Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20

2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Абдрахманова Шолпан.doc

— 504.00 Кб (Скачать файл)

Формасы: Пікірсайыс, ойқорыту

8 тақырып. Бала Абай АБАЙ (Ибраһим) Құанбаев казіргі Шығыс Казақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. Ұлы акын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы — Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек. есімді 3 ұрпақ тарайды. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай. Торғай туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.   Анасы айтканындай, Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел баскарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзаттай, Жортар, Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі – Зереден Құнанбай туады, Құнанбай 4 әйел алған. Оның бәйбішесі Күңкеден — Қүдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, калыңдык кезінде жесір калған соң, өзі алған екініші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай). Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан Халиулла. Ысмағұл туады. Қартайган шағында үйленген кіші әйелі Нұрғанымыан ұрпак жоқ. Абайдың "Атадап алтау, анадан төртеу..." едім дейтіні осыдан. Болашақ акын сабырлы мінезіне, кен пейіліне сай ел анасы атанған "кәрі әжесі" Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы. әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.

Абай  бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен,  ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында  мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен;  Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ,  ақын,  ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."

2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері

 

Жоғары сынып оқушыларын этнос мүшесі ретінде жеке тұлғасын қалыптастыру жұмысын дұрыс жолға қою қажеттігі зерттеу жұмысының логикасын құруға септігін тигізді. Зерттеу жұмысының теориялық бөліміндегі материалдар мен әдістемелерді талдау, психологиялық әдістемелермен танысу көптеген ғылыми әдебиеттерге сүйенуді талап етті.

Тәжірибелі-педагогикалық жұмысқа жалпы білім беретін орта мектепте  жүргізіліп, үш кезеңді қамтыды: анықтау, қалыптастырушы, бақылау. Экспериментке жоғары сынып оқушылары, ұстаздар қатынасты: 21бала – эксперименттік топта, 23 бала – бақылау тобында болды.

Анықтау эксперименті барысында сауалнама, әңгімелесу көмегімен жоғары сынып оқушыларының адамгершілік сезімін қалыптасуының деңгейлері үш компоненттің көрсеткіші негізінде  анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте №1 Эксперимент мазмұнын көрсету кестесі

 

өлшемдері

Көрсеткіштері

интеллектуалдық

- мемлекеттік стандарт  деңгейінде білімнің негізгі  көлемінің болуы;

- жоғары сынып оқушыларының бойында адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы үшін негізгі білім көлемі;

- Абайдың дидактикалық  мұраларын жақсы білуі;

- ұлттық, ұлтаралық, әлем  жетістіктер деңгейінде адамгершілік  құндылықтарды меңгеруі

психологиялық

  • отбасындағы және мектептегі адамгершілік тәрбиесіне жағымды көзқарас пен қарым-қатынастың болуы;
  • адамгершілікке негізделген қарым-қатынастың болуы;
  • Оқушылардың адамгершілік түсініктерді меңгеруі. Адамгершілік сезім мен сананың, сенімнің еріктің, мінез-құлықтың қалыптасуы, қарым-қатынаста адамгершілік қасиеттерінің көрінуі;
  • Абайдың шығармашылығындағы адамгершілік идеяларына деген дұрыс көзқарасының болуы.

шығармашылық

-нормативті мақұлданған  іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі;

-қазіргі заманда болып  жатқан әр түрлі адамгершілікке  жат, жағымсыз мінез-құлықтарды ажырата білу және күресу.

- өзінің мінез-құлқына  және құрбы-құрдастарының мінез-құлқына  жауапкершілікпен қарау;

- Абайдың шығармашылық  мұраларының ішінен адамгершілік  идеяларын қолдана білу.


 

1). Төмен деңгей – айнала болып жатқан өзгерістерге танымдық қызығушылық танытпайды. Мектептегі оқу пәндерінің мазмұнындағы адамдық қасиет сапалардың тәрбиелік мәнін аша алмайды. Мұғалімнің кө-мегінсіз өздігінен ізденіп, білімін жетілдіріп, өзін-өзі дамытуға, өзін адамгершілік тұрғыда танып білуге мән бермейді.

2). Орта деңгей – адамгершілік қарым-қатынаста қарапайымдылық, ізеттік, мейірімділік көрсеткенімен, бұл деңгейдегі оқушылар өмірде болып жатқан құбылыстарға аса мән бермейді. Оқу-тәрбие жұмысында әр бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға адамгершілік, тәрбиелік, іскерлікпен араласа алмайды.

3). Жоғары деңгей – адамгершілік қасиет сапалары, мінез-құлық дағдылары қалыптасқан. Оқыту процесіндегі пәндерге деген кең, жан-жақты, ынта-ықыласы бар, қиын мәселелерді шешуге деген талпынысы бар. Диагностикалау нәтижелері эксперименттік және бақылау топтарындағы жоғары сынып оқушыларының адамгершілік қасиет сапалары қалыптасуының деңгейлерінің төмен екені анықталды. Себебі, олардың мәдениет, өз тарихы туралы білімдері, ана тілін үйренуге деген ұмтылысы, басқа халықтардың ұлттық құндылықтарына деген қатынасы, патриоттық сезімі, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің төмен деңгейін көрсетті. Мұның себебінің бірі тәрбиешілер мен ата-аналардың жоғары сынып оқушыларының адамгершілік қасиет сапалары ретінде жеке тұлғасының қалыптастыруға бағытталған дайындығының жеткіліксіздігі. Бұл мұғалімдер мен ата-аналарға жүргізілген диагностика нәтижесімен анықталды.

Анықтау эксперименті кезеңінде өткізілген әңгімелесу барысында ұстаздар, ата-аналар адамгершілік қасиет сапалары қалыптасқан жеке тұлғаны  қалыптастыру өзекті мәселе екеніне көз жеткізіп, жалпы білім беретін орта мектептерде арнайы әдістемелік жүйенің болмауы және әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анықталды. Сонымен қатар мектеп  пен отбасы арасындағы байланыстың әлсіздігін,  бір жүйенің жоқтығын, адамгершілік қасиет сапаларының қалыптастыру шарттарының анықталмағандығын,   әлсіздігін көрсетті.

Барлығы төрт кесінді өткізілді. Оның бірінші кесіндісі анықтаушы эксперимент кезінде жүргізілді. Қалыптастырушы эксперимент кезінде екі (2-ші және 3-ші) аралық кесінділер алынды. Эксперименттен кейін төртінші кесінді жасалынды.

Зерттеу жұмысының барысында эксперимент тің сәтті жүзеге асырылуы сынып жетекшісі мен мектеп психологының жұмысының үйлесімділігіне тікелей байланысты екндігі анықталды.

Сынып     жетекшісі     тәрбиелік     үрдіс     мазмұнына,     оның| гуманистік, демократиялық тәрбие мақсаттарына сөйкес келуіне сондай-ақ    оған балалардың қатысу белсенділігіне жауап береді. Мұңдай міндетті жүзеге асыру үшін сынып жетекшісі балалардың  алуан түрлі әрекетін, топтағы қарым қатынасын, қарым қатынас мазмұны   мен   сипатын,   тәртіптеріндегі   ынта   мен   түрткілерін, қалыптасып келе жатқан қажеттіліктері мен мүдделерін жеткілікті дәрежеде   толық   білуі   тиіс.    Ол   үшін   мақсатты   бағытталған, жоспарлы          диагаостика     жүргізуі     қажет.     Диагностикалау нәтижесінде балалардың өзінен, өмірінен, олардың әрекетін тікелей ұйымдастырушылардан алған ақпарат негізінде сынып жетекшілері сыныптағы тәрбие жайын талдап, қорытындылар жасайды және қажет мүшесіне кеңестер береді.

Сыныптан тәрбие жұмысының нәтижелі болуы үшін олармен жүргізілген диагностика негізінде әрбір баланың дербес ерекшелігін есепке ала отырып оны шамасы келетін, ұнататын, шын ықыласымен істейтін істерге тарту қажет, сонда ғана оқушы өз бойындағы жасырын қабілеттері мен қасиеттерін өзі де байқап, белсенділік танытып, өз күшіне деген сенімі мен ерік, жігері қалыптасады.

Сыныптың әр мүшесіне жеке ықпал етуде, бүкіл сынып белсенділігін оятуға мол мүмкіндіктер туады, оқушылардың өзін-өзі тануына игі өсер етеді, саналы тәртіп қальштастырады. Сынып жетекшісі әр оқушының неге қабілетті екенін айқын білігі, оны әрі қарай дамытуға жол ашады. Ол үшін сынып жетекшісі мектеп психологымен бірлескен әрекеттер жасайды. Психологиялық, педагогикалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, әр оқушының қабілетгері мен тәрбиелілік деңгейін анықтап, сынып ұжымында жағымды психологаялық ахуал туғызудың тәрбие жұмысының деңгейін көтеруде мәні зор. Сондай-ақ оқушылардың тәрбиелілік деңгейін анықтауда тәрбиеге деген кешенді көзқарасты басшылыққа ала отырып, тәрбиенің жекелеген түрлері бойынша тәрбиелілік дәрежесін жеке- жеке анықтауды ескерген жөн. Өйткені әр тәрбие түрінің өзіндік мәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері болуына орай олардың нәтижесін бағалау өлшемдерінде де өзіндік ерекшеліктері болады. Жалпы қабылданған өлшемдер негізгі  болып табылғанымен, тәрбиенің жеке түрлері бойынша тәрбиелілік дәрежесін анықтау өлшемдерін есепке алудың өзіндік мәні мен маңызы зор.

Сынып жетекшісінің психологпен бірлескен жұмысына:

- оқушының       тұлғасын       айқыңдауда       психологпен  кеңесу, олардың       тәрбиелілік       деңгейін            педагогикалық-психологиялық зерттеуді  саралау тұрғысынан жүргізу;

- оқушы    тұлғасын        жан-жақты    зерттеу,    психикалық үрдістердің өту ерекшеліктері, психикалық күйдің ерекшеліктері, тұлғаның   психологаялық   ерекшеліктерін   анықтап,   қорытыңды мінездеме жазу, алдын-алу, түзеу жұмыстарын белгілеу.

Зерттеу жұмысының келесі кезеңінде жоғары сынып оқушыларын s& адамгершілік қасиет сапаларын қалыптастырудың маңызын дәлелдеу мақсатында жоғары сынып оқушыларына арналған «Абай және адамгершілік тәрбиесі» бағдарламасын құру қажеттігі тұрды. Сол мақсатпен біз мектеп психологымен, сынып жетекшісімен, ғылыми жетекшімізбен біріге отырып бағдарлама мазмұнын құрастырдық.

Бағдарлама құрастыру барысында жоғары сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктері, оларда кездесетін проблемалардың түрлері, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктері, зерттеушінің жұмысты ұйымдастыру шеберлігі, оқушының жеке тұлғасына нұқсан келтірмеу сияқты мәселелерге көңіл бөлінді.

Жоғары сынып оқушыларының сынып жетекшілерінің тәрбие жоспарларын талдау, жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып шығармашылық жұмыстарды (апталықтар, көрмелер, мұражайларға бару, бару және т.б.) ұйымдастырып, өткізуге себеп болды.  Жоғары сынып оқушыларын адамгершілік қасиет сапалары ретінде жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында ата-аналармен этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру бойынша түрлі жұмыс формалары (тақырыптық баяндамалар, ата-аналар жиналысы, ата-аналар бұрышы) ұйымдастырылды, Абайдың дидактикалық мұралары арқылы адамгершілік қасиет сапаларын қалыптастыру материалдары арқылы ұстаздар мен ата-аналардың, теориялық және әдістемелік даярлық деңгейлері анықталды.

Осыдан келіп қалыптастырушы эксперимент жүргізілді.  

Қалыптастырушы эксперимент екі бағытта жүзеге асты:

  • Жоғары сынып оқушыларының Абайдың дидактикалық мұралары арқылы ересектердің (ұстаздардың, ата-аналардың) адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қатынастарын зерттеу;
  • Жоғары сынып оқушыларының адамгершілік сапа ерекшеліктерінің көрінуін зерттеу.

Қалыптастырушы эксперимент төмендегі зерттеу әдістері арқылы жүзеге асты: жеке әңгіме, анкета, «таңдау» ситуациясы, бақылау.

Зерттеу жұмысының келесі кезеңінде жоғары сынып оқушыларын адамгершілік қасиет сапалары жеке тұлғасын қалыптастыруда біздің құрастырған әдістемелер қолданылды. Әр кезең барысында әр түрлі әдістемелер негізінде аралық кесінділер жүргізілді.

Қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде жоғары сынып оқушыларының Абайдың дидактикалық мұраларының көмегімен адамгершілікті жеке тұлғасын қалыптастыруда ұстаздармен жұмыс енгізілді. Ұстаздарға «адамгершілік», «адамгершілік тәрбиесі», «генезис», «мәдениет» түсініктеріне анықтама беру арқылы білімдері дамытылды. Тақырыптық көрмелер, халық шығармашылығының музейі, мәдени айлықтар, достық күні, мәдени орындар мен тарихи ескерткіштермен таныстыратын экскурсиялар ұйымдастырылып, үйірме жұмыс істеді.

2 тақырып. «Асыл сөзді  іздесең, Абайды оқы ерінбе...». Шараның мақсаты – жас оқырмандарға Абай өлеңдерінің шығу тарихын түсіндіру, олардың бойындағы ақпараттық мәдениет пен тиімді оқу дағдыларын күшейту.  Кеш соңында «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» деген тақырыптағы кітап көрмесін ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. 

Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері