Абайдағы ғашықтық мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 00:00, реферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңдіре отырып, мәдениетке тың арна салды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................2
I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы
1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері..........................................6
1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері..................................29
1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде...........................44

II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі
2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55
2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66
2.3. Абайдағы махаббат мәселесі..........................................69

Қорытынды................................................................................73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76

Файлы: 1 файл

Абай.doc

— 524.00 Кб (Скачать файл)

Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен демокр. мәдениеті, сол арқылы дүние жүзілік ең алдымен Батыс Европаның философиялық ойдың жетістіктері. Әуөзов бұл идеялық  бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішіде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдык ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті. Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және филос. озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған рев. демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен  ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен катар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне катынасын түтастай даму үстінде: «орыс және казақ халқының байланыстарын сол көзеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста қарастыратынының»  методологиялық маңызы аса зор.

Өз заманының  ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыловтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революциялық, демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, соңдай-ақ, Шығыстың үлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы  таныс  болды; Батыс Европа философиясын,дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды:«... өэінің рационалдық философиясын Абай көздейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осыңдай бай школалардың оқуынан өтіп алыл, сөйтіп, бұларды озінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды.


Абай философиясының мазмұнын барынша толық ашу ушін оның шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі   жеткілікті деңгейде қолға алынбаған нәрсе» деп мойыңдайды. Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері   мен   19  ғ-дағы   көрнекті   орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терентамырластығын ашып берді. Абай философиясында рационализм мен демократизм рухындағы өзініңең ең  басты идеялык, үстазы және тәрбиешісі болған Чернышевский көзкарастарының негізін терең түсіне білді. Ойшыл-ақын оның әр түрлі филос. жүйелерге сын көзбен карап, қорытынды жасайтын енбектері арқылы Демокриттен   бастап Фейербахқа дейінгі Батыс Европа  философиясымен  танысты.


Абай табиғаттың объективті шындығын, әлемнің адамдар еркінен, қалауынан және санасынан тыс өмір сүретінін мойындайды. Ол әлемнің пайда болуы мәселесін « дүние әрбір бір турлі кереққе бола жаратылып және бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын көркем законға қаратылып жаратылды», - деп тусінген.  Атомистиканың көне заманнан бері материалистік  дүниетанымының негізі саналғаны белгілі. Абай тұжырымдарына қарағанда оның осы іліммен, сондай-ақ, атомизмнің дамуына зор ұлес қосқан М. В. Ломоносов, А. М. Бутлеров, Д. И. Менделеев  еңбектерімен  таныс болған анық. Ойшылдың пікірінше табиғатта бәрі де объективті түрде емір суреді, барлығы да белгілі бір заңдылыққа сай және соған бағынады. Сондықтан да ақын себептілік байланысты, әрбір істің  себебін тани білу қажет деп есептейді.

      Абайдың дүниетанымындағы  айналадағы коршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенүмен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра карастыратын көзқарасы қарама-қайшылыкта және күрделі болып келеді.

        Абай адамды табиғаттың бір бөлігі деп санап, имандылық қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір калыптастырады деп есептейді. ал объективті дүиенің кұбылыстары адам басында сәулеленеді де, оның психикалық  қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық,биологиялық, психологиялық, эстетикалық және әсіресе, этикалық, көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде айтылатын ойлармен ұштасады.Чернышевскийдің түсіндірүінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам танақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сөзеді, калайды) қубылыстарды байқаймыз.Абай Жетінші сөзінде. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, үйықстасам деп түрады .. Біреуі білсем екен демеклік... Дүниенің көрінен Һәм жерінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп біпмесе, адамдықтың орны болмыйды », -дейді ойшыл ақын. Обьективті шындықты тануға деген бұл құмарлықты  ақын адамның ең жоғарғы талабы деп біледі. Абай адамның касиеті туралы ойын ерістете келіп«Адам  баласы екі нәрсеменен бірі-тән, бірі-жан. Ол екеүі орталарында болған нәрселердің кайсысы жибили, кайсысы кәсиби-оны білмек керек.


«Абай дуализмге жол берді» деп есептеді («Қазақстандағы саяси-қоғамдық және философиялық ой тарихының очерктері. Ақиқатында Абай да Чернышевский сияқты адам бойындағы заттык және рухани бастауларының бірлігін, адамның тұтастығын айкынырақ ашып көрсетуді мақсат етті.Ақын орыс ойшылдарының еңбектері мен өз колына тұскен жаратылыстану ғылымының деректері негізінде табиғатқа материалистік монизм тұрғысынан карап, адамның «рухани қызметін» оның дене еңбегінен бөліп алу дұрыс емес деп есептеді. Ал, бұл бір-біріне  тәуелсіз материалистік және идеалистік, жеке дара екі бастауды мойындаудан келіп шығатын дуализмге тубірімен қайшы нәрсе. Герцен жазғандай дуализмнің  ең басты принциптері «... шын мәнісіңде бөлуге болмайтын нәрсені - мысалға, дене мен рухты -  жасанды қарама-қарсылықтарға бөлу болып табылады, бұл дерексізденулерді бір-біріне  қастықпен карсы қою және мызғымастай болып біріккен нәрселерді жасанды жолмен елшеу». Абай әлемді тануға болатындығын мойындап, болмыс пен сананың шегін ажыратуға болмайтындығын теріске шығарады, бір бутіннің бөлшектері ретіде  адам мен  табиғаттың тұтастығы туралы айқын тұжырымдар жасап, саналы адамның біртутас табиғаттың  үздіксіз дамуының нәтижесі екенін дәлелдейді. Өлемнің тұтастығы туралы мәселе философия тарихындағы ең күрделі такырыптардың бірі екені  белгілі. Абай мұны сана тудырған емес, өзінше объективті өмір сүретін әлемнің материалдық тұтастьғы, бірлік деп түсінді. «Бір» демеклік... алла  тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін - деп жазды. Абай, - мүмкинаттың (болуы мүмкін нәрселер) ішінде  не нәрсенің үждуі (бар болу, бар болушылық) бар болса, ол бірліктен кутылмайды».

Әлемнің материалдық тұтастығы туралы тұжырымдарында Абай Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде материалистік философияның аса маңызды ережелерін негіздеп берген бағытты одан әрі жалғастырды. Абай әлемнің материалдық тутастығын атап көрсетіп, «құдай жалғыз» деп дәлелдейтін діни қағиданы теріске шығара келіп, бұл  туралы: «Біз алла тағала«бір»дейміз, «бар» дейміз, ол«бір»демеклік ақылымызға уғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз», -деп жазды. Ол дуалистерге  керісінше «өзінің өзі жасаушысы және себепкері» болып табылатын  табиғаттың ғана өмір сүретінін мойыңдады. «Бұл ғылым қудірет... көзге көрілген, көңілге сөзілген ғаламды кандай хикметпен жарастырып, кандай  қудіретпен орналастырған... адам пендесінде ақыл-хұкімші қайрат, куат қызмет қылушы еді. Соған қарап ойлайсың: алла тағаланың сипатында солай  болмаққа тиіс», - деп, Абай адамды аллаға теңестіру арқылы объективті шындыктын, яғни, табиғаттың өзіне-өзі себеп болатынын, оның барлық заттардың мәні мен болмысының себепшісі болып


табылатынын, өз болмысы үшін ешқайсысына тәуелді еместігін атап көрсетті. Табиғатты «Аллаға» теңеп, кұдайғ адам кейпін бергенде Абай, сөз жоқ, Спиноза мен Фейербах философиясының материалистік тұжырымдарын негізге алған. Ойшыл-ақын олардың негізгі пікірлерімен ең алдымен Чернышевский  шығармалары арқылы танысқан.Орыс ойшылы өз еңбектерінде Фейербах ілімінің мәнін жан-жақты баяндап қана қоймай, сонымен қатар одан ілгері кетті, ал бірқатар мәселелер бойынша оның дуниетанымындағы шектеулілік бағыттарынан асып тусті. Фейербах құдай туралы түсініктердің психологиялық негіздерін ашып, қудай идеяларының мазмуны клялдағы тіршілік иесіне жорамалданғам, абсолюттеңдірілген адамның мәні екенін көрсетіп берді. «Қудай дегеніңіз, —деп жазды ол, - басқа ештеңе де емес, адамның о бастағы, арман еткен адам: құдай қандай болса, адам да сондай болуы керек, сондай болғанын қалайды немесе тым кұрымаса бір көзде сондай болғанын қалайды» Фейербах табиғат себебін сол табиғаттың өзінен іздеу керек екендігін дәлелдеді. «Табиғат... өзіне өзі себепші», - деп қайталады ол Спинозадан соң. «Адамның құдай туралы айтқаңдарының барлығы да ісжүзінде оның өзі жайлы айтқандары болып табылады.. Адам құдай және  сол арқылы тек өзін ғана іздейді... Сөйтіп, адамның кұдай санап отърған объектісі тек өз қызметі ғана болып табылады».


Бұл ойлардың көрінісін Абайдан да табамыз. Ол «табиғат нағыз жасампаз», «құдірет адам сиякты» деп жазғанда Фейербахты оқып қана қоймай, зер сала зерттегені, оның ойларының ықпалында болғаны байкалады.

Бірқатар зерттеушілер, нақтырақ айтканда Қ. Бейсембиев Абайды пантеист деп есептейді. Егер ақынның өзінің нақты түр хақындағы ойларын ортаға салатын «Ғақлияларының» мазмунына үңілетін болсак, онда оның дүниетанымындағы анти-клерикалдық сәттер жайлы айтқанымыз анағұрлым дурыс болар еді. Ойшыл-ақын адамдарды қүдайға сенуге  ундемейді. Бірінші сөзінде: «Ал. енді калған өмірімізді кайтіп, не қылып өткіземіз?. - Софылық қылып, дін бағу?» -деп сурақ қойып аладыда, оған: «Жоқ... не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштык; жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық!» -деп, оның  жөні келмейтінін айтады.

Абай адам сенімін арттыратын нәрсе - білім, кажырлы еңбек, табиғат  қүпиясын ашу деп білді. Ол адам бойындағы жасампаздық қасиеттерге керемет сенім білдіріп, ол «алла үшін емес», адамдар үшін ғылым мен білімді игеруге міндетті деп есептеді. Сол жолда«кубылыстық мәнін тусінуге», «өзі мен әлемді уғынуға», тіпті, «алланың өзінің де табиғатын тануға» умтылуы кажет. Абайдың бұл үңдеүі ислам дінінің негізгі кағидаларына қарсы, өйткені, Құранда жазылғандай алла шексіз, ал адам санасы шектеулі және сондықтан да тәңіріні тани алмайды. «Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дұниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды... Бұлардың емі, халқына махаббат, халық ғаламға шапқат, кайратты, тұрлаулы, ғадалат ісінің алды-артын байқарлык білімі, ғылымы болсын...» - деп, Абай білімді, ғылыми шындықты діни қағидалардан жоғары қояды. Егер теологтар дін негіздері мәңгілік, мызғымайды, ал адамның тумысында діни сөзім болады деп дәлелдеуге умтылса, Абай мүны теріске шығарып, діннің тарихи жолмен калыптасқанын атап керсетті. Осыған байланысты Абайдың «арабтар ислам дінін зорлықтың күшімен енгізгеніне» карамай қазақтар оған негізінен салғырт күйінде қалды деген пікірі назар аудартады: «... Қазақ... Һәмманы жаратқан құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылқайды... деп – бәріне сендік дейді... Олар сащім десе де, анык ақикдт көзі кетіп, ден койьп. ұйып сенбейді... Оларды мұсылман деп, қалайша нманы бар ғой дейміз?» Ақыннын дұниетанымы шынайы заттарды тануға және адамдар бакытын о дуниеден емес, жарық дүниеден іздеуі керектігіне бағытталды. Ойшыл-ақын,әсіресе ғылыми ақиқатты жоғары бағалады. «... әрбір хакиқатқа тырысып ижтихатыңмен көзің жетсе, соны тұт.өлсөң айрылма!» Ол діни қағидалардьң мәнін аша келіп, Алланың «барлығының» өзіне, оның кұдіретті күшіне деген сенімге күдік келтіреді: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылда, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма?Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Әүелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Алла мен бүкіл басқа дүниенің арақатынасын бұлайша түсіндіру,  құдіреттің ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп пайымдайтын Құран қағидасынан тікелей бастарту болып табылады. Абай дүниетанымы бұлжымайтын кағида мен нанымға негізделген тапжылмайтын дін сиякты емес, санаға сүйенеді. Ол өзінің бірқатар өлеңдерінде молдаларды, мусылмандық қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды.


Абай мұрасында таным мен логика мәселелері ерекше орын алады. 19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстанның қоғамдық дамуына байланысты туған талаптар ойшыл-ақынды заңды тұрде таным мәселелеріне көңіл бөлуге мәжбүр етіп, оған өзіндік көзқарасын айқындап берді. Қоғамдық өмірдегі ғылым мен білімнің маңызын жоғары бағалап, оларды әлеуметтік жаңалықтармен тығыз байланыстырған ақын таным қызметін қоғамның үздіксіз дамуындағы басты күш деп есептеді. Ол объективті әлемді тану мүмкіндігін және оның даму заңдылықтары мәселелерін дурыс шешті. Оның ойынша кандай да болмасын білімнің. ақикаттың қайнар көзі адам өзінің сөзім мүшелері арқылы танитын объективті шындық. Біздің біліміміздің салыстырмалы шама екенін айта келіп, Абай «... хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен көзге түседі. Ол кеңілге түсіруші... бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып кеңілде суреттемекке» , - деп атап керсетті. Ол таным мәселесін шешкенде ерікті адамның жеке басы мен оның белсенді күресіне деген сеніміне сүйенеді. Адамды дәрменсіз, әлсіз жан иесі деп қарайтын діни ілімдерге қарама-қарсы ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы, жасампаздық қызмет атқара алатын қуатты күш деп санайды.


Абайдың танымның іс жүзіндегі маңызына баса көңіл бөлуі оның гносеологиялық тұжырымының өзіндік ерекшелігі болып табылады. Ол дерексіз шындық жоқ, өйткені, шыңдық қашанда нақты деген сенімде болды. Іс жұзінде колдану - практика мәселесін саналы түрде алға қойып, оны танымды жүзеге асырудың бірден-бір жолы деп есептеді. Танымның мақсаты — оның іс жузіндегі пайдасында, өз талаптарын қанағаттандыратын адам қуатын арттыратындығыңда деп тусіндіреді ойшыл ақын. Адамның әлемді тану жолындағы тәжірибенің атқаратын қызметі, оның табиғатын, өзара катынасы туралы талдау жасағанда Абай тәжірибені шындық пен білімнің айқындаушы белгісі деп қарайтын гносеол. орыс философиясының қол жеткізген табыстарына сүйенеді Абай сананы, «өз рухын» адам надаңдықка карсы күресте, қажырлы еңбек аркылы үнемі нығайтып  отыруы керек деп есептейді. Бір жағынан «сана ерікпен бірігуі кажет», екінші  жағынан – сана  мен еңбек әркашаңда бір жерден көрінуі керек. Ары таза, енбекқор, білімді адамдар ұшін табиғат қупияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам қубылыстар мен заттардың өзінен бурыңғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растққла қумар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмеққе ынтықтықпен болады», — деп  қарады.

Әлемді тануға кұштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ оның бұл мүмкіниілігі үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың кызметімен танысуы керек. Ааам табиғат құбылыстарының қүпияларын уғу немесе соған байланысты белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін иығайта туседі: «Дуниенің көрінген һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болалы». Дегенмен ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мумкіндіктері шектеулі екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мүның себебі материалдьқ әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында бітпейтіндігінде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, елшеуіне акылың жетпейді, келісті керімдігіне және кандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бузылмайтұғындығының көресің. Бұлардьң бәріне ғажайып қаласың және ақылың жетпейді». Абай әлемнің шексіздігін мойындау арқылы танымды «үнемі өзгеріп отыратын түр» ретінде түсініп, «танымның уздіксіз сипаты туралы жорамал жасайды. Егер Абайдық гносеол. көзқарастары туралы тұтас айтатын болсақ, онда оның мурасында сенсуализм мун рационализмнің жағымды тұстарының қоспасы барын аңғарамыз. Абай танымының жолдары мен құралдарын түсінуде материалистік сенсуализм негіздерін басшылықка алды; ол сөзімдік танымға, сөзімдік акиқатқа баса көңіл бөлді. Оның пікірінше танымның қандай түрі болса да сөзім мүшелері аркылы анықталады.  Сонымен катар ол объектінің (заттық) мәнін түсіну ушін бір ғана сөзімдік танымның жеткіліксіз екенін, «саналы», рационалды  танымның қажет екенін  жақсы түсінді. Абай осы турғыда адамның өзін қоршаған әлемді алдымен сөзім мушелерінің көмегімен  түйсіну аркылы танып, содан соң сол мағлуматтар арқылы түсінігі калыптасатынын аныктады. Рационалды танымды «бір текті заттың тартылыс куші» дел атап, оған: «... бір нәрсені естіп, коріп білдің хош келді, казір соған уқсағандарды тексересің. Тугел ұксаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма?.деген анықтама береді. Ол саналылықка шақырып, рациоиалды таным мен сөзімнің біртұтастығы туралы тұжырымды қолдай отырып, адам танымың оның санасы мен қуатын аяқтасты ететін ислам өктемдігінен азат етуге күш салды. Абай рационализмінің мәні мынада: рациюналдық — сөзімге (тәжірибеге) қарсы қойылатын ойлау— емес, өмірдегі иррационалдық бастауға карсы қойылатын саналылық..

Информация о работе Абайдағы ғашықтық мәселесі