Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20

2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Абдрахманова Шолпан.doc

— 504.00 Кб (Скачать файл)

 Адамгершілік адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.

Қазақ халқының тәлімдік ой-пікірлер тарихында ірі ғұламалардың бірі болып саналатын ХІ ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласұғни. Ж. Баласұғни «Құтты білік» поэмасында имандылық, рухани-адамгершілік қасиет сапаларына өзін-өзі тәрбиелеудің орны көрсетілген:

«... Ақылымен кісі асыл аталар,                                                                                                                                                                                        

Бекке ел ісі білімімен жарасар.

Сабыр, ақыл – парасаттың белгісі,

Дос, туғаннан лебізіңді аяма,

Кіші, үлкенді лебізіңмен аяла.

Дәулет бітсе менменсінбе тасыма,

Жақсылық қыл жиылсын жұрт қасыңа.

Шарап ішпе, арамнан бой тасала,

Пасық болма, зинақорлық жасама» [4].

Осы бағытта ерекше орын алатын орта ғасырлық ғұламалардың бірі – Махмұт Қашқари. Оның басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» түсіндірме сөздігі. Ол өз сөздігінде адамгершілік қасиет сапаларды тірек етіп алған. Мәселен:

«Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер,

Ұлысыңда ұлы болсаң, біліміңді елге бер.

Асығыс еткен іс шала,

Асығыс жаққан от шала...

Ғаріп келсе – күт оны, ас-суыңа қандыр да,

Қума үйіңнен, бірақ та сапарынан қалдырма,

...Рақымшыл болсаң, менмен болма...» [5].

Ал ХІХ ғасырда адамгершілік идеялар әрі қарай дамып, жалғасын тапқан. Қазақстандағы адамгершілік тәрбиесінің идеялары Шоқан Уәлиханов[12], Абай Құнанбаев[13], Ыбырай Алтынсарин[14] есімдерімен байланысты болған.

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі. Ол жастайынан еуропаша білім алып, қазақ жерінің табиғатын, салт-дәстүрін, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп қағаз бетіне түсірген.                                                    

                                                     Құйрықты жұлдыз секілді

                                                     Туды да көп тұрмады.

                                                     Көрген, білген өкінді

                                                     Мін тағар жан болдмады,-деп  Абай атамыз айтқандай Шоқан Уәлиханов не бары 30 жас қысқа өмір сүрген.  Шоқанның балалық шағы әкесі Шыңғыс пен әжесі Айғанымның қасында туған ауылында өтеді. Ол жас кезінде қазақтың ертегілерін, мақал-мәтелдерін, жұмбақ, жаңылтпаштарын, жыршы- термешілерін тыңдап өседі.

Шоқан өзінің адамгершілік ар-ожданы жоғары байқампаздығымен, өзіндік пікірлерімен, жоғары мәдениеттілігімен өз халқына, Отанына деген сүйіспеншілігімен аса мейірімді жоғары бекзаттық, адамжандылық, қасиет сапаларыменөз ортасында ерекше көрінген тұлға.

           Шоқан «Мұсылмандық туралы», «Қазақ шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Құлжа сапарының очерктері», «Манас», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Этнографиялық очерктер» және т.б. шығармаларында жастар тәрбиесіндегі адамгершілік ерекшеліктердің мәнін жан-жақты ашып көрсеткен[12].

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда адамгершілік тәрбие мәселелерін өзіне дейінгі ұлы ойшылдардың еңбектерін талдай келіп, әрі қарай дамытқан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин болды.

Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінде мұғалім болған көпжылдық тәжірибесінің нәтижесіндей «Қырғыз хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарымен қатар, «Кел, балалар оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейітқұл», «Асн мен Үсен»т.б. еңбектеріне талдау жасау барысында оның барлық педагогикалық қызметінің өскелең ұрпаққа адамгершілік негізде тәрбие беруге бағытталғанын айқын көреміз. [14].

Адамгершілік ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді [8].

Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы  өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі —келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін  еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы  пән ретінде жүргізіліп келеді[34].

          «Өзін-өзі тану» пәні  баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек. Халық педагогикасы нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше. Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады.

Сонымен жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін беру мемлекет тарапынан үлкен мәнге ие мәселе екендігі, болашақ ұрпақтың мейірімді, қайырымды, тәрбиелі болып өсу мәселесі философтардың, педагогтар мен психологтардың басты назарында болғандығына көзімізді жеткіздік. Зерттеу жұмысымыздың келесі параграфы жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін берудің маңызы мен психологиялық ерекшеліктеріне арналмақ.

    1. Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы 

 

Жас ерекшелігі психологиясында жасөспірімдер проблемасымен айналысқан ғалымдар А.А. Давыдов[23], Т.В. Драгунова[35], Л.Б. Ительсон[36], И.С. Кон[37], А.В. Мудрик[38], Н.И. Непрмнящая[39], А.В. Петровский[40], Д.И. Фельдштейн[41], А.И. Щербаков[42], М.М. Мұқанов[43] және т.б. пікірінше маңызды орынды жасөпірімдер психологиясы алады.

Жеткіншектің бойында ояна бастаған есею сезімінің негізінде өзіне қамқорлық жасағанға ауырсынып, әке-шешесімен қарым-қатынасын теңдік негізінде қайта құруға тырысады. Бұл тенденция жасөспірімдік кезде де жалғасады. Қалыптасып келе жатқан адамның, өз ұмтылыс талаптарына тежеу болатын тәрбиелеудің авторитарлық жүйесі іс жүзінде дау-жанжалдар туғызады, ал демократиялық тәрбиелеуде ондай болмайды.

Балаң, жастық — өзіне-өзі талдау жасайтын шақ қана емес, сонымен бірге нағыз «ұжымдық» шақ. Кішкентай жеткіншекке ұжымдық өмірге қатысқаны, басқалармен бірге болғаны жетіп жатыр. Жоғары сынып окушысы үшін бәрінен маңыздысы құрбы-құрдастарының мұны қабылдауы, толық өзін қажет сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі. Ұжымдағы статустың төмен болуы, әдетте, барынша алаңдатады; құрдастары онша бағаламайтын жас өспірімдердің жеке басын өзгертуге тырысуы басқалардан гөрі анағұрлым жиі кездеседі.

Социометриялық зерттеулер сыныптарда біртіндеп белгілі бір поляризация болатынын көрсетті: бір жағынан, неғұрлым танылғандар, ал, екінші жағынан, таңдау бәрінен аз түсетіндер сараланады. Осының өзінде бұл статус, әсіресе ұнамаушылық барынша тұрақты болып, көбіне сыныптан-сыныпқа көшіп отырады. Мұның өзі жарыс жағдайын туғызып, көптеген психологиялық проблемалар жасайды. 

Тәрбие жұмысында көшедегі стихиялы топтар мен компаниялардың ықпалын еске алу ерекше маңызды. Қейбір педагогтар оны елемеуге немесе кездейсоқ нәрсе деп санауға бейім. Бұл кауіпті жаңылысу.

Бұл қарама-қарсылық елеулі педагогикалық қауіп туғызады. Көшедегі топтарды біріктіретін құндылықтар кейде қарсы әлеуметтік тұрғыда болады, ал оларда басшы болатындарды жақсы балалар деуге мүлдем келмейді. Мұндай топтар қылмысты топтарға немесе бұзақылар тобына ауысатын жағдайлар кездеседі. 

 Коллективтік топтық өмірдің  маңызы артуымен қатар, балаң  жас өспірімдік жеке интимдік  достықты кажетсіну күрт өседі. Қамқорлықпен тәрбиеленген жас адамда пайда болатын алғашқы сезім махаббат емес, достық деп Руссоның өзі-ақ жазған болатын. 

Достықты барынша іздеу жеткіншектік шақта-ақ басталады. Алайда жас өспірімдердің достық жеткіншектердің достығына қарағанда анағұрлым тұрақты және ең бастысы неғұрлым терең. Кіші жастағы жеткіншекті досымен көбінесе басқалар үшін жабық ортақ мүдделер мен бірлескен іс-әрекет байланыстырады. Жас өспірімдердің достығы бірінші қатарға интимдікті, эмоциялық жылылықты, шыншылдықты қояды. Өзіндік сананын, дамуы мен оған тән қайшылықтар қалайда «сыр ашысу», өзінің күйініш-сүйінішін ортаға салу қажеттігін туғызады. Осыдан келіп ол досын өз (екінші бір «мен») деп түсінеді. Мұндай қажеттік тұңғыш рет нақ осы жасөспірімдік кезде шығады.

Қандай тұлғаны өзіндік анықталған деп санаймыз? Нормативті жоспарда бұл - әлеуметтік жетілген, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алатын және адекватты түсінуге қабілетті орнықты тұлға. Бұл ықпал өзіндік сана-сезімдердің өз «менін» ұғынудың субъективті жақтарын аша алмайды. Психологиялық жоспарда тұлғалардың өзіндік анықталу мәнін ашу әлеуметтік пісіп-жетілудің ішкі себептері ретіндегі өзіндік сана-сезімге ғана сүйене алмайды. Әлеуметтік жетілген тұлғалардың мінез-құлқы қоғамда қабылданған нормаларды сақтаумен ғана сипатталынбайды. Ол белгілі бір ұжымдық, топтық құндылықтарға бағдарлануы қажет. Құндылықтар, мақсаттар, өмірлік жоспарлар түрінде бола отырып, индивидтердің даму барысында «міндеттің мақсатқа айналуы» мәселесіне айналды.

Сондықтан да, жеке адамның, әлеуметтік пісіп жетілуінің мәнді керсеткіші, мағыналы құрылуы болып табылады. Әлеуметтік пісіп жетілген тұлғалардың басты белгісі — мақсатқа байланысты өзін анықтау, құндылықтарды топтау, ұжымдык, коғамдық талаптарын ескеріп қалыптастыру, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін индивидуалды сапаларын ортаның шартын ескере отырып, өзін табу және соларды тарату үшін белсенді сапалы іс-әрекетті жүзеге асыру болып табылады.

Психологиялық жоспарда өзіндік анықталған түлғалардың өз қалауы бар, оны үғынған субъект (мақсаттар, өмірлік жоспарлар, идеалдар) өзінің болуы (өзінің жеке басы, қасиеттері), ол не істей алады, қолынан келу мүмкіндіктері, дарындары, бейімділіктері, одан қоғам, ұжым не күтеді? Міне осы жағдайларды түсінеміз. Осы көрсетілген элементтерді сол процестерді әсерлендірумен арақатынастыру тұлғаның әрекеті мен мінез-құлқын реттейді және іс-әрекеттің мазмұнын, қарқынын, мақсатқа бағыттылығын және деңгейлерін анықтайды. Кеңес психологиясында өзіндік сана-сезімдерді индивидтің өз мүмкіндіктерін табу процесін үжымның талаптарына сәйкес арақатынастары , арқылы түсіну кездейсоқтық емес.

 Психология ғылымында жеке  тұлғалық ықпалды күшейту тұлғаның  даму және қалыптасу сферасының  аспектісін толықтыруға әкеп  соқтырады. Бұл бұрындары психологиялық  талдаудан тыс қалған болатын, оған «Тұлғаның өзіндік анықталуы» сұрақтары жатады. «Тұлғаның өзіндік анықталу» ұғымы психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде қазіргі кезде кеңінен қарастырылып келеді. Дегенмен, бұл жеткілікті деңгейде анықталмаған, оның бейнелеу құбылыстары психологиялық тұрғыдан жетік интерпретацияланбаған. Сондықтан, мұндай кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында біздің зерттеу жұмысымыз осы мәселеге арналады.

Көптеген әдебиеттерде «Өзін-өзі анықтау», «Өзін-өзі бағалау», «Тұлғаның өзіндік анықталу» ұғымдары қолданылып келеді. Педагогика және психология ғылымдарының түсіндірмелі сөздігінде «Өзін-өзі бағалау - адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сэйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі. Өзін-өзі бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін дамытады. Өзін-өзі бағалау адамның айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді.

Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері