Абайдағы ғашықтық мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 00:00, реферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңдіре отырып, мәдениетке тың арна салды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................2
I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы
1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері..........................................6
1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері..................................29
1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде...........................44

II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі
2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55
2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66
2.3. Абайдағы махаббат мәселесі..........................................69

Қорытынды................................................................................73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76

Файлы: 1 файл

Абай.doc

— 524.00 Кб (Скачать файл)

Шәкәрімнің суфизмге қарым-қатынасы оның шығармаларында айқын әрі әр қырынан көрініс беретін ерекшелікті байқаймыз. Өйткені Шәкәрім — сопылық поэзия өкіддерін терендей оқып ізденүмен қатар, оларға сыншыл көзқараспен қарап талғай білген ойшыл ақын. Оның:

 

                                       Философ сөзін оқыдым,

                                       Талайын ойға тоқыдым.

                                        Кітабын да көргемін

                                        Әулие мен сопының, —

деуіне қарағанда, Шөкәрімнің философиялық ұғым мен сопылық танымдағы еңбектермен мол таныстығы аңғарылып тұр. Бұдан Шәкәрімнің сопылық танымға қатысы барлығын аңғарамыз.

Шәкәрімдегі қайталанбас бір ерекшелік - онда сопылық сияқты жарға ғашық болу сарыны бар. Бірақ Шәкәрім аңсап сүйген ғашық жар мен сопылық поэзияға өзек болған тақуа сопылардың  ғашық болатын сүйген жардың терең айырмашылығы бар. Өйткені сопылар алланың нұрына ғашық болуды мақсат тұтып, алланы сүюді шешүші орынға қояды да, бүкіл сопылық танымдағы сопылық поэзия Яссауи хикметінде ортақ сарын ретінде өрілетіні бар.


                                    Нұр дидарын ғашықтарға уәде қылды,

                                    Ғашық жолына жаным қиып жүрдім міне...

                                    Яссауи хикметінің қадіріне жеткіл,

                                    Ғашық шарабының бір тамшы татқыл

деп Яссауи алланың нұрына ғашық болып, ғашық шарабынан дәм татуды армандаумен "Ғашық құлдар бұл дүниені көзге ілмес", яғни нәпсіні жеңіл пенделіктің кәмәлаттығына жету жолындағы мақсатын жасырмайды.        

         Шәкәрім сопылық танымдағы поэзияның көркемдік түрін шебер пайдаланып отыр. Сопылық поэзиядағы таным бойынша жан мен тән мәселесі дуалистік тұрғыдан жырланып, жанның мәңгілігі дәріптеледі. Осы ойды Шәкәрім молдалар аузынан айттырғанда:

                    

                                "Жаныңды жолдан қосты" деп

                                  Шариғат айтып күңкілдер, —

 

деп жеткізеді.

        Суфизм жолындағылар, әсіресе сопылық танымдағы поэзияда нәпсіге, тән құмарына айрықша назар аударылады. Пенделімі кәмәлаттығына жетудің басты жолының бірі — нәпсіні жеңу, бұл дүние қызығынан қол үзуді уағыздаған Яссауи:

                                     Хақиқатшыл бұл дүниеге мойын бұрмас,

                                    Шын ғашықтар дүние азабын мойнына алмас,

                                    Менің де бұл дүниеден безгім келер -

деген ой толғанысында алланың нұрына ғашық болған пендені жолдан тайдырар әзәзіл дүниеқоңыз пиғылда жатуын ескерте сөйлейді.

         Шәкәрім сопылық поэзияның көркемдік атрибуттарын өз поэзиясында жаңғырта, соны мағына беріп пайдаланудан ұтпаса ұтылмаған. Өйткені сол тұстағы ұрпақ санасында ұялаған сопылық поэзияның оқырмандары бар еді. Олар осы себепті Шәкәрім поэзиясында сопылық әдебиетпен сабақтаса берілген философиялық мәндегі "ғашық-машуқ" танымымен етене жақын болатынды. Әрі Шәкәрімнің мүлде жаңа таным негізінде өлең түрінде айтып отырған "Ғашық жар" деген символдық мәндегі:


                            

                                           Жанның бөрі мендей жар табар еді,

                                           Терең ой, сау ақылмен шамаласа", —

 

деген меңзеуін, немесе:

 

                                            Сопыпар біздің жарға бір қараса, —

 

дейтін ой төркінінен-ақ сопылық поэзияның шартты түрде берілетін көркемдік тәсілін өзінше жаңғыртып жаңа мағынада қолданған сопылық поэзия дәстүрін жалғастырған ерекшелікті ұғынатын. 

Осы тұрғыдан қарағанда, сопылық поэзияның көбірек қолданатын сөз кестесіне жататын Яссауи хикметтерінде қолданысқа түскен:

                                    

                                        От іздеген көбелектей шөкірт болдым,

                                        Шоқ болып күйіп жанып ұштым міне, —

дегендегі от пен кебелек бейнесінде берілген сопылық жолдағы жарға ғашық пенденің, яғни шәкірт көңілінің алабұртқан көрінісі кестеленген. Шәкәрім танымы сопылық танымнан мүлде бөлек мағынада болса да, сопылық поэзияның ақындық тілдегі үқсатуларды жатсынбай, өзінше өрнектеп кестелеген ақындық, дәстүрлік жалғастық алдымыздан шығады. Яссауи хикметтерінде Алланы сүю, оның дидарына ғашық болу, оны жар орнына балап:

                                     Ғашық болсаң күндіз-түн хақты іздегіл


                                    Хаққа ғашық болған болсаң жаннан түңіл,

                                     Жаннан кеткен шын ғашықтар махрум болар —

деп "ғашық-машуқ" отына шарпылатын сопылық мақсат-мүрат суфизм атаулының ортақ та сарынына айналған символдық шарттылық үғым болатын-ды. Сопылық поэзиядағы осы үғымды Шәкәрімнің философиялық лирикаларында шартта үғым ретінде берілетін:

Жан көрмеген надандар

Жарың кім деп күледі...

                                             Өмір сырын көздесең,

               Жарға шоқын, жаннан без, — 

деген өлең жолдарындағы жар сөзімен берілген. Бұл символикалық мағынадағы шартты ұғым сырттан қараған адамға сопылық поэзиядағы баламаға ұқсайды. Ал іштен қарар болсақ, сопылық танымнан мүлде бөлек Алла орнына хақты (шындықты) тану жолында ғашық болған жарға балап оған шоқыну мағынасында суреттейді.

          Сопылық таным негізімен хабардар болмаған оқырманның Шәкәрім елеңдерінде ұшырасатын "Жар" сөзінің терең мағынасын бірден ұғынып кетуі қиынға соғады. Өйткені қазіргі қалың оқырман қауымның сопылық танымға даярлығы жоқ, ал Шәкәрімнің өз заманындағы оқырмандар жақсылы-жаманды, әйтеуір Яссауи хикметіндегі сопыпық танымнан бейхабар емес еді. Сөз соңында айтарымыз: Шәкәрім сопылық танымдағы дүниетанымды қабыл етпеген, бірақ сопылық танымдағы поэзияның көркемдік тәсілдерін өз өлеңдерінде шеберлікпен пайдаланып, ол дәстүрді жаңғырта жалғастырған ойшыл ақын тұлғасын көреміз.

        Қорытындыда айтар тілегіміз: Абай мен Шәкәрімнің суфизммен арақатынасы аса күрделі, көп қырлы болып келуі себепті, біз тек бірер ой танымы жайлы пікір білдіріп отырмыз. Бұл - арнайы кең көлемде асықпай ұзақ    зерттеліп барып ой қорытуды қажет ететін күрделі де желілі тақырып.[49/179-199]

2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.


 

                Махаббат — гносеологиялық үғым. Абай да оны сол мәнде қабылдаған. Бірақ Алла тағала адамзатты махаббатпен жаратқанмен, оған нәпсі (өмірге   құштарлық) берген. Нөпсі дегеннің шатастырмайтын ісі жоқ. Ол жүрген жерде шайтан семіріп өсіп-өнеді. Оны Абай "шайтанның шәкіртінің қылығынай" дейді.

Адам ата мен Хауа анамыздың пейіштен қуылуының себебі осы нәпсіге, яғни кұмарлықка байланысты болған іс. Абай ғашықтық пен нәпсіні бөлек карастырған. Ол: "Ғашыктық құмарлықпен ол екі жол. Құмарлык бір нәпсі үшін болады сол дейді.

Қазақ дүниетанымында махаббат екі арнада көрінеді. Бірі — ғашықтық жырында, халықтың көркем санасында, екінші — философияда, каламда, Ясауидің хикметтерінде,Алланы сүю деген адамзатты сүюді талап, етеді. Адамның бәрі бір-біріне бауыр. Бұл Абай гуманизмі, оның хакімдігінің дәлелі. Бұл бір нәрсе. Екіншіден, Абайда "кәміл мұсылман" деген үғым бар. Ол оның отыз бесінші сөзінде айтылған. О дүниеге барғанда Қүдай: қажы, молда, сопы, жомарт сияқтыларды бір бөлек, қарапайым еңбегімен күн көрген, құдайына құлшылық етіп, мал тауып, бала бағып өмір сүрген жандарды бөлек қояды екен. Сонда Алла тағала мейірбандығын "кәміл мұсылмандарға" көрсетсе керек. Абай "кәміл мұсылман" деп қарапайым еңбек еткен адамды атаған. Алла тағала адамға нәсіп береді, нәпсі береді. Бұл Алла әмірі. Әулиелер болса нәпсіні нәсіп етпей, тәркілеушілер. Ол дұрыс па? Абай оны дұрыс демеген. Оның қолдайтыны хакімдер және "кәміл мұсылмандар".

        Абай бұларды пайғамбардың хадис шарифіне сүйеніп айтқан, онда: адамның жақсысы — адамға жақсылық жасаған адам. Бұл ғамалус салих (ізгі іс).

Абайдың гуманизмі оның мұсылмандығы арқылы айқын аңғарылады. Оның бір дәлелі, жоғарыда айтқан пайғамбардың хадисіндегі ой болса, екіншіден, Абай Алланың сегіз сипатын айта келіп, "адам, сен Алланың қулысың, бірақ өзіңнің мұсылман-мұсілім болып нақтылы берілгенің рас болса, Аллаға ұқсауды мақсат ет" дейді. Ол Аллаға ұқсау туралы айтқанда, адамның кемелденуінің шексіздігі туралы әңгіме бастаған.

  Алла болмысын расқа шығаратын да адам. Адам болмаса Алланың растығы кімге және неге қажет? Осындай ойларды, идеяларды көтергені үшін біз Абайды хакім деп санаймыз. Демек, Абайды болмыстық мәні мен себебін анықтап, адамзатты түзү жолға салушылар қатарынан іздейміз...,


           Абай ұлттық ойлаудың ерекше улгісін ұсынған. Абай ұсынған ойлаудың үлгісі — хакімдік. Ол осы хакімдік арқылы үлттық ойлауды әлемдік деңгейге көтерді. Абайдың хакімдігі Сократ, Платон, Аристотель дәстүріндегі — ойшылдық. Сондықтан ұлттық ойлауды Абай көтерген деңгейден түсірмеу, абайтанушылардың бәрінің есінде болатын қағида.

Сөзімізді жинақтай айтсақ, қазақ халқын өлемге таныстыруда керемет жарнама жасаған жыраулардың сонғы тұяғы Жамбыл болса, қилы заман-дарда адасқан кептің атының басын бұрып, Мүхтар Әуезов тілімен баян-дасақ, халқымызды өркениет көшіне "Абай жолымен" бастап келе жатқан Елбасы Нүрсұлтан Назарбаевтың саясат саласында хакімдіктің жаңа заманда сара жолын салып келе жатуы да, халқымыздың болмысындағы дана-лықтың сыртқа шыққан кемеңгерлік көрінісі деп білуіміз керек.

 

 

                                         Өлсем, орным — кара жер

                                                                   сыз болмай ма,

                                         Өткір тіл — бір ұялшақ

                                                                   қыз болмай ма.

                                         Махаббат газауатпен

                                                                   майдандасқан,

                                          Қайран менің жүрегім

                                                                    мұз болмай ма!

"Махаббат", "ғазауат" — жүрек кеңістігіндегі ұғымдар. Сонда жүрек сан алуан, тіпті мүлде кереғар сезім, қайшылыктардың мекені. Ал кай-шылықтардың таласы — өмір денотаты. Өмір шектеулі. Уакыт шексіз. Адам өлімімен бірге уакыттың бір бөлшегі ғана құрдымға кетеді. Демек, оны үстап тұрғандай материалды сауыт - жүрек те мәңгілік мекен-шак аясында физиологиялық мәнін жояды.


"Соқтықпалы, соқпақсыз жерде естім" дегенде, Абай рухани мекен-шақ пен тартысқа толы тіршілікті астарлы мағынада қамтитын табиғи ландшафт көріністерінің жан драмасын ашуға катысты эмоционалдық аурасын бейнелейді. Аллитерациялық кұбылыстардың да қызметі мол. "Жүректің" "түбі" перпендикулярлык орналасым түзүін елестететін бейнелі тіркес. Ол семантикалық мәннің уакыт пен кеңістік жағынан неғұрлым сандық сипаты көп қырларын сапалык өлшемге айналдыру үшін жұмсайтын зияткерлік, психологиялық қажырын бедерлейді. [53]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Абайдағы махаббат мәселесі.


 

"Мәңгілік  махаббат жыры" жазушының жан  сыры. "Ойлап қарасам, бүкіл тіршіліктің, бар ғұмырдың мән-мағынасы, сән-салтанаты, қызық-шыжығы адал жар ғана екен"..

Бұл мәселенің әу баста екі түрлі кереғар пікір"'тудыруы ғажап емес. Ол бәзбіраулерге "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін". деп Абай сүйген өнердің өз қағидасынан оқшау, көркем әдебиеттен тыс бір сезімге, сентиментальды сағынышқа толы жеке бастың дүниесі болып көрініп, талғампаздық наразылыққа ұшырап қалуы  мүмкін.

Асылында бұл өзгеше мәселенің ең асыл қазынасы жер астының құпия кені тәрізді бірден көзге шалынбайды. Оқушысынан мұқият қарауды талап етеді. Сондықтан "Қазақта Халима сияқты жақсы әйелдер көп шығар. Ал әйелін Әзекеңдей бағалаған ешкім жоқ!" Әйтсе де былайғы бөтен жұрт бұл мәселенің арасынан, мемуарлық, диалогтық, монологтық, хат, хабарларының астарынан гауһар тастай жарқыраған бір бейнені тауып алады. Ол - Халиманың деректі образы, ет пен сүйектен жаралған адами болмысы. Расында мұндағы Халима Қалиәкпарқызы Өзбақанова тарихи жеке адам қалпынан биіктеп өсіп кеткен. Оның жан сұлулығы - қарапайым әйелдің шынайы керік-келбеті. Ол образдың кереметтігі сонда, қазақтың ұлттық әдет-ғұрпынан, дүниетанымынан титтеи алшақ кетпегені. Халима - қазақтың, этностық, этнографиялық, боямасыз, қоспасыз, әсіресіз бет-бейнесі. Қазіргі әдеп, иба, сана дегенді ескінің қалдығы көретін пиғыл бел алған тұста мұндай адамдардың сиректігі, артықшылығы білінбей әсте қалмайды.

Осы Халима - нағыз қазақ. Ол өз бойында шынайы қазақ әйелінің барша мінез-құлқын, ниет-пиғылын кіршіксіз сақтаған. Ұлттық тектілік, адалдық, сабырлық, ерге адалдық, (адал сүт емген дейді қазақ мұны), әдемілік ("Халима әпкеміз мүлдем боянбаған"), момындық, ол кәдімгі рухани жан шұағынан тарайтын мейірімнен туады, балажандылық, қонақжайлылық, жұмсақтық, ісмерлік тәрізді толып жатқан далалық кеңдікте, молшылық құттан, құдайшылық обал-сауаптан, тәңіршілдіктен дарыған асыл қасиеттерін айтып тауысу қиын. Тал бесіктен жер бесікке түскенше ата анасының ең бір ізгі, таңдаулы қасиетін сүйіп сақтау Халиманың адамзаттың өзін-өзі аман сақтау түйсігінен туындайды. Себебі бір үйлі әулеттен аман қалған бір өзі ғана, сол -ұрпағын жалғау, өсіру қамы оның рухани арманынан қанаттануы тірі құбылыс. Халимаға лайық эпитеттерді кітаптың ән бойынан інжу тергендей сүзіп алуға болады. Шынтуайтында бұл бір адамның мақтауын асыру ғана емес. Олай ойлаған жан мықтап қателеседі. Расында бұл бір өнеге. Кейінгі ұрпаққа, отбасының ұйтқысы болуға жаралған әйел затына өсиет-сыр, игі жақсының кіршіксіз портреті.

Информация о работе Абайдағы ғашықтық мәселесі