Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20

2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Абдрахманова Шолпан.doc

— 504.00 Кб (Скачать файл)

Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.

Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.

1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің  «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науан, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді.

1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі  бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың  рухани мақтанышы, ұлы гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың педагогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.

Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.

ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды. 

Жас Абайдың рухани жетіліп өсуіне өз әкесі – Құнанбай, анасы – Ұлжан, Зере әже, қаладан оқыған Халиолланың ықпалы,  Абай сөздеріндегі мысқыл мен нағашы жұрты Тонтайлар арасындағы байланыс көздері сөз болады. Есейіп, ақылы толысқан шағына дейін Абай өз ауылының, көршілес елдердің ең танымал деген ақыны мен жырауынан, биі мен шешенінен сөз маржандарын сүзді, халықтың бай ауыз әдебиетін бойына сіңірді. Қаратай шешен, Жанақ, Шөже, Балта ақын сынды Құнанбай замандастарының Абайға рухани үлгі-өнегесі ізсіз қалған жоқ. 

Мәселен, басқа немерелерін бір төбе, Абайын бір төбе көрген әже Ибрагимді еркелетіп (бір деректерде келтірілгендей тілі келмей емес) «Абай», «Абайым» деген. Абайға алғаш тіл ұстартып ертегі-аңыздардан бастап қазақтың бай ауыз әдебиетімен таныстырған осы – құймақұлақ Зере әжесі. Бала Абайға тек әдлиімен ертегі айтып қоймай елдің салт-дәстүрін, қазақы ырым, жөн-жоралғыларды жетелеп жүріп таныстыру да Зере әжесінің сыбағасында. Жалғызы Құнанбайдан туған көп немеренің ішінен ықыласы ауып, тас емшегін жібіткен Абайын көп кейін жер-жаһан танитынын әз әже сезгендей. Диссертацияда бойдағы орасан күшті ақындық қуатқа дем беріп, өлең-сөзге деген ықыласының шоғын үрлеп жаққан жан Зере әженің Абайға берген тәрбиесіне көңіл бөлінді.

Абайдың әдеби ортасы деген тақырыптың әліппесі, әрине, ақынның өскен ортасы, тәрбие алған ошағынан бастау алатыны заңдылық болса, бұл арада Ұлжан ананың есімін бөліп айтамыз. Өйткені, Ұлжан – Абайды ақ сүт беріп өсірген анаcы, оның үстіне Абайдың ақын болуына тікелей әсер еткен жан. Ұлжан туралы, оның Абайға, Абайдың ақындығына қатысы жайындағы сөзді әріден, Абайдың нағашы жұртынан бастасақ, ол әулеттің тілінің өткірлігі сондай «Шаншардың қулары келе жатыр», - десе жұрт дүркіреп қашатын болған. Ұлжанның өзі қалжың сөзге ұшқыр болғанымен, салмақтылыққа бағып көп әжуаға бара бермеген. Бұл біріншіден, өз бойындағы әйелге тән ұстамдылықпен байланысты болса, екіншіден, Құнанбайдай ел басқарған аузы дуалы ерімен жарыса шығуды жөн деп таппағандығынан шығар. Әуезовтің: «Абайдың сөзіндегі салқын ақыл әкеден, ащы тілді мысқыл шеше жағынан деуге де бола ма дейміз» [50] ,- деген пікірі нақты мысалдармен дәлелденді. Шешен тілді, сөзі шаншудай қадалар нағашы жұртының бұл қасиеті, сөз жоқ Абайға дарыды, ананың сүтімен бойға сіңген ерекшелік оның ақындық өнерінде бұлқына бой көрсетіп, айрықша ізін қалдырды. Нағашы жұртынан жұққан, ана сүтімен бойына сіңген ащы тілді мысқылды Абай өзінің ақындық домнасында қорытып, классикалық сатира деңгейіне көтерді.

Парасатты әз әже мен анадан үлгі алып, солардың тәрбиесінде есейген Абайдың ендігі өмірдегі ұстазы  әке – Құнанбай болды. Құнанбай мен Абай  арасындағы рухани байланыс – алтын көпір, яки әкенің балаға деген әсері деген түйінді мәселеге баса назар аударылды. Кеңестік кезеңде мейілінше көлегейленіп келген Құнанбай тұлғасына қатысты зерттеу еңбектерге ден қойылып, әке мен бала арасындағы рухани дәнекерліктің басты сипаттарына көңіл бөлінді. Сондай-ақ, зерттеуде әке қасында жүріп шешендік өнерге ысылған жас Абайдың Шорманның Мұсасымен, «Абай жолынан» таныс Тобықтының белгілі шешені Қаратаймен, Сүйіндікпен арадағы сөз бәсекелестерінің табиғаты ашылды. 

 Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хиқая да, тарихи эссе- очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: «… Ойыма келген нәрселерді жаза берейін … кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым», - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады.

Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Қара сөздердегі бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көбін заманындағы оқушы ме тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді: Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларынын бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдармен қайта айтылады. Бұл жөнініде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі. Сол әңгіме үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Сонымен қатар осылардай адамдық сипаттың жауы болатын аярлық, жалғаншылық, бәлекұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекшілік, еріншектік, арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағынан алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдарымен келтіреді. Сөйтіп отырып, үгіт-өсиет жасайды. Сонда тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі де көп. Оның байқауынша, кейбір терең өсиет, озық ойлар тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін.

Сол себепті өлеңдерінде ұзақтан, тереңдетіп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қарасөзерінде оңайлатып, қысқартып айтатыны да кездеседі. Бұл ретте кейде ақынның өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады.

Бірінші сөз мазмұны жағынан өзге «сөздерге» кіріспе ретінде жазылған. Абай өз заманының адамдары атқарған негізгі харекеттерге талдау жасаған. Олар: ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, бала бағу. Ел бағудан түңіліп, мал бағу қолынан келмейтінін айтады. Неліктен ғылым бағу мүмкін еместігіне нақты дәлелдер келтіреді. Өз ортасында ғылым сөзін сөйлейтін адам жоқ, олай болса білмегенді кімнен сұрайсың, білгенің кімге дәрі. Жағдай осылай болған соң ғылымның өзі - жан азабы,- дейді.

Абай екінші сөзінде – халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көрші елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына ұғындырып береді. Тыңдаушысымен әңгімені жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының үстірт өзімшілдігін мысқыл ете келеді. Еңбек сүйген елдердің бәрі де қазақтай еңбекке жалқау және сол еңбекті өнеркәсіпте, күнделікті тірлікте көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланады.

Үшінші сөзінде Абай қазақтың бір-біріне қасқұнемдігін, қызметке таласқыштығын, жалқаулығын, надандығын көріп назаланады, қазақ байларының бар ойы малын көбейту, болыстыққа таласу екенін көрсетеді. Елдегі жақсы адамдардың үстінен жала жауып өтірік арыз жазатындарды сынайды.

Бұл туралы ақын өзінің 1889 жылғы “Болыс болдым мінеки” деген өлеңінде:

«Болыс болдым мінеки

Бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта жал

Қалмады елге тығындап» [13], - деп малын шашып болыс болған надандарды өткір сынға алған болатын. Сол жылы жазған осындай тағы бір өлеңінде Абай болыстардың отарлай әкімдерінің және байлардың белгілі топтарының қолындағы ойыншық екенін былай көрсеткен еді:

«Мәз болады болысың

Арқаға ұлық қаққанға.

Шелтірейіп орысың

Шенді шекпе жапқанға.

Күнде жақсы бола ма

Бір қылығы жаққанға.

Оқалы тон тола ма

Ар- ұятын сатқанға?»

Ал мал байлығымен мақтанатын надан байларды Абай өзінің «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» атты өлеңінде былай сынаған:

«Мал жияды мақтанын білдірмекке,

Көзге шұқып, малменен күйдірмекке

Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,

Сорпа- сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп

Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.

Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,

Алтын алсаң береді боғынан жеп.»

Осылай сынай келе, ақын оқушыларына мынадай ақыл-кеңес береді:

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе- адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек[13].

Төртінші сөзінде Абай мастықты, орынсыз күлкіні, құр сарыуайымшылдықты сынайды. Оданда сабырлы бол, еңбек ет, аз күндік өміріңді босқа өткізбе дейді.

Бесінші сөзінде Абай ескі мақалдарды сынайды. “Бұл мақалдардан мағлұм болғаны: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малды алдап алмақ, яки мақтап алмақ екен, бермесе онымен жауласпақ екен. Малды болса әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен... Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық?- дей келе- Іздеген еліміз сол ма?”- деп күйзеледі. Мал үшін өмір кешетін адамдарды сынап, айыптап, түземек болады.

Жетінші сөзінде Абай жас баланың психологиясын еске алып, баладағы білуге құмарту жақсы қасиет екені атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдіреді.

Сегізінші сөзінде ақын “Ақыл мен насихатқа кім зәру?”- деген сұрақ қойып, соған өзі жауап іздеп көреді де, өз заманының әлеуметтік тетігін жіктеп береді. Оның байқауынша ақыл мен насихат алдымен ел басшылары – болыс билерге қажеті жоқ, өйткені олар өздері елге ақыл, насихат айтамыз деп болыс, би болып сайланған.

Ақыл мен насихат байларға да керек емес. Дәулет қонып, дүниенің жарының басында тұрған байлар ақылды қайтсын?

Олардың ақылы – малы, бәрін паралап сатып алады. Ұры, сұм-сұрқияларға ақыл “ау бастан” артық. Ал, ақыл осыларға керек-ау деген қой жүнді қоңыршаларға келсек, олар өз қара басына жете алмай, күндерін көре алмай жүр. Ана ақылды атқамінерлерге айт дейді олар. Сонымен ақыл, білім елге қажет болмаса, ақылды адамның жұрт үшін керегі бар ма? –деп, Абай сөзін сұрақпен бастап, сұрақпен аяқтайды. Оның бұл сұрағы – қараңғы халқына ақылды, білімді адамның қажеттігіне күмән келтіру емес. Өйткені ол:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Қыры, сырын ұғуға

Көкірегінде болсын көз,- деп армандап өткен ақын ақыл мен білім пайдасына шүбә келтірмек емес қой. Аталған адамдардың қайсысына болсын ақыл мен білім неге керек болмасын? Оларды керексіз етіп жүрген - өздері, олардың надандығы.

Бұдан шығатын қорытынды: Абай ақылды, білімді адам осы жұртқа керек пе дегенде, сол парасат иесінің сөзіне көнер, соңына ерер халқы жоқтығына ашынғаннан айтады.

Абай ғылымға, білімге көп көңіл бөледі. Қазақтың тек байлық ойлап, білім, ғылымға мән бермейтініне ыза болады. Мысалы, оныншы сөзінде ол: ал, “... мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айырылады. Бейнет, күйігі, ызасы- сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды”- дейді.

Он бесінші сөзінде Абай мынадай тұжырым жасайды: “...Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?”

Міне, бұл осы күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған ұсыныс емес пе?!

Он жетінші сөзінде Абай толық сапалы адам болудың шарты жөніндегі ойларымен бөліседі. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табылсын деген талап қояды. Және осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет,-деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен – деп ғылымның рөлік ерекше атайды.

Он сегізінші сөзінде де адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой түйеді.

Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері