Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Шығармадағы әскери тақырыптар, офицерлік мамандыққа қатысты көзқарас, жазбаларлар да Бауыржан Момышұлының адамдық-батырлық болмысы кеңінен көрініс береді:

  «Батырлық – табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі. Батырлық – есеппен қимылдауды тәуекелмен ұштастыру.

Ептілік – шапшаң ойланып шешім қабылдаудың және бұлшық еттердің шапшаң ойға тәртіптілік пен бағынуының нәтижесі.

Ұшқырлық – батылдық пен ептілікті ұштастыра білу.

Бұйрық беру үшін бұйрыққа көне біл...»

Батыр аталмыш ұғымдарды терең де жан-жақты ашуы арқылы жас ұрпақ бойына ерлік пен батырлықтың дәнін егіп, оны отаншылдық, елжандылық, ұлжандылықпен суарудың қажеттілігі деп тапқандығынан болу керек.

Жауынгер-жазушы Ә. Нұршайықов Бауыржан Момышұлының адамдық әлемін, әскери өмірін, тәжірибе тағылымдарын жан-жақты ашатын сол арқылы ұлт мұратын, елдік-ерлік сипаттарды, дәстүр өнегелерін кең көлемде көрсететін толымды дүние, қымбат қазына, тәлім-тәрбие ісін жан-жақты танимыз.

Ә. Нұршайықов ержүрек Бауыржан Момышұлының шынайы болмысын осы роман-сұхбаты арқылы танытты. Шығармадағы аты аңызға айналған батырдың әңгімелері оның рухани адамгершілік қасиеттерін, жан-дүниесін баяндайды.

Бауыржан Момышұлы – отаншылдығымен де, патриоттығымен де тарихтан өз орнын алған тұлға. Адамды ерлікке итермелеуші күш – оның рухани қасиеттері, ар-ожданы. Адамгершілік жоқта қаһармандық жоқта, ізгілік жоқта ерлік те болмақ емес.

Бауыржан Момышұлының адамдарға, қоғамға, өмірге, тілге, әдет-ғұрыпқа, әдебиет пен өнерге, әскерге, анаға тағы басқаларға қарым-қатынасын, пікірін, көзқарасын ашып отыру негізінде танытқан. Романда қамтылған мәселелердің дені жас ұрпақ тәрбиесінде ескеруге тұрарлық дидактикалық материалдар іспеттес. Баукеңнің айтылар ойы мен  іс-әрекеті көкірек таразысында салмақталынып, оқырмандарына жай баяндай емес, насихат ретінде берілгендігін педагогикалық тұрғыдан жоғары бағалауға болады.

Автордың: «Баукеңнің өзімен сөйлесу маған бір жерде отырған бірнеше адаммен сөйлесумен пара-пар болды. Мен мемлекет қайраткерінің, философтың, атақты қолбасшының, ақпа ақынның, психолог-жазушының, жалынды жас жігіттің, жасамыс азаматтың, қатал әкенің, қамқор ағаның ортасында отырған іспеттендім», - деп батырдың ой-өрісі кең, жан-жақты адам екендігіне баға беруі біздің жоғарыда берген бағамызды нақтылай түседі.

Осы романдағы Баукеңнің Отан қорғау туралы данышпандық сөзін автор былайша толғайды: «...Ал, Дубосеково разъезінің түбінде біздің 28 жауынгеріміз жаудың 50 танкін жойды. Сөйтіп, олар ең кемі 50 мың адамды ажалдан құтқарып қалды. Өздері ерлікпен қаза тапты. Сол 28 батыр өмірін сақтап қалған 50 мың адам қазір 150-200 мың боп өрбіді. Олардың ұрпағы мәңгіге ұласа береді. Мінекей, солдаттардың өз отандастарына келтірер пайдасы, адамдардың бір-біріне өзара қарыздарлығы қандай десеңші?! Отан соғысына қатысып келген әрбір азамат өзінің соғыстағы еңбегімен, қарапайым ерлігімен, елдегі талай адамдардың өмірін сақтап қалды. Қахір көшеде жұпыны киінген мүгедек жанды, балдаққа сүйенген ақсақ азаматты немесе білегіне қара протез жалғаған шолақ қол адамды көрсем, соларға қаншама қарыздар екенімді ойлап, басымды изеп, иіліп өтемін.

... Адамдар бір-біріне өзара қарыздарлығын  әрқашанда ойлай жүрулері керек. Әсіресе, Отан соғысы ардагерлерінің  еңбегін ерекше бағалай білуі  қажет.

Осы сөзді балаға ғана емес, басқаға да айтып отыруымыз абзал...». Өзі Отан үшін от кешіп келгенімен, оны ешкімге міндет қылмайды, керісінше, жаралылар мен шейіт болғандардың алдында қарыздармын деуі оның ішкі рухани жанының тазалығы, имандылығының көрінісі болса керек.

Ол болашақ ұрпақ тәрбиесіне батырлықты үлгі ете отырып, оның адам өміріне тікелей қатыстылығы туралы тереңірек түсіндірудің жетіспей жатқандығы туралы мәселе көтере біледі. Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың да өз ойы да осындай абзал пікірлермен сабақтаса өрілетіндігі, олардың идеялас болғандықтарынан деп түсуімізге түрткі болады.

Шығармада Бауыржан батыр өзгеше бітімі мен мінезі бар, қонақжай, әділ, мейірімді, соғыста нар тәуекелшіл, айлакер, жауына қатал, ал солдаттарға келгенде «қаһар жүзі жылып, қатал жүрегі жібіп, жұмсарып қоя беретін», жауынгерлеріне әкедей әділ, қамқоршы, қатал, қаһарлы, адамгершілігі мол болғандықтан, оны солдаттардың әскери жарғының талап етуімен емес, жүрек әмірімен «әке» деп атағандығы да айтылады.

Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда қайсарлық пен жігерлілікті, қырағылық пен батылдықты, мәрттілік пен өткірлікті, қаһарлылық пен намыстылықты бойына жиған қаһарман Бауыржан бейнесінің алар орны биік.

«Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естисің бе менің үнімді, жете ме саған менің дауысым. Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көп ұлтты Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар. Ол – Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер! – деген сөз. Ол – халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар! – деген сөз» - деп ұрпақтан-ұрпаққа жетер ұлағатты өсиетін отансүйгіштікпен, ел қорғау ісімен, халықтар достығын құметтеумен қорытындылайды.

Бауыржан Момышұлының құрдасы, замандасы, бірген оқыған досы, ақын Әбділда Тәжібаев: «... Бұл кітапты тек қана сүйіп оқу керек. Отаныңа, ұлтыңа, азаматыңа, авторыңа деген сүйіспеншілікпен оқу керек. Сондай сүйіп, сүйсініп оқитын туындылар бәріміздің де мақтанышымыз, қуанышымыз ғой!» - деп, «Ақиқат пен аңызға» жоғары баға береді. Шығарманың тағылымдық қырына аса тоқталмағанымен, кітаптың ұлт ұрпағының сүйіспеншілік сезімін оятуға таптырмас құрал екендігін меңзейді.

Бауыржанның батырлық бейнесі, өр тұлғасы, ұлтжандылығы, оның дүниетанымы хақында қалам тербеген жалғыз Әзілхан Нұршайықов ғана емес. Ол өзі туралы, өз полкы туралы, замандастарының батырлық істері туралы өзі де жазды. «Бір түннің оқиғасы», «Ұшқан ұя» (1956 ж.), «Артымызда Москва» (1958 ж.), «Майдандағы кездесулер», «Офицер жазбалары» (1962 ж.) «Куба әсерлері», «Төлеген Тоқтаров», «Адам қайраты»(1981 ж.) қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген кітаптарында,  екі томдық шығармалар жинағында Баукең ар мен намысты биік ұстаған тұғырлы тұлғасы терең танылады. Қаһарманның өмірі мен қызметін – «Арпалыс», «Москва үшін шайқас» атты кітаптармен толықтыра түседі.

Жазушы тұлға туралы жазу оңай еместігі рас. Және Бауыржан Момышұлы өзі туралы жазатын жазушыларға шарт қойып, әсіре мақтау мен көпірме сөздің болмауын және шындық пен ақиқаттан аттамай жазуды тапсырады. Расында, Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаудың, батырлықтың үлгісін көрсетті. Ұлт мүддесін, ер намысын жадынан шығармады. Дос-дұшпан арасын  тап басып, ұлттық рух пен намысты биік көтерді, адалдық пен тәртіпті басты өлшем етті. Ол туралы А.Бек, М.Ғабдуллин, Ә.Нұршайықов, Ш.Мұртаза, З.Ахметовалардың кітаптарында кеңінен көрініс тапты. Ақын-жазушылар: С.Мұқанов, Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, Х.Ерғалиев, М.Хакімжанова, С.Мәуленов, М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, М.Мақатаев, т.б. өлең-жырларын арнады.

Естеліктер мен ол туралы жазылған көркем шығармалар арқылы да оның шығарған мақал-мәтелдері халық арасында кең таралып, жиі қолданылады. Б.Момышұлының ерлік пен батырлықты дәріптейтін, отансүйгіштікке насихаттайтын мақал-мәтелдері:

Отан үшін отқа түс – күймейсің.

Ұлттық сезім – қасиетті сезім.

Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

Ерлік – елдің қасиеті,

Жүректілік – жігіттің қасиеті.

Тәртіпке бас иген құл болмайды.

Арсыздан – айуан артық.

Ел дегенде – езіліп,

Жұрт дегенде – жұмылып қызмет ет!

Осылайша, Баукеңнің халық арасындағы батырлық, данышпандық, жазушылық, кемеңгерлік, ұлтжандылық бейнесі биіктей түсті. Оған зор үлес қосқандардың бірі де бірегейі Әзілхан Нұршайықов екендігі айқын.

Әзілхан Нұршайықов патриотизм тақырыбына қалам тербеуді тек Бауыржан мен Мәншүктердің ерлігін насихаттау мақсатында ғана қолға алған жоқ. Ол өзі де соғысқа қатысты, ерлікпен ел қорғайды. Жауынгерлік рухпен жалынды жырларын қан майданда толассыз жазды. Майдангер-жазушы Әзілхан Нұршайықов майдандағы жауынгерлердің Отан, ер-жер үшін, батырлықпен, табандылықпен көрсеткен ерлік істерін, үлгі-өнегелік қасиеттерін мақтанышпен жырлайды.

Жыр алыбы Жамбылдың «Балама хатын» оқыған майдангерлер елдегі әкелерінен бата алғандай жігерленіп, қан кешіп жүрген жауынгерлердің рухын асқақтатты. Олар бірауыздан орталарындағы тілалғыш та елгезек, өлең жазуға машықтанған, кішіліктің жолын білетін Әзілханға жауап жазуды тапсырады. 

«Тыңдаңыз, қарт, ұлдарыңыздың үнін» атты өлеңінде:

Әкеміз Жамбыл алыстан,

Ғасырды көрген данышпан,

Тыңдап құлақ салыңыз.

Ұлдарыңның майданнан

Жауынгерлік сәлемін

Қабыл көріп алыңыз.

Ұлыңды батыр сансыз мың,

Желіндей желпіп жеңістің

Жетті Сіздің хатыңыз.

Жолдаған сәлем жүректен,

Жалынды жақсы тілекпен

Күш берді қарт атыңыз.

Уа, қадірлі атажан,

Ұлы жолға аттанған

Ұлдарыңа сеніңіз.

Жауды аяусыз қырамыз,

Тұрғызбастай ұрамыз

Тазарғанша еліміз!

Көкорай шалғын көліміз!

Асуы асқар беліміз!

Босағанша жеріміз

Тоқтамаймыз бір минут

Таусылмаса деміміз!...

...Сұм фашисті, атажан

Қарыс, сүйем ілгері

Бастырмаймыз жеңеміз!

Сіз арқылы халыққа

Осылай серт береміз!

Хош болыңыз, қарт ата,

Ұсындық, міне, қолымыз.

Талай жылдар тағы да

Сау-сәлемет болыңыз.

Ұлдарыңның жеңісін

Көзіңізбен көріңіз.

Асыл сөзбен ерлерді

Елге жырлап беріңіз!

- деп, халық алдындағы перзенттік  парыздарын абыройлы атқарып  жүрген жауынгерлердің сәлемін  жырмен жеткізеді. Бұл өз уақытында жоғары бағаланды: республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде Жамбыл ақынның өлеңімен қатар жарияланды. 100-қазақ атқыштар бригадасының ерлігін ел білді.

Алғашқы кезде жауынгерлер шыбынша қырылды деп сөз бастайтын бұл күндегі халық жазушысы Ә. Нұршайықов соғыста қаза тапқан өз замандастарының зиратының басында, жолдастарының рухын көтеріп, жеңіске жігерлендіруі үшін өлең оқиды, жыр арнайды, сол арқылы қайраты мен намысын қайрай түседі.  Оның «Қабір басындағы ант» атты өлеңінде:

Талай күн ұдай қуып немістерді,

Босатып жау қолынан  туған жерді,

Жүргенде тыным алмай, жау бомбасы

Арадан алып кетті қайран ерді.

 

...Қимылды үсті-үстіне үдетеміз,

Арманды мақсатыңа біз жетеміз,

Тынбаймыз кегіңді алмай, асыл аға,

Құшақтап қабіріңді ант етеміз! – деп ерлікке тағзым етеді және келесі ерлікке күш береді.

Сол сияқты майдан даласында Кеңестер Одағының батыры атанған Мәлік Ғабдуллинмен кездескенде де Әзілханның және оның жолдастарының осы беттен қайтпайтын намысқой, қайсар жігіттер болғандығы мына өлеңінен көрініс табады:

Мойынға құл қамытын сүйретпейміз!

Отанды табанына илетпейміз!

Кір жуып, кіндік кескен туған жерді;

Ешқашан фашистерге билетпейміз!

 

Қазақтың ерлік даңқын өшірмейміз!

Жүректен кегімізді кешірмейміз!

Дұшпанды, қанды қылмыс, сұмдығы үшін,

Таптамай табанға сап, кешірмейміз!

Қазақ халқының мақтанышпен атайтын батыр қыздарының бірі – Мәншүк Мәметова. Ә.Нұршайықов майдан даласында Мәншүк Мәметовамен әлденеше рет кездескен. Қатар жүрген күндері де болған. Адами әлеміне, ерлік істеріне де сүйсіне қол соғып, куә болған.

Оның қаламынан туған «Невель түбінде» повесі Отан үшін от кешіп, жас өмірі қиылған халқымыздың мерген қызы Мәншүк Мәметовамен жазушының кездескен сәттері көркем, сырлы суреттеген тағылымы мол, тәрбие құралы іспеттес.

Майдангер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Невель түбінде» атты шығармасында Мәншүк Мәметованың ерлікке толы бейнесін суреттеп, әңгіме барысындағы батыр қыздың тұжырымды ойлары мен өнегелі сөздерінен оның ұлттық тұлғасын бүгінгі ұрпаққа дәріптейді.

«1943 жылы 6-қазанда жауды жайпап, Невельге алдымен кірген 78- танк бригадасы, 21-гвардиялық және 28-атқыштар дивизиялары болды. Солармен ілесе 21 және 101-атқыштар бригадалары да қалаға кірді. Біздің әскерлер азат етілген қаланы әр үйдің қуыс-қуысына жасырынған фашистерден тазартып, дереу оны дұшпанның қарсы шабуылынан қорғауға кірісті. Қорғау үшін жауды қала түбінен аулақтатып, әрірек лақтырып тастау қажет болды [1,432б.]. Осында.... қазақ халқының қаһарман қызы пулеметші Мәншүк Мәметова өзінің өлмес ерлігін жасады» - деп басталған майдан жазбасы бір жағынан тарихи құжат іспеттес те екінші жағынан, қазақ қызының арналған көркем шығармадан қойылған ескерткіш, ал үшінден, бұл жастарды ерлік пен отансүйгіштікке шақыратын тәрбие құралы. Осылайша, Ә. Нұршайықов өзінің тарихи кезеңді, тарихи тұлғаларды өзінен кейінгілерге шынайы суреттеді, сонымен қатар, оның тәрбиелік ықпалын пайдалана білді.

  Халқымыздың тарихында пулемет тұтқасын бірінші ұстаған мерген қыз Мәншүк Мәметова туралы жазушы:

 «Мен Мәншүкті төрт рет  көрдім. Бір рет, 1943 жылы 5-мамырды, бригадамыз Ступино биігінің түбінде қорғаныста тұрған кезімізде. Щадинино дейтін деревняда өткен бригада газеті әскери тілшілер мен үгітшілердің баспасөз күніне арналаған мәжілісінің президиумында Мәншүкпен қатар отырдым. Тілшілер жиналысын подполковник Сақтаған Бәйішев ашып, бригада газетінің редакторы, майор Қасым Шәріпов баяндама жасады. Жиналыста әр бөлімнен газетке үздіксіз хабар жазып тұратын ең белсенді әскери тілшілер мен үгітшілерге алғыс жарияланды. Алғыс алғандардың ішінде пулемет батальонынан Мәншүк, артиллерия дивизиясынан мен болдым. Жиналыстың соңынан бірнеше жауынгер Мәншүкті ортамызға алып, оны батальонына дейін шығарып салдық» - деп, [1,443б.] замандас құрбысының белсенділігін еске алады.

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар