуелі ауызша әңгіме күйінде таралып, одан шағын әңгіме болып жазылып, кейіннен роман деңгейіне жете толықтырылуын да жазушының идеяны дамыту, жетілдіру, оның тәрбиелік мазмұнын байыту тұрғысынан алғанда сабақтастыру ұстанымы өмірлік кредосына айналған сыңайлы. «Қызыл көрпенің» «Махаббат, қызық мол жылдарға», Бауыржан Момышұлынан алынған мерейтойлық сұхбаттық «Ақиқат пен аңыз» атты роман-диалогқа ұласуы жазушының жақсы идеяны жетілдіріп, дамытып отыратындығын ділелдейді.

Ә. Нұршайықовтың шығармашылық мұрасындағы тағылымдық идеяларды шынайылық ұстанымы бойынша талдар болсақ: біріншіден оның қаламына түрткі болғандар – тарихи тұлғалар. Олар – Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер мен қарапайым еңбек майданының батырлары. Майдандағы жазбаларында өзімен бірге соғысқан қарапайым қазақ жауынгерлерінің Отан алдындағы парызын абыроймен орындаудағы қаһармандығын, көзсіз ерліктері, өлімнен қорықпас батырлығы баяндалды. Сонымен қатар, журналистік салада жүріп жазған очерктерінің кейіпкерлері – еңбексүйгіштігімен елге сыйлы болған, табысымен мемлекетке үлес қосқан, іскерлігімен өзін жұртқа үлгі еткен, еңбектің құндылығын нәтижесімен көрсеткен еңбек адамдары. Мысалы: «Невель түбінде» – Кеңес Одағының батыры, қазақ қызы, автордың құрдас-құрбысы Мәншүк Мәметова туралы хикая, «Екі естелік» – қазақтың классик жазушылары Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов туралы хикая, эсселер, «Тоғыз толғау» – Кеңес Одағының батыры, әдебиеттанушы-ғалым, үлкен педагог Мәлік Ғабдуллин туралы повест-монолог, «Ақиқат пен аңыз» – қазақтың атақты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлымен сұхбаттар жинағы, «Батырдың өмірі» – Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы деректі повесть, т.б.

Екіншіден, оның көркем шығармаларының кейіпкерлері де өмірде бар адамдар. Өзімен бірге оқыған студенттік достары, қызметтес әріптестер, ұстаздары және жазушының ел аралап жүргенде кездескен халыққа өнеге боларлық ойы бар, сөзінен тағылым алуға болатын қарапайым жандар. Жазушы көркем әдебиет заңдылығына сай кейде кейіпкерлерінің атын өзгерткенімен, кейде өз атымен де атап отыратындығы кездеседі. Мысалы, «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы:

 Ербол Есенов – автордың өзі, журналист-жазушы, көсемсөзші, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Меңтай Ербосынова – Нұрғамила Нұрбосынова, ардагер-ұстаз – «Халық ағарту ісінің үздігі», «Кентау қаласының құрметті азаматы».

Майра Абаева – Майра Ыбыраева, «Халық ағарту ісінің үздігі»

Жомартбек Жолдин  – жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзабек Дүйсенов.

 Тәкен – аға сержант Тәке Майшынов

Нәзікеш – Төлеу Қуанышова

Заман – лейтенант Маман Әлімбетов

Тана Серкебаева – Тұрсын Тасқынбайқызы, «Батыр ана», «Еңбек ардагері», «Халық ағарту ісінің үздігі».

Үшіншіден, өзіне өмірлік серік болған жан жары Халиманың шынайы бейнесін оқырманына жақсы әйел, адал жар, сенімді дос ретінде кейінгі ұрпаққа тәрбиелік мәнін аша отырып шығармасының басты кейіпкері ретінде үлгі қалдырды. Жазушы өзінің қаламгерлік жетістігін, жазушылық мол мұрасын өзінің ғана жетістігі санамайды. Өмірлік серігі болып, қиындығы мен қызығы мол жазушылық ғұмырын бірге өткізген жан жары Халима туралы «Ол менің әйелім ғана емес, әрі шешем, әрі енем сияқты болды. Ол менің әйелім ғана емес, әрі редакторым, әрі корректорым, әрі ақылшым, әрі қосалқы авторым, әрі хатшым, әрі курьерім болды» [1, 6-б.] – деп, Халиманың әрқайсысы бір-бір мамандық болар қырларын өз шығармасы арқылы аша түседі. «Халима менің қолым жетіп, 54 жыл бірге бақытты өмір сүрген жан-жарым, өлсе де ұмытылмайтын мәңгі ғашығым. Сол себептен де кітабыма «Мәңгілік махаббат жыры» деген ат қойдым» [1, 3-б.]. Жары Халима өмірден өткен соң, оның атқарған істері мен қалдырған мұрасын, балаларына берген тәрбиесін, отбасындағы ер күтімін жасай білген, қазақы мәдениетке үлгі болар қонақ күтушілік, ағайын-туыспен сыйластығы, сондай-ақ, адами асыл сапаларын сараптай отырып, жазбаша «Халима» атты ескерткіш қалдырды. Ол толыға келе, «Мәңгілік махаббат жырына» айналды.

Бұл жазушы Әзілхан Нұршайықов шығармаларының өмір шындығынан тұратындығының дәлелі.

 

1.3 Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны

Қазақ тарихында өткен шығармашыл тұлғалар мұрасының тәлім-тәрбиелік идеяларын, тағылымдық ой-пікірлерін, педагогикалық көзқарастарын зерттеп-зерделеу соңғы жиырма жылдың көлемінде қолға алынып келеді. Бұл қазақ педагогикасының тарихын тереңдетіп әрі байыта түсетіні сөзсіз.

Біз өз зерттеу тақырыбымызға ұқсас педагог-ғалымдардың зерделенген жұмыстарына шолу жасай отырып, ғылымға қосқан жаңалықтары мен ұсынар тұжырымды ойларын қарастырып өткенді жөн көрдік.

А. Елемесова «Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеялары» (2000) атты зерттеу жұмысында әлемге танымал қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасындағы рухани-имандылық  тәрбие идеясының қалыптасуына ғылыми педагогикалық талдау дереккөздеріне сүйене отырып, тарихи-педагогикалық сипатын ашады. Абай мұрасындағы аталмыш идеяларға қатысты «иман», «имандылық» ұғымдарының мағынасын айқындап және ғылыми негіздеп айналымға «иманигүл», «толық адам», «жәуанмәртілік», «ақылақ» ұғымдарын педагогикалық ұғым ретінде енгізді. Сондай-ақ, Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбиесінің негізгі идеяларының мазмұнын ашуғы тырысқан.

 Сонымен қатар, болашақ ұрпақтың  рухани-адамгершілік тәрбиесін дұрыс  жолға қою мақсатында және ғылыми-әдістемелік нұсқауларымен «Иманизерек» бағдарламасын, жоғары оқу орындарының студенттеріне «Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбиесі идеялары» атты арнайы курс ұсынғандығы көңілге қонымды.

Т. Ахметовтың «Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары» (2003) тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: қарахандар дәуіріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің даму процесі алғаш рет ғылыми жүйеге келтіріліп, педагогикалық тұрғыдан талдау жасалуында; Ж. Баласағұнидің педагогикалық идеяларына объективті сипаттамалар беріліп, мазмұны айқындалуында; «Құтты білік» озық идеялардың негізінде тұңғыш рет «имандылық», «тектілік», «парасаттылық», «кісілік» қасиеттердің бірлігінен туындайтын «Текті, парасатты кісінің бейнесі» сомдалғандығында; Ж.Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларының қазақтың халық педагогикасымен сабақтастығы көрсетіліп, оларды жоғары және орта мектептерде пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалуында деп бағалай аламыз.

Зерттеуші Т. Ахметов Жүсіп Баласағұни мұрасындағы отбасы тәрбиесі мәселелерін және «Құтты біліктік» қазақтың халықтық педагогикасымен сабақтастығын, шығармадағы психологиялық мәселелерді дербес тақырып аясында қарастырады.

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар