Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:38, курсовая работа
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Жастарды белсенді, азаматтық ұстанымды, жауапты, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сезімді және көшбасшылдық қасиеттерді қалыптастырған, шығармашылық жағынана дамыған жеке тұлға тәрбиелеу» делінген, бұл бағдарламаның мақсаты екендігі бәрімізге белгілі.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. БІЛІМНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ.....................................................................6
1.1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс................................................................6
1.2. 12 жылдық білім беру жүйесі.........................................................................8
1.3. 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты мен күтілетін нәтижелер.......11
ІІ. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАСТАУЫШ САТЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ..........................................14
2.1. 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары.................................................14
2.2. Бастауыш білім беру саласында 12 жылдық оқытудың негізгі.................17
2.3. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы...................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................31
ТІРКЕМЕ 1……………………………………………………………………….33
ТІРКЕМЕ 2............................................................................................................33
«Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар. 12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты.
Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр.
Жаңа көз – қарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн.
Қорыта айтқанда,
12 жылдық білім беруге көшу
еліміздің білім саясатында
2.2. Бастауыш білім беру саласында 12 жылдық оқытудың негізгі
Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып отыр.
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандатрқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірбиеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.
Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып,алған білімдерін өз тәжірбиесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін,ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірбие дәлелдеуде.
Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқылануда. Мұндағы біздің басты ұстанымымыз-тұлғаның жеке дамуына негізделген,жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау ,нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.
12 жылдық мектептің негізгі мақсаты-оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңалықтар болып жатыр.
Инновациялық процестер ғалымдар мен практик-ұстаздар арасында кең өріс алуда. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетті көрсету үшін зерттеуге дайындау және жеке оқу жетістіктерін есепке алу мақсатында портфолиосын жинақтау қажет. Әр ұстаз оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқыту түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетеді.
Қазіргі білім беру саласындаоқытудың озық технологиялары қолданылып жүр. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, адамгершілік, рухани қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін дамытып, оқу –тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруна көмектеседі. Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл-амал, дидиактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады.
Бірінші сынып оқушысын мектеп өміріне енгізу ең таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» деген үмітін ақтау бүкіл мектеп ұжымы мен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа-баланың сауатын ашуы, тілін сындыруы. Яғни, өзінің ойын толық айтуымен қатар оқуға, жазуға үйренуі. Сауаттылыққа үйретуде балаға әріп таныту мен дыбыстарды ажыратуды меңгерту, тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты игерту мұғалімнен ерекше дайындықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадраларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып,дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа буыны білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл-уақыттың талабы» деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату қазіргі мектеп мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауда, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Осы орайда, жаңашыл педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады.
В.Занковтың «Дамыта оқыту» жүйесі, Эрдниевтың «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы. Д.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту», С.Ковалевтың «Ойын арқылы оқыту» технологиясы т.б.
Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның-ойлауын тыйғаның» -деген қағида бекер айтылмаған. Оқушының әр қадамы ойынмен ғана алға жылжиды, дамиды, жетіледі. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді. Мұндағы ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім,білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, қайталау және пысықтау. Ойын кезінде баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті артады,мінез-құлқы қалыптасады. Ойынды ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты. Бала ойын үстінде білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып,пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.
Әр ұстаз оқу-тәрбие жұмысына
шығармашылықпен қарап, жаңа заман
талабына сай, озық ұлттық дәстүр
рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру
мақсатында оқытудың түрлі
12 жылдық білім беру
технологияларының ерекшелік
Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу, оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.
Интеллектуалдық дайындық – баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой — өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:
- Дифференциалдық қабылдау;
- Аналитикалық ойлау;
- Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі);
- Есте сақтау;
- Білімге қызығушылық;
- Ести отырып сөйлеу және түсіну,әр түрлі символдарды қолдана білуі;
- Қол қимылдарының,көру,қимыл кординацияларының дамуы.
Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса,өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс — әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы -шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс - әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін - өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру. Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой -өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат.
Коммуникативті оқыту технологиясы – сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым - қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет,ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.
12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып, әрбір технологияны өздік жолда әдіс-тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез — құлқында-мінезі, темпераменті, талабы, көзқарасы,талғамы байқалып, үнемі өзін-өзі үйретуі, өзін-өзі тәрбиелеуі,өзін-өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді. Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген – жаңашыл мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сатыны бітірген жеке тұлғаның бейнесі мынадай болуы тиіс.(Тіркеме 1)
Әрине, 12 жылдық білім беру мынадай міндеттерді жүзеге асырғанда ғана орындалатыны даусыз:
Қазақстанның әлемдегі дамыған елу елдің қатарына енуі, индустриялануы, инновациялық дамуының негізі де сапалы білімде болмақ. Мүлдем жаңа, өзгерген қоғамның іргетасын қалап, баянды ету жылдарында қоғамдағы өзге салалар сияқты білім беру бағытында да кемшіліктер болғаны шындық. Мұның барлығы кезең-кезеңімен қабылданып жатқан құжаттарда,бағдарламаларда айтылып келеді.
Әсіресе, кеше ғана қабылданған «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің бүгінгі жай-күйіне жан-жақты, терең талдау жасалынған.
2.3. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде» деген.
Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын
болашақ жастардың білімін қамтамасыз
ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу
үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық
әдіс - тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың
шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми
көзқарасы мен белсенділігін арттырады.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке
жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай
ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық
өзгерістер деңгейіне көтеруді талап
етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан
өзгерістер, білім беру мақсаттарының
алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының
бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты
мәселелер орындаушылардан шығармашылық
бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және
кәсібилікті талап етеді.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.