Қабылдау түрлері , қабылдау дегеніміз не?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 18:22, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу ерекшеліктерін анықтау және оны қалыптастырудың психологиялық жолдарын қарастыру.Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылады:
-Мектепке дейінгі балалардың даму туралы ғылыми еңбектерге талдау жасау.
-Мектепке дейінгі балалардың қабылдау мәселесі бойынша әдістерді іріктеп алу.
- Мектепке дейінгі балаларға (5 – 7 жас ) психологиялық әдістерді өткізу.
- Алынған нәтижелерге байланысты мектепке дейінгі балалардың қабылдауын қалыптастырудағы психологиялық дамытушы жаттығулар (тренингтік жаттығу) өткізу.

Содержание работы

Кіріспе ..................................................................................................................
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын жетілдірудің теориялық мәселелері.............................................................................................................
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының психологиялық теориясы................................................................................................................
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау саласындағы
дара айырмашылықтар........................................................................................
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын
қалыптастырудың жолдары................................................................................
Қорытынды .......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (10).docxАмина.docx

— 168.88 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОСТАНАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

 

 

 

       Мамандығы : 0101000 (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту)

       Пән бойынша: Психология

 

 

       Тақырыбы : «Қабылдау түрлері ,  қабылдау дегеніміз не ?»

 

 

 

 

 

Орындаған : Уразбекова А.К.

   4МдТ сырттай бөлім студенті                                                       

                                                    Жетекші:Баяхметова А.М                                                                                               

 

                                        

 

 

 

 

 

Қостанай 2014 ж.

 

 

 

Мазмұны 
Кіріспе .................................................................................................................. 
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын жетілдірудің теориялық мәселелері............................................................................................................. 
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының психологиялық теориясы................................................................................................................ 
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау саласындағы 
дара айырмашылықтар........................................................................................ 
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын  
қалыптастырудың жолдары................................................................................ 
 
Қорытынды .......................................................................................................  
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................

 

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау түрлерінің  қалыптасуы  қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда психикалық мектепке дейінгі балалардың психикалық  және танымдық процестерін зерттеуге аса назар аудару басты мәселе балдырғандардың бойындағы психикалық процестер мен сөйлеудің ,сезімдердің,мінез-құлықтың,еріктің пайда болуын , өзгеруін , жетіуін және дамуын мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып , ретке келу , қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру,қиялдың күшті даму,  ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады. Бес жастан жеті жасқа дейінгі балалардың қабылдауы жоғары болады. Осы жас аралығында балалалрда көздің көргіштігі , түстер мен олардың рендерін ажырату нәзіктігі артып,фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды,қол белсенді сезіну мүшесіне айналады.

Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар  баланың болмыстағы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым- қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың  жаңа іс-әрекеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі.

Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін,балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар(сенсорлық эталондар-спектр түстері, геометриялық формалар,музыкалық дыбыстар,т.б.жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жүктелген  және өзара байланысқан үлгілері).

Сенсорлық  эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданып тексеруге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады  /1.189/.

Мектепке дейінгі кезеңде балалардың дамуы мен ойын үстіндегі әр түрлі іс-әрекеттері оларға өздерін қоршаған ортаны,заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерін танып білуіне,ақыл-ойының дамуына игі ықпал етеді. Бес жастаға балалардың қабылдауы өте жоғары болады.Алғашқы сатыларда  мектеп жасына дейінгі балалардың  қабылдауы  кейін келе жоғала бастайтын «шошақпен» күшті қамтылған. Оның жоғалып кетпей әрі қарай дамып,қалыптасуы үшін жағдай жасалуы тиіс.Сондықтанда ересек адамдар балалардың әр нәрсенің мән-жайын танып білуге деген ықыласына  үнемі қамқорлықпен бағыт-дағдар беріп отыруы тиіс. Өйткені олардың танымы мен қабылдау қасиеті сол әрекет кезінде жетіле түседі.Атап айтқанда, бұл кезеңде балалардың нәселердің дұрыс байқап,ажырата білуі айтарлықтай дамиды.Сондай-ақ сөздерді естуі арқылы қабылдап,ұқсас дыбыстардың айтылуы мен өзара айырмашылықтарын айқын әрі сол сөздік құрамынан зат есім,шылау,етістік,анықтауыш сияқты сөздерді бір-бірінен аңғарып, олардың мәнін 5-7 сөзбен берілген заттар мен құбылыстардың сипат белгілерін, қасиеттерін ойша қорытып,қасиеттерін ойша қорытып,өз сөздерімен айтумен оның шығу реті мен дыбысталуын өзге ұқсас сөзбен салыстыра отырып түсінетін деңгейге көтеріледі. 

Қабылдаудың ықпалымен «қабылдаудың айналасында,қабылдау арқылы және қабылдау көмегімен» дамиды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау Г.Фалькельт,А.Н.Леонтьев, Л,А.Венгер, Ж.Пиаже болып табылады.

Зерттеу ерекшеліктерін анықтау және оны қалыптастырудың психологиялық жолдарын қарастыру.Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылады:

-Мектепке дейінгі балалардың  даму  туралы ғылыми еңбектерге талдау жасау.

-Мектепке дейінгі балалардың қабылдау мәселесі бойынша әдістерді іріктеп алу.

  - Мектепке дейінгі  балаларға (5 – 7 жас ) психологиялық  әдістерді өткізу. 

- Алынған нәтижелерге  байланысты мектепке дейінгі балалардың қабылдауын қалыптастырудағы психологиялық дамытушы жаттығулар (тренингтік жаттығу) өткізу.

Зерттеу болжамы – мектеп  жасына дейінгі балаларға өткізу жүйесі ұйымдастырылса , мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауын жетілдіру үрдісі. Зерттеу мәні -  психологиялық дамудың түрлерін қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындау .

 

Зерттеу әдістері :

Мектепке  арналған жаттығу ойындар түрлерін дамытуда келесі психологиялық әдістемелер мен жатығуларды қолдануға , яғни оларды атап өтетін болсақ «Мына суреттерде кімге не жетіспейді ?» , «Бұл кірапта не жасырылған ? » , «Кілемді немен толықтырамыз?» .

    1. Мектепке дейінгі балалардың  қабылдауының психологиялық ерекшеліктері :
    1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түйсіктеу болса ғана білімді бере аламыз. Бейнелендірудің бұл екі түрі сезімдік танудың тұтас процесінің  звенолары болып есептелінеді.

Мектепке дейінгі балаларға тән ерекшеліктері бар . Егер түйсіктер нәтижесінде адамзаттың жеке қасиеттері ,  сапалары туралы білім алатын болса , қабылдау зат немесе құбылыстың нәтижесін береді.

Қабылдау дегеніміз заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен  тікелей әсер ету кезінді бейнеленеді.

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.

Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктерін қарастырайық.

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз.

 


 




 


 

 


 


 

 


 


 

 

 

Қабылдаудың қасиеттері

 

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылаудың таңдамалылығы делінеді. Қабылауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз.

Қабылаудың таңдамалылығы әр түрлі объективтік (объектілердіңғ ерекшеліктеріне – күші, қозғалысы, қарымқатынасы т.б.) және субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық көңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.

Қабылаудың константтылығы да сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады.

Қабылаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция – сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге енгізеді.

2-сурет. Қабылдаудың жүйеленуі.

Әрқашан да қабылданатын затқа не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты болады.

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отарады. Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше көзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты.

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ТҮЙСІГІ

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы сияқты қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады.

И. П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын талдағыш деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс) үш бөліктен құралады.

 


 

 


 


 


 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдағыштардың функционалдық сызбасы

 

Балада түйсіктер дүниеге келген күнен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Ол балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе оның саңылау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп көңілденеді. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрістелерден де байқалады.

Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрлеше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады.

Мектепке түскенге дейін түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т.б.) біршама қалыптасып үлгіреді. Түйсіктердің қайсысын болса да қалағанымызша жетілдіруге болады.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары төмендегідей:

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік: абсолюттік, айырма сезгіштік деп екіге бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты.

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылыста адаптация дейді.

 




 




 



 

 


 

 

 

Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады.

 

 

 

 

Жүйелеу белгілері.

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.

Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады.

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Синестезия – түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.

Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.

1. Сыртқы дүниедегі заттар  мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің  бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің  бетінде немесе оған жақын  орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың  рецепторларын экстероцептор деп  атайды. Оған көру, есту, иіс, дәм, тері  түйсіктері жатады.

2. Ішкі мүшелеріміздің  күйін бейнелейтін түйсіктерге  түрлі органикалық түйсіктер  жатады. Олардың рецепторларын интероцептер  деп атайды.

3. Дене мүшелерінің қозғалысы  мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс  немесе кинестезиялық түйсіктер  хабарлап отырады. Мұның рецепторы  проприоцептор деп аталынады.

Түйсіктердің орналу жеріне байланысты түрленуі

Информация о работе Қабылдау түрлері , қабылдау дегеніміз не?