Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа

Описание работы

Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.

Файлы: 1 файл

Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны.docx

— 171.93 Кб (Скачать файл)

Сонымен, алдыңғы екі белгі  болмаса, фельетон-корреспонденция  деп аталмайды. Ал соңғы белгі  болмаса, корреспонденция фельетон деп аталмайды. Демек, кез келген корреспонденция фельетон бола алмайды.

К.Ковалевский бір мақаласында  фельетон корреспонденцияның болатындығына  шек келтіреді. Сол пікірге қарсы  айтыста фельетонист Юр. Чаплыгин былай деп жазды: «Фельетон-корреспонденцияның болатынын жоққа шығаруға болмайды. Фельетон-корреспонденция оперативтілігімен, ұқыпты тексерілген факті негізіне кейбір нобай-тұспал, болжауларына дейін  сай келетіндігімен ерекшеленеді. Онда репортаж элементтері жүреді, бірақ  белгілі бір жағымсыз құбылыс  туралы хабарланады да, оған саяси  өткір, сатиралық баға беріледі. Яғни бұл – сатиралық репортаж. Сондықтан  фельетон-корреспонденцияның авторы белгілі  бір күлкілі жайларды өткірлей, әсірелей баяндайды. Ол, тіпті, кейбір жайтты ойдан  да қосады. Сөйткенмен, фельетон-корреспонденция, шарт бойынша, өте дәл болады. Ол түгелдей фактіге негізделеді. Фельетонның  басқа түрлеріне қарағанда, онда әдеби сатиралық шегіністер аз болады».

Фельетон-корреспонденцияның болатындығына күдіктенудің реті жоқ. Жанрдың бұл түрі орыс баспасөзінде де жиі ұшырайды. Фельетон көбіне осы  түрде жазылады.

Юр. Чаплыгин жоғарыда аталған  «Жанр шеңберін тарылтпайық» атты мақаласында  фельетон-мақаланың да болатынын  дәлелдеуге тырысты. Былай деп жазды  ол: фельетон-мақаланың да өмір сүруге хақы бар. Сатиралық шығарманың бұл  түріне Д.Заславскийдің, И.Рябовтың публицистикалық  фельетондары мен басқа да авторлардың  көбіне халықаралық тақырыпқа жазылған фельетондарын жатқызуға болады.

Бірақ ол осылай десе де фельетон-мақалаға, фельетон-корреспонденцияға бергеніндей  қонымды, дәлелді анықтама тауып  айта алмады. Фельетонның бұл түріне қойылатын талаптар деп айтқанының бәрі жалпылама болды. Ол бір ретте  былай дейді:

«Фельетон-мақалада журналист  белгілі бір оқиға мен болмысты дәл көрсетіп, дұрыс бағалап қана қоймай, ол мұны көркем және әдеби сөздің құралдарын кең пайдалана отырып айқын да өткір етіп істеуге міндетті».

Ойлап қарасақ, бұл талап  әр жанрға, әр уақытқа қойылатын  шарт емес пе? «Фельетон-мақалада автордың сатира арсеналындағы әр түрлі құралдарды шебер игеруі ерекше маңызды. Фельетонист-публицист  нәзік кекесін мен ызалы пафосты  да, өлтіре соғар саркизм мен жұмсақ юморды да, әдеби өткір теңеу мен  табылып алынған цитатаны да еркін  игеруге міндетті», - деп жазады екінші ретте автор. Үңіліп қарасақ, бұл  – фельетон-мақала жазатын авторға, фельетонист-публициске ғана емес, фельетонның  басқа да түрлерін, тіпті, жалпы сатира жазатындарға да қойылатын талап.

Үшінші ретте автор  мынадай талап қойды: «Публицистикалық фельетон (фелетон-мақала – Т.Қ.) ...тақырыпты  терең зерттеуді, фактілер мен болмыстан  сындарлы, ойлы қорытынды шығаруды талап етеді. Фельетонист-публицист  әсерлі де бай тілді игерген, үлкен  эрудицияны, фольклор мен көркем әдебиетті  жақсы білетін болуға тиіс».

Біздіңше, фельетонның басқа  түрлерінен ерекшелендіретін фельетон-мақаланың  да өзіндік белгілері бар: біріншіден, мұнда, фельетон-корреспонденциядағы  сияқты, нақты, дәл адрес бола бермейді. Ол қоғамдық мәні зор проблемалық  мәселеге, қорытындыланған ой-пікірге, үлкен идеяға негізделіп жазылады.

Екіншіден, фельетон-мақалада факт тереңірек талданады. Ол мәселенің  қойылысынан, жалпы идеядан басталып, қозғаған ойын жеке жайлармен, жеке фактілермен  тәптіштеп дамытады. Пікірін дәлелдеу үшін тарихтан мысалдар, саясаттан  деректер келтіру арқылы фактіден саяси-әлеуметтік терең қорытынды шығарады, ой түйіндеу жасайды. Мұнда көбінесе логика күші арқылы ой-пікірдің дұрыстығына көз  жеткізіледі. Осы жағынан ол мақалаға ұқсап жатады. Үшіншіден, мұнда логика күші арқылы иландырумен образ, бейнелеу, суреттеу арқылы сендіру қатар, жарыса жүреді. Идея ерекше шабытпен, көркем элементтермен, сатиралық пафос, интонациямен, публицистикалық  әуез, үнмен беріледі. Сөйтіп, ол фельетон дәрежесіне көтеріледі.

Сөз етер мәселе, мазмұнына, сынға алар объектісіне қарай  фельетон-шолулар екі түрлі болады. Олардың бір тобы өмірдегі тұрмыстық  кемшіліктерге, жағымсыз фактілерге шолу жасайды. Яғни сипаты, міндеті, объектісі жағынан сықақ өлеңдердің сатиралық шолу түріне ұқсайды. Мысалы, «Правда» газетінің «Бүлдіргіштер» деген фельетонын оқып көрейік. Онда қаскүнемдердің көшедегі телефон-автоматтар мен витринадағы газеттерді, подъездердегі электр шамдары мен парктердегі скульптурларды, ресторандағы дастарқан мен кітапханадағы газет-журналдарды, жол бойындағы жеміс ағаштары мен үйлерге кіре берістегі пошта жәшіктерін қиратып, сындырып, құлатып, жыртып, өртеп кететін бұзақылық әрекеттерін шола, мұрнынан тізе көрсеткен. Демалыс күні жұрттың тыныштығын алып, мазасын кетіретін есерсоқтықты да түйреген.

Бұл сияқты фельетон-шолулар  қазақ баспасөзінде де кездеседі. «Ара»  журналының «Қолайсыз көріністер»  атты фельетонында да тұрмыс-тіршілігіміздегі жағымсыз жайттар шола сықақталған. Мұндай фельетондар тұрмыс-тіршілігімізде ұнамсыз қылықтардың әлі де көп  екендігіне, бірінен-бірі өтетіндігіне көз жеткізеді, оларға деген ыза-кекті  бірте-бірте күшейтеді. Тақырыпты  жан-жақты, тереңірек ашуға жағдай жасайды.

Бірақ фельетон-шолулардың бұл тобының өзіндік қиындығы бар. Оларда идея, композиция тұтастығы  болуға тиіс. Бір фактіден екінші, үшінші, төртінші фактілерге ауысарда олардың  ішкі байланысын сақтау керек. Бұл үшін фактілерді монтаждау, олардың ара  көпірін сала білу, бірінен-біріне құламай  өту өнерін игеру жөн.

Фельетон-шолулардың екінші тобы – баспасөзге шолу жасайды. Белгілі  бір газет, журналдардың жұмысы, мазмұны, жеке материалы туралы пікір айтады. Яғни бұлар баспасөзге шолу жанрының міндетін атқарады.

Бізде баспасөзге шолу ретінде  жазылған І.Жансүгіров болды. Оның сонау 30-жылдары жазған «Газет емес, концерт»  дегені – фельетон-баспасөзге шолу еді.

Фельетон-рецензия кейбір документ, қаулы-қарарлардың, жеке кітаптар мен  шығармалардың кемшілігін күлкі  етуге арналды. Яғни ол сын және библиографияның  міндетін атқарады. Бірақ мұны сатиралық  әдіс-тәсілмен жазады. Сондықтан да ол «фельетон-рецензия» деп аталады.

Фельетон-репортаж болып  жатқан оқиға-болмыстың, спорттық жарыстардың  басы-қасында тұрып, солардың барысын  не баяндап жазып, не хабарлап айтып  беруге арналады. Демек, ол репортаждың  міндетін атқарады, сол жанрдың үлгі-формаларымен, тіл, стиль манерасымен жазылады. Яғни болмыс-көріністі публицистикалық  сарынмен, әрі сатиралық интонациямен баяндайды.

Фельетонның әрі қарай  баяндалуы да дәл ертегідегідей. Бірақ жай ертегі емес, сықақтау, сынау, түйреу бар. Фельетон-ертегі ертегі сарынында айта отырып, сынның уытын  бүгінгі күннің мәселесіне, бүгінгі  кемшілікке сәйкес жұмсайды.

Үшінші топ – іс қағаздары  түрінде, яғни эпистолярлық үлгіде жазылатын  фельетондар. Олар: фельетон-хат, фельетон-бұйрық, фельетон-арыз, фельетон-баяндама, фельетон-мінездеме, фельетон-қаулы, фельетон-күнделік т.б.

Фельетон-арыз арызша басталып, оның аяғында тілек, өтініш білдіреді. Келіссіз іс, ұнамсыз қылықтар, жөнсіз әрекеттер арыз-шағым айтқан болып  отырып әшкереленеді. Мысалы: С.Әлжіковтің «Ақмағамбеттің арызы» деген фельетонын оқиық. Ақаң әңгімені «осынша жасқа  келгенше облыстан әрі асырып арыз домалатқан жан емес ем... Болмады. Шиқанның аузын жұлды. Шыдам таусылды», - деп  бастайды. Онан соң: «Біздің «Көтерме колхозында неше түрлі хикмет бар. Көріп  тұрып күлкің келеді», - дейді де, сорақылықтардың бетін ашады. Арыз ақырын «Бір өзіңнен әділет күтем» деп аяқтайды.

Фельетон-мінездеме сатира сабазына берілген, соның мінез-құлық, арман-аңсарын айқындайтын мінездеме  ретінде жазылады. Мұнда да, мінездемесіндегі сияқты, кімге берілгені, не үшін берілгені  айтылады. Сықақ сабаздарының жағымсыз сапасы ашылады 

Оперативтік фельетондар  науқандық істерге үн қосады, кезек  күттірмей, шұғыл шешуді қажет етіп отырған мәселелерді сөз етеді. Олар бүгінгі күннің өткінші оқиға, фактісін қозғайды. Оперативтік фельетондардың көбі науқаны, күні өткен соң маңызын жояды.

Фельетондарды фактісінің нақтылығына, адрестілігіне қарай нақтылы  және шартты фельетондар тобына бөлеміз. Нақтылы фельетондар болған оқиғаларға, өмірде орын алған фактілерге негізделеді. Оларды болмыстың болған жері, мезгілі, қатысушылары дәл көрсетіледі, яғни нақты адрес болады. Ал шартты фельетонның  оқиға адресі, қатысқан адамдарының  аты-жөні ойдан, шартты түрде алынады. Тәжірибеден, өмірден ой-пікір жинақтап, проблемалық мәселелер қозғайды.

 

 

Енді фельетон рубрикалары  туралы бірер сөз. Тәжірибеде тұрақты, толық мәнді, жұрт көзі үйренген «Фельетон» дегеннен басқа, «Кішкентай фельетон», «Фельетон орнына», «Жексенбілік фельетон», «Лирикалық фельетон», «Соттылық фельетон» («Судебный фельетон»), «Халықаралыұқ фельетон», «Әдеби фельетон» деген рубрикалық кездеседі. Біздіңше, осылардың кейбірі заңды, орынды, ал кейбірі негізсіз, қажетсіз қолданылып жүр. 

«Фельетон орнына» деген  рубрика жазғанымыз нағыз фельетон дәрежесіне көтеріле алмай, жанрлық  талаптар толық орындалмай жатқанда қойылады деушілер бар. Олар бұл рубриканы  заңдандырып, шалағай, бір қайнауы  ішінде жүрген шикі нәрселерді оқушыларға алдаусыратып өткізгісі келеді. «Барымен базар» деген, осыған риза болыңыздар, нағыз фельетонды талап етпей, осыны  фельетон деп біліңіздер, фельетон орнына оқыңыздар демек болады. Сонымен  өз дәрменсіздіктерін ақтағысы, баспасөзде фельетонсымақтардың етек алуын, өмір сүруін қолдағысы келеді.

Біздіңше, бұл дұрыс емес. Егер материал фельетон деңгейіне жетпесе, оған фельетонның «бөркін» кигізгенмен, ол фельетон деп танылмайды. 1956 жылғы  фельетон туралы айтыста Д.Заславский мұндай күлді-көмеш дүниелерді «Фельетон  орнына» деп әдемілегенше, оған «Жаман фельетон» деген рубрика қойып, шындықты неге ашып айтпаймыз деген  орынды сұрақ қойды. Сонымен бірге, тәжірибеде «Бас мақала орнына», «Очерк орнына», «Мақала орнына», «Корреспонденция орнына» дегендердің жоқ екенін ескерсек, әлгі рубриканың негізсіздігіне тағы да көз жете түседі.

«Жексенбілік фельетон»  деген рубрика фельетон жексенбі күнгі нөмірде жарияланатындықтан ғана қойылмайды. Рубриканы фельетонның  жарық көрген күніне қарап қоятын болсақ, дүйсенбілік, сейсенбілік, сәрсенбілік, бейсенбілік, жұмалық фельетон дегендер шығар еді.

Біздің ұғымымызша, әлгі рубрика демалыс күні оқырмандарды әрі демалдыратындай, әрі оларға рухани нәр берерліктей етіліп жазылған фельетонға қойылады. Бұл үшін ол ерекше тақырып, тәрбиелік ой салар проблема қозғайды. Оқыған уақытта оның тілі, стилі адамға ауырлық түсірмейді, еңсе баспайды, ашу-ыза шақырып, жүйке  жұқартпайды, жан сергітіп, жайдары  күлкіге кенелтеді. Әрі ойландырып, толғандырып ізгі ниеттерге жетелейді.

«Лирикалық фельетон»  деген рубрика негізінен ерекше бір пафоспен жалыған жағымды  фельетондарға қойылады. Оларда ұнамды объект лирикалық сезіммен, нұрлы  күлкімен паш етіледі. Онда әдемі  әуез, жылы юмор шебер тоғыстырылады.

Кейде фельетондар сот-тергеу орындарының ашып анықтаған, тексеріп дәлелдеген, қылмыстыларды жауапқа  тарттырған материалдары негізінде  жазылады. Олар «Судебный фельетон» деген рубрикамен жарияланады. Мұндай белгілі фактілер, сотталған адамдар туралы фельетон жазудағы мақсат – басқаларға сабақ болсын, осының кебін киіп қалмаңдар деп ескерту.

«Халықаралық фельетон», «Әдеби фельетон» деп қозғалған  тақырыпқа қарай рубрика бере салу жөн емес. Олай етсек, рубриканың шегіне, ұшығына жете алмай қаламыз. Өйткені не көп – тақырып көп. Әрі бұл принципті басшылыққа алсақ, «Егіншілік фельетон», «Мәдени  фельетон», «Мал шаруашылық фельетон»  деген рубрикалар да өмір сүруге праволы  болып шығады. Оқырмандар фельетонның  қай тақырыпқа жазылғанын рубрикасынан емес, оның мазмұнына қарап бағалағаны жөн.

Біздіңше, фельетон қайдағы  кемшілік туралы жазылса да, қай  тақырып, қай проблеманы қозғаса  да, оған «фельетон» деген тұрақты  рубрика берілуге тиіс. Кей ретте  ғана бітім-пішіміне, жазылу әдіс-тәсіліне, тіл, стиль ерекшелігіне қарай, оның рубрикасын жаңғыртуға болады деп білеміз.

Жауынгер жанр – фельетонды биік деңгейге көтеру қажет десек, оның жоғарыда айтылған түрлерінің бәрін  игеріп, тәжірибеге жиі ендіруіміз керек. Сонда ғана бұл жанр бар  байлығымен, бар мүмкіндіктерімен көрінеді, оның әсер-ықпалы, қадір-қасиеті бұрынғыдан да арта түседі.

23. Фельетондағы факті

Фельетондағы факті. Ол, көбінесе, шын фактіге, болған оқиғаға құрылады.

Бірақ мына шындықты да жоққа  шығармаймыз: кейде фельетон шыртты түрде алынған фактіге сүйеніп  жазылады. Онда адамның аты-жөні, іс-әрекеті, оқиға желісі ойдан шығарылады. Бірақ  ол жалпы өмірде кездесуі ықтимал, нанымды  оқиғаға құрылады. Мұндай шартты фельетонның  өмірде табан тірейтін ұқсас фактісі, негізі болуға тиіс. Оның фактісінің болған жері, мерзімі көрсетілмегенмен де, адам аттары шартты болғанымен де, оқушы  оны оқығанда-ақ «мынау пәлен жерде  болған оқиға сияқты екен», «мынау біздің Түгенбаевтың дәл өзі екен» деп  ұқсас фактіні айтып, ұқсас адамдарды  атай отыратындай болуы керек.

Демек, шартты фельетонның  материалы да күнделікті өмірден, айналамыздағы  кейбір қолайсыз, жағымсыз көріністерден  қорытылып, жинақталып алынады. Бізде  осындай жай бар деп айтылады. Шартты фельетонда да қисынсыз нәрсеге  орын жоқ.

Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны