12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Жастарды белсенді, азаматтық ұстанымды, жауапты, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сезімді және көшбасшылдық қасиеттерді қалыптастырған, шығармашылық жағынана дамыған жеке тұлға тәрбиелеу» делінген, бұл бағдарламаның мақсаты екендігі бәрімізге белгілі.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. БІЛІМНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ.....................................................................6
1.1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс................................................................6
1.2. 12 жылдық білім беру жүйесі.........................................................................8
1.3. 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты мен күтілетін нәтижелер.......11
ІІ. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАСТАУЫШ САТЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ..........................................14
2.1. 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары.................................................14
2.2. Бастауыш білім беру саласында 12 жылдық оқытудың негізгі.................17
2.3. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы...................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................31
ТІРКЕМЕ 1……………………………………………………………………….33
ТІРКЕМЕ 2............................................................................................................33

Файлы: 1 файл

12 ж б.б. жуйеси.docx

— 245.34 Кб (Скачать файл)

            12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.             

             Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе.

            12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.

             2020 жылға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазір 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер.

   12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты басшылыққа алады. Олар:

   Бірінші бағыты - оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту;

   Екінші бағыты - оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту;

   Үшінші бағыты - ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

  12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар:

    1. инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру;
    2. профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін;
    3. оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру;
    4. тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру. 

            Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл  әлемдік білім кеңестігіне ену  табалдырығында. Өмір ағымына қарай  білім беру жүйесінің моделі  күрделі өзгерістерге ұшырап  отыр. Сондықтан заман талабына  сай жаңа мазмұнда білі беруді  ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен  тікелей байланысты. Ондағы өзекті  мәселе әлемдік білім кеңестігіне  шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық  білім моделін қалыптастырудың  тиімді жолын анықтауында. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады.

 

1.3. 12 жылдық білім беру  жүйесінің мақсаты мен күтілетін нәтижелер

             12 жылдық білім беру  жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер  мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.

          Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді,тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті,шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.

           Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңарту-үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі,бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер.

            Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 10 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың сапалы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

            12 жылдық мектептің басты ерекшелігі: ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына; өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне; адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына; әр елдің экономикалық, мәдени,саяси өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру.

             12 жылдық оқытудағы мақсаттары:

    1. қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
    2. өзін-өзі дамытуға;
    3. жоғары білімді шығармашыл, ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру;
    4. жеке тұлға интеллектісін байыту;
    5. бала тұлғасындағы рухани және дене мүмкіндіктерін ашу.

            Қоғам алдында, білім беру жүйесіне қойылған міндетке сәйкес, білім беру жүйесі оқушы тұлғасын үйлесімді дамытуға бағытталған жалпы білім беретін мектептің жаңа үлгісін таңдауға бағытталып отыр. Мұнда баланың қоршаған дүниемен қарым-қатынасында рухани адамгершілік құндылықтарының интеллектісінің,танымдық белсенділігін, іс-әрекетінің негізін қалауға бағдарланған бастауыш мектепке ерекше көңіл бөлінеді.

            12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.

            Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс,адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

  12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан–жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әулетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін – өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.

            12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артышылық – баланың тек қана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы. Яғни 11-12 сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту процесі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылықты білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның дамуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталады.

             Қазір мұғалімнің алдында мынадай міндеттер аса маңызды:

    1. оқушы сабақ оқығысы келуіне дағдыландыру (өз пәніне қызықтыра білу);
    2. өз пәнінің мазмұнын жетік білу;
    3. оқыту әдістемелірінің сан салалы түрін меңгеру.

            Қазіргі ҚР мұғалімнің келбеті мынадай болуы керек деп есептеймін:

    1. білімі өте кемелденген, жан – жақты адам болуы;
    2. психологиялық тұрғыдан алғанды өте сыпайы, бала жанына жара түсірмей, оған тек мейрімділікпен, жүрек жылуымен ғана оқушыны жеке тұлға деп қарайтын мәдениеті аса дамыған адам болуы;
    3. ата – аналармен болсын, оқушылармен болсын, өз әріптестерімен болсын қарым-қатынаста рухани білім  өте жоғары дамыған болуы;
    4. мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде әр түрлі деңгейдегі әдістемелік іс – әрекеттері, ойын түрлері жүйелі және шебер қолдана білуі.

           Осы төрт қасиетті бойына дарытқан адам ғана мектепте мұғалім болып істесе, өз миссиясын дұрыс орындап жүрген адам деп есептеуге болар еді.

            ҚР жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр. Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық. Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни болашақ мектебі.

 

ІІ. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАСТАУЫШ САТЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ.

 

2.1. 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары

            Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.

           12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады.

            Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі.

   Оқуды бастау жасы – 6 жас

  Оқу мерзімі – 4 жыл

   Негізгі міндеті – баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы және оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары қалыптастырылады.

            Екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың  базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу.

 Оқу мерзімі - 6 жыл

 Негізгі міндеті – адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру. Бейіналды оқыту енгізіледі.

            Үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық  таңдауды негізге алады. Оқыту ұзақтығы – 2 жыл.

 Негізгі міндет – бейінді оқыту

          Бейінді оқыту – жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.

            Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған ҚР Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген. [3; 19]

             12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

            12 жылдық оқытудағы басты мақсаты

 - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

 - өзін-өзі дамытуға;

 - өз ойын еркін айта білуге;

 - өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;

 - жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. [4; 10]

           Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде. «Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр»деп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
             Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.

Информация о работе 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары