Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Ең басты ескерерлік мәселе, жазушының жас күнінен күнделік жүргізуі ақпараттық нақтылыққа бағытталғандығын танытады. Соғыстан он төрт дәптер күнделік жаззуға мүмкіндік тапқанда, оның бейбіт күндердегі әр детальды бейтарап қалдырмас ұқыптылығын түсінуге, бағалауға болады. Оның осындай жазбалары «Өмір өрнектері» атты әдеби күнделіктің кітап болып өмірге келуіне негіз болды.

Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу мекемесінде ғылыми қызметкерлікті атқаруы ізденімпаздығы мен ұқыптылығы, терең білімге деген сұранысымен қатар, ақпараттық деректер мен дәйектерге қанықтылығынан да болуы мүмкін.

Ақпараттық-инновациялық тұғыр бойынша қарастырып өтер мәселе – жаңа технологиялар арқылы жазушының оқырмандарымен байланыста болуы. Тілші ретінде ауыл-ауылды, еңбек ұжымдарын өзі аралайтын болса, ол жазушылық кеңістікте оқырмандарымен үлкен аудиторияларда жүздесіп, оны теле-радио арқылы көпшілікке таратып жатқан мүмкіндігі бар. Теледидар қорында жазушымен болған бірнеше кездесу бар. Сондай-ақ, «Қазақстан» ұлттық арнасында өткен «Қолтаңба» хабарының жазбаша үлгісі, сонымен қатар бірнеше газеттердегі берген сұхбаттары интернетте миллиондаған оқырмандар назарында. Зерттеу жұмыстарына материалдар жинастыруда көптеген мағлұматтарды интернеттен-ақ табуға болады.

Бүгінгі күнде Әзілхан Нұршайықов журналист пен жазушыға қажетті ақпараттық-инновациялық технологияларды меңгеруге тырысатындығын, компьютерде өз жұмыстарын теріп, сақтай алатындығынан-ақ байқауға болады. Бұрынғы күнделіктерін мұрағатқа өткізіп, үйінде оның көшіру аппаратынан шыққан нұсқасын сақтайтынын айтады. Бүгінгі жазушыларға бұрынғыдай жазу жұмыстарының қиындығын инновациялық ақпараттық технологиялардың жеңілдететінін, оны пайдалануды өзі де ұнататынын айтады.

Демек, әрдайым жаңалықтарға үн қоса білетін жазушы мемлекеттік мәселелерге қазақ әдебиетінің ақсақалы, қоғамдық тәрбиенің үлкен жанашыры ретінде газет-журналдардан, теледидар мен радиодан пікірін білдіріп отырады.

Жазушыны жаңа заманғы ақпараттық технологияларды, инновациялық мәдениет деңгейіндегі мүмкіндіктерді меңгерген деп айтуымызды осылайша негіздейміз.

Жазған шығармаларының тағылымдық маңызы жоғары жазушы Ә. Нұршайықовтың жеке тұлғасы мен еңбектерін КӨПСУБЪЕКТІЛІК ТҰҒЫРДАН да қарастыру мүмкіндігіміз бар. Қанша тарихи-педагогикалық зерттеулерге шолу жасағанымызбен, бұл тұғыр бойынша зерттеу жұмысын қарастырған отандық еңбектерді кездестіре алмадық. Сондықтан, қысқаша анықтама беріп кеткенді жөн санаймыз.

«Субъекті латынша subjectum – бастауыш. Болмысты тану мен өзгертудің бастауы ретіндегі индивид немесе топ. Барлық көріністерімен бірге идеализм субъектінің қайнарының оның өзінде деп біледі» (207-б. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. Жалпы ред.басқ. А. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы. ЖАҚ. 2002. – 256 б.) деп анықтама берілген субъектіні педагогикалық тұрғыдан қысқаша, нақтырақ түсіндірер болсақ, психологиялық үлгідегі индивид жетіле отырып, жеке тұлға деңгейіне жетсе, жан-жақты әлеуметтеніп, белсенділігі тарихи дамудың өнімі ретінде шыңдалып субъект ретінде танылады.

Қоғам тіршілігімен біте қайнасқан қаламгер Әзілхан Нұршайықовтың өзі де субъекті деңгейіндегі жазушы. Ол екі тұрпаттық  қоғамның да мазмұны мен мәнін терең ұғына білген және әрқайсысына да белсене атсалысқан тұлға – субъект.

Көпсубъектілік (диалогты) тұғыр бойынша жазушының бейнесі мен шығармашылығының мазмұнын ашар болсақ, біз көптеген қазақ халқының көптеген субъектілерін жаңаша тереңірек білуге және оның тәлім-тәрбиелік мәнін түсінуге қол жеткізер едік.

Жақсы істердің бастауы – жақсы арман. Аға сержант Ә.Нұршайықовтың майданда жазған күнделігіндегі 1943 жылғы 18 қыркүйектегі жазбасынан үзінді келтірсек: М. Әуезовтың «Абай» романын тауысып өзіммен бірген майданға әкеттім. ... Кітапты әр оқыған сайын ішімнен: «Әттең, шіркін жауды жеңіп, Алматыға аман қайтып, «Абайдың» авторына сәлем берсем! Оған осы кітапты көрсетсем! Сәбит, Ғабит, Ғабиденмен тілдессем! Қазақтың бар жазушысымен жүздессем, содан соң Шолоховты көрсем, – арманым болмас еді дүние-ай!» деп ойлаушы едім» (Боздақтар. 175-б.) - деген жазбалар бар.

Қан майданда кітап оқуға да, мақала мен шығарма жазуға да, күнделік жүргізуге де уақыт таба білген жауынгердің жарық күннің әр сәтін бағалай білген ұқыптылығына қайран қаласыз.

Кеіннен осы армандары орындалып, қазақ әдебиетінің көрнекті жазушылары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сынды тұлғалармен жүздесудің де, сұхбаттасудың да, ұстаздық ақыл-кеңес алудың да зор мүмкіндігіне ие болады.

1958 жылы Әзілхан Нұршайықов Павлодарда жүргенде Мұхтар Әуезовпен кездесудің сәті түсіп, артынша облыстық газетке «Кездесу» атты очерк жазады.  Бұл оның ой мен өнер адамы жайлы алғашқы очеркі болатын. Алматыға келгенде арнайы сәлем беріп барады, Мұхтар оны үйіне қонаққа шақырады.

«Маған бұрын Мұхтар Эльбурстің шыңындай, тәкаппар да суық жан сияқты болып көрінетін еді. Мұншама даңқты, атағы, абыройы бар адам өзінен төмен ешкіммен амандаспайтын да, сөйлеспейтін де шығар деп ойлайтынмын. Бұл жазушымен жақындаспаған шақта, көлеңкеге қарап пішілген тон тәрізді, сырттай жасалған болжау болатын. Мұхаңмен 3-4 күн бірге болып, оның лебізін естіп, адамға үйірлігін, кісімен сөйлескіштігін көргенде, менің бұл ойларым далада қалды» - дейді Мұхтар Әуезов жайлы. Енді Мұхтар мен екеуінің, яғни, екі субъектінің диалогын мысал келтірсек:

«- ...Бұл күнде ақылшы аға, дос көп қой сендерге. Сырттап, шеттей бермей, тек солардың бауырларына кіре білулерің керек. Мен сенің кітапханаңды көрген болатынмын. Сенің сырласар, ақылдасар көп досың өз бөлмеңде тұр. Ендеше, сендерде бос уақыт болмауы керек. Уақытты бос өткізуден сақтан. Өзің карта ойнайсың ба?

- Жоқ, - дедім мен, Мұхаңның бұл  сұрақты неге қойғанын қапелімде  аңғара алмай қалып.

- Салынып арақ ішесің бе?

- Жоқ.

- Пәлі, онда бұл жағынан мүлде  жақсы екенсің. Уақытты жейтін, өлтіретін осы екеуі ғой. Одан аулақ болсаң, саған бөгет жоқ онда»(Боздақтар 70-б.) - деп, Мұхтар Әуезов Әзілханның үлкен жоспарларына, күрделі шығармаға кірісудің қыры-сыры жөнінде ақыл-кеңестер береді. Халыққа танымал жазушы болудың жолына бағыттайды.

Әзілхан Нұршайықовтың замандастарының көбі Мұхтар Әуезовты ұстаз санайды. Демек, Әуезовтей дана жазушының бойында дамытар дарыны бар тұлғаны бейтарап қалдырмағанына куә боламыз.

Тағы бір ескерерлік тарихи тұлға, кеңестік қазақ халқының мақтанышы, субъектілерінің бірегейі – Кеңес Одағының Батыры, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Мәлік Ғабдуллинмен субъектілік диалогын бірнеше кезеңде әр қырынан қарастыруға болады.

Әзілхан Нұршайықов М. Ғабдуллинмен 1943 жылдан, майдан даласынан таныс. Батырлығымен аты танылған Мәлік батырдың соғыстағы жерлестерімен іздеп келіп кездесуі және оған аға сержант, СОКП мүшесі Әзілханның арнайы шығармашылықпен дайындалып тіл қатысуы, арнайы сценариймен жазылған кездесулерден артық болмаса, кем әсері болмасы анық. Ол өзінің бірнеше шумақ өлеңінің соңын төмендегіше аяқтайды:

«...Алдыда аға салған батырлық жол,

Батыр аға Сізге айтар антымыз сол:

Өлсек те, айтқан серттен айнымаймыз!

Мінекей, әкел аға, ұсындық қол!

Мен сол қолымды жамбасыма жапсырып ұстап, тіп-тік болып тұра қалдым да оң қолымды батырға создым. Мәлік екі аттап қасыма келіп, қолымды алды. Содан кейін «Смирно» болып сіресіп тұрған мені бауырына тартып, басымды көкірегіне қысты. Батырдың кеудесіндегі алтын жұлдыздың сап-салқын металл табы маңдайыма тиді» – (Боздақтар 180-б) дейді батырмен кездесуін күнделігіне түсіргенде. Батырдың барынша қарапайымдылығы мен кішіпейілділігі, өз тілінде сөйлеуі де жауынгерлерді жадыратады. «Кәдәуескі қазақша отырып, өз ұлтыңнан шыққан батырдың ана тілінде сөйлеген сөзін кеудеңді мақтаныш кернеп, ықыластана тыңдау да бір мерей екен ғой, шіркін!» (Боздақтар 181-б.)

Мәлік те Әзілханның бойындағы өнердің ұшқынын сезіп, өзіне жақын тартады. 30 қыркүйекте жазылған күнделікте «Сол Плаксино деревнясында Мәлікпен қоштасып, мен бригадаға қаттым. Мәлік: «Амандығыңды білдіріп хат жазып тұр» – деп, маған адресін жазып берді: Полевая почта 21475 – К Габдуллину М.» 183-б. – деген нақты мысал бар.

Ол соғыстан кейін Мәлік батырмен бір қалада тұрды. Ғылым академиясының қоластындағы екі  мекемеде екеуі қатар қызмет атқарып жүріп жиі көріседі. Кейіннен Мәлік Ғабдуллин істейтін мекемеге ауысып. Олар етене жақын, сыйлас, сырлас болар мүмкіндік табады. Осындай сырласудың негізінде «Тоғыз толғау» шығармасы дүниеге келді. Егер М. Ғабдуллин кенеттен өмірден кетпегенде, бұл да көпшілікке Ғабуллинді де, Нұршайықовты кеңінен танытар көлемді шығарма болған болар еді. Субъектілік диалогтан жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты пікірлерінен мысал қарастыра ой қорытуға болады:

«... Жас ұрпақ – жақсы ұрпақ. Біз осындай ұрпақтың өмірін қорғағанымыз үшін бақыттымыз! Анау асқар тау, одан бергі бөктер, төбелер, мынау күркіреген өзен, оның жағасындағы анау гүрілдеп тұрған завод, екеуміз жүріп келе жатқан осынау Терренкур жолы, мұның жағасындағы алма ағаштары – бәрі-бәрі балаларға қалады, жас ұрпақтың меншігі болады. Ана таулардан есетін самал, мынау өзеннен соғатын леп, анау беткейге өсетін өсімдік, мынау ағаштарға шығар алма – баршасы солардың риздығы болады. Алманың дәмін татып, шөптің иісін иіскегеннен кейін, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігі артады. Ертең ол сүйіспеншілік Отанға деген махаббатқа айналады. Ұрпақты отаншыл етіп өсіру – мәңгілік міндет.Олардың еңбекшіл етіп тәрбиелеу – ең асыл парыз ғой. Сондықтан біздің кітап жаздық, жастар оны оқып, өнеге алсын деп қарап отырмай, оқырмандармен кездесу кездерінде осы ойды үзбестен айта беруіміз керек. Сен ЖенПИ-дегі кездесуіңде еңбекшіл болу жайын дұрыс айтыпсың. Енді бір сөзіңді отаншылдық тақырыбына арна, осы да есіңде болсын.

– Құп Мәке...» (Боздақтар 195-б)

Бұл «Тоғыз толғауда» бірнеше субъектілердің диалогтарын келтіруге болады. Біз авторға қатысты және тәлім-тәрбиелік идеяларға қатыстысын ғана нақтырақ қарастыруға тырыстық.

Жазушы Ә. Нұршайықовтың майдандағы субъектілік іс-әрекеті жоғарыдағы тұғырларда қарастырылды. Енді қарастырар субъект –гитлершілермен ұрыста танылған қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк, майданда Әзілханмен бірге болып және бірнеше жауынгер ортақ тақырыптарға сұхбат құрады, ән айтады, тіпті сырласады. Себебі, олардың заманы, мүддесі ғана емес, құрдастығы арқылы да бірі-біріне жақын бола түседі.

«...Бірі-бірімізден жас сұрасқанда бәріміздің де 1922 жылы туғанымыз анықталды. Тәріміз де жиырма бірге енді ғана аяқ басып келе жатыр екенбіз. Сонда Мәншүк күліп тұрып, сұқ саусағын шошайтып, өзінің сол қолы жағында келе жатқан бізді кезек нұсқап:

- Сен де, сен де менің құрдасымсың. Осы келе жатқан көпшілігіміз  құрбы екенбіз – деген еді. Осыдан кейін саусағын нұсқамай, оң жағына қарап биязы ғана  мойнын бұрып, Ысмағұл Көшекбаев пен Ыбырайым Сүлейменов жаққа қарады. Тек мына екі кісі ғана аға екен» - дейді автор «Невель түбінде» деген шығармасында. 21 жастағы өрендердің соғыс жағдайында аса терең, сұңғыла шешендігі болмағанымен, Мәншүкті тірі кезінде төрт рет кездестіріп, сұхбаттасуының өзін бірнеше педагогикалық тұғыр және ұстанымдарға сай талдап көрсете аламыз.

Жалпы, 100-ұлттық атқыштар бригадасы құрамының көпшілігі соғыс тарихында болсын, қазақ халқының тарихында болсын – танымал тұлғалар. Ыбырайым Сүлейменов – жасап кеткен ерлігі арқылы, кезінде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған атақты мерген, Тұраш Әбуов – дивизион комсомол ұйымының хатшысы, кіші сержант ғана емес, кейіннен халыққа танымал күйші-композитор, Сақтаған Бәйішев – бригада комисссары, подполковник, кейіннен академик дәрежесіне дейін көтерілген ғалым. Қасым Шәріпов – капитан, 100-атқыштар бригадасы газетінің редакторы болса, кейіннен, республикалық танымал газеттердің қызметкері. Осылайша, жауынгерлердің барлығын терең талдап, субъектілік деңгейде таныстыра беруге болады.

Көп субъектілік тұғырда басымдылықпен қарастырар субъект – асқан ерлігі мен қаһармандығы, атағы мен даңқы халық аузында аңызға айналған гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлымен диалогы.

Авторға осыған дейін соғыста «Знамя» журналы арқылы Александр Бектің «Панфиловшылар алғы шепте» повесі мен «Фамилиясы жоқ адам» атты шығармасы арқылы таныс Бауыржан бейнесі батырлығымен биік, жазушыға «егер өтірік жазсаң, алдымен сол қолыңды, одан соң оң қолыңды шауып тастаймын» деп шарт қойғандығымен асқақ еді. Соғыстан кейін батырдың әскери қызметте жүріп жазған «Біздің семья», «Жауынгердің тұлғасы», «Москва үшін шайқас» атты кітаптары бірінен соң бірі шығып, оған деген Әзіл Нұршайықовтың ғана емес, жалпы халықтың сүйіспеншілігін оятқан болатын.

Жазушы Ә. Нұршайықовқа соғыстан соң, 18 жылдан кейін батырмен телефонмен тілдесуге тура келеді. Тілдесу сәтсіз болады. Газеттенмін деп хабарласқанда, «мен ондай адамды білмеймін, сондықтан сөйлеспеймін» деп телефон тұтқасын қоя салады. Бұл Бауыржан Момышұлына ғана тән әрекет. Халық даналығындағы «Қиын мінез ұлы адамда, сұлу әйелде, жас балада болады» деген тұжырымның дәлеліндей, Б. Момышұлымен «басы қатты басталған» тілдесу артынан сырлы сұхбаттарға, дархан диалогтарға айналды. Осындай диалогардың нәтижесінде, «Ақиқат пен аңыз» атты роман-диалог өмірге келді.

Жазушы «Бауыржанның бойында Исатайдың айлакерлігі, Махамбеттің ақындығы, Амангелдінің өрлігі, Чапаевтың ерлігі, Қажымұқанның қайраты бар. Баукең – осы бес батырдың тоғысқан нүктесі. Әскери, әдеби, саяси даналық бір басына түйіскен бірегей тұлға» - (Өмір өрнектері 284-б.) деп, Бауыржан Момышұлына баға береді. Бауыржан мен Әзілханның субъектілік сұхбаттарынан бір мысал:

«Автор: «Сынықтан өзгенің бәрі жұғады» деген бар емес пе, Бауке. Сіздің сөзіңізді естіп, шығармаларыңызды оқып, сіз жайында жазылғандарды және соғысқа байланысты кейбір әскери кітаптарды қарағаннан кейін, бірсыпыра афоризмдер шығардым. Солардың көбін болашақ кітапта сіздің атыңыздан пайдалануға тура келеді. Қисыны қалай екен, оқып көрейін бе?

Бауыржан: Оқығын. Бірақ, мен өз қолыммен жазып, қағазға түсірмегеннің бәрі менікі емес.

Автор: Бақыт – өмір, тірі жүрген адамның бәрі бақытты. Бақытсыздық – өлім.

Бауыржан: Ол рас. Бақытты болу тек қана тірі адамдардың ғана қолынан келеді. Өлгендер бақытты бола алмайды. Бірақ, олар тірілердің бақытын жасап кетеді... Генерал Панфилов өз өмірін немістерге арзан берген жоқ. Оның өмірі фашистерге 3000 солдат, 170 танкке түсті. Панфилов дивизиясы жаудың Москваға қарай аранын ашып, анталап келе жатқан таңдаулы 5 дивизиясын тоз-тоз етіп жіберді. Генерал Панфилов басқалардың бақытын осылай жасады. Понятно тебе?» (Өмір өрнектері. 275-276 бб.)

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар