Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:43, лекция

Описание работы

Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі.
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать файл)

 

     Жұмысшы табының қазіргі  кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден  мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық  прогресс заманында жұмысшы табы  еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған  және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.

 

    Төменгі тап – құрамы  жағынан сан ауан. Оларға арнайы  мамандықдары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар  және люмпендер (қайыршылар, босқындар,  қылмыскерлер, т.б.) жатады. Бұлардың  көпшілігінің тұрақты табыс көздері  болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.

 

     Сонымен, әлеуметтік  стратификация кез келген қоғамға  тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің  арасындағы жаппай теңдік орнататын  эгалитарлық (француз тілінде  egalite - теңдік) қоғам орнату мүмкін  емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.

 

Әлеуметтік мобильдік, оның түрлері

 

     Қоғам ілгерілеп дамыған  сайын оның құрылымы да өзгеріп  отырады, соған байланысты әлеуметтік  мобильдік деген құбылыстың түсінігі  пайда болады. Оны ғылыми жағынан  негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.

 

      «Әлеуметтік мобильдік»  деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер  мен адамдар тобының бір әлеуметтік  жағдайдан екінші бір әлеуметтік  жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. 

 

       Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:

 

1)      вертикалдық, яғни  тік сызықтың бойымен болатын  және;

 

2)      горизонталды, немесе  көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.

 

Вертикалдық мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.

 

Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке  адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл – ауқатының, тұрмыс жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.

 

Адамның вертикалды төмен бағыттағы  құлдырауы да өмірде жие кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі  біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.

 

 Э. Гидденс мобильдіктің бұл  типіне жан – жақты талдау  жасаған. Британ қоғамындағы төмен  құлдырау мобельдігінің себептерін  адамның психологиялық күйзеліске  ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан  айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобельдіктің бұл түрін индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.

 

Жоғары бағытта өрлеу мен  төмен түсудің арасында белгілі  бір ассметриялық (яғни, бөліктердің  бір – біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарлауға тырысады, керсінше ешқандай адам қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.

 

Горизонталды мобельдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

 

Сол сияқты көлденең бағыттағы мобильдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматтыққа ауысуы; ерлі – зайыпты адамдар айырылысқан  жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрінде де индивидтің статусқа деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.

 

Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайына ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл – селодан қалаға және керсінше қоныс аударуды жатқызуға болады.

 

Мобильдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.

 

Ұрпақтар арасындағы мобильдікте  балалар өздерінің әке – шешелерінің  әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда  не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін. Мысалы, шахтердің  баласы инженер болуы ықтимал.

 

Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикалды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу - әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид   өз өмірінде де токарь, инженер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.

 

Әлеуметтік мобильдіктің бірінші  түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік  ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобельдігі – қысқа мерзімді прцеске жатады. Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобельдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.

 

Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез – келген қоғамда бір  әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуы болып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшеммен шектелуі мүмкін.

 

Индивид бір статустық топтан екінші бір топқп өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез – құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамымен некеге тұруға тырысады.

 

Әлеуметтік мобильдікті басқа  да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.

 

Жеке мобильдік туралы біз жоғарыда түсіндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керсінше төмен қарай құлдырауы.

 

Топтық мобильдік тұтас таптың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П. А. Сорокиннің пікірі бойынша, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары; әскери төңкерістер мен саяси режимдердің ауысуы; ескі конституцияны жаңа конституциямен алмастыру; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы төңкерістер; империяны құру жатады.

 

Топтық мобельдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі  большевиктер партиясынан бұрын  болмаған беделін көтеріп, қоғамға  мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылады. Сөйтіп халықтық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллегенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобидьдіктің деңгейі жоғарлай түсті.

 

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтерімен бірге  оның ұймдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдегі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мүмкін. 

 

Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО – да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың елуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты Ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.

 

Топтық мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты қайта  құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркін байланысты емес. Мысалы, халық шаруашылығының кейбір салаларының қысқаруы, кейбір мамандықтың жойылуы халықтың үлкен  топтарын ауыстыруға, басқаша орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50 – 70 – жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында көптеген ауыл – село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болды.

 

Сол сияқты экономикалық дағдарыстар  қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл – ауқатының төмендеуіне, жұмыссыздар санының артуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.

 

Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда  орын алатын революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі.

 

Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.

 

Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің  ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл процестердің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

 

Мыслы, Кеңестер Одағында қарапайым  адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, обылыс көлемінде басшылық қызметтерде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға ауысуға мүмкіндік алған.

 

Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны  белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының жалпы санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайыз арқылы көрсетіледі.

 

Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде  халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты? Деген сұрауға ғалымдар: бірінщіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік – экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қыжымай – талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағыттында бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде жеке адамның әлеуметтік топтардың жан – жақты дамуына кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны жа жоғары.

 

Американ әлеуметтанушылары П. Блау мен О. Дункан дамыған елдердегі  әлеуметтік мобильдіктің қарқынын зерттеу  нәтижесінде АҚШ – да тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген  қорытындыға келген.

 

П. А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: «Егер мобильдік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді.» Қоғам бұл жағдайда бір қабатты екінші қабаттан бөліп тұратын едені мен төбесі жоқ ғимаратқа ұқсас болар еді.

 

Олай болса барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір «елеуіш» тәрізді, яғни онда индивидтер мен топтардың белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады.

 

Қазіргі Қазақстандаға әлеуметтік стратификация мен мобильдік

 

     Қазіргі нарықтық  экономика жағдайында Қазақстанның  әлеуметтік құрылымы бұрын –  сонды болмаған күделі өзгерістерге  ұшрап отыр. Егемендік, тәуелсіздік  алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік – экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел – жұрттың миграциясы мәселелері мен үдерістері деерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

 

     Көпшілікке мәлім,  нарықтық экономика меншіктің  алуан түрлігін қажет етеді.  Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік  құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлштелінуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жеке, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейманханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болады.

 

     Республикада меншік  иелері табы әлі қалыптасу  үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы