Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа

Описание работы

Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.

Файлы: 1 файл

Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны.docx

— 171.93 Кб (Скачать файл)

Әрине, қатардағы оқушы  баспасөз жанрларына онша мән бере бермейді. Ең алдымен автор қалай  жазды, материалды қалай қызықты  етіп берді, міне оған керегі осы.

Ал очерктің жанрлық анықтамасы жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Сонау  отызыншы жылдардан күні бүгінге  дейін әр зерттеуші, әр қаламгер түрліше  пікір айтып келеді. Бұлай болатын  себебі, очерк - өз сипаты мен табиғаты жағынан жиі өзгерістерге ұшырайтын, дәуір талабына тез бейімделе  қоятын бейне бір «жылжымалы»  жанр.

Мәселен, жеке оқулықтар  мен оқу құралдарында очеркке  мынадай анықтама беріліп жүр: «Очерк - эпикалық, суреттеушілік әдебиеттің бір түрі, ол басқа түрлерден (роман, повесть, әңгіме) айқын мағлұматтылығымен  ерекшеленеді, яғни очеркте нақты  өмірде болған оқиғалар белгілі дәрежеде дәлірек бейнеленеді, оған қатысушылар   өмірде   болғандар».

«Бірыңғай көркемдік міндет атқаратын новелла мен әңгімеге қарағанда, очерк баяндау тұрғысындағы шығарма, оның негізгі мақсаты - бейнелі  түрде елестете баяндау,   әрі   бейнелі   хабарлау».

«Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі - очерк. Бұл  да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене  бір бөлегі, адам өмірінің аздаған  эпизоды нәрлі тілмен, әр түрлі  суреттер арқылы шебер,   тартымды   бейнеленуге   тиіс».

«Көркем-публицистикалық  жанрлардың бір түрі - көркем очерк. Очерк үгіт пен насихаттың жауынгер де әсерлі формаларының бірі екендігін  өмірде дәлелдеген де, дәлелдей беретін  де көркем публицистиканың алғы шептегі  жанры болып қалыптасты. Бұл жанр өмір шындығының құбылыстары мен  оқиғаларын батыл да терең талдап, тартымды тілмен шағын «сурет» салып  береді. Оперативті де оңтайлы бұл  жанр радио мен телевизия арқылы да, газет бетінде де өз оқушыларымен күнбе-күн кездесіп, бүгінгі өміріміздің  жақсы лебін ала келеді, уақыт  талабынан туған мәселе көтеріп, совет адамдарын жақсы қасиеттерге  тәрбиелейді»

Әдебиет зерттеушісі, сыншы  Т. Нұртазин былай дейді: «Очерк көркем әдебиеттің бір саласы. Онда шығарма  негізі - күнделікті деректі материал, нақты адамдардың әрекеті»

Очерктің маңызын, өзіндік  ерекшелігін I.Жансүгіров былай түсіндіргенді: «Очерк - әдебиеттің ең бір керекті  түрі. Қазіргі өмір қарқынына, құрылыс  қарқынына күнбе-күнгі сәйкес әдебиет  түрі - очерк. Өткір қалам, екпінді  стиль, дәл сурет, көпшілікті тез  ұйыстырушы пікір осы очерк».

Міне очерк теориясын  зерттеушілер мен қаламгерлердің қай-қайсысы  болсын очеркке көркем-публицистикалық  жанр тұрғысынан баға береді.

Очерк оқушының сезімін көркемдеу  және бейнелеу құралдарының көмегімен  селт еткізеді, белгілі бір идеяны әсерлі, әрі айшықты формада жеткізеді. Демек, оқушының көз алдында өмір шындығының әсем бір суреті тұрады. Очеркте тақырып логикалық та, көркемдік те шешімін табады. М. Горький  очеркке анықтама бергенде, оның түп  төркіні «очертить», «очерчивать» деген  етістіктерден шыққанын ескеру керек  деген еді. Яғни бұл - белгілі бір  заттың елесін сызу, бөлшегін беру деген  сез. Басқаша айтқанда, өмірдің бір  көрінісі суреттелуге тиіс.

Очерктің өзіне тән  ерекшелігін, сыр-сипатын аңғару үшін оны әңгімемен салыстыра зерттеген  жөн. Очеркте нағыз өмір шындығы, өмірде, қоғамда бар реальды адамдар  алынады. Очерктің күші - нақтылығында, документтілігінде. Яғни оқиғаның болған жері, уақыты, кейіпкер есімі дәлме-дәл  көрсетіледі. Очерк жазылғаннан  кейін сол заводқа, не колхозға барсаңыз, жаңағы суреттелген адамдарды, сөз  жоқ, тауып аласыз. Айталық, Мұқан Иманжановтың «Тыңдағылар» очеркіндегі Подольскийдің, Баевтың Павлодар облысында болғаны, тыңға келіп жұмыс істегені кәміл рас, ал «Таныс қыз» әңгімесінің басты кейіпкері Бекенді қырық жерден іздесең де таба алмайсың. Өйткені ол жоқ. Жазушы өмірді зерттей, бақылай жүріп, Бекенді ойдан шығарды. Әңгімедегі оқиғалар да әйтеуір біреулердің басынан өткен болуы мүмкін. Окиғаның қай күні, қай сағатта болғанын көрсету де автордың өз еркі. Ал очеркте Баевтың істемегенін істеді деп, айтпағандарын айтты деп қойсаңыз,   аты-жөнін   бұрмаласаңыз   ұят.

Автордың әңгімедегі ойдан  алған оқиғалары, характерлері, кейіпкерлерінің  қақтығыстары өмір шындығының заңдылықтарын  дұрыс бейнелейді, сондықтан бұлар - шындық, ақиқат, типтік ретінде қабылданады. Көбінесе әңгімеде адам өмірінің бір  сәті, мінезінің бір қыры көрінуі  мүмкін. Мінез бітімі, сезім сыры, жағымды-жағымсыз қылық т.б. әңгімеге қазық бола береді. Әңгіменің иегізгі  мақсатының өзі характер мүсіндеу, адамдардың өзара қарым-қатынасын  суреттеу екені анық. Әңгімеде алдымен  образдың замыселі (түпкі ойы, түп  қазығы) тууы мүмкін, ал очеркте олай емес, мұнда образдың түпкі ойын нақты адамның өзі туғызады.

Очерктен әңгіменің  тағы  бір  айырмасы – очерк еш уақытта  ойдан шығарылған фактіге құрылмайды, ал әңгіме өмірде бар нақты, шынайы фактілерден алынып жазыла береді. Бірақ бұл бәрібір очерк емес. Олай дейтініміз, әңгімеде нақты факті, нақты құбылыс бағыныңқы, қосалқы  қызмет атқарады. Мұнда факті негізінен  көркемдік вымыселдің (ойдан қосудың) көрінісі есебінде пайдаланылады. Әңгімеде автордың идеясы көбінесе образ арқылы ашылса, очеркте автордың өз атынан баяндалып отырады.

16. Көркем очеркте образ жасау тәсілі

17. Очерк - көркем шығарма

Очерк - көркем шығарма дедік. Сондықтан онда әңгімедегі, новелладағы  сияқты көркемдік қасиеттердің бәрі болады, яғни очеркте экспозиция, оқиғаның өрбуі, байланыс, шарықтау шегі, шешуі  болады. Дәл осылай сюжетке кұрылып, оқиға желісін қоюлатып, шебер  жазылған кейбір очеркті әңгімеден  айыра алмайсың. Бұған мысалды  алыстан іздеудің қажеті жоқ. Қазақ  топырағынан да мұндай очерк нұсқалары  табылады. Б. Майлиннің «Борамбайдың бірінші адымы», М. Әуезовтің «Түркістан солай туған», Ғ.Мұстафиннің «Жезқазған», Ә.Нұршайықовтың «Алыстағы ауданда» деген очерктері міне осындай  шығармалар. 

Максим Горький сюжет  дегеніміз - байланыс, қақтығыс, жалпы  адамдардың қарым-қатынасы деген болатын. Демек, сюжет адамдардың қарым-қатынасындағы  күрделі сәттер мен қайшылықтарды, жеке мінез ерекшелігін, әлеуметтік типтерді бейнелеуге тиіс. Егер біз  романда немесе әңгімеде «өз-өзінен»  ширатылып, тартылып отыратын өзекті сюжетті  байқайтын болсақ, очеркте кейде  бұлай бола бермейді. Шым-шытырық  тартыс желісіне құрылып, ойдан алынған  оқиғалар тізбегі ретіндегі сюжеттің кез келген очерктен табыла беруі  екі-талай. Көптеген очерк туындыларында  сюжет характерлер қарым-қатынасының  логикасымен дамымайды. Бұларда  баяндаулар, өндіріс тақырыбындағы  әңгімелер, публицистикалық шегіністер киіп кетіп, кейде сюжет желісіне, характер ашуға нұқсан келтіретіні  рас. Қөркем очерктегі сюжет фактіге  сүйеніп, көбінесе-автордың құбылыстар мен адамдар туралы ой-толғамдарының  сыр-сипатын білдіреді: К.Федин: композиция - тақырып дамуының логикасы да, сюжет - образ дамуының логикасы деп тауып айтқан еді. Қолдан келсе, очеркті оқиғаға құрып, оқиғаны шиеленістіре отырған жаман болмас еді. Очерктің композициясын бір оқиғаның төңірегінде   ербіткен   де   өнер.

Очерк - көркем-публицистикалық  жанр. Онда баллстристика мен публицистиканың элементтері бір арнада ұштасып жатады.

Бізде кейбіреулер очерк  жазу көрген-білгенді жалаң баяндау  деп түсінетін сияқты. Бұл дұрыс  емес. Қаншама нақты, қаншама «адресі  бар» шығарма болғанымен, очерктен эстетикалық ләззат алуға тиіспіз. Очеркист -жазушының міндеті де - өмірді көркем нақышпен бейнелеу. Сондықтан  очеркте фактілер мен оқиғалар жаңа мазмұн алады, яғни көркем образға кенеледі. Образдылығы болмаса очерктің корреспонденциядан, хабардан айырмашылығы да болмас еді. Ал очерктегі образды публицистикадан  бөле қарау қате. Әңгімеден, повестен, романнан оның басты өзгешелігінің  өзі - публицистикалық серпіннің  молдығы. Өйткені, очерктің тынысы - бүгінгі  өмір, бүгінгі мәселелер. Глеб Успенский  өзінің очерктерін жазғанда «образ бен  публицистиканы қатар пайдаланушы  еді» деп В. Короленко өте тауып  айтқан. Очерк өмір шындығын оқушыға  көркем құралдардың (образдылық, портрет, сюжет пен композиция), сол сияқты публицистикалық элементтердің (публицистикалық  жинақтау, тарихи параллель, аналогиялық  цитата, цифр, документ, қаулы-қарар, өлең-жыр  т.б.) көмегімен жеткізеді.

Очерк, жоғарыда айтылғанындай, әңгіме мен зерттеудің аралығында тұрған жанр. Мұның мәнісі - өмір шындығы  екі түрлі әдіспен бейнеленеді. Оның біріншісі - көркем әдебиеттегідей суреттеу құралдарын пайдалану. Бұл  жағынан очерк әңгімеге жақындайды. Екіншісі - публицистиканың мол араласуы. Бұл жағынан, мақалаға, зерттеуге  жақын тұрады.

Әңгіме, асылы, эстетикалық  тәрбие беру қызметін атқарады. Ал очерк, бір жағынан, шындықты саяси тұрғыдан қорытып, бір жағынан, оны эстетикалық  ауқымда бейнелейді. Очеркті көркем публицистикалық жанр дейтініміз де сондықтан. Көркем очеркте өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, мәдениеттің соны жаңалықтары, зәру проблемалары публицист  көзінен өткеріледі. Ал, жазушының, журналистің осы тұстағы қорытындылары  мен тұжырымдары әрі нанымды, әрі дәлелді болуға тиіс.

Әлбетте, типтендіру дегеніміз - дара кейіптер жасау, солардың тағдыры, қылығы, іс-әрекеті арқылы күрделі, әрі сан алуан байланыстар  мен қарым-қатынастарды   аша   білу.

Очерктегі типтендіру едәуір дәрежеде біздің өміріміздің мән-мағынасы мен сипатын білдіретін ақиқат фактілер мен оқиғаларды дұрыс іріктеп  алуға байланысты. Егер очеркист айналадағы құбылысты типтендірмесе, онда тек  фактіні жай тіркеуші ғана болып  қалар еді. Ал оқушы очерктен фактінің «психологиясын» адамдардыц аты-жөнін, лауазымын емес, қайта оның ішкі дүниесін ашатын қызықты әңгімені іздейді.

Очерктің бір ерекшелігі, оның белгілі бір ситуацияға (жағдайға) бейімделіп отыруы. Көп ретте очерк  адам характеріне тереңдеп бармайды, бірақ ситуациядан жаза баспайды. Характерсіз очерк болуы мүмкін, ал проблемалық ситуациясыз очерк  жазылмақ емес. Осы тұрғыдан очеркист әр уақыт публицист болып қалады. Ол өзі суреттеп отырған оқиғаға, құбылысқа баға береді, оның әлеуметтік мәнін ашады. Автордың очеркте өзін араластыруы фактінің, оқиғаның нақты шындықтан алынғанына, тұп-тура растығына оқушының көзін   жеткізеді.

Очерктегі публицистикалық  элемент автордың баяндауларынан, толғаныстарынан  да анық сезіледі. Сонымен бірге  ол оқиғаға геройымен бірдей қатысып, өз қөзқарасын ашық білдіреді. Кейде  ол шығарманың тікелей кейіпкері  немесе соған бірден-бір байланысты адам ретінде есте қалады.    В. Овечкиннің   «Аудан тіршілігі» деген очерктер циклін талдай келіп, Б. Агапов шығармадағы күллі кейіпкердің  ішінде өте-мөте айқындалғаны, түлғаланғаны Борзов та емес, Опенкин де, Мартынов та   емес,   тап   Овечкиннің   өзі   деген   еді.

Очерктің танымдық, білімдік қадірі күшті, газеттің, бұл оперативті жанры оқушылардың ой-өрісін тың  мағлұматтармен, өмір заңдылықтарымен  байытады. Совет очеркінің тәрбиелік  мәні де зор. Ол еңбекшілерді, әсіресе  жастарды коммунизм рухында, халықтар достығы мен пролетарлық интернационализм, Отанға берілгендік рухында тәрбиелейді, шабытты еңбекке жігерлендіреді, жаңа адамды қалыптастыруға көмектеседі, яғни бір сөзбен айтқанда, коммунистік  құрылыстың ұлы міндеттерін орындауға   ат   салысады.

Очеркист фактілсрді іріктеп, екшеп, творчестволық електен өткізіп, сұрыптап ала білсе ғана мақсатына  жетеді. Фактінің жинақтылығы, сүбелілігі, ажарлылығы үлкен роль атқарады. Көзге  көрінгеннің бәрін, әлеуметтік мәні жоқ болымсыз бірдеңелерді тықпалай беру очеркке көрік емес. Типтік фактілерді, типтік құбылыстарды іздеп, таба білген, бұларға нәр берген, жан бітірген очерктердің шоқтығы  биік. Совет очеркі - жаңалықтың, озаттықтың жаршысы.

Очеркте көркем-суреттеу құралдары  нақты өмір шындығын көркем-публицистикалық  тұрғыдан ашып көрсетуге бағындырылады. Факті - очерк үшін тек материал ғана. Автор оқиғаны қаншама дәл  суреттегенімен, егер фактіге көркем-публицистикалық  тұрғыда талдау жасалмаса, одан бәрібір  көркем очерк шықпайды. Очерк - фактіні  жай ғана тізу емес, автордың қабылдауындағы, түйсігіндегі, бейнелі суреттеуіндегі факті туралы әңгімелеу. Горький  очеркистен фактіні құр тізбектеуді  емес, қайта зерттеуді талап еткені осыдан. Очеркте факті автордың талдауында оқушының көз алдында   тұрады, мұның мәнісі - фактінің табиғатын, идеялық мағынасын, әлеуметтік маңызын  ашып көрсету деген сөз. Бір кезде  В.Г. Белинский реалистік очерк  натурадан айнытпай дәл түсіру емес, заттың фотографиясы емес деп ескерткен  еді. Ұлы сыншы очеркистерді фактілердің  құр тізбегінен, натурализмнен сақтандырды. Очеркист фактіні, құбылысты, оқиғаны  үңіле зерттеп, қадағалап, салыстырып, шындықты көңіліне тоқып барып өмірдің  шынайы көрінісін жасай алады. Очерк  оқушы сезіміне әсер етуге тиіс, оның көз алдына шындық құбылыстың әсем бір суретін елестетуге тиіс.

Факті - әлі толық шындық емес деген еді М. Горький, ол шикізат  қана, міне осы шикізаттан өнердің  нағыз шындығын екшеп, сұрыптап, қорытып  ала білу керек. Очерктегі «фактографиядан» (фактіні қара дүрсін тізе беруден) арылу, өмір шындығын біртұтас диалектикалық  даму тұрғысынан бейнелеп, типтік дәрежеге көтеру парыз. Әлеуметтік, экономикалық астары терең, өзекті факті ғана очеркке негіз бола алады. Коммунистік үлкен идеяны, тәрбиелік маңызы күшті фактіні арқау еткенде ғана очерк оқушылардың өскелең тілегіне сай шығады, біздің алға басуымызға себін тигізеді. В. Г. Белинский очерк нақты адамдар мен нақты өмір кұбылыстарын бейнелі түрде көрсетеді деген болатын. Ал публицистиканың араласуы, заманның өзекті мәселелерін қозғау очерктің көркемдік қасиеттеріне ешбір нұқсан келтірмек емес. Бірақ бізде бұл ереже сақталмай, кей сәт очерктің кадірі кетеді. Біздегі «ауру» - көзге көрінгенді, жоқтан өзгені тізе беру, оқиғаға қабыспайтын, адамдар бейнесіне қатысы шамалы фактілер мен детальдардан айналсоқтап шыға алмау. Көркем очеркте де әңгімедегідей шынайы образдар жасалады. «Әдебиет туралы заметкалар» деген мақаласында А. Фадеев былай деген болатын: «Тек әңгімеде, повесте немесе романда ғана емес, очеркте де шынайы характерлер мен олардың қақтығыстарын беруге болатынын еске салғым келеді. Тургенев жазған «Аңшының әңгімелері» очерк екені даусыз, ал осында Тургенев бір топ шаруалардың, оларды қанаушы помещиктердің образын   жасаған   жоқ   па?!

Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны