Аристотель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 17:57, доклад

Описание работы

Древнегреческий ученый Аристотель, философ, энциклопедист и основоположник логики, первым в систематическом виде изложил воззрения на душу.
Жил Аристотель в 384-322 годах (IV в. до н.э.).

Файлы: 1 файл

Аристотель.docx

— 484.27 Кб (Скачать файл)

Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды десек, асыра айтқандық болмас.

Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде карап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. Өйткені табиғат, олардың ойынша, көркем турде жаратылған. Ендеше, адам да ешбір бүлінбей, идеалды түрде шебердің қолынан шыққандай, өзінің мәнін айқара ашып, күнделікті күйбең өмірдің лас жағынан тазаланып шығуы керек. Сондықтан ол ешбір қайғыны, ауыр азапты басынан кешірмей, тыныш, жайбарақат өмір сүруі тиісті. Ол үшін адам өз рухына өзі барынша беріліп, өзінің ішкі дүниесіне қарай бет бұрып, соған ғана барып орналасқаны жөн.

Көне грек дәуірінің аумалы-төкпелі заманында, әсіресе, мәдениет пен философия құлдырап, барлық ел дағдарысқа ұшырағанда, бұл да бір табылған дұрыс жолдардың бірі еді. Бірақ ол үшін адамдар рухы берік, нағыз философтар болуы керек қой. Қазіргі біздің осындай дағдарысқа ұшырап отырған заманымызда мұндай рухы берік стоялықтар табыла қояр ма екен?

Ал енді эллинизм дәуірінің келесі ағымы — эпикуршілдік — атақты философ Эпикурдің есімімен аталатын философия. Ол ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын ілгері дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды. Егер құлдық демократиялық дәуірдің өркендеп тұрған кезінде Демокрит атомдар біркелкі және тура қозғалады деп есептесе, Эпикур өз заманына байланысты атомдардың қозғалысындағы өзгерісті көрсетті. Сондай-ақ, Демокрит атомдар қажеттіліктерге ғана бағынады, олардың озара байланысында ешбір кездейсоқтық болмайды деп тұжырымдаған еді. Эпикур болса, атомдардың өмір сүруі мен қозғалысында кездейсоқтықтардың орын алатынын ашып көрсетті.

Осы екі ойшылдың атомдық  көзқарасының айырмашылығы сырт қарағанда  онша маңызды емес. Ал, шындығында, мәселенің  негізі басқада. Эллинизм дәуіріндегі Эпикур атомдардың қозғалысында үлкен өзгеріс болады, олар кездейсоқтыққа ұшырайды деп сол кездегі қоғамдық өмірдің бейнесін беріп отыр. Бұл жердегі әңгіме атомдардың қасиеттері туралы болып отырған жоқ. Керісінше, Эпикур атомдар арқылы еркіндік пен бостандық мәселесін көтерді деуге болады.

Сондай-ақ, скептиктер (грек тілінде “қараймын”, “зерттеймін”, “күдіктенем”) ағымы да адамның  ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст, Эмпириктағы басқалары болды. Бұл философияның негізі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу аркылы оны қайта бағыттау. Скептиктер көне дәуірдегі диалектика мен софистиканы ұштастырды. Олар өз заманындағы қайшылықтарды айрықша анықтап, соларға ерекше назар аударды. Сондықтан болар, олардың философиясында қарама-қарсы анықтамаларға шебер түрде талдау жасалады. Гегельдің тілімен айтқанда, скептиктер диалектиканың өзіне қарсы шығу үшін, диалектиканы жақсы пайдалана білді.

Алайда, білімнің шындығына  сын көзбен қарай отырып, оған күдік  тудырып, олар адамның практикалық  қызметін жоққа шығармады. Олардың негізгі теориясы адамның қызметіне бағытталды десек, қателеспеген болар едік.

Расында да осы эллинизм дәуірі бір жағынан Аристотельдің философиясымен аяқталған процесті жалғастырды да, екінші жағынан жаңа дәуір — орта ғасыр дәуірінің жаршысы болды. Бұл ағымдар — стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер — философия тарихында бір-бірімен үнемі жауласып өткен топтар. Алайда, олар адам өмірінің негізгі мақсатын бақыт деп білді. Сондықтан олар адамның бақытқа жетуінің жолдарын өзінше көрсетіп беруге барынша ат салысты.

Аристотель ең алдымен  көне грек мәдениетінің жемісі. Сондықтан  оның философиясын, саяси-әлеуметтік көзқарасын, ғылыми тұжырымдамаларын түсіну оңайға соқпады. Өйткені ол үшін ерекше жоғары дәрежеде дамыған мәдени орта қажет болатын. Құлдыраған көне грек және көне Рим мәдениеті ұлы Стагириттің даналық еңбектерін ілгері апаруға дәрменсіздік көрсетті. Не грек, не Рим стойцизмі, скептицизмі данышпан философтың ойларын дамыта алмады. Ол — ол ма, орта ғасырда атағы дүркіреген христиан дінінің негізін қалап дамытушылардың бірі — Фома Аквинскийдің (1225—1274) өзі грек данышпанының логикалық ойларын жете түсіне алмады.

Ал Аристотельдің философиясын ортағасырлық Таяу Шығыс және Орта Азияда Әл-Фараби шығармалары және Ибн-Сина, Ибн Рушдтың түсіндірмелерінде  оны әрі қарай дамыту арқылы дүниежүзілік сахнаға алып шықты.

Мұның себебі неде жатыр? Бұған  осындай шығармашылыққа жол ашқан  қауырт дамыған Шығыс мәдениеті  мен өнері еді. Бұл мәдениет пен  өнер араб тілі арқылы бүкіл Шығысты  толық қамтып, сонау ғажап “Жібек жолы” арқылы Батыс пен Шығысты  жалғаған үлкен мәдени көпірге айналды. Сол көпірден сауда-саттыкқа негіз болған материалдық дүниелермен қатар мәдени, философиялық ойлар мен өнер-білімде сапырылысып, бір-біріне әсер етіп, әрлі-берлі өтіп жатты.

Осы Ұлы Жібек жолының  дәл кіндігінде отырған Орта және Қиыр Шығыс халықтарының әдебиеті, философиясы және саяси әлеуметтік көзқарасы Аристотельдің қайта туып жаңғыруына, жаңаша түлеуіне, оның философиялық ойларының жаңа арнада тасқындай тасып, қайтадан Батысқа қарай бет бұруына әкеліп соқты.

Осы Таяу Шығыс философтарының, әсіресе, Ибн Сина мен Ибн Рушдтың  әсерінен христиандық діни көзқарастары Фома Аквинский, Аристотельді қайта  ашып, оны өзінше түлетуге шамасы келді. Ол формаларды абсолюттендіре отырып, формалардың формасы — Құдай  деп ұлы Стагириттің еңбектерін христиан дінінің түпкі негізі ретінде қарауға ұмтылды.

Ендеше Аристотель философиясы  орта ғасырдағы батыс Еуропадан  көрі Таяу және Орта Шығыста өз негізін тауып, Әл-Фараби арқылы ерекше дамыды. Өйткені шығыстың данасы — Әл-Фараби “Философияны үйренуден бұрын нені білу керек”, “Интеллект (сөзінің) мағанасы жөніндегі пайымдама”, “Екі философтың — қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы туралы”, тағы басқа шығармаларында көне грек философиясын, онын ішінде, әсіресе, Аристотельдің дүниетанымын әлемге басқаша қырынан ашып көрсетіп, бүкіл дүниежүзілік мәдениет пен философияның дамуына айрықша үлес қосты. Схоластикалық көзқарастан арыла алмай, діни мистикалық көзқарастың шырмауына іліккен Батыс ойшылдары үшін Әл-Фараби мен басқа да ортағасырлық шығыс философтары тастай түнек-лабиринттен шығудың жолы болатын.

Әл-Фараби арқылы қайта түлеген  Аристотель араб тілінен (грек тілінен  емес) қайта латын тіліне аударылып, Батыс Еуропаға келіп орнықты. Кейін жаңа заман ойшылдары — Ф. Бэкон мен Н. Коперник, Джордано Бруноның көзқарастарында, Аристотельдің әлемнің бірлігі мен әртүрлілігі, оның шексіздігі мен шектілігі тағы басқа идеялары шығармашылықпен дамыды.

Еңбек туралы мәселені талдағанда Аристотель теңдік мәселесіне соқпай кетпейді. Адамдардың еңбегін қалай салыстыруға болады? Жай ғана құрлысшы мен етікшіні салыстыру дұрыс па, ол не береді? Бірі — үй салады, екіншісі — етік тігеді, оларды тең қарауға болмайды ғой. Бірақ оларға ортақ — ол еңбек. Еңбек арқылы оларды тендестіруге болады. Біреуге — етік, ал біреуге — үй қажет. Ендеше тауардың құны арқылы Аристотель теңдік қатынасын ашты. Бірақ шын мәніндегі тендік қатынасының не екенін түсіну Аристотельге мүмкін емес еді. Ол үшін капитализмнің шырқап дамыған кезеңі ғана бұл мәселелердің мәнін аша алады. Сондықтан К. Маркс өзінің “Капиталын” жазу үстінде ұлы Стагириттің данышпан ойларына айрықша назар аударды.

Әсіресе, XIX ғасырда Аристотельдің  көптеген идеялары, капитализмнің терең  дағдарысқа ұшырауына, әлеуметтік-саяси  дамудың таптық күрестерге, революциялық қозғалыстарға әкелуіне байланысты өзінің мәнін тереңірек аша түсті. Солардың негізгілері грек данышпанының экономикалық идеялары еді…

Аристотель қазақ ойшылдарына  да, әсіресе, данышпан Абайға ерекше әсер етті. Ұлы данышпан грек ойшылының есімі қазақ арасында да ертеден-ақ аңыз болып тараған. Сол аңыз ертегілерде есімі Ескендір Зұлхарнайын деп аталатын дүние жүзін жауламақшы болған көне грек қолбасшысының (тарихта Александр Македонскийдің) тәрбиеші, ұстазы болған адам.

Абай өзінің “Ескендір” атты дастанында Филипп патшаның баласы — Ескендірдің “Мақтан сүйгіш, қызғаншақ” екенін айта келіп, оны  данышпан Аристотельмен қарама-қарсы  қойып, олардың арасындағы өзара  байланыстың мәнін ашты.

Дастанда жаугершілікпен жүрген Ескендір бір шаһарға жетіп, берік қақпадан кіре алмай әлек болғанда, оған сый ретінде орамалға оралған ку бас сүйек лақтырылады. Бұған ашуланған Ескендір:

“Осы менің  теңім бе? — деп ақырып, Лақтырып жібереді сол суйекті”.

Бірақ данышпан Аристотель “Қасиет бар бұл сүйекте”—  деп, оны өлшеуші таразыға салып еді; “Қанша алтынды, күміс пен салса дағы, бір кішкентай сүйекті аудармады. Барлық қару-жарақ, бүкіл қазынаны салса да аудармады”.

Бұл суйекті басарлық нәрсе бар ма? “Ақылмен ойлап тапшы!”— деген патшаға, Аристотель жерден бір уыс топырақ алып сүйекке шаша салып еді, сүйек басы жоғары шыға қалды.

Бұл аңыз бойынша Абай, данышпан Аристотельдің материя мен форманың диалектикалық байланысын ашып бергендігін баяндап отыр. Адамның қу бас сүйегі — ол материя, зат. Ал ол қоғамдық қатынасқа түскенде өзінің мәнін ашады.

“Бұл адамның көз сүйегі,- деді ханға

Тоя ма адам көзі мың мен  санға?

Жемір көз жер жүзіне тоймаса да.

Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен”.

Аристотельдің даналығы —  ол ешкім байыбына барып шеше алмаған  философиялық мәселені шешіп отыр. Адам көзі екі функцияны атқарады, бірі — көру. Ол жан-жануарларға да тән қасиет. Екіншісі — адам көзі қоғамдық, материалдық, тағы басқа қатынастардың мәнін ашады.

Диалектикалық тұрғыдан қарағанда көздің екі жақты қызметі бар. Бірі — ол көздің негізгі қасиеті көру екені айтылады. Бұл дүниені, ен байлықты, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты көру, сол арқылы санаға заттың түрін, түсін тағы басқа да қасиеттерін түсінуте жол ашу.

Екінші жағынан, көздің өзінің негізгі қызметі түп тамырымен өзгеріп, тек құмартудың, нәпсінің дамуына жол ашып, дүниеге тоймайтын, ешбір тойымсыз көзге айналу.

Ендеше көз бен ақылдың, көз бен парасаттылықтың арасында диалектикалық байланыс бар. Өйткені  бірінші — көз сезімділік танымының алғашқы сатылары қабылдау мен елестетудің формаларына кеңінен қызмет атқарса, екіншісінде көз арқылы рационалды танымның биік сатысына жол ашылады.

Көптеген адамдар, жалпы  адамзат үшін көз тек қана көру қызметімен ерекшеленеді. Ендеше даңқты қолбасшы — Ескендір (яғни Александр Македонский) үшін де бас сүйек тек қана зат, жансыз дененің бір мүшесі. Оның ешқандай мәні жоқ. Олай болса қақпадан бұған қарай лақтырып тастаған бас сүйек үңірейген көздің бейнесімен мұны қорлауға арналған сияқты болып көрінеді. Ескендірдің қаһарлы ашуын, меселенің мәнін түсінбегендігін, данышпан Аристотель байыппен, сабырлы түрде айқындап берді.

Бас сүйек бір қарағанда ғана зат, материя, ешбір мәні жоқ, қураған нәрсе. Ал енді оның адамдардың қолына тиюі, адамдық қатынасқа түсуі жаңа бір ойдың түйінін аша бастады.

Бұл жай бас емес, Абайдың  тілімен айтқанда “кәпір көз”, дүниеге араны ашылған көз, дүние байлыққа тоймайтын көз.

Ендеше Аристотельдің  диалектикалық көзқарасы бойынша  қу бас біресе материя, зат, ешбір бағасыз бірдеңе, ал, екінші жағынан, ол адамдар арасындағы қатынаста формаға айналып, белгілі бір мәнге ие болады…

Мыңмен жалғыз алысқан  Абай көне грек философиясының алыбы — Аристотельге ерекше назар аудара отырып, өзінің зар-мұңын шағады, заманның тарылып бара жатқанын айтады…

Сонау көне заманда көрнекті қолбасшы — Александр Македонскийге  ұстаз болған Аристотель қазақтың данасы — Абайға дәл осы өзі өмір сүріп отырған дәуірде, адамдардың рухани дүниесі өзгеріп, әрі жұтандап келе жатқан кезенде, оларға “ата-анадан мал тәтті” болып, ашкөздікке бет бұрып, “ғылымда жоқ, ми да жоқ, даладағы аңдарға” айналып бара жатқанда аса қажет еді. Сондықтан данышпан ақын:

“Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,

Өз күлкіңе өзің қарық  болма бекер!

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ-түпке жетер”. —

деп түйіндейді…

Аристотельдің ғылымдағы, әсіресе  жаратылыстану салаларына, философияға, этика мен эстетикаға, тағы басқа да мәселелерде ашқан жаңалығы мен даналық үлесі ұшан теңіз.

Біздің еліміз — Қазақстан  үшін, әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға  бет бұрған, сол салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отырған кезеңде, халқымызға гректің данышпан ойшылы — Аристотельдің еңбектері баға жетпес рухани байлықтың қайнар көзі болып есептеледі. Тек сол мәңгі суалмас рухани байлықтан нәр ала білу қажет.

Қазіргі кездегі  ғылымның нақты отаны Ежелгі Греция болып табылады.. Ғылымның іргетасы — математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған. 
 
Математиканың теориялық білімінің салыстырмалы түрде дамыған үлгілелері антикалық полистер контекстінде алғаш рет пайда болып, қарастырылды. Бір пікірдің екіншісінің алдындағы артықшылығы дәлеледемелер арқылы анықталды. Негізделген білімнің пікірден артықшылығы антикалық философияда өзінің дамуын одан әрі жалғастырды. Антикалық ғылымда әдістерге, ақиқаттың дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Тұңғыш рет диалектиканың  әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Математика саласында негізделген және дәлелденген білімнің идеалын қолдану білімді баяндаудың жаңа принциптерін бекітті. Грек математикасында білімді теория түрінде баяндау үстем болды: «берілді -дәлелдеу керек — дәлелі». Антикалық философтар математиканың дамуының теориялық жолына өтуге қажетті құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары қабылданды. /Фалес, пифагоршылар, Платон/. Бұл процесс Евклидтің дамыған геометриясының теориялық жүйесінің құрылуымен аяқталды.

Атомдық ілімнің  негізін салушы ежелгі грек философы-материалисі  Демокритке /б.з.д. 460-370 жж./ мынадай қанатты  сөздер тән: «Мен үшін бәр ғылыми ділелдемелер табу бүкіл Парсы патшалағын меңгеруден гөрі маңыздырақ».

Дәлелдеу-математиканың  іргетасы, онсыз математиканың дамуы  мүмкін емес.

Математикадағы  рационалдық ойлаудың тұңғыш өкілі Фалес /б.з.д. 6258-548 жж./ болып есептеледі. Фалес — мемлекеттік қайраткер, инженер, астроном, философ, математик. Белгілі американ математигі мен ғылым тарихшысы Д.Я. Стройк қазіргі математиканың шығу тегін зерттей келіп, былай деді: «Аңыз бойынша, грек математикасының атасы милет көпесі Фалес болып есептеледі. Ол алтыншы ғасырдың бірінші жартысында Вавилон мен Египетте болған. Ол қаншалықты аты аңызға айналған фигура болғанымен толық шындық ашылған жоқ. Ол қазіргі математиканың негізін ғана салушы емес, сонымен бірге бүкіл қазіргі ғылым мен философияның негізін салушы болып есептеледі».

Информация о работе Аристотель