Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 15:34, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.

Содержание работы

КІРІСПЕ. Қазіргі педагогика мен психологиядағы шығармашылық және шығармашылық қабілеттер..........................................................5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері..............6

Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар........7

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.......................................................................................9

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................22

Файлы: 1 файл

Курстык жумыс Надира 531))))))).doc

— 267.50 Кб (Скачать файл)

      «Шығармашылық» білім саласының базалық мазмұны:

-          сурет салу;

-          мүсіндеу;

-          жапсыру; 

-          музыка.

     Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі.

 

 

 

 

 

 



 

 



 


 

                    1. Сызба

 

   Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:

- эстетикалық талғамы  бар, оны балаларға қабілетті; 

- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномәдени негізінде құрады;

- өзінің шығармашылық  қабілетін қандай да бір іс  – әрекет аясында көрсетеді; 

- әр баланың шығармашылық  әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады. 

       Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:

- баланың өзінің шығармашылық  ойын еркін білдіруге мүмкіндік  беру;

- баланы нәтижелі, бейнелеу  іс – әрекеттеріне жағдай жасау; 

- баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға   

  ынталандыру;

-табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;

-қазақ және  басқа да халықтардың әдеби,  музыкалық және халық ауыз  әдебиеті шығармаларын тыңдау;

-жетістікке жету жағдайын жасау; баланың қабілеті мен бейімін зерделей отырып, шығармашылық өсуі үшін мүмкіндіктер жасау.

      Баланың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:

  • Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
  • Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
  • Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»- деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.

   Әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық менгерген, өз ісінің шебері болуы керек.

      Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді.демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Ол үшін тәрбиеші өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім- бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Оқу іс- әрекеттері үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. ьЕресек, мектеп алды даярлық топтарында жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет.

      Тіл дамыту сабақтарында балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтын ауыз әдебиетіндегі отірік өлеңдерді, мақал-мәтерлдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе күт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалалрыкейіпкерлердің міңезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырдық. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді.    Сосын нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту оқу іс-әрекеттерін байланыстырып өткізгенде, әр оқу іс-әрекеттін соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырады, сөйтіп олардың белсенділігі арттырады, оқу іс-әрекеттері мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, оқу іс-әрекеттерде ынталана, құштарланып қатысып отырады. Осы жұмыстарды өткізген кезенде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылады. Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік, мазмұнды эмоциялық көзқарас - ертегімен әуестену, тұрақты танымдық қызығушылық - ертегіге деген қызығушылық.

    Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін-еркін жүріп, өздеріне оқу іс-әрекетінде уақытында керкті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.

        Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар даындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезендегі ұжымдық жұмысатр балалардың үйымшылдығы мен белсендігін арттырды. Ата – аналармен жұмыс жүргізілді. Балалардың өз үйлерінде ата-аналармен, туыс туғандармен арсында болатын қарым –қатынастары туралы ата-аналармен әңгіме, кеңестер өткізіп, арнайы анкета бойынша жұмыс жүргіздік. Бұл арқылы балалардың өзімізге белгісіз, бейтаныс қасиеттерінен хабарлар болдық.  Ата-аналар да театрды ұйымдастыруға көмектесті, материалдар, қолғаптар, керекті құралдар әкелді.  Балабақшада алған алғашқы осындай мәліметтер олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.

     Педагогикалық ұжымның талмай ізденуі, аянбай еткен еңбегінің бір өтеуі болғандай балалармен өткізген шығармашылық жұмыстары қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлкім жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, елеміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақшада шығармашылық негізі салынған.   

           Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін.

      Балабақшада балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бейнелеу өнері  жетекші орын алады. Ол сурет салудың: жекелеген заттарды бейнелеу, сюжетті (оқиғалы), декоративті сурет салу деп аталатын үш түрін қамтиды, мұның өзі программалық материал мен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын анықтайды. Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты- балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануына көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлылықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрету. Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс- әрекетінің басты міндеті- олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін бейнелеу құралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын образын жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру да жүзеге асады.

       Зерттеу бойынша, бала тез заттық әрекеттерді меңгереді, егер онымен жеке қатынаста болсаңыз, ол қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады және қасында анасы болса. Сурет арқылы баланың қол моторикасы дамиды, қолды жазуға дайындайды, сонымен коррекциялық жұмыс өтіп жатады. Мысалы, бала тұйық болса, мінезі өзгеріп ашылады. Тынымсыз, мазасыз-ыждағатты, орнықты боп түзеледі, ал агрессивті бала сабырлылыққа үйренеді. Баланы алты айынан бастап бояумен таныстыруға болады. Бірақ осы қойылған міндеттерді орындау үшін баланы сурет әрекетіне, ойын, ертегі арқылы қызықтыру керек. Мысалы, қылқаламмен таныстырғанда және оны қа1\№лай пайдалану, қолдану ережелерімен таныстырғанда «Патша – қылқалам» ертегісін ұсынуға болады: «Ертеде патша – қылқалам өмір сүріпті. Оның патшалығында көп қылқалам- қыздары болыпты. Қылқалам - қыздары сурет салғысы келіп, балалармен балабақшаға барады. Бірақ үш қылқалам жылап келеді. Қылқалам патшаның неге жылап жүрсіңдер?-деген сұрағына бірінші қылқалам «мені бала судың ішіне тастап кетті, мен тұншыға жаздадым» десе, екінші қылқалам «ал мені таза суға жуған жоқ, менің шашымда бояу кеуіп қалды, шаштарым жұлынып түсті», үшінші қылқалам «мені шашыммен астыға қаратып стақанның ішіне қойды, барлық шаштарым майысып қалды» деп шағыныпты. Қылқаламды судың ішінде қалдыруға болмайды, бояп болғанда соң қылқаламды таза сумен жуып, стақанның ішіне «шашын» үстіге қаратып қою керек. Сен, балам, осы ережелерді сақтасаң саған қылқалам ренжімейді, суреттерің әдемі болып шығады».   Бояр кезінде қылқалам, су ішкенді ұнатады. Осындай ертегі айтып, әрбір суретке сюжет құрастырамыз, балаңыз сурет салуды ұнатады. Сурет әрекеті арқылы сіз қол моторикасын, әлеуметтік көзқарасын, тіл байлығын дамытасыз. И.П.Павлов айтқандай, қол басын үйретеді, сосын ақылға толған басы қолын үйретеді, ал шеңбер қол миды дамытады.

        Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатырған талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын бәсекеге сай құзіретті маман қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.Құзіретті мамандар қауымы алдында жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру маңызды рөл атқарады. Эстетикалықтәрбиенің ажырамас бөлігі - музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық қабілеттілігін дамыту жолында халық музыкасымен классикалық музыкаларды терең сезіне түсініп қабылдай алатын, музыка өнері арқылы әсемдікті,сұлулықты,ішкі жан дүниесі сұлу,рухани бай жеке тұлғаны қалыптастыру.

      Музыкалық білім мен тәрбие берудің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушыларды музыкалық шығармаларды орындап қана қоймай оны терең сезіммен, саналы түрде қабылдап, тыңдай білуге үйрету музыка маманының басты міндеті. К.Маркс: « Егерде өнерден ләззат алғың келсе,  онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» , музыка сыншысы  А.Серов «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек» деген  қанатты сөздері музыка мамандарының өз білімдерінің жоғары болуына қойылатын талап сияқты.  Сондықтан, оқушыларды музыканы дұрыс түсініп,талапқа сай тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы олардың ой-өрісін, терең сезімін, санасын,қиялын,талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен жоғары мәдениеттілігін дамытамыз. Әр адамның бойында да өзіне тән қасиеті болады, сол қасиетті дер кезінде жүйелі түрде дамытпаса ол  тұншығып әрі қарай дамымай қалуы мүмкін. Баланың бойындағы осы қасиетін, қабілетін ашып дамыта тәрбиелеу кез келген ұстаздың міндеті. Мектепке дейін балалардың бойындағы қасиеттері отбасында немесе балабақшада оянып, сол қабалеттерін ерте көрсете білген балалар да болады. Жалпы балалардың көпшілігі мектепке дейін бірдей дамып келмейді. Бойында еш қабілеті жоқ адам болмайды,әсіресе « әу » демейтін адам жоқ, сондықтан оқушылардың бойларындаөнердің қай түріне бейім қабілеттерін дамыту үшін музыка тыңдау, олардың сезім пернелерін ояту арқылы жүзеге асырылары сөзсіз. Себебі, музыка-құдіретті күш. «Ұйықтап жатқан адамды ән оятар, әннің мағыналы мәні оятар» деп ұлы да дана ақын Абай музыканың адам санасына ететін әсерін дәл суреттеген. Қайсібір балалар көркемсуретке, кейбіреулері ән айтуға, би билеуге, аспапта ойнауға бейім болса, кейбір оқушылардың  бойында ақындық, жазушылық,актерлік таланттар бұғып жатуы мүмкін. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп дана халық біліп айтқандай , қайнар бұлақтың көзін ашу мұғалімнің жүйелі,оқытудың озық педагогикалық технологиялық әдістерін шебер қолдана отырып білім беруі арқылы баланың бойындағы қасиет-дарындарды жүзеге асыру нәтижесіне жетуге толық мүмкіндік бар.

        Музыка тыңдау  және оны қабылдау музыка сабағының іс-әрекеттерінің барлық түрлерінің  (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) нәтижесінде қалыптасады. Музыка тыңдау процесі кезінде оқушылардың зейінін,эмо-циялық сезімдерін, ойлау, түйсіну қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау неден басталады десек, ол тыныштықтан батсалады дер едік;өйткені музыканы қабылдай білу алдымен ұқыптылықты, зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен -саз көңілге жайлы, ақылға қонымды, адам сезімін жылытатын жүрек қылын шертетін әсер берері сөзсіз.

Ал кез келген музыканы үзілізсіз қатарынан талғамсыз  тыңдау түйсігіміз бен нәзік сезімімізді  әлсіретеді, бара-бара әрбІр үннің  сазын, әуеннің иірімдерін сезіну қабілеттерімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін жоғалтамыз.Сондықтан, оқушыларға музыка тыңдату процесін дұрыс ұйымдастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттыра отырып беретін психологиялық әсері мен тәрбиелік мәніне көңіл аудару керек.

       Балалардың қабілетін анықтау жолдары. Қазіргі жас ұрпақты білімді, мідениетті, ұшқыр қиялды етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Дүниедегі ұшқыр ойлы, тек қана шындықпен жүретін нәзік те, пәк те, батыл да батыр- ол бала. Өйткені, оның жаны да нәзік, нанғыштығы да тез, ол «өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай,неге бұлай деп, дүние сырын ащсам» деп талпынады, ұмтылады.

        Мектепке дейінгі тәрбиенің өткеніне көз жіберіп, болашағына болжам жасайтын болсақ, тәрбие мәңгіліктің категориясы екенін тұжырымдаған халқымыздың дана перзенттері, заман заңғарлары Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауиден бастап, Ұлы Абай, Ыбырай, Шоқанның тәлім- тәрбие жөнінде айтқан әлемдік деңгейдегі педагогикалық ой- тұжырымдырының мәні бүгінге дейін артпаса, еш кеміген жоқ.

        Грек философы Эпиктет- «Кереметтің кереметі жақсы тәрбиеленген адам»- дейді. Олай болса: болашақта көп болсын жақсы адам, тәрбиені бастау керек бақшадан,- дегендей тәрбиелі көргенді бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі ұйымдар алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді бірлесіп шешу қажеттігі туындап отыр.

       Сол міндеттердің негізгілерінің бірінен саналатын баланың қарапайым математикалық түсінік- ойын тәрбиелеу, он көлемінде санай, есептей білуге,ауызша қосып, азайту тәсілдеріне жаттықтыру математикалық туралы ұғымдар туралы алғашқы мағлұматтарды меңгерту ісіне ерекше назар аударып, геометриялық фигураларды оқытуға көңіл бөлінеді. Балабақшаға келетін балалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы сабақтар өтеді. Бес жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болатыны баршаға аян. Бұл кезде баланың оқуға икемділігін арттырып, танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамытудың маңызы зор. Баланың меңгерген білімін пысықтап, нақтылау және тереңдетумен қоса, алты жасқа қарағанда оның алғашқы ондық туралы түсінігі қалыптасуы тиіс.

Информация о работе Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыр