Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 14:23, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [1;138].

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3
I-тарау. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру
1.1 «Әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымына анықтама және оның ғылымда зерттелу деңгейі ……………………………………………………...... 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.......................................................................31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .........................37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер....................................................................................................................51
ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы.
2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттері..........................63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі ....................................................................................................65
2.5 Шет тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70
Қорытынды ……………………………………………………………..................79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….......80

Файлы: 1 файл

социо-культ.компетенция_47 стр.doc

— 376.00 Кб (Скачать файл)

            Осы мәселені  жүзеге  асырудың  ең басты жолы  студенттердің   бойында әлеуметтік - мәдени  біліктілікті  қалыптастыру. Өйткені  тіл –  ұлт – мәдениет  үштігін өзара   тығыз байланысты  қарастыру.  Қандай болмасын  Шет тілін  оқыту  процесінің  жемісті болуына  өз септігін  тигізері анық.

            Әлеуметтік - мәдени   біліктіліктің   жан – жақты  қарастырмас  бұрын алдымен  «біліктілік»  ұғымына  тоқталсақ.

            Әлемдік тәжірбие  бойынша  XXI ғасыр жоғарғы оқу орындарының  қызметін  және ондағы білім беру  мазмұнын  анықтауда  бірқатар  жаңа тұжырымдық  тәсілдердің негізгі бағыттары  түзілгендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан  алып қарағанда  тіл үйренушіге  алған білімнің  негізінде  өмірдің өзгермелі  жағдайларын  еркін  бағдарлауға, білімін толықтырып  дамытуға, сол арқылы   сөз мүмкіндіктерін  іске асыруға  және адамгершілік  тұрғыда  өз бетінше  дұрыс әрі  жауапкершілікпен  шешім қабылдауға бағыт беретіндей  болуы тиіс. Білім берудің бұл  тұжырымдары  бүгінгі таңда жаңа «компетенттілік тәсіл» «компетенция» «компетенттілік»,яғни соңғы  уақыттары «біліктілік» ұғымдары  арқылы беріліп келеді.

            Қазіргі  кезде  бұл ұғымдардың   мән – мағынасын  талдауға  арналған  ірі  ғылыми –  теориялық  және  ғылыми  әдістемелік   еңбектер  жарық көре  бастады.

           Мәселен,  халықаралық    зерттеулерге      талдау      жасайтын       болсақ,  

А.В.Хуторской, О.Е.Лебедев, С.Е.Шишов, А.А.Кальней, Г.Селевко, И.Д.Фурмин, А.Г.Каспаржан, Т.М.Ковалева, Д.А.Иванов, К.Г.Митрофанов, О.В.Соколова  және т.б. білім   берудегі   біліктілік     тәсілдің   мәселелеріне, 

ұғымдар  мен  құралдарына  және  оның білім  сапасын қөтерудегі маңызына 

тоқталып,  ауқымды  зерттеулер  жүргізуде. «Біліктілік» терминін  алғаш  рет  Фердинанд  Де Соссюр  өз еңбектерінде адамның тек  тілдік мағынасында  ғылыми  айналымға  енгізді.

            Қазіргі     Шет тілін оқытудың  стандартына сай   біліктілік   адамның

белгілі – бір  ортада әрекет етуге    дайындығы  және  қабілеттілігі  «Біліктілікті 

игеру – мәдени»   адамды   академиялық   білімнің    өкілі    ретінде   "белсенді",  

"әлеуметтік  бейімделген"  тұлғаға  айналдырады. Ол өз  кезегінде  тұлғаны ақпарат  алмасу  мақсатында  қарым –  қатынасқа  түсіп қана  қоймай, қоғамда  әлеуметтенуге, сол  қоғамды  өзгерту мақсатында  оған  әсер ете  алатын  тұлғаға  айналуына көмектеседі. [3;2]

             Ғалымдар     бұл терминге  әртүрлі  анықтамалар  береді .

Мысалы: Шилов З.Е.  және  Агапов И.Т. анықтамасы бойынша  біліктілік  дегеніміз - тұлғаның білім  алу  барысында  меңгерілетін  білімі  мен  тәжірбиесіне  негізделген,  оқу – танымдық  және еңбек процесінде оның өз бетінше  әрекет  етуіне  бағытталған  жалпы  іс - әрекетке  қабілеті  мен дайындығы  десе   [4;58],  осы  мәндес анықтама  Л.П.Борисовтың  еңбегінде  беріледі, оған сай біліктілік  оқу барысында алған біліммен  іскерліктің күнделікті өмірде  әртүрлі практикалық және теориялық проблемаларды шешуде  қолдана алу қабілеті. [5; 58]

             Сондай – ақ  қазақстандық  ғалымдар да ұлттық  білім беру  жүйесін  әлемдік  білім кеңістігіне  кіргізу және қоғамдық   сұраныстарға  жауап   беру  мақсатына  сәйкес    білім  берудегі  біліктілік   моделіне  зерттеулер  жүргізіп, оны  мектеп, жоғары  оқу орны  тәжірибесіне енгізу  мүмкіндігін  қарастыра бастағаны  көңіл қуантарлық  жай. Соның ішінде «біліктілік» ұғымына өз еңбегінде Д.Н. Кулибаева  тереңірек  тоқталады.

              Сонымен қатар, А.К. Мыңбаева  қазіргі білім беруде  компетенттілік   тәсіл мәселесін зерделесе, Ш.Т.Таубаева, Н.Э.Пфейфер және т.б. болашақ  оқытудың кәсіби  біліктілігін  қалыптастыру мәселесін  қарастыруда .

              Ал, М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Ғ.З.Байжасарова,  С.Д.Мұқанова, Б.О.Салықова және т.б.  біліктілік білім беруді  ұйымдастырудың  аспектілеріне  зерттеу  жүргізуде   К.Ж.Қожахметова, Ш.Е.Демеуова  және  т.б.  тәрбие  беру  тұрғысынан  студенттердің  біліктілігін қалыптастырудың  ғылыми – теориялық  негіздерін  жасауда. Білім  берудегі біліктілік  тәсілдерін   психологиялық   тұрғыда   зерттеу    отандық    зерттеулер   Х.Т. Шерьязданова, Р.А. Сүлейменова,  Г.М. Қасымова, еңбектерінде   қөрініс тапқан.

 

Қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  жиі қалыптасып  жүрген «біліктілік» ұғымы - «тұлғаның  белгілі  бір  пәндер шеңберінде  қатысты мәселелерді   меңгеруі , білуі» немесе  «тұлғаның белгілі  бір   мәселелер  шеңберінде таным мен тәжірибеге  ие болуы» деп талқыланып, Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаров, И.Л. Бим, И.В. Елухина, Н.Д. Гальскова  сияқты ресейлік және шетелдік  авторлар мен зерттеушілердің  лингводидактикасында  кеңінен қолданылады.

Шет  тілінде  сөйлей алудың  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып, аталмыш  талдаушыға  «хабардарлық»,  «бір нәрсемен  таныс  болу дәрежесі» деген   анықтамалар  қосылуы   мүмкін. [6;165]

         «Біліктілік» Шет тіліндегі әдебиеттерде  «тәжірибе»,«іскерлік» «дағды» мағыналарында   көбірек   қолданса,  отандық  әдебиеттерде бұл «білім», «теория» ретінде   түсіндіріледі.

          Ал психология – педагогика  саласында «компетенттілік» және  «компетенция»  ұғымдарының   жалпы  қабылданған  түсіндірмесі  әлі  қалыптаспаған, оларға  түрліше   мағына беріліп жүр. Психологиялық   әдебиеттерде   бұл  ұғымға  қатысты «компетенттілік - жеке   тұлғаның  қоршаған  ортадағы  адамдар  мен  тиімді  қарым – қатынас жасай  алу  қабілеті» деген  түсінік  берілген. [7;134]

Шетелдік   түсіндірме  сөздіктерде  «компетенттілік» ұғымы  компетенцияны   меңгеруші    ретінді  қарастырылады. [8;96]

Берілген  анықтамаларға  талдау жасай   келе, компетенция  деп  бір – бірімен  тығыз байланысқан білім, біліктілік, дағды және  студенттердің  шығармашылық  іс - әрекеттерінің  жиынтығын  айтсақ, компетенттілік  деп тіл үйренушінің  білімімен  дағдыларын  тәжірбиеде  күнделікті өмірде  қандай да бір  практикалық  және теориялық  проблемаларды шешу  үшін  қолдана алу  қабілеттілігін  айтуға болады. Компетенция мен компетенттілік ұғымы, яғни  оған қоса  біліктілік   бірін – бірі  толықтырады және  өзара байланысты.

             Студенттердің  біліктілігі   ең әуелі  мектепте, сосын   жоғары  оқу  орнында   оқыту   үрдісі  кезінде  қалыптасады. Ол оқу  үрдісінің  негізгі сапа   көрсеткіші болып  табылады және  қойылған  педагогикалық  мақсатқа  жетуді көздейді. Біліктілік  оқу  нәтижелерімен қатар  студенттің  шығармашылық  іс - әрекеттері  мен  құндылық бағдарламаларының  жүйесін көрсетеді.

            Сонымен  «компетенция» немесе  қазақ  тілінде  «біліктілік»  ұғымы  алғаш  рет  АҚШ  – та   60 – шы  жылдары    білім  беру жүйесінде  қолдана   бастады. Оның  мақсаты  еңбек  нарығында  бәсекелес  бола  алатын  білікті  маман  дайындау. [9;27] 

           Қорыта келгенде  «біліктілік»  - бір  нәрседен  хабардар болу, белгілі -  бір  іс - әрекетте  білімнің, тәжірбиенің  таныс  болудың  біршама  дәрежесі, тұлғаның қасиеті.

          Сонымен, бір нәрсені оқып үйрену, жетік  білу  барысында қалыптасқан  білімнің, дағдының,  іскерліктің  жиынтығы  деген мағынада  қолданатын  біліктілікті қалыптастыру  ісінің маңызы  уақыт  өткен сайын  арта  түсуде.

 

Европалық  кеңестің  Шет тіліне  қатысты  материалдарда   біліктіліктің  мынадай  түрлері көрсетіледі.

Жалпы  біліктіліктер  және  коммуникативтік  тілдік  біліктіліктер 

Жалпы  біліктіліктерге  жататындар.

  1. оқуға қабілеттілік  (ability to  learn)
  2. экзистенциялды компетенция (existential  competence)
  3. декларативтік  біліктілік (declarative  competence)
  4. іскерліктер мен   дағдылар (skill and know – how)

Коммуникативтік  тілдік  біліктіліктерге жататындар .

  1. лингвистикалық  компоненттер (linguistic  competence  - lexical , phonological – syntactical  knowledge  and skill ).
  2. әлеуметтік   лингвистикалық  компоненттер  (sociolinguistic component).
  3. прагматикалық компоненттер (pragmatic component ­ knowledge existential competence and skill and know ­ how relating   to the linguistic system and its sociolinguistic  variation)  жатады .[10; 3]

     Біліктілік  мәселесі Д.Хаймс, Р.Уайт, Д.Ж.Равен, И.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Г.Э.Белицкий, А.В.Хуторский   сияқты басқа да ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Осындай зерттеулерге сай ғылымда біліктілікке  негізделген білім беру мәселесі (competence ­ based education) мәселесі Америкада тіл теориясына қатысты Н.Хомский «біліктілікті» тілді шынайы жағдайларда (perfomance) игеруден гөрі тек оның жүйесін білумен байланысты лингвистикаға тән термин ретінде қолданса, Д.Хаймс кез-келген тілді жетік үйрену грамматикалық және  лексикалық  іскерліктерді қалыптастырумен ғана емес, сонымен бірге оны әртүрлі жағдайларда қолдануға қажетті біліктілікті қалыптастырумен  тығыз байланысты екенін дәлелдеді, сонымен қатар ғылымға «коммуникативтік біліктілік» терминін енгізеді. Ал коммуникативтік біліктілік өз кезегінде шынайы қарым-қатынас жағдайында аса қажет болатын  бірнеше құрамдас бөліктерге бөлінеді.

           Тілдік біліктілік (тілдің графикалық,орфографикалық,лексикалық  және грамматикалық жақтары).

    • сөздік біліктілік (сөйлеу,жазу,тыңдау және оқу).
    • әлеуметтік - мәдени біліктілік (Шет тілінде сөйлейтін халықтардың әлеуметтік - мәдени портреті).
    • компенсаторлық біліктілік.
    • оқу танымдық  біліктілік (жалпы және арнайы іскерліктер).

               Ал А.Н. Шукин коммуникативтік  біліктілікті әдістемелік тұрғыда       төмендегідей  негізгі компонеттерге бөлуді ұсынады.

  1. Лингвистикалық біліктілік
  2. Стратегиялық біліктілік
  3. Әлеуметтік біліктілік
  4. Әлеуметтік - мәдени біліктілік
  5. Дискурстық біліктілік .

Біздің ойымызша мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында, Е.И.Пассов ұсынған «Тілді-мәдениет, ал мәдениетті тіл арқылы үйрену», зерттеу мәселесінің маңыздылығы артқан уақытта әлеуметтік - мәдени  біліктіліктің  маңызы  зор. Өйткені   әртүрлі  ғылыми   зерттеулер   әлеуметтік - мәдени   біліктіліктің дұрыс қалыптаспауы немесе жеткіліксіздігі мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында оқушыны  әртүрлі қателіктерге ұрындыратынын көрсетті.

           Егер   кез-келген   мәдени   қатенің   грамматикалық   немесе  лексикалық 

қателерге  қарағанда   терең  қабылданатынын  ескерсек  мұндай жағдай қарым-

қатынастың үзілуіне, тіпті мәдениет аралық қақтығыстарға  әкеп соғуының  мүмкін екені бәрімізге  белгілі. [11;8]

            Бүгінгі таңда   әдістеме ғылымының    өзекті мәселесінің біріне айналған

әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастыру  теориясының  негізін салушылар  орыс ғалымдары Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров болды.Олар «мәдениетті білмей тілді жетік меңгеру мүмкін емес» деген пікірге сүйене  отырып, Шет тілін үйрену процесінде   лингвоелтанымдық білімді  қолдану әдісін  ұсынды.

          Әлеуметтік - мәдени біліктілікті  қалыптастыру қажеттілігі мәдениет  пен тілдің өзара тәуелділігіне   байланысты. Адам өміріндегі материалдық  және рухани құндылықтар олардың  өмір сүру жағдайларына  байланысты  тілді  толық меңгеру  үшін тұлға  әлеуметтенуі керек, яғни жаңа құндылықтарды, қарым-қатынастық жаңа нормаларымен танысуы  керек. [12;1]

           Енді әлеуметтік - мәдени біліктілік  ұғымына берілген анықтамаларға  тоқталып  өтер болсақ, олардың  бұл терминнің  мағынасын әртүрлі қырынан жан-жақты ашуға көмектесетінін көруге болады.

           Л.Н.Полуминаның  пікірінше «Әлеуметтік  - мәдени біліктілік - қоғам мен  мәдениеттің ерекше белгілеріне  ие, мұндай белгілер осы қоғам  өкілдерінің қарым-қатынастық мінез-құлқынан  яғни, демалысынан , көңіл көтеру және өмір сүру жағдайларынан, саяси, діни көзқарастарынан» байқалады. [13;15]

           Білім  беру стандартынан бұл  ұғымның бұдан да толығырақ  мағынасын табуға болады: «әлеуметтік  - мәдени біліктілік (Sociocultural competence) - басқа мәдениет өкілі бола отырып, тілін үйреніп отырған халықтың мәдениет ерекшеліктерін білу, олардың салт-дәстүрлерін, мінез-құлық нормаларын, этикетін білу  және олардың қарым-қатынас жағдайында дұрыс түсінік, адекватты түрде қолдана алу іскерлігі. Тұлғаның әлеуметтік - мәдени контекст элементтерімен (салт - дәстүрлер, ережелер, нормалар, әлеуметтік  талаптар, елтанымдық  білімдер т.б.) танысуын  қамтамасыз етеді. [14;7]

           Ғалым Лингвист Ежкина Т.М.  «әлеуметтік - мәдени біліктілік  студенттерге   әртүрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынасқа түсуде ұлттық  реңктегі тілдік лексиканы дұрыс түсіну, қолдану іскерліктері мен дағдыларын, тілін үйреніп  отырған елдің мәдениеті туралы ақпаратты қарым-қатынас 

 

жағдайында  адекватты  түрде қолдануын  қамтамасыз ететін ұлт пен елдің қоғамдық өмірі, әлеуметтік стереотиптері, салт-дәстүрі, әдет - ғұрпы, географиялық, тарихи, сонымен қатар фонетикалық, лексикалық стилистикалық т.б. өте күрделі білімдер жүйесі» - дей келе, әлеуметтік - мәдени біліктілік пен оның мынандай  құрамдас бөліктерін көрсетеді: [15;10]

Информация о работе Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі