Автоцистерна

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 12:52, дипломная работа

Описание работы

Цистерналар сұйық газ сияқты,сусымал сұйық сияқты газ,тәрізді жүктерді шанақтың ерекше формасымен ұсынатын қазандықтарда мұнай өнімдерін,Цистерналар тасымалданатын жүкке байланысты екі топқа бөлінеді тамақ өнімдерін тасымалдау үшін арналған кең наменклатурасын тасымалдау үшін;
- арнайы жүктер түріне арналған арнайыландырылған цистерна.
Жалпы тағайындауға арналған цистерналар келесідей бөлінеді: ашық (бензин, және тамақ өнімдері сүт,табиғи ауыз су т.б) және қара (мұнай,минералды майлар және т.б) мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған.

Файлы: 1 файл

дайын!!!!.docx

— 909.17 Кб (Скачать файл)

 

1...9-ысырмалар;10-вентиль;А-тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр;Б- тегеурінді  қысқа құбыр; В- толтыру және  қотаруға арналған құбыр; ГК- гидро  клапан; П- қалтқы; КЗ- золотникті  клапан; КУ- басқару клапаны; Ф-  фильтр; СЧ- есептегіш 

4-сурет. Автомобиль отын құйғыштың  принципиалды технологиялық   схемасы




1-тұрқы; 2-кіргізетін жапқыштың  тәрелкесі; 3-шығаратын жапқыштың  тәрелкесі; 4,5-реттейтін гайкалар; 6-сап; 7-тұрқы қақпағы; 8-от қорғаушы; 9-шаң  жібермейтін фильтр 

5-сурет. Тыныс құрылғысының құрылысы




 

 

         1.5Автомобиль битум тасығыштар

       Автомобиль битум тасығыштар температурасы 200 оС жететін битум материалдарын мұнай өңдейтін заводтардан жұмыс орнына тасымалдау үшін пайдаланады.

        Битум тасығыштардың құрылысы мыналарды қамтамасыз етуі тиіс: тасымалдау кезінде цистернадағы битумның температурасы оны қыздырмай тұрақты болуы; цистернадағы битумды жұмыстық температураға дейін қыздыру; битум сақтайтын жерден және битум балқытатын қазандардан сораппен алу; цистернаға соқпай битумды беру.

        Битум тасығыштарда пісіріліп істелген цистерналар пайдаланады. Цистернаға керекті қаттылық және гидравликалық дүмпулерді сөндіру үшін екі қалқа қойылады. Цистерна үстіне құятын қылта қойылады және де оның кейін қойылатын жабатын қақпағы болады. Цистернаның артқы жағында құятын құбыр жалғастыру үшін фланец қойылған. Цистерна ішінде оның ішкі қуысын атмосферамен байланыстыратын тыныс құбыры, сорап көмегімен цистернаны битуммен толтыруға және қотаруға арналған құбырлар орналастырылады.

        Битум қыздыратын жүйе цистерна түбіне пісіріліп қойылған және қалқаларға қамыттармен бекітілген екі құбырдан, екі тұрақты және бір алып жүретін жандырғыштан, керосин багінен тұрады.

        Битум сорабының жетегі қуат алу қорабы мен кардан білігі арқылы тартқыш қозғалтқышынан алынады.

        Цистернадағы битум материалының көлемі қалтқы тәрізді деңгей көрсеткіші арқылы бақыланады.

 

        1.6. Сусымалы және жартылай сұйық жүктерді тасуға арналған автомобиль және автопоезд – цистерналар

  Автомобиль цемент тасығыштар

Автомобиль   цемент   тасығыштар   ұнтақ   және   шаң   тәрізді  құрылыс  материалдарын (цемент, ізбес тас, құрғақ күл, ұнтақ минерал) 150 км дейінгі аралыққа тасымалдау үшін қажет, сонда бұларда жүкті механикаландырып тиеу-түсіру үшін компрессорлы вакуумды қондырғы пайдаланады.

Цемент  тасығыш тұғырлы тартқыштан және жартылай тіркемеден тұрады. Тартқышта  жүргізуші кабинасының артында  вакуум - компрессор қойылған. Оның жетегі кардан және сына белбеулі беріс арқылы қуат алу қорабынан алынады. 6- суретте бұл цистерна көрсетілген. Саңылаулы құбыр 2 цементті цистерна ұзындығы бойынша біркелкі тарату үшін қажет. Толтыру аяқталуын бақылайтын мембраналы көрсеткіштің иілгіш мембранасы болады және де ол ішіне қарай иілгенде электрлік тізбектің контактілері тұйықталады және автомобиль дыбыс сигналы іске қосылады. Тиейтін саптаманың ауа соруды реттейтін краны болады, сонда цемент пен ауаның қолайлы ара қатынасы орын алады. Цистернаның аэротібі 25 цистернаның түбіне қойылған тартпа тәрізді болды, сонда оның бүйір қабырғалары цемент өздігінен ағу үшін түпке 50о бұрышпен жантайтылған және түбі бірнеше қабат кеуекті матадан істелген тор сияқты болады. Түпке ауа берілгенде ол түптен өтеді де цементті қопсытады, сонда цемент қабырғадан және әрі қарай жантайған цистернадан жеңіл сырғанайды да қотаратын қысқа құбырға келеді.

    6-сурет. Цемент тасығыштың пневматикалық жүйесінің схемасы

     1-цистерна; 2-саңылаулы құбыр; 3-толтыру аяқталуын бақылайтын мембраналы көрсеткіш; 4-ауаны цементтен тазартатын фильтр; 5-тиейтін люк; 6,24-құлып; 7-вакуумды қысқа құбыр; 8-мановакуумметр; 9-тегеурінді қысқа құбыр; 10-кері клапан; 11-кран; 12-қақпақ; 13-ылғалмайайырғыш; 14-вакуум-компрессор; 15-май фильтрі; 16-ауа тазартудың екінші сатысының фильтрі; 17-ауа өткізгіш құбыр; 18-қотаратын қысқа құбыр; 19-кран; 20-үрлейтін форсунка; 21-тиейтін қысқа құбыр; 22- краны бар саптама; 23-қотаратын құбыр; 25-цистернаның аэротүбі

        Цистернаның толтырылуы оның ішіндегі вакуум-компрессор 14 туындататын сиретілу арқылы істелінеді. Цемент саптама 22-де ауамен араласады, сонан соң цистернаға түседі де оның ұзындығы бойынша біркелкі үлестіріледі. Толтыру аяқталғаны туралы дыбыс сигналы хабарлайды. Цистернаның қотарылуы оның аэротүбіне қысылған ауа келтіру арқылы орындалады. Копрессор 14 ауа тазартудың екінші сатысының фильтрі 16 мен май фильтрінің арасындағы ашық қақпақ арқылы атмосферадан ауаны сорады. Тазартылған ауа аэротүп 25 арқылы цистернаға келеді де ішіндегі цементті қопсытады және артықшылық қысым тудырады.. Ауа мен цемент қоспасы қотаратын қысқа құбыр 18 арқылы үрлейтін форсунка 20-ға келеді, әрі  қарай  ауа  ағынымен  қосылып   қотаратын  құбыр 23-пен 20 м биіктікке дейін және 50 м аралыққа дейін беріледі. Цистернаның қотарылуы туралы цистернадағы ауа қысымы нольге дейін төмендеуі хабарлайды.

 

1.7.Сұйық құрылыстық және жартылай сұйық қоспаларды тасуға арналған автомобиль – цистерналар

Құрылыста ЗИЛ-130 негізінде жасалған автомобиль ерітінді тасығыштар мен  автомобиль ерітінді бетон тасығыштар пайдаланады.Қоспа қалақтары бар  біліктермен араластырылады, ал олардың  жетегі гидро мотордан алынады.

Автомобиль ерітінді тасығыштың цистернасы люк арқылы толтырылады, ал қотарылуы оның төменгі артқы жағына орналасқан қотаратын тесік арқылы жүргізіледі, ал қотаратын тесік, өз кезегінде, гидро цилиндрден жетек алатын шибермен жабылады. Тесік астына тартпа қойылады. Автомбиль ерітінді бетон тасығыштар пайдаланған газдармен қыздырылатын шанақтары бар самосвалдар негізінде жасалады.

Ізбес тас тасығыштар «ізбес тас сүтін» тасуға арналған. Олар цилидрлі-конусты пішінді екі цистернадан тұрады. Бұлар араластырғыштармен және вакуум-сораппен жабдықталады, сонда вакуум-сорап цистерналар толтырылғанда «сиретілу» жұмыс істеу тәртібінде, ал қотарылғанда «айдамалау» жұмыс істеу тәртібінде жұмыс істейді. Араластырғыштар мен вакуум-сорап жетектері тиеу-түсіру орындарындағы электрлік токтан алынады.

 Автомобиль бетон тасығыш қоршаған ауа температурасы 40 оС дейін болғанда 30 км дейін аралықта бетон тасу үшін қажет. Хоппер тәрізді шанақ ЗИЛ-130Д1 автомобильге қойылған. Шанақтың 85о бұрышқа көтерілуі телескоптық цилиндр арқылы жүргізіледі. Шанақ көтерілгенде шанақтың қабырғалары мен түбін тазарту үшін пневмо дірілдеткіш (3,5...4,5 Гц) автоматты түрде іске қосылады.

Тиейтін қылта мен қотаратын тесік  қақпақтармен жабылады. Қылта қақпағы  кабинадан басқарылатын пневмо цилиндр  көмегімен ашылады және жабылады. Қотаратын тесік қақпағы шанақпен топсалар арқылы байланысқан. Қақпақ ашық кезінде рычагты-серіппелі механизммен  бекітіледі.

Автомобиль бетон араластырғыш мөлшерленген құрғақ компоненттермен қоректендіретін арнайы қондарғылардан қолдану орындарына дейін жол-жөнекей бетон қоспасын дайындау үшін, құрылыс объектісінде бетон қоспасын дайындау үшін, сонымен қатар тасыған кезде дайын сапалы қоспаны араластыру үшін қолданады. Олар алмұрт тәрізді араластырғыш барабаны бар гравитациялық реверсті бетон араластырғыштар түрінде болады, ал барабандар жүктік автомобильдердің шассилеріне, автомобиль үлгідегі арнайы шассилерге немесе үш осьді тартқыштарға тіркелетін жартылай тіркемелерге қойылады. Араластырғыш барабандардың осьдері горизонтқа 10...15о тұрақты бұрышпен жантайтылып қойылған. Араластыратын барабан ішіне екі бұрандамалы винтті қалақшалар қойылған, сонда барабан бір жаққа карай айналғанда барабан бетон қаспасымен толтырылады да араластырылады, ал кейін қарай айналғанда (реверс) дайындалған бетон қоспасы барабаннан қотарылады. Араластыратын барабан жетегі үшін қуат дербес қозғалтқыштан механикалық берістер  жүйесі арқылы

берілуі мүмкін, сонда бұл берістер жүйесі реверсті редуктордан, шынжырлы берістен және барабанға  бекітілген тісті тәжден тұрады. Сонымен  қатар араластыратын барабан  жетегі үшін қуат дербес қозғалтқыштан, негізгі шасси қозғалтқышынан немесе шасси трансмиссиясынан қуат алу  корабымен гидро механикалық  беріс арқылы берілуі мүмкін. Гидро  механикалық беріс шығынды реттейтін  гидравликалық сораптан, реверсті гидро  мотордан және планетарлы редуктордан  тұрады. Гидро сорап жұмыстық сұйықты  гидро моторға береді, ал гидро мотор планетарлы редуктор арқылы араластыратын барабанды айналдырады. Гидро механикалық жетек барабанның айналу жиілігін жатық реттеуге мүмкіндік береді. Гидравликалық жүйедегі жұмыстық қысым 18...22 МПа болады. Қоспа компоненттерімен немесе бетон қоспасымен араластыратын барабанды толтыру үшін, сонымен қатар қолдану орынында араластыратын барабаннан қоспаны қотару үшін автомобиль бетон араластырғыш тартпа тәрізді тиейтін-түсіретін құрылғылармен жабдықталады. Алдын ала араластыратын барабанға тиелген құрғақ компоненттерден бетон қоспасын дайындау үшін, сонымен қатар бетон қалдықтарынан барабан мен араластыратын барабанның тораптарын тазарту үшін бетон тасығыш сумен қоректендіру жүйесімен жабдықталады, ал бұл жүйе суға арналған бактан, қысымды су беретін және оны мөлшерлеп беретін аппаратурадан тұрады. Қазіргі шығарылатын автомобиль бетон араластырғыштардың технологиялық жабдықтарының айтарлықтай айырмашылығы болмайды және олар мейлінше бірыңғайландырылған. Автомобиль бетон тасығыштар қоршаған орта температурасы -30...+40 оС болғанда жұмыс істей алады.Жүктелген автомобиль бетон араластырғыштар технологиялық жұмыс істеу тәртібінде қозғалғанда ең үлкен жылдамдық 60 км/сағ аспайды.

Автомобиль  бетон тасығыштардың негізгі  параметрі болып дайын қоспа  шығуы бойынша араластыратын  барабанның сыйымдылығы (м3) табылады.

7-суретте  бетон араластырғыштың кинематикалық схемасы келтірілген.

Барабанның  ішкі бетіне екі спиральді қалақша 11 бекітілген, сонда олардың жантаю бұрыштары барабан бір жағына айналғанда қоспа компоненттері  барабанның төменгі бөлігіне түседі де олардың гравитациялық араластырылуы  болады, ал барабан кері айналғанда қалақшалар дайын қоспаны  қабылдайтын  тартпаға беретін қылып таңдалады. Қабылдайтын тартпа бұрылатын жүк  түсіретін науамен байланысқан.

7-сурет. Автомобиль бетон араластырғыштың кинематикалық схемасы




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Барабан 9-ға айналу реверсті тісті редуктор 5 және шынжырлы беріс 6 арқылы дербес дизель қозғалтқышынан беріледі, сонда шынжырлы берістің жетектелетін жұлдызшасы барабанның сфералық түбіне қатты бекітіледі. Барабан алдынан шасси рамасына орталық цапфа 7-мен, ал артынан тегіс бандаж 10 арқылы  мойын  тіректерге қойылған тіреніш

роликтері 12-ге тіреледі.

         Жетек барабан жүктелгенде, араластыру кезінде және жүк түсірілгенде оның екі жаққа айналғанында екі айналу жиілігін қамтамасыз етеді. Жүктелу кезінде барабанның айналу жиілігін қоректендіретін қондырғының өнімділігіне байланысты таңдайды.

         Қоспаны жол-жөнекей дайындау тасымалдау аралығы 10...15 км дейін болғанда істелінеді, сонда араластыратын барабанға мөлшерленген қоспа компоненттері бір мезгілде тиеледі. Бұдан да қашық аралықтарда тасығанда барабанға алдымен құрғақ қоспа компоненттері тиеледі, ал барабанға су келтіру және қоспа дайындау объектіге жеткенде жасалады. Араластыратын барабанға судың белгіленген мөлшері мөлшерлегіш-жуғыш бактан тиейтін воронкадағы канал арқылы центрден тепкіш сорап 1-мен беріледі. Сол канал арқылы барабанды жүк түсірілгеннен кейін жууға керекті су келтіріледі. Сорап жетегі кардан білігі 4 пен сына белбеулік беріс 2 арқылы қозғалтқыш 3-тен алынады. Тасымалдау кезінде дайын бетон қоспасы жіктелмеуі үшін барабан төменгі жиілікте айналады да қоспаны әрдайым араластырып отырады.

       Барабандағы дайын бетон қоспасының көлемі 5 м3 болатын 58140С автомобиль бетон араластырғышының 58412 автомобиль бетон араластырғышынан айырмашылығы, соңғысының барабанының жетегінде және қуат алу жүйесінде, сонымен қатар араластарғыш барабанның айналу жиілігі 0...20 мин-1 аралығында сатысыз реттелінуінде болады. Араластырғыш барабанның айналуы планетарлы редуктор арқылы жұмыстық қысымы 25 МПа болатын реверсті гидро мотормен істелінеді. Гидро мотордың қоректенуі кардан білігі арқылы қуат алу корабынан қуат келтірілетін реверсті реттелінетін гидро сораптан жүргізіледі.  

       Автомобиль бетон араластырғыштың техикалық сағаттық өнімділігі, м3/сағ

                                                                                         (1.1)

мұндағы - барабан сыйымдылығы, м3; - геометриялық көлемді пайдалану коэффициенті, ол барабанға тиелетін құрғақ құрастырушылар көлемінің барабанның геометриялық көлеміне қатынасына тең; - қоспа шығымын сипаттайтын коэффициент және ол қоспа көлемінің құрғақ құрастырушылар көлеміне қатынасына тең болады (бетон араластырғышпен дайын бетон қоспасын тасымалдағанда =1); - бетон араластырғыштың циклінің ұзақтығы, мин.

Информация о работе Автоцистерна