Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 14:23, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [1;138].

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3
I-тарау. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру
1.1 «Әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымына анықтама және оның ғылымда зерттелу деңгейі ……………………………………………………...... 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.......................................................................31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .........................37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер....................................................................................................................51
ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы.
2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттері..........................63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі ....................................................................................................65
2.5 Шет тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70
Қорытынды ……………………………………………………………..................79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….......80

Файлы: 1 файл

социо-культ.компетенция_47 стр.doc

— 376.00 Кб (Скачать файл)

       Situation: conflict between different cultures based on business ethics .

Japanese clients came to negotiate the  automobile  sale  franchise agreement .

       Russian  businessmen  prepared  the talks and the  restaurant   with a show program  after talks .

How do you think  what was  the Japanese  clients ‘ reaction ?

Were  the talks  successful ? What should the representatives of two cultures do to understand  each other better ?

       Behavior Expectation Value

  Creative ,

  Emotional and communicative

  Easy – going ;

  Responsible .

       Perspective of the Partner

  Behavior Expectation Value

  Understanding and delicate ,

  This goes without saying ;

  Careful and restraint .

Tasks :

    1. Make a list of inferences found in problem description .
    2. Take the perspective of the other and assess  the situation from both  side points of view .
    3. Assess  the accuracy  of one side perspective on the situation  and explore ways to modify the behavior of one partner and stimulate more adequate behavior of the other side .
    4. Role play   the given incident and try to come to an agreement and solve the conflict .

              Нәтижелі кәсіптік мәдениетаралық  қызметті жүзеге асыру үшін  студент өзге тілді әлеуметтік-мәдени  құзырлыққа ие болуы тиіс, оны  қалыптастыру  тілдік жоғарғы  оқу орындарында шет тілі мен   кәсіптік дайындық пәндерінің  пән аралық интеграциясы жағдайында мүмкін болмақ.

              Шет тілін оқыту мазмұнының  әлеуметтік -мәдени компоненті  оқу  жағдайларында  үлгіленетін кәсіптік  мәдениетаралық әрекеттестікте  зерттеулі социум  өкілдерінің   құндылық бағдарлары, коммуникативті  жүріс-тұрысының ұлттық-мәдени өзгешелігі, өзге тілді тілдік ортадағы тұлға аралық және әлеуметтік интеграция  шарттары туралы білімдерді көрсетуі керек.

 

1.5   Шет тілін   оқытудағы лингвоәлеуметтік   -  мәдени әдіс .

              Лингвистиканың   қазіргі заманғы   даму  кезеңінде   бұрындары  ғалымдар талқысының  ортасында  көбіне  тілдің  шығу тегі  мен тілдер  туыстық  байланысын  анықтау мәселесі (салыстырмалы – тарихи  парадигма) және  де тілдің өзінің  құрылым мәселесі (жүйелік -  құрылыстық   парадигма) болғанын  айтпай кетуге  болмайды, ал  қазіргі кезде   алдыңғы  қатарға   тілдің  адам әлемімен  қандай байланыста екені  мен адам тілге қаншалықты  тәуелді екені (антропоцентрикалық  парадигма) туралы  мәселелер  шығып отыр.

          Тілдегі   мәдени  фактор мен  адамдағы  тілдік факторы  бағытталған            (В.Н. Телия), антропоцентрикалық парадигма  “адам – тіл – мәдениет”  үш тағаның  бірінші орынға  шығарады .

          Үш тағанның өзара  әрекеттестігі   туралы  мәселенің шешуі  гуманитарлық  бағдар  пәндерінің бәріне қандайда бір  қатысы бар. XX ғасырдың  аяғы - ХXI  ғасырдың  басында аталмыш  мәселе шет тілі  ретінде тілді  оқыту әдістемесінде  маңызды болып шықты,өйткені тек  лингвистикалық   мәліметтерді  берудің   жеткіліксіздігі сезілді .

          Шет  тілін   кәсіпті - бағдарлы оқыту    осы тілдің   білімді иесіне тән  деңгейіне  жақындауды көздейді .

          Әңгіме  тек оқу, жазу,  сөйлеудің   жоғары деңгейі туралы  ғана  емес. Кәсіби  - лингвистерді  (аудармашы  , оқытушы , филолог) оқытуда болашақ   мамандарды  үйретіліп жатқан  тіл елінің   ұлттық ерекшеліктеріне, тарихына, мәдениетіне, дәстүріне бағдарлау   соңғы орында  қалып отырған жоқ .

          Лингвоәлеуметтік - мәдени   құзырлық  тілді   мәдениет   микроскобымен   қарастыру қабілеттілігі - мамандарды  кәсіптік дайындаудың   негізгі құрамдас бөлігі .

           Әлеуметтік және мәдени   орта  сияқты  компонентке   жүгінетін   лингвистикалық әлеуметтік - мәдени  әдіс   лингводидактика  дамуының  қазіргі заманғы   кезеңінде   шет тілін  оқытудың  ең  маңызды  әрі толық қамтушы әдістің бірі .

           Аталмыш  әдістің   негізгі   мақсаты  сұхбаттас  айтқандарының   тек эксплицитті берілгенін  ғана  емес,сонымен  бірге оның  имплицитті  мағынасын 

дұрыс түсіндіру, бөтен  мәдениетті қабылдауды интуктивті  деңгейде қалыптастыру, және де  басқа мәдениеттермен  байланысқанда  жүріс – тұрыстың, өзін  ұстаудың белгілі дағдылары мен  стратегиясына  төселдіру болып табылады .

            Сондықтан   кімде кім  осы  негізгі және тұтас  әдісті  таңдаған болса, тілге халықтың  географиясы, тарихы, оның  өмір жағдайы, салты, тұрмысы, күнделікті  жүріс тұрысты  көрсетілген айна  ретінде қарауы тиіс .

            Әлеуметтік – мәдениет  пен  әлеуметтік - лингвистикалық  құзырлық  және коммуникативті  құзырлықты  қалыптастыру  үшін Интернетті пайдалану.

1. Коммуникативті  құзырлық

           Қазіргі кезде мәдениетаралық  коммуникация   облысында  коммуникативті   құзырлықты қалыптастыру   шет  тілін оқытудың   мақсаты болып   тұр. Бұл өзге  мәдениет өкілдерімен   тілдік әрекеттестікке   қабілеттің болуын меңдейді .

           Мәдениетаралық   коммуникация  - бұл әртүрлі   ұлттық мәдениетке  жататын коммуникативті  актіге  екі қатысушының   барабар   өзара  түсіністігі. Сондықтан   да    шет   тілін оқытудың    мақсаты – бұл    алдымен    серіктестер 

арасындағы  өзара  түсіністік  пен мәдениетаралық  қарым – қатынасты  қамтамасыз  ету .

           Оқушыларда  ұлттық - мәдени  компонентті  қалыптастыру тілін  үйреніп  жатқан  елдің атақты  адамдарымен,  тарихымен,салт-дәстүрімен  таныстықтан ғана тұрмайды, бірінші кезекте  тура қарым – қатынас   жағдайында  оқушы қажетіне жарайтын   білім беру болып табылады. Шет тілін оқытудың  өзекті мәселелерінің бірі  бүгінгі таңда  тіл иесі әлемін  анағұрлым тереңірек  зерттеу  қажеттілігі  есептеледі. Қатынасқа түсетін  адамдардың ойлау қалпын  қалыптастырған тарихи  және  мәдени дәстүрлерді  зерттемей, әлеуметтік және саяси  мәдениетті білмей, әлеуметтік – экономикалық  жүйені талдамай  қатынас құралы ретінде  тілді зерттеу  мүмкін  емес.

Тілін үйреніп  жатқан елдің  әлеуметтік - мәдени  ерекшеліктері туралы  білімсіз халықаралық  қатынас  құралы ретінде  өзге тілді   меңгеру мүмкін емес.Тіл стильдерін пайдалану шеберлігісіз, тілдік айтылымдардың этикеттігін ұғынусыз тіл мәдениетінің болуы мүмкін емес. Өзара тығыз  байланыстағы әр түрлі тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктерін түсіну коммуникацияның тиімділігіне септігін тигізеді.

2. Әлеуметтік-мәдени құзырлық.

          Коммуникативті  құзырлық бір қатар субқұзырлықты,  оның ішінде әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік - лингвистикалық құзырлықты қамтиды. Әлеуметтік - мәдени құзырлық астарында «әлеуметтік-мәдени контексте пайдаланылған тілмен таныстықтың біршама дәрежесі» жатыр. Мәдениетаралық   коммуникация    теориясында    әлеуметтік-мәдени  құзырлық концепті  басты орынды  алып тұр.

         Студенттердің  әлеуметтік - мәдени дамуында ана  тілімен туған мәдениетін және  шет тілі мен өзге халықтар  мәдениетін  қатар үйреніп жүреді, өзге тілді мәдениетаралық қатынас  жағдайында оқушылардың өз елі мен мәдениетін көрсету қабілетін дамыту да жүреді.

          Әлеуметтік - мәдени құзырлық үш блок білімнен тұрады: лингвоелтанымдық білім, әлеуметтік-психологиялық білім, мәдениет танымдық білім. Лингвоелтанымдық білімдер ұлттық-мәдени  семантикалық лексикалық бірліктер білімі және оларды мәдениетаралық қатынас жағдайларында пайдалана білу дағдылары. Тілін үйреніп  жатқан ел  халқының менталитетінің көрінісі ұлттық  мақал-мәтелдер. Олар студенттерге халық қатынасы ұстанымдары мен ережелері туралы, құндылықтары туралы,  приоритеттер туралы, сөзге беріктігі туралы жорамалдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-психологиялық білім-берілген  мәдениетте қалыптасқан коммуникативті лексиканы пайдалана отырып жүріс-тұрыстың  әлеуметтік -мәдени белгіленген сценарийін, ұлттық өзгеше үлгісін игеру.

            Мәдени   танымдық  білімдер   әлеуметтік -  мәдени, тарихи-мәдени, этномәдени  ортаның білім және сол мәдениет  иелерімен өзара түсіністікке жету үшін оларды қолдану шеберлігі. Тұлғалық бағдарлы білім  пікірлерін жүзеге асырудың бір әдісі болатын мәдени танымдық тәсіл білім беру үрдісін қалыптастыруға, оқыту әдістемесіне үлкен әсерін тигізіп қоймай, тең құқылы тұлғалар - мәдениеттердің диалогтың қарым-қатынастағы  мұғалім-студент, студент-топ қатынасының жаңа стилін нығайтады. Мәдениетаралық оқыту теориясына сәйкес шет тілін меңгеру өзге халықтың  жеке ұжымдық менталитеті мен мәдениетіне кірігуді білдіреді және әр ұлттық тілдің артында тұрған осы халыққа тән және маңызды құбылыстар мен әлеуметтерден тұратын әлем бейнесінің  ұлттық-мәдени өзгешелікпен танысуды да  көздейді. Әлеуметтік - мәдени  тілдік  құзырлық  деп    мәдениетаралық коммункацияда барабар қолданылатын әлеуметтік-мәдени  тілдік білімді айтамыз. Әлеуметтік –мәдени құзырлық дағдыларының болмауы коммуникацияны едәуір қиындатады.

3. Әлеуметтік-лингвистикалық құзырлық.

              Әлеуметтік-лингвистикалық құзырлық тілдің әлеуметтік -мәдени жағдай шарттарын пайдалануды көрсетеді (әртүрлі ұрпақ, жыныс, класстар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастың әлеуметтік нормаларға бағдарлау, салт жораларды рәсімдеуге). Бұл құзырлық әр алуан  мәдениет өкілдері арасындағы тілдік қатынасқа әсер етеді.Әлеуметтік лингвистикалық құзырлық жағдайға сәйкес тілдік формаларды түрлендіру мен пайдалану қабілеттілік болып табылады.

                Бұл жерде қатынас сипаты мен  стиліне байланысты сөздер; идиоматикалық  нақысты сөздердің ерекшеліктері  мен симантикасын және олардың  әңгімелесушіге тигізетін әсерін  білу өте маңызды. Диалект пен  акцентке қатысты әлеуметтік  лингвисикалық  құзырлыққа әлеуметтік топтардың тілдік ерекшеліктерін, өмір сүру орындарын, шығу тегін, қызмет түрін  анықтау қабілеттілігі жатады. Мұндай ерекшеліктер лексика, грамматика, фонетика (сөйлеу мәнері, паралингвистика) деңгейінде, сөйлеу мәнерінде, паралингвистикада, дене қимылы тілінде кездеседі. Әлеуметтік лингвистикалық құзырлық аймағына педагогикалық қатынас ұйымдастыру мен

нақты педагогикалық жағдайды ескеру шеберлігі кіреді, тілін үйреніп  жатқан елге тән болмыстар, ерекше сөз тіркестер, тілдік қатынастың өзгеше ережелері пайдалану шеберлігі кіреді,яғни мәдениет, дәстүрлердің  әсерін  куәлендіретін тілдегі өзгешеліктер. Әлеуметтік ережелерге (әртүрлі жыныс, ұрпақ, әлеуметтік топтар  өкілдері арасындағы қатынас ережелері, жақсы әдеп ережелері, аталмыш қоғамда  қабылданған  арнайы салт  жоралардың    тілдік   бекітілімдер) байланысты     әлеуметтік   лингвистикалық компонент  әртүрлі мәдениет өкілдері  арасындағы қатынасты  тілдік дайындауға зор ықпал  жасайды .

                Әлеуметтік -  мәдени  және  әлеуметтік  лингвистикалық  құзырлықты  қалыптастыру үшін   Интернетті қолдану .

                Шет тілін оқытудың ең басты міндеті – студенттердің (үйренушілердің) мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру. Оны тануға бағытталған Шет тілін оқыту- лингвистикалық (тілдік),дискурсивтік (сөйлеу), әлеуметтік-мәдени және басқа компоненттерден тұратын күрделі интергративтік тұтастыққа негізделген. Атап айтқанда, лингвистикалық компонент — оқып үйренетін тілдің фонетикалық, лексикалық, граматикалық құбылыстары мен сол тілдің қалыптасқан заңдылықтарын оқушылардың өз-ара қарым-қатынаста қолдана білуге үйретеді. 
Дискурсивтік компонент - нақтылы әлеуметтік-мәдени  контексте кездесетін тілдік бірліктерді нақтылы ауызекі сөйлеу процесінде пайдалана білуге бағытталған. Әлеуметтік – мәдени компонент – тілін оқып үйренетін елдің мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, мемлекеттік құрылысын заң ережелерін және тіл өкілдерінің мінез-құлық ережелерін үйретуді мақсат етеді.

          Көрсетілген  құзырлықтарды   қалыптастыру үшін  шет тілін  оқып үйренушіге   тілін үйреніп жатқан   ел туралы (географиясы, тарихы, мәдениеті,

экономикасы  және т.б.) белгілі  бір білім және  де шет тілі  иелерінің  өмір сүру үлгісі, салт –  дәстүрлері жайлы  қандай  да бір  мағлұматтарға  ие болуы   керек.

Ел туралы   білімді тиісті  әдебиет оқып  алуға  болса, халықтың  өмір  сүру  салты, дәстүр, ғұрыптарымен  танысу үшін тілін үйреніп жатқан елдегі  қатынастың нақты   жағдайларында  олардың  мінез – құлығымен  танысу қажет. Мұндай  мүмкіндікті   Интернет ұсына алады. Интернет   технологиялар   тілдік ортаны   барынша тез жасауға  және оған кіруге   мүмкіндік береді, яғни   тілдің  функционалдық   принципін жүзеге асыра отырып   өзге мәдениетке   енуге  мүмкіндік  жасайды .

Мәдениет аралық әрекеттестікке қабілеттілік біздің  көзімізде Шет тілін   үйренуші  студенттердің   кез   келген   кетегорияларына аса  талап   етеді. Интернет  ғаламторын пайдалану кез - келген мамандық бойынша    ақпаратты алу  мен жіберудің күннен күнге  қажетті шарт болып  отыр. Білім беру мекемелерінің   жүргізіп отырған  тіл саясатының  негізгі   принциптерінің  бірі білім аясына  кіруді қамтамасыз ететін  мобильдік, жеделдік  принципі  болып  табылады. Міне сондықтан  да интеракция  құралы  ретінде  де, білім алудың   құралы және  ажырамас  жабдығы   ретіндегі   интернет арқылы  жаңа технологиялар ұсынып отырған   бар мүмкіншіліктерді   толыққанды пайдалану қажет .

           Осы   міндетті шешу үшін    біз  неге   компьютерді  таңдаймыз  :

Информация о работе Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі