Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:43, лекция

Описание работы

Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі.
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать файл)

 

№3 Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде.

 Дәріс жоспары:

Қоғам және оның мәні.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

Қоғамдардың жіктелуі.

Дәріс тезистері:

     «Қоғам» деген ұғым  әлеуметтану ғылымының басты  категориясы болып табылады.

  Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150 – ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанымен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілері бар.

    Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама берді.

    Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивитке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

 

     Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір – біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

 

     Американдық әлеуметтанушы  Парсонстың пікірінше, қоғам –  адамдар арасындағы қарым –  қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым – қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) мен құңдылықтар болып табылады деген.

 

     Ал, К. Маркс қоғамды  адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің  нәтижесінде пайда болып, тарихи  дамып отыратын қатынастардың  жиынтығы ретінде түсіндіреді.  Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым – қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

 

     Әлеуметтік жүйедегі  элементтердің (адамдардың) орналасуында  белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.

 

      Координация –  жүйенің тұтастығын қамтамасыз  ететін элементтер арасындағы  белгілі бір келісім. Яғни, қоғам  мүшелері бір – бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

 

       Субординация  – тұтас жүйедегі элементтердің  тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын  билеу және тәуелді болу қатынастары.  Бұл – қоғамда иерархия бар  деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызды орын  алатындығы баршамызға мәлім.

 

   Қоғамның құрылымы өте  күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз,  қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің  жиынтығы мен олардың арасындағы  сан алуан байланыстар. 

 

    Әлеуметтік құрылымның  басты элементтері: а) өзара  тығыз байланыста, қарым – қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

 

     Әлеуметтік қоғамдастықтар  деп, белгілі бір ортақ белгілері  бар, яғни мүдделері, құндылық  бағдарлары, атқаратын қызмет, іс - әрекеттері  ұқсас адамдар тобын айтамыз. 

 

     Қоғамда адамдар қоғамдасуының  сан алуан түрлері бар. Оларды  дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

 

I.                   Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

 

1)                  қысқа мерзімді байланысқа негізделген,  тұақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп те  атайды.

 

Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

 

2)                  тұрақтылығ орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы, т.б.);

 

3)                  тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).

 

II.                Көлеміне қарай: 1) үкен әлеуметтік  топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер, т.б.); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтын тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым – қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат – мүдделері де жақын болады.

 

III.             Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:

 

1)      әлеуметтік –  экономикалық (касталар, сословиелер,  таптар); 2) әлеуметтік этникалық  (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік – демограиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер, т.б.); 4) әлеуметтік – кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.); 5) әлеуметтік – территориялық (аймақтың, обылыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

 

  Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік.

 

Әлеуметтік институттар – қоғам  мүшелерінің бірлесіп өмір сүрулерін  ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым – қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез – құлықтары мен іс - әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 

 

   Әлеуметтік институттар  қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен  пайда болды. Мәселен, қоғамдық  тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен  полиция (милиция) институты пайда  болды. 

 

    Қоғамда қызмет ету  салаларына қарай әлеуметтік  институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

 

     1) Экономикалық институттар  экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз  ету мақсатында шаруашылықты  басқару мен ұйымдастыруды жүзеге  асырады. 

 

      Мәселен, меншік  қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құңдылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.

 

     Еңбек ақы – жұмысшының  еңбегі үшін төленетін ақы. 

 

     2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

 

     3) Рухани саланың  институттары ғылым мен білімнің  өнердің дамуына және қоғамдағы  моральдық құндылықтарды қолдауға  ықпал етеді;

 

     4) Отбасы институты  - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

 

     Адамзат қоғамының  пайда болуы, дамуы ұзақта күрделі  процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 40 – 50 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық – туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл – құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.

 

      Қоғамның бұл аталған  даму сатысын «алғашқы қауымдық  қарапайым қоғам» деп атайды.

 

      Келе – келе  адамдардың шеберліктері артық, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруашылығымен егіншілікке көшу – қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуна ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесінде қоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұны өзі қоғамда бір – біріне қарама – қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамды басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.

 

     Қоғам дамуының бұл  сатысы «таптық, күрделі қоғам»  деп жіктеуге болады.

 

     Ғылыми әдебиет беттерінде  қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәседен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға дейінгі және ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.

 

      Сонымен қатар  кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық  қатынастардың даму дәрежесіне  қарай ашық және жабық қоғам; діни ұсанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.

 

       Әлеуметтануы  ғылымы қоғамдарды жіктеуде басты  назарды әлеуметтік – экономикалық  белгілерге аударды. 

 

       Біз бұл турасында  маркістік, формациялық тұрғыдан жіктеудің мәніне көшейік. Маркістік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал – жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның талаптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктейді. Олардың басқаша 5 қоғамдық – экономикалық формациялар деп те атайды. Олар мыналар:

 

        а) алғашқы  қауымдық қоғам;

 

        б) құл иеленушілік  қоғамдық – экономикалық формация;

 

        в) капиталистік  қоғамдық – экономикалық формация;

 

        г) коммунистік  қоғамдық – экономикалық формация.

 

        Бұлардың үшеуі,  яғни құлдық, феодалдық және капиталистік  қоғамдық – экономикалық формациялар  – таптық – антагонистік, қанауға  негізделген, еңбек адамына жат  қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз береді. Бұл - әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тапсыз қоғам дейді.

 

       Алайда XX  ғасырдың  басындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркістік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.

 

       Кеңес Одағы  мен социалистік лагерь елдерінің  халықтары (олар әлем халқының 3/1 бөлігі) әкімшіл - әміршіл, тоталитарлық  саяси тәртиптің үстемдік еткен  қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алады. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелденіп.

 

       Алайда капитализм  мен нарықтық экономика жолындағы  барлық қоғамдардың даму дәрежесі  осындай деу қиын.

 

Ғалымдар капитализмнің:

 

-          бастапқы капитализм;

 

-          бюрократиялық  капитализм;

 

-          олигархиялық  капитализм;

 

-          демократиялық  катитализм

 

деп жіктеу қажет дейді. Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін  әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз  жоқ, біз түрлі қоғамдардың әлеуметтік – экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.

 

       Бұл ретте XX ғ. 50 – 60 – жылдарында американдық  әлеуметтанушылар Дениел Белл, Уолт  Ростоу және француз әлеуметтанушысы  Раймон Арон ұсынған қоғам  дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор.

 

      Аталған авторлар  адамзат қоғамының дамуын әлемдік  шеңберде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай  үш түрлі типке жіктеледі:

 

1)      индустриалдық сатыға  дейінгі қоғамдар, оларды аграрлық  немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды;

 

2)      индустриалдық қоғамдар;

 

3)      постиндустриалдық  қоғамдар.

 

        Бұл аталған  қоғам сатыларының алғашқысы  ең ұзаққа созылған саты болды.  Қоғам өмірінде дәстүр мен  діннің ықпалы күшті болған.

 

         Дін иелері  мен феодалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайды.

 

         Индустриалдық  саты, шамамен, бұдан 250 жылдар  бұрын қалыптасқан. Батыс елдерінде  өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде  феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық  пен кішігірім шеберханалардың  орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машиналар келді. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкеледі. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады.

 

        Қоғамның дамуы  ғылыми – техникалық прогресс  пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке  сүйенеді. Соның нәтижесінде «бизнесмендер»  деп аталатын қоғамдағы жаңа  және жетекші әлеуметтік топ  пайда болды. 

 

        Постинустриалдық қоғамның қалыптасуы XX  ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атауларымен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің – «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И. Масуданың – «ақпараттық қоғам» тәрізді т.б. атаулар кездеседі.

 

       Бұл қоғам сатысында  экономиканың негізгі саласы  – халыққа қызмет көрсету саласы  болып есептеледі. Компьютерлер  мен күрделі басқару жүйелерін  енгізу жұмыс орнында көптеген  процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы