Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:38, курсовая работа
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Жастарды белсенді, азаматтық ұстанымды, жауапты, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сезімді және көшбасшылдық қасиеттерді қалыптастырған, шығармашылық жағынана дамыған жеке тұлға тәрбиелеу» делінген, бұл бағдарламаның мақсаты екендігі бәрімізге белгілі.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. БІЛІМНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ.....................................................................6
1.1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс................................................................6
1.2. 12 жылдық білім беру жүйесі.........................................................................8
1.3. 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты мен күтілетін нәтижелер.......11
ІІ. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАСТАУЫШ САТЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ..........................................14
2.1. 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары.................................................14
2.2. Бастауыш білім беру саласында 12 жылдық оқытудың негізгі.................17
2.3. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы...................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................31
ТІРКЕМЕ 1……………………………………………………………………….33
ТІРКЕМЕ 2............................................................................................................33
Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан - жақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.
Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі. Кезінде Елбасы «21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп айтқан болатын. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кірігуі, Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі, білім беру жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған соны өзгерістердің көрінісі болып отыр.
Бастауыш білім жоғары сыныптарда алатын жүйелі білім салаларының бастамасы ғана емес, оның негізі. Олай болса, бұл мұғалім тұлғасының осы мәселелерді түсінетіндей, оны жүзеге асыратындай білімділігімен қатар педагогикалық ой өрісінің болуын қажет етеді. Кез келген типтегі мектептерде жұмыс істеуге дайын болу – болашақ мұғалімдерге жүктелетін міндеттердің бірі.
Бастауыш сыныпта оқылатын әрбір пән орта мектепте оқылатын бірнеше пәннің бастамасын негіздейді. Мәселен, бір ғана дүниетану пәні келешектегі жүйелі ғылым салаларының бастамасы. Олай болса, мұғалім тұлғасының жан – жақты білімді болуы өзінен өзі туындайтын талап.
Мұғалім тұлғасының қалыптасуына педагогикалық практика кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Ондай жұмыстар қатарына мына төмендегі мәселелерді ендіруге болады:
1. Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің бағдарламалық талаптарын жете білу.
2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін меңгерту.
3. Оқушылармен жұмыс істеу икемділігінің, білім, қарым – қатынас, адамгершілік сапаларының қалыптасуы.
4. Ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы.
5. Тәрбие мәселелерін оны ұйымдастырудың жолдарымен әдіс – тәсілдерін білу.
6. Сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру.
Оған көптеген икемдіктер енеді: сабақты жоспарлай білу; тиімді әдіс – тәсілдерді таңдау; жаңа технологияны қолдану шеберліктері; сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарды іріктей білу; оқушылардың шығармашылығына жағдай туғызу; оқушылардың тілін; ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу; сабақ барысында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру т.б.
Ұйымдастырушылық жеке бастың таланты, педагогикалық ойы, шешімділігі мен шапшаңдығы, кез – келген ситуация да тиімді шешім табуға икемдігі, мұның бірі мұғалім тұлғасының сапасына енеді.
Ал, коммуникативтік – бұл тұлғаның адамгершілік, интелектуалдық деңгейінің нәтижесі. Сол арқылы кішіні де, үлкенді де сыйлаумен қатар, кез келген ортада өзін орынды ұстап, қарым – қатысқа өз деңгейінде түсе білуі. Бұл жағдай тұлғаның ерекше педагогикалық, психологиялық ой - өрісін көрсетеді.
Жас ұрпақтың бойындағы
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі
мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен
сусындаған оқушы. Ал білім негізі бастауыш
сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге
белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға
сапалы білім берудің тиімді жолдарын
іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып
отыр. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру,
олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін
сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына
білуге баулыу, ой - өрісін дамытатындай
логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне
байланысты.
Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының
алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық
саласындағы белсенді, шығармашылық іс
- әрекетке қабілетті, озық ойлы, тапқыр
да нәзік, сезімтал, еркін және жан - жақты
жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта - жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы.
Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып
Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт
- оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды
сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды
алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз.
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу.
Надан жұрттың күні - қараң, келешегі -
тұман,»- деп ғылым, білім, оқудың маңызын
қара халыққа көрсеткен.
Мұғалімнің
басты қызметі - оқушы ұзақ жолды қысқарту
үшін және сол жолдан қиналмай өтуі үшін
керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп
отыру үшін балаларға жұмысты әліне қарай
шағындап беру мен бет алысын діттеген
мақсатына қарай түзеп отыру.
Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет бұру үшін мынадай талаптарды ескеру керек деп ойлаймын:
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
- Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу;
- Шығармашылық іс - әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру;
- Өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу;
- Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру;
- Ақпараттық технологияларды меңгерту,
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкін діктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, бастауыш сынып балаларының қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушының шығармашылық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз.
Мектеп табалдыры ғын жаңа аттаған бүлдіршіннен
шығармашылық іс - әретті талап етпес бұрын,
оны соған үйреткен жөн. Оқушының шығармашылығына
бағыт - бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына
енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың
ойлау қабілетін дамыту туралы «Ойлау
- жанның өте бір қиын, терең ісі»,- деп
атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап
үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Оқушы бойындағы шығармашылықты дамытуда
үздіксіз құлшыныс, оқу мен білім алуға
деген ұмтылыс күннен - күнге дами түсуі
қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім
нұры тасып, ішкі дүниесінің сыртқы ортамен
байланысы дамып, дүниетанымы арта түседі.
Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған сұрақтар мен танымдық ойындар арқылы оқушы ынтасын, зейінін, ой - қиялын дамытуға септігін тигізуі керек. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту да - өзекті мәселелердің бірі.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлеледі шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.
Кіші мектеп жасынан бастап балаларды даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарап, оқыту жүйесін соған лайықтаудың қажеттігі артуда. Бұл тұрғыда кіші мектеп жасындағы балаларды мектеп қабырғасын аттаған күннен бастап олардың психоэмоционалдық күйін реттеу арқылы сабаққа ынтасын, белсенділігін арттыру қажет: Баланың эмоционалды күйі тұрақты болса, бұл оның толыққанды дамуына негіз болады. Өйткені эмоциясы тұрақты, көңіл-күйі көтеріңкі бала түсіндірілген материалды тез, әрі жеңіл қабылдайды, ой белсенділігі артады. Бұл білім сапасының артуына негіз болады.
Кіші мектеп жасындағы бала мұғалімнің білімін, киім киісін, олардың басқалармен қарым-қатынасын үлкен сынға алып отырады. Дегенмен мұғалімдердің өздерінің алдында тұрған барлық проблемаларға терең саяси көзқарастары, дүниетанымының молдығы, кәсіби шеберлігі, балаларға дер кезінде қажетті көмек көрсетуге даярлығы олардың беделді болуын қамтамасыз етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақта «Тамызығын тапсаң, тас та жанады» деген сөз бар.Меніңше, басты идеясы «Тұлға жетістігі» болып табылатын 12 жылдық мектептің мән-мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі.Өйткені, оның мақсаты - әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға , «барша білім беру» үлгісінен «әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан әлемдік қауымдастық
қатарында басқа елдермен
Бастауыш білім жоғары сыныптарда алатын жүйелі білім салаларының бастамасы ғана емес, оның негізі. Олай болса, бұл мұғалім тұлғасының осы мәселелерді түсінетіндей, оны жүзеге асыратындай білімділігімен қатар педагогикалық ой өрісінің болуын қажет етеді. Кез келген типтегі мектептерде жұмыс істеуге дайын болу – болашақ мұғалімдерге жүктелетін міндеттердің бірі.
Бастауыш сыныпта оқылатын әрбір пән орта мектепте оқылатын бірнеше пәннің бастамасын негіздейді. Мәселен, бір ғана дүниетану пәні келешектегі жүйелі ғылым салаларының бастамасы. Олай болса, мұғалім тұлғасының жан – жақты білімді болуы өзінен өзі туындайтын талап.
Мұғалім тұлғасының қалыптасуына педагогикалық практика кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Ондай жұмыстар қатарына мына төмендегі мәселелерді ендіруге болады:
1. Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің бағдарламалық талаптарын жете білу.
2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін меңгерту.
3. Оқушылармен жұмыс істеу икемділігінің, білім, қарым – қатынас, адамгершілік сапаларының қалыптасуы.
4. Ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы.
5. Тәрбие мәселелерін оны ұйымдастырудың жолдарымен әдіс – тәсілдерін білу.
6. Сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру.
Оған көптеген икемдіктер енеді: сабақты жоспарлай білу; тиімді әдіс – тәсілдерді таңдау; жаңа технологияны қолдану шеберліктері; сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарды іріктей білу; оқушылардың шығармашылығына жағдай туғызу; оқушылардың тілін; ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу; сабақ барысында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру т.б.
Халқымыздың ғасырлар бойы
Ендеше 12 жылдық білім беруге көшуде барлығымыз біріге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарайық, аяулы да ұлағатты ұстаздар!
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Айсина М. Білім мен тәрбие өзегі // Қазақстан мектебі. – 2006. - № 2. – 28.
2. Алшоразова Р.К 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім . Бастауыш мектеп. № 1 2009 6,7 бет
3. Аманқұлов К.І. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері. 12 жылдық білім № 8 2006 37 – бет
4. Әбиев Ж., Бабаев С.т.б. Педагогика /Алматы.-Дарын.-2004.-410бет.
5. Әбенбаев С.Ш.Тәрбие теориясы мен әдістемесі /Алматы:Дарын. -2004.-152б.
6. Бабаев С.Б. және т.б. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы /Алматы:Заң әдебиеті. – 2008.-124б.
7. Бабаева С.Б.Бастауыш мектеп педагогикасы /Алматы. –Дарын. -2006.-350б.