Абайдағы ғашықтық мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 00:00, реферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңдіре отырып, мәдениетке тың арна салды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................2
I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы
1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері..........................................6
1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері..................................29
1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде...........................44

II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі
2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55
2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66
2.3. Абайдағы махаббат мәселесі..........................................69

Қорытынды................................................................................73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76

Файлы: 1 файл

Абай.doc

— 524.00 Кб (Скачать файл)

Яғни, исі адамзатты сүю хаһтың — Алланың ісі. Жаратылыстың құпиясын ашып, адамның керегіне жаратуды Алланың өзі парыз еткен — дейді.

Абайдың бұл пікірі Маржанидің талдау, түсінігімен толық қабысып жатыр. Ендігі бір ой тоғысы Абайдың өзі:

                                              Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

  Мұны жазған білген құл,

                                              Ғұламһи Дауани,

       Солай депті ол шыншыл, —

деп есімін құрметпен атаған Жалаладдин Әд-Дауанидің философиясын талдау барысында нышан танытады. Абайдың өзі тереңдеп оқып, философиялық пайымдауларын зерттеп:

                                              Сөзін оқы және ойла,

                                              Төз үйреніп, төз жойма, —

деп ұрпаққа үлгі тұтқан ғұламаның бірі және бірегейі осы Дауани.

"Қырық үшінші  сөзіндегі" шығыстық ғылыми атаулардың дені "Тәннің азығының бәрі — жибили, жанның, ақылдың азығы — кәсіби". Жанның қуаты, тәннің қуаты — деген ұғымдар Дауанидің пікірінен өрбіген. Жауән-мәрттік, сөзім түрлері, толық адам іспетті пайымдаулары М.Мырзахметовтың еңбектерінде барынша толық талданғандықтан да оған тоқталып жатпаймыз.

Дауанидің философиялық көзқарастарын Ш.Маржани де тәпсірлеп, ғақли ғылым мен нақли сөздердің мәнін тереңдеп ашады. Сондықтан да Абайдың діни көзқарастарының бір тамыры ретінде ескерте кетудің еш әбестігі жоқ.

Түптің түбіңде, Ш.Маржанидің "Өткен бабалар өмірінен" атты энциклопедиялық еңбегі тәржімалана қалса, онда абайтанушылардың көкейіндегі шешілмей жүрген біраз мәселелеріне жол ашылатыны даусыз. Ғақли ислам мен нақли ислам бағыттарының арасындағы танымдық бақастықтың өзі бір ғалымның өмірін арнауды қажет ететін аса ауқымды ері күрделі тақырып. Әзірше бұған тісі бата қоятын философтың да, әдебиет зерттеушісінің де табыла қоюы қиын. Ол үшін ең алдымен Дауани мен Маржанидің ілімін меңгеруі тиіс. Онсыз бұл бағытта нәтижеге жету мүмкін емес. Соларды таратып талдағанда ғана Абайдың философиялық көзқарастарын толық ашуға, түсінуге болады.

            Шындығында да, исламияттың бар мүһмині софылық құрып, тәркі дүние көшіп кетсе, онда ол халық, ұлт, адам қалай күн көреді. Кәпірдің құлы бола ма? Алланың адал парызын кім орындайды? Кім еңбек етеді, оларды кім асырайды? Барлық үмметтің осылай істеуі ақылға сыймайды. Ендеше, Алла әуелде: сен софы бол, тәркі дүние кеш, ал сен оларды ғылымыңмен, еңбегіңмен асыра — деп бөле-жара жарлық та берген жоқ. Ендеше, софылық — барлық дін исламға ортақ және міндетті жол емес. Ол жеке басының тәні мен жанының күйігіне шыдамаған пенделердің бірен-саранының әрекеті ғана. Дін орнына софылықты ұстануға болмайды. Міне, Абайдың берер тұжырымы осы.


Абай мен Қожа Ахмет Иассауидің арасындағы философиялық софылық сабақтастықты тым дәріптеп, екеуінің пікірін бір арнадан тарату — қисынсыз. Өйткені екі ойшыл да жалған жалғастық пен туыстыққа зәру емес. Себебі екеуі де бір-біріне мүлдем қарама-қарсы бағытты ұстанған, ғылыми мұраттарына "ақылмен" келген ой иелері. Қандастығын ғана сылтау етіп, қайшы келетін көзқарастарын зорлықпен телу — екеуіне де күнә. Дінислам философтарының арасындағы үлкен даулы мәселенің бірі — "ғалами бақас" ұғымы. Мұны, "Ғаламның жаратылуы туралы пікір таласы" деп те тәржімалауға болады. Он сегіз мың ғаламның, оның ішінде, Ай, Күн, Шолпан, Жер, Сәуле, Жел, Су іспетті табиғи құбылыстардың пайда болу себептерін ашатын ғылым. Бұл мәселеге өзге діндегілер де ортақ жауап таба алмай келеді. Әзірше тоқтасқан мәміле жоқ. Бірақ айтыс, тартыстар толассыз жүріп жатыр. Ақжан Машанов мұны:

"Ғалам бақас дегеніміз —  даналық пен надандықтың майданы" — деп дәл тауып айтты.


Үздіксіз таластың майданына айналғандықтан да бұл ұғым ғылымдағы жалған бәсеке деген мағынаны да береді. Дауды — дауласу үшін туғызған жаттанды уағызшыларды Абай қатты мінеді. Әрбір пікірдің арасынан бақастық іздеу һарам пиғылдың харакеті. Бақастық үшін ғылым үйренбе. Ғылымды жақсылыққа жұмсау үшін меңгер. Анық хакім бол. Хакім — ең жоғарғы ұғым. Ол жаратушыға бір табан жақын адам дейді Абай. Ол өзінің бұл ойын: "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса — дүние ойран болар еді. Фиғыл пенденің қазығы (пиғыл дүниесінің тұтқасы) — осы жақсы хакімдер, әр нәрсе дүниеде солардың истихражы (ақылы, ойы) бірлан рауаж (шешімін) табады. Бұлардың ісінің көбі — дүние ісі, ләкин осы хакімдер жасаған, таратқан істер "әддүния мәзрәғатул" аһирет (дүние — аһиреттің егіні) — дегендей, аһиретке егіндік болатын дүние сол. Әрбір ғалым — хакім емес, әрбір хакім — ғалым. Бұл заманның молдалары хакім атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки бұзық пиғыл, "әлнисан ғадду ләма жаһилге" (көңілін жаманшылыққа жеңдіргеңдерге) хисап. Олардың шәкірттерінің көбі біраз ғарап-парсыдан тіл үйренсе: бірліжарым болымсыз сөз —бақас үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады. Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ...", — деп тәпсірлеп береді.

Бірақта: "Шала молда дін бұзар" — дегеннің мән-мағынасы әлі де құнын жойған жоқ.

Абай дінді қатты ұстанды. Ал қожа-молдаларды "білімсіздігі, бұзық пиғылы, жалған бақастықка құмарлығы" үшін аяусыз сынады. Өйткені олар "дағарадай" сәлдесін басына орап ап, "Құранды" теріс оқыды. Бүйтіп, өзін де, өзгені де күнәһар қылғанша, тыныш жүрсін деді.

"Ғалами бақасқа" Шаһабуддин Маржани де түсініктеме берген. Алайда Абай іспетті ашына әшкерелемегенімен де, ғақли ғылымының Ұлықбектен кейін тоқырап қалғанын осы "ғалами бақастың", "нақыли исламның" кесірі деген емеурін танытқан.


Міне, Абайдың діни философиясына жәдидшілердің көрсеткен әсері, оның ішінде Шаһабуддин Маржанидің сыртқы ықпалы, осындай.

Әрине, мұның барлығы нақты ғылыми дәлел емес, ой ұшқындарының жарқылын ғана аңдатқан емеурін. Абай — жәдидшілердің де ойын дамытып, "өз ақылымен" тың пікірлер тұжырымдаған, өзінің ойлау жүйесі мен философиясын қалыптастырған дербес ойшыл ретінде де тұлғаланады. Бірақ та, қағидасы қатал исламияттың еркін ойына есік ашқан жәдидтік бағыттың ықпалын ескерусіз қалдыруға болмайды.

Қорыта тұжырымдасақ, Абайдың діни философиясының ұлы өзегін:

                                               Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

       Ынталы жүрек, шып көңіл,

      Өзгесі Хаһқа жол емес, —

деген өлең шумағы толық аңғартады.

Абай дінді рухани тәуелсіздіктің рухы, "жан қуаты" деп бағалады. Ал пенденің жаны бір Алладан басқаға теуелді болмауы тиіс. Исламияттың ұлы ойшылы "Құран" хадистеріне мүлдем тосын және тың түсінік беріп, діни философияны жаңа сатыға көтерген:

"Ақындықтың Әбілхаят (Мәңгілік өмір сыйлайтын — Т.Ж.) суын ішкен, өлімді жеңген, мәңгілік тірлік тапқан Абайдай дана, данғыл ақын тарихтағы өз мүшелін жыл жылдап қайырмақ".Ұлы Мұхтардың осынау сөзін сәл ғана өзгертіп: "Абайдың тарихтағы мүшелі мың жылдап қайырылмақ" — деген пікірмен ойымызды аяқтаймыз.[46/349-375]

 

 

 

1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде.


 

Бұл мақалада біз Абай ақындығы туралы ертелі-кеш айтылып жүрген әр түрлі сөздерге, әр алуан жайлардың көбіне соқпаймыз. Біз, көп тексеріліп зерттелмеген, сонылау бір саланы ғана сөз қылмақпыз. Ол Абай ақындығының, Абай шырармаларының айналасы. Ақын өзі көріп, сөзіп өзі ойлап қорытқан өмір материалынан басқа әдебиет дүниесінен де көп бұйым алады. Абайдан қалған мұраның ішінде көп оқушыға даусыз боп айқын сөзілетін сыртқы әдебиеттер белгілері бар. Ол Шығыс әдебиеттері мен Батыс әдебиетінен қосылған белгілер. Екінші, бұдан бөлек, ақынның өз тұлғасы сияқты боп қалыптанған барлық әдебиет мұраларынан: бұтақша таралып өсіп, жырыла шыққан тумалар бар — әдебиет тумалары.

Қазіргі қарастыратынымыз осы екі жай. Көлденең тұрып көз жіберсең, бұл ақынның шығармалық еңбегі ұзын аққан ағын су сияқты. Я Сыр, я Ертіс десек, соның ұзын арнасы бірде қазақ жайлаған жағаны, бірде Шығыс елдері, не европалықтар қоныс қылған сағаны сызып өтеді. Кейде тастақ, керіш арна мен көк шағыр мөлдір сулы Ертіс басындай боп, кейде құмды сары топырақты еспе арнамен жылжып, Сырдың аяғындай құла түсті боп ағады. Жолшыбай өзіне көп құятын әр түрлі тың арналардың неше алуан суларын сіміре барып, әр жерде өзінен де кейде көлшік, кейде өзен тармақ шығарып кете барады. Осы айтылған жағырапиялық теңеу ақыннан қалған мұраның тарихи орын мәнін алсақ, көңілте қонымды, үй-лесімді теңеу сияқты көрінеді. Барлық Абай шығармалары Шығыс пен Батыстың мәдени тарихи Жапсарын, ой саналық шекараларын жүлгелей жүрген қазақ даласының бір  ағыны сияқты.  Тағы бір теңеу, Абай  бала күнінде екі шешенің қолында қатар тәрбиеленгіендіктен жеңгелері «Телғара» деп атандырған екен.    Шынында, бұның ақындық өмірі де өзіндік, қазақтық қалпынан басқа жа-ңағыдай екі жағадан қатар нәр алу арқылы бір әдеби «Телғаралықпен» ерекшеленіп туған сияқтанады. Әрине, бұған қарап Абайдың өз пішіні — қазақ тұлғасы жоқ демейміз. Жаға — жаға да, арна — арна. Ұлы арнасы мен жол арнасының түп-түбімен шығып жатқан қайнар көздер — ақынның негізгі қазақтық тұлғасын қүрайды. Екі анаға тел болуда екеуінен нәр алу болғанмен соны өзінше қорқытып, өзінше сіңіріп пайдаланып отырып, бала дөнесі өседі... Жоғарыдағы теңеулерге бұл қосымшаны тіркей отыру шарт.

Осымен Абай шығармаларының ішінен «мен мұндалап» атай беріп тұрған Шығыс-Батыс аңындарына көз салайық. Әуелі Шығыстан бастаймыз.


Түн дүниесіндей тынысы ауыр схоластик медіресесінде (Ахмет Риза имамның медресесінде) болашақ ақынның оқу тәрбиесі басталады. Айналасы — басқа сәлде, үстіне ұзын шапан киіп, көзді сүрмелеп, мұртты таңқита қиып, бес уақыт намаз, ораза, тарауық, иптар арасында таспиық. шаһилил мен кер кеткен түндерін көріп, қайырниязға құзғындай таласатын: кәрі қалпе, қараңғы шәкірт, соқыр қазірет болады. Сол күнде бұл ортаға ой сезім, қиялдарының ешқайсысы бойсұна алмаған, қыр баласы, жас талапкер дұғалық жаттаудың ,ара арасында өз бетіміен тімтіне бастайды. Бала қиялын мыналар ортасынан, мыналар дүниесінен бө-легірек бір тұрғылар өзіне қарай бой ұрғызады. Жақсы жайлау, өзгеше бір қоныстың шеті тартады. Навои, Шәм-си, Сәйхали аттарын атап кеп: «Мәдет бер, я шағыри пұ-риат» деп қыстығып, «мәдәт» тілейді. Аналарға «айғай ақыны», таратушы, демеуші ақын деп өзінше ат қояды. Сенеді. Үлгі ұстаз қылмағы да солар. Араб, парсы, түрік әдебиетінің талайын "шарлап тастаған бала ақын жаңағыларға еліктеп ғаруз, уәзімі мәд уәзімімен бәйт, жыр жа-зады.

 

                                                    Йузи раушан көзі гәуһар,

                                                    Ләһилдек бет үші әһмәр

...

жыры сол күнгі іздену нәтижесі. Тілінде араб, парсы көп. Өзі танысқан Навои, Хұсайын Байғара, Бабур, Мүхаммет, Салиқ сияқты Шағатай ақындарының ізін қуалай бастау. Алғаш талпынудың бұраң жолы өз тілінен, ана тілінен, қашаңдатып әкетеді. Сұлуды Шығыс поэзиясының салтымен мадихтау. Бұл тілде ғана емес, өлеңнің ұйқасын да, ырғағын да билейді. Жаңағы өлең қалыпты «рувағи» төрттік. Алғашқы үш жол бір ұйқасып, төртінші жол келесі  төрттіктің төртінші жолымен ұйқасатын өлең үлгісі. Қазқта жоқ, араб, парсы үлгісі. Жыр ішіне кіретін «иузи» , «көзі», деген сияқты бірен-сараң түрік сөзі болса, оның айтылуы: да басқаша. Араб, парсы поэзиясының әсері түрік топырағына көшкенде бұл тілді өкпеге тепкілеп, талқылап та, созғылап мәд уәзіміне көндіруді дағды қылған.

Шығыс жағасынан Абай ағынына құятын бір саласы — түңғыш саласы осындай. Тегінде, кітапшылаған, сиыр жорға жыр қазақ поэзиясына жалғыз Абай түсында кірген жоқ, Ыбырай, Албан, Асан, Мәшһур, Ақан сері сияқты Арқа — Жетісу ақындары және әсіресе Сыр — Түркістан ақындарынан Шортанбай бастаған Шәді, тағы басқа көп ақынның шырармаларында бұл әсер көп. Соның көбінде араб, парсының өз сөздері көрінуден басқа қазақ-тың «дейдісін» — «дейди», «көрдісін» — «көрди» сияқты қып созғылау көп болған. Барлығының өкше ізі сол жаңағы шағатай арқылы дін хиссалары немесе «Шаһнама», «Жүсіп — Зылиқа», «Ләйлі — Мәжнүндей» дастандар арқылы кірген ғаруз — уәзіміне барады. Қазақ әдебиетінің, көлеміндегі ғаруз әсерін тексеру және соның бір жағын. Абайға да тірей тексеру — әдебиетшілердің алдындағы бір  соңы проблема. Абайға келгеңде жаңағы айтылған өлеңдер өзінің шығыстық тұлғасын өзгертпейді. Абай аузында бұның қазақ ақыны екенін білдірмей, танытпай тұратын нәрселер болады. Қорытылмай, сұрыпталмай өз тәні бола алмай  тұрған еліктеу — таза еліктеу.


Медіресе түнінен саңылау іздеп, алғаш бұлқынғанда жас ақын Шығыс поэзиясына осылайша шылбыр созады да, жаңағыдай жағаға бір соғады.

Осылайша содан әрі балалық күннің еліктеу үлгісін тастағанмен, өмірінің ақырына дейін Абай осы жағадан қол үзбейді. Абай ақындығының ішінде Шығыс арқауы ұзыннан-үзақ тартылған желідей болып созыла келіп, ең акыры, 1902 жылы жазылған «Алланың өзі де рас, сөзі де распен» аяқтайды. 1902 жылы — Абай өлеңін сарқып кеп толғантқан жылы. Сондағы көрген түбі жаңағы өлең. Бұл мұсылман дүниесінің ортасынан шығып, өзінше бастап, өзінше таныған ақынның бір алуан «Көкей кестісі». Шығыс поэзиясы, исләм діні деген сарынның; Абай шерткен құлақ күйі соңғы аккордын осылайша қайырады. Біз ұзын желінің екі шетін алдық. Арадағы тұрғы тұрғыларын атап өтейік. 1887 жылы «Масғұт» пен «Ескендір» әңгімелері жырланады. Тегі, Абай әңгіме-жыр жазбаған, оны бұның шәкірті есепті болған ақындар ғана қолға алады. Абай өзі:  Батырды айтсам, ел шауып алған талап, қызды айтсам, қызықты айтсам  қыздырмалап.: Әншейін күн өткізбек әгіме үшін, Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап, - деу мен әңгімелі жырды өзіне-өзі рұқсат етпейді. Бірақ «сонымен қатар жаңағы екі жыр бар. Және «Мың бір түннен» «Әзімді» жыр қып шығады. Бұнысы мұсыдман дүниесінде жайылған сөздердің қазақ, оқушысына ғибрат болаларлық, үлгі мәжіліс болаларлық мысали өсиет айтам дегеннен шыққан. Арун Рәшид халифа заманы мен «ЦІаһнама» уақиғаларын алу — құр «қызық әңгіме айта салайыннан» тумаған. Өлеңі қазақ ақынының өзі-ақ айтарлық сөздер тәрізденеді.Бірақ азырақ бойлай қарасак,, махаббатты:

                                  


                                         Хор болды, жаным...

                                         Тағдырдан келген зұлым...

                                         Бүгілді белім... ...

                                         Тағдыр етсе алла,

                                          Не көрмейді пәндә,

      

          —деген сияқты сөзбен жырлау ақындарының Шығыстың «Тассауып» ақындарының   үлгісі боп көрінеді-«Ләйлі-Мәжнүн» махаббатының  үлгісі боп көрінеді.

                   

     «Көзімнің қарасындағы»:

                                              Сенсің — жан ләззәті,

                                             Сенсін, — тән шәрбәті,

                                              Сұлуды сүймәклік —

                                              Пайғамбар сүндеті, —

Информация о работе Абайдағы ғашықтық мәселесі