Автоцистерна

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 12:52, дипломная работа

Описание работы

Цистерналар сұйық газ сияқты,сусымал сұйық сияқты газ,тәрізді жүктерді шанақтың ерекше формасымен ұсынатын қазандықтарда мұнай өнімдерін,Цистерналар тасымалданатын жүкке байланысты екі топқа бөлінеді тамақ өнімдерін тасымалдау үшін арналған кең наменклатурасын тасымалдау үшін;
- арнайы жүктер түріне арналған арнайыландырылған цистерна.
Жалпы тағайындауға арналған цистерналар келесідей бөлінеді: ашық (бензин, және тамақ өнімдері сүт,табиғи ауыз су т.б) және қара (мұнай,минералды майлар және т.б) мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған.

Файлы: 1 файл

дайын!!!!.docx

— 909.17 Кб (Скачать файл)

в) £ [ ]-  тежелу шкивіндегі қызу температурасы, рұқсат етілген температурадан аспауы керек.

Шамадан тыс температураның көтерілуі  үйкеліс коэффициентін  азайтуға әкеп соғады.

     Тежегіш шкивының қызуы үйкелудің меншікті қуаттылығына пропорционал, сондай-ақ жуық шамамен төмендегі есептеріне шарттарын пайдалануға болады.

                                                                               (1)

мұндағы  А - үйкелістің меншікті қуаты;  - үйкеліс коэффициенті, q – меншіктік қысым, ν - айналу жылдамдығы.

       Қалыпты тежегіштер

      Автомобиль цистерналарында қалыпты тежегіштердің әр түрлі құрылымдары көптеп қолданылады. Олар иінтіректен және бір немесе екі қалыптан тұрады. Қалыпты тежегіштер өндірісте кең таралған. Пайдаланудағы белгілі қалыпты тежегіштердің сенімділігі қамтамасыз етілген, білікке радиаль жүктемесін тудырмайды, сондай-ақ тежегіш шкивінің үлкен бос беті тежеу кезінде пайда болған қызуды, үйкеліс бетінен тез алып кетеді және жасау технологиясы оңай. Қалыпты тежегішті тежеу механизмі кранның металл қаңқасына орнатылған, тежегіш қалыбы иінтірегіне бекітілген, электрмагниттің әсерінен қалып шкивке қысылады, сонымен тежегіш шкивтерінің аралығында үйкеліс күшінің әсерінен шкив тоқтайды.Бір қалыпты тежегіште (3-сурет) – электр тогы ажыратылған кезде иіннің 3 ұшында орналасқан жүктің 4 салмағының әсерінен қалып 2, шкив бетіне 1, Fr күшімен қысылады. Нәтижесінде айналып тұрған шкив 1 кедергінің Ft = f Fr әсерінен тежеледі. Тежелуді босату, электрмагнит 5 көмегімен іске асады.

3-сурет. Бірқалыпты тежегіштің сызбасы:

1- тежегіш  шкив; 2- қалып; 3- иінтірек; 4- жүк; 5- электрмагнит

Тежегішті есептеуде қажетті тежегіш  моментін ТT = КT ТC анықтайды, мұндағы КT – тежелу қорының коэффициенті  (Мемлтаутехқадағалау ережесі бойынша көтерудің крандық механизмдері үшін жұмыс кестесіне  байланысты келесі мәнді қабылдайды: Ж-КT =1,5, О-КT =1,75, А және ӨА-КT =2...2,5); Те – механизмдегі шығын есебі ескергенде тежегіш білігіндегі статистикалық бұрау моменті. Тежегіш моменті бойынша қалыптарды басу күштерін анықтайды.

                              

                           (2)

Айналыс осіне қатысты, иінтіректің  тепе-теңдік шарттарынан табамыз:

                                                                                     (3)

Тежегіш шкивінің айналыс бағытымен теңдеудің  алу немесе қосу белгілері анықталады.

Бірқалыпты  тежегішпен тоқтатқанда шкивтегі қалыпты  қысу күштері,  тежегіш шкивінің білігіне және мойынтіректеріне бір  жағынан әсер етеді, сол себепті  мойынтіректер мен білік көлемдерін ұлғайтуға тура келеді. Сондықтан  бірқалыпты тежегіш көбіне қол механизмдерінде  қолданылады.

      Қос қалыпты тежегіштің бірқалыпты тежегіштегідей кемшіліктері жоқ. Бір уақытта екі қарама-қарсы орналасқан қалыптар қысу кезінде шкивтегі перпендикуляр радиаль күші теңеліп, білік радиаль жүктемеден жүксізделген болып қалады.Екі қалыпты тежегіш шкивті 1 екі қарама-қарсы жағынан қалыптар 2 және 21 тіреу-иін жүйелерімен 3,31 , 10, 11 орналасқан. Тежегіштің сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін екі түрдегі құрылғы қарастырылған. Біріншісі тежеуді дәл және сапалы жүргізу-электргидроитергіш 7 көмегімен ал екінші– электрмагниттің 6 көмегімен орындалады. Шкивке, қалыптың бірқалыпты, сенімді қысылуын, серіппе 4 қалтқысыз орындайды. Шкивтен қалыптардың 2 ажырау саңлауын – реттеуші болт 8 атқарады.

Электр магнитінен тежегіштер тежелмеуінің кемшіліктеріне өзегіне якордің қатты соққысымен берілуі. Тежегіш моментіндегі тежегіштің үлкен көлемі мен электрмагниттің  қосылуы жатады.Қос қалыпты тежегішін  есептеу тәсілін қарастырамыз .Электрмагнитінің екі түрін қолданады: қысқа жүрісті МП түрі немесе МО-Б және ұзақ жүрісті КМТ немесе КМП түрлері:

      Көлемі кішкентай және массасы аз шығарған қос қалыпты ТК тежегіштер көп қолданыс табуда. Олар сығылмалы серіппенің күшімен тұйықталып, тежегіш иінтірегіне тікелей бекітілген қысқа жүрісті электрмагнитімен ажыратылады, әрі айнымалы ток (қысқа жүрісті клапынды МО-Б магнитімен ТКТ тежегіштің түрі) немесе тұрақты токпен жұмыс жасайды.

1-кесте бойынша Тт тежегіш моментіне байланысты Дт шкивтің диаметрін таңдайды.

1- кесте. Тт тежегіш моментінің тежелу шкивтің диаметріне ДТ байланыстылығы

ТТ, НМ

до 20

до 200

до 500

до 1100

до 2000

свыше 2000

ДТ, мм

100

200

300

400

500

600…800


 

Иінтіректі  жүйенің кинематикалық кестесін таңдайды: тежегіш ықшамдылығынан туындайтын иінтірек иіннің ұзындықтарын белгілейді.

Қалыпты тұйықталу К күшін анықтайды. Ең алдымен қалыптың тежегіш шкивінде  N қысу күшін төмендегі теңдеуден  табады:

                                                              (4)

      мұндағы: -  қалып және шкив аралығындағы сырғанау үйкелісінің коэффициенті ( =0,15 – шойын немесе болат бойынша; = 0,35 - болат немесе шойын бойынша қалып асбест болғанда = 0,42 - болат немесе шойын бойынша қалып валцты болғанда).

     Онда                                                                       (5)

Сол жақ иінтірегінің тепе-теңдік формуласын құрастыра отырып,  аламыз:

                                       

                                              (6)

Осыдан тұйықталушы күші:

                                                                         (7)

     Тұйықталушы серіппелері үшін есептелген жүктемені анықтайды.   теңдеуінен серіппені қысатын Р күшін табады.

 

                 (8)

мұндағы G – электргидроитергіш штогының ауырлық күші. Онда серіппенің есептелген жүктемесі төмендегідей болады:

                                           PP = (1,2 - 1,3)Р.                        

Тежегіштің  жүктік тұйықталу кезінде  ; -дан қажетті Gr жүгінің ауырлық күшін анықтайды. (2.23, ә-сурет)

                              

            (9)

        Конусты, дискілі және орталықтан тепкіш тежегіштер

       Қалыпты және ленталы тежегіштеріндегі күш тежегіш моментін алу үшін қажет. Ол радиал бағытымен әрекет етеді (конусты және дискілі) тежегіштері, олардағы бұл күш тежегіш білігінің осьін бойлай әрекет етеді. Дискілі тежегішті бір дискілі және көпдискілі деп бөледі.

 

5- сурет. Конусты тежегіш:

1 – қозғалмалы диск; 2 –қозғалмайтын   диск; 3 – стопорлы саусақ (тіс)

     Қажетті остік күшін азайту үшін (5-сурет) қозғалмалы 1 және қозғалмайтын 2 дискісінен тұратын конусты тежегішін қолданады. Қозғалмалы конус Fa осьтік күшімен қозғалмайтын дискіге қысылып, осының мнәтижесінде пайда болатын беттік үйкеліс күші тежегіштік моментін туғызады. Тежелу үшін міндетті түрде Fr үйкеліс күші түйісетін беттікте туындайтын ТT/rC айналма күшін жеңу керек. Себебі , жиынтық нормал күші болса, онда осьтік тежегіштік күші тең.Бұл формуладан /2 бұрышының кішіреюіне байланысты, осьтік тұйықталатын күшінің одан кішірек екені көрінеді. Ажырату барысында конустың кептеліп қалуын болдырмауға тырысады.

Жүкті түсіру жылдамдығын реттеу үшін центрден тепкіш реттеуіштерді қолданады, олар жүк жылдамдығының ұлғаюына жол  бермейді. Дискілі және тежегіш шкивінің ішінде жүгімен орналасқан центрден тепкіш реттеушілер  кең таралған. Көтергіш пен лифтерге орталықтан тепкіш тежегіштерін кабина қозғалысының жылдамдығын  шектегіш ретінде пайдаланады. Лифт кабинасының  шектен тыс жылдамдығы апаттық тоқтауларға әкеліп соқтырады, осыдан кейін кабиналар тоқтатылады.Автоцистерналардың қауіпсіз жұмыстарға арналған құралдар.

  Жұмыс барысында барлық автмобиль цистерналардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету аспаптармен, қондырғылармен және сигнализациялау құралдарымен жабдықталуы тиіс. Оларға жататындар: автоматты тоқтау механизмдеріне арналған ажыратқыш қондырғылар; артық салмақтан жебелердің шығуын (тез жүрісін) тоқтату немесе жүк көтеру механизмін ажырату; автоцистернаның жүк көтергіштігін шектегіштер; цистернаға еңкіштігін және жүк көтергіштігін көрсету

Автомобиль  цистернаға қауіпті жел жүктеменің (күшінің) жақындағанына жабдықталған сигнал беретін қондырғыларымен  жел  күші мен жылдамдығын тіркеуші анемометрлер; қауіпті кернеу сигнализаторлары; қауіпсіздік жөнінде жұмыс істейтіндерге алдын ала ескертуге арналған дыбыстық және жарық сигнализациясы.

      Автомобиль цистернаға орнатылған сигнализациялау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қондырғылар мен аспаптар өздерінің әр түрлігімен қозғалту принциптері бойынша және конструкциялық орындалуы бойынша ерекшеленеді.

Ажыратқыш қондырғылар

      Ажыратушы қондырғылар белгілі жағдайда (орнында) соңғы сөндіргішке әсер етуші иінтірек жүйесін құрап, қажет орынға орналастырады. Олардың міндеті бойынша қозғалтудың ажыратқыш қондырғыларына ,жебенің ұзарып шығуына көтеру биіктігіне және бұрылуына бөлуге болады. 

Автоцистерналарға орнатылған сигнализациялау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қондырғылар мен аспаптар өздерінің әр түрлігімен қозғалту  (әрекет ету) принциптері бойынша және конструкциялық орындалуы бойынша ерекшеленеді.

 

        1.13.Мұнай өнімдерімен газдарды тасуға арналған цистерна мен                       бөшкелерге қойылатын талаптар

    Автоцистерналар белгіленген тәртіпте келісілген нормаларға сәйкес есептелінеді.Криогенді сұйықтықтарды қоспағанда, сұйылтылған газдарға арналған цистерналар мен бөшкелер 50° С температурада оларда туындайтын қысымға есептелінеді. Сұйылтылған оттегі мен басқа криогенді сұйықтықтарға арналған цистерналар оларды босату жүргізілетін қысымға есептеледі. Цистерналарды есептеу оларды тасымалдау кезінде динамикалық жүктемемен туындаған кернеулерді ескерумен орындалады. Цистерналар мен бөшкелерде дайындаушы таңбалаумен мынадай төлқұжат деректерін түсіреді:

1) дайындаушының атауы немесе  оның тауарлық белгісі;

2) цистернаның (бөшкенің) нөмірі;

3) дайындалған жылы және куәландыру  күні;

4) сыйымдылығы (цистерналар үшін  – м3-мен; бөшкелер үшін - л-мен);

5) жүргіш бөліксіз бос күйде  цистернаның массасы (т) және  бөшкенің массасы (кг);

6) жұмысшы және сынама қысымның  шамасы;

7) дайындаушы сапасы қызметінің  таңбасы;

8) жүргізілген және кезекті куәландыру  күні.

     Цистерналарға таңба - есікке арналған ернемектің шеңберімен, ал бөшкелерде арматура орналасатын түптерге түсіріледі.Қабырға қалыңдығы 6 мм дейін және қоса алғандағы бөшкелер үшін төлқұжат деректері арматура орналасатын орында түпке дәнекерленген немесе пісірілген металл пластинкаға түсіріледі. Вакуум негізінде оқшауланатын цистерналарға ыдысқа жататын барлық таңбалар вакуумдық қабыршақтың есігінің аузының ернемегіне түсіріледі, және де цистернаның массасы қабыршақпен оқшаулау массасын ескерумен көрсетіледі. Коррозия туғызатын, сұйылтылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналар мен бөшкелерде, төлқұжат деректерінен кейін таңбалау жерлері коррозияға қарсы түссіз лакпен жабылады.Цистерналардың жақтауларына төлқұжат деректерімен металл кесте тіркеледі:

1)дайындаушының атауымен немесе  тауарлық белгімен;

2) нөмірімен;

3) дайындау жылымен;

4) бос күйінде жүргіш бөлікпен  цистерна массасымен (т);

5)цистернаның тіркеу нөмірімен  (цистарнаны уәкілетті органның  аумақтық бөлімшесінде тіркеуден  кейін оның иесі таңдайды);

6) кезекті куәландыру күнімен.

Цистерналар мен бөшкелерді бояуды, оларға жолақтар мен жазулар түсіруді мемлекеттік стандарттарға, жаңа цистерналар  мен бөшкелер үшін дайындауға НҚ сәйкес дайындаушы, ал пайдаланудағы цистерналар  мен бөшкелер үшін толтырушы жүргізеді.Пайдаланудағы пропан- бутандық және пентандық цистерналарды бояуды, және оларға жолақтар мен жазулар түсіруді цистерна иесі жүргізеді.

         Цистерналар жабдықталады:

1) ортаны құю мен төгу үшін  сифондық ыдыстармен шұраларымен;

2) цистернаның жоғарғы бөлігінен  буларды шығаруға арналған шұрамен;

3) серіппелі сақтандыру клапанымен;

4) манометрді қосуға арналған  штуцермен;

5) сұйықтық деңгейі көрсеткішімен.

Толтыруды жүзеге асыратын ұйымдар, және толтыратын станциялар әкімшілік белгілеген нысан бойынша толтыру журналын жүргізеді, онда көрсетіледі:

1) толтыру күні;

2) цистерна мен бөшкелер дайындаушысының  атауы;

3) цистерналар үшін зауыттық  және тіркеу нөмірі және бөшкелер  үшін зауыттық нөмір;

4) толтыруды жүргізген тұлғаның  қолы.

Толтыру станциясы цистерналар  мен бөшкелерді әр түрлі газдармен  толтырған кезде әкімшілік әрбір  газ бойынша жеке толтыру журналын жүргізеді.

          Цистерналар мен бөшкелерді тасу мен сақтауға арналған газбен толтырады. Автоцистерналар тығыздығы 0,83 т/м3-ден аспайтын мөлдір мұнай өнімдерін тасымалдау, қызқа мерзімге сақтау және жағармай құю үшін арналған. Цистерналар көлемі — от 4 до 40 м³ құрайды. Цистерналар ГАЗ, ЗИЛ, МАЗ, КАМАЗ автокөліктерінің шассилеріне орнатылады. Цистерналардың стандартты құрастыруына түп клапаны, қылталардың қалайы қақпағы кіреді. Автоцистерналар зиян заттардың атмосфераға шығарылмауын болдырмайтын буды пайдаға асыру жүйесімен жабдықталған, сондай-ақ мұнай өнімдерінің төрт түрін жеткізуді бір мезгілде орындауға мүмкіндік беретін біреуден төртеуге дейін жекеленген герметикалық бөлікті қамтитын көп секциялы ыдыстармен жабдықталған.От қауіпті жүктерді тасымалдау үшін автоотынжағармай құюшылар өрт қорғау құралдарымен жабдықталған. ЖКЖ барысында тұтанудан қорғау үшін цистернаның ішінде толқынкескіш және арнайы бөлгіш орнатылған. Бензин тасушылар үшін бензинді тасу немесе құю барысында цистернаның қабырғаларына жиналуы мүмкін статикалық электр үлкен қауіп туғызады. Шағын ұшқын бензин буларын тұтантып, апатқа әкеп соқтыруы мүмкін. Осыны болдырмау үшін бензин тасуға арналған автоцистерналар статикалық зарядты түсіруге мүмкіндік беретін арнайы жерге қосылған жүйемен жабдықталуы керек.

Информация о работе Автоцистерна