Шаңғы тебу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1) Оқушылардың шаңғы тебу техникасын үйренуге дайындық негіздерін қарастыру
2) Шаңғы тебуде қозғалудың классикалық тәсілін үйрету техникасы мен әдістерін меңгерту.
3) 5-7 сыныптар үшін классикалық шаңғы тебу техникасы бойынша сабақ жүргізуге қойылатын әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................3-4
І-тарау. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің теориялық негіздері.
1.1. Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау
негіздері...............................................................................................5 - 8
1.2. Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету техникасы мен әдістері.................................................................................................9 -17
1.3. Оқушыларға классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері...........................18-20
ІІ-тарау. Классикалық қозғалыс әрекеттердің техникасын үйретуде дене шынықтыру ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
2.1 Классикалық қозғалыс әрекеттерінің техникасы бойынша сабақтар жүргізуге қойылатын жалпы әдістемелік ұсыныстар................................21-24
2.2. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері.. ..............................................................................................25-28
Қорытынды. .................................................................................................29-30
Қолданылған әдебиеттер. ...........................................................................31

Файлы: 1 файл

шаңғы тебу әдістемесі.docx

— 702.36 Кб (Скачать файл)

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................3-4

І-тарау. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің теориялық негіздері.

    1. Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау

негіздері...............................................................................................5 - 8

    1. Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету техникасы мен әдістері.................................................................................................9 -17
    2. Оқушыларға  классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері...........................18-20

 

ІІ-тарау. Классикалық қозғалыс әрекеттердің техникасын үйретуде дене шынықтыру ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

2.1  Классикалық  қозғалыс  әрекеттерінің  техникасы бойынша  сабақтар жүргізуге қойылатын  жалпы әдістемелік ұсыныстар................................21-24

2.2. Классикалық  қозғалыс  әрекетінің  техникасын үйретуде  қолданылатын ойын әдістері.. ..............................................................................................25-28

Қорытынды. .................................................................................................29-30

Қолданылған әдебиеттер. ...........................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Шаңғы спорты – қоғамдағы  жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның  дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын  нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Балалардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.

Мектеп жасындағы балаларды  сауықтыру және үйлесімді дамыту мақсатында  дене тәрбиесінің  аса  маңызды құралдардың бірі – шаңғы  дайындығы. Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Шаңғымен қозғалу кезінде ағзаға оң әсерін тигізетін қолдың, аяқтың және кеуденің барлық негізгі бұлшық еттері жұмыс істеуге қатысады.  Шаңғымен жүру  және жүгіру оқушының жүрек-қантамырына, тыныс алуына және жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды, балалардың шыдамдылығын, икемділігін, ептілігін дамытады. [8.15б]

Шаңғы спортымен шұғылдану  кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны  жөн. Басты талаптардың бірі –  дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды  әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Мектеп бағдарламасында  шаңғы дайындығы 1 –сыныптан бастап міндетті бөлім ретінде енгізілген. Шаңғы дайындығы сабағында негізгі білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері шешіледі.

Көптеген дене шынықтыру  мұғалімдері шаңғы дайындығын ұйымдастырумен байланысты әр түрлі мәселелерге  кездеседі, олар:  спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, шаңғыларды сақтау орнымен, сабақ тартымды, дәстүрлі емес және тиімді өтуі үшін қайда, қай алаңқайда, қалай ұйымдастыруға болады? Міне, сондықтан классикалық шаңғымен жүрудің техникасын оқыту әдістері төңірегіндегі зерттеулер аса өзекті болып табылады. Осыған орай мен «Шаңғы дайындығы бойынша қозғалыс іс әрекеттерін оқыту әдістемесі» тақырыбын таңдап алдым.

Зерттеудің объектісі:  классикалық шаңғы тебудің техникасы.

Зерттеудің пәні: классикалық шаңғы тебу техникасын үйрету әдістері.

Зерттеудің мақсаты: 5-7 сынып оқушыларына классикалық шаңғы тебу техникасын үйрету әдістерін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқушылардың  шаңғы тебу техникасын үйренуге дайындық негіздерін қарастыру
  2. Шаңғы тебуде қозғалудың классикалық тәсілін үйрету техникасы мен әдістерін меңгерту.
  3. 5-7 сыныптар үшін классикалық шаңғы тебу техникасы бойынша сабақ жүргізуге қойылатын әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау.

Зерттеудің жаңалығы: Бұл жұмыста  алғаш рет әр түрлі мәліметтер көзі мен ғылыми еңбектерді пайдалану арқылы оқушылардың  шаңғы дайындығының барлық қырлары нақты қарастырылады және талданады.  Ерекше назар 5-7 сыныптар аралығындағы кезеңге аударылады, өйткені  негізгі оқу жүктемесі осы уақытта өткізіледі.

Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу барысында жасалған сабақ өткізуге қойылатын тәжірибелік ұсыныстар мектептегі дене тәрбиесі бағдарламасында қолданыс табуы және оқушылардың шаңғы дайындығы әдісін өңдеуде, одан әрі зерттеуде теориялық база ретінде, жалпы ғылыми материал ретінде қолданылуы мүмкін.

Ғылыми болжамы: Классикалық шаңғы тебу қозғалысы  бойынша жаттығулардың ойындық жаттығулармен және тапсырмалармен дұрыс сәйкес келуі 5-7 сынып оқушыларымен шаңғы дайындығы сабағында білім сапасын жақсартуға әсер ететін болады.

Зерттеу әдістері:Зерттеу, теориялық материалды жүйелеу және өңдеу, эмпиризмдік бақылау, қалыптасқан тәжірибені талдау.

 

 

І-тарау. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің             теориялық негіздері.

    1. Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау

негіздері

Қозғалыс дегеніміз – өмір. Шындығында қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам әр түрлі қозғалыстарды жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Сөйтіп, қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы көлемде және қолайлы күн режимінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді.

Мектеп бағдарламасында  оқушылардың шаңғымен қозғалудың негізгі  тәсілдерін білуі мен дағдыларын меңгерту, өзіндік жұмыс жасау  дағдыларын, теориялық мәліметтерді білуі; жалпы еңбекке қажеттілік пен негізгі физикалық және моральдық–ерікті қасиеттерін дамытуды нығайту қарастырылған. Сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқу нормативтері, оқушылардың физикалық дайындығына талаптар жоғарылайды. Олардың өту арақашықтарының үлесі мен уақыты қысқарады.

Бағдарламада шаңғы дайындығы  бойынша сабақтарды  өткізу шаңғымен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізумен тығыз байланыста қарастырылады. Шаңғымен сауықтыружәне спорттық-көпшілік ойындар жиі ұйымдастырылып тұруы керек. [10.5б]

Бүкіл әлемде спорттық шаңғы  тебу түрі қысқы спорт түрінде  белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы  және адамға деген пайдалылығымен үлесі  зор. Шаңғы спорты адам денесін қалыптастыруға үлесі зор. Адам тұлғасының мәдениеті  – бұл оның маңызды, материалдық  және рухани құндылықтарды құру мен  тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның  негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде  көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті  арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін  іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «мәдени әрекет» деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс  ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен  қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң  заңдылыктары бар ғылымның саласы болып  табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның денсаулығын  нығайтып, күш — жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының  жиынтығы.

Қалыптасқан өмір салты, еңбек  ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің  күнделікті қозғалыс белсенділігін  өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда тәуліктік  қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын, биологиялық себептермен реттеледі. Үлкен жастағы балаларда әсіресе жеткіншектерде, ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады.

Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс  пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі  және КМТ- дегі оқыту мен тәрбиелеу  бағдарламаларымен қарастырылған  дене дайындығының міндетті түрлері  және үйде дербес шұғылдану әрбір  оқушыға қолайлы.

Шаңғының дамуының адамзат  тарихында өзіндік орны бар. Шаңғы  адамзат үшін спорт ретінде емес, қардың бетінде қозғалып жүру үшін керектігімен дамыды. Кейін келе, жылдамдықпен жүру үшін шаңғының жаңартылған-дамыған  түрлері дайындала бастады. Шаңғы тепкен адам өзін шапшаңдық пен төзімділікке шыңдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы тынығады.

Шаңғымен жылжудың дұрыс  техникасы дегеніміз - қимыл жүйесі, олар арқылы шаңғышы өз қимылының жоғары жетістігіне жетеді. Басқаша айтқанда, шаңғымен жылжу техникасы шаңғышыға белгілі бір нәтижеге жету үшін оның дене күшінің дамуына сәйкес келетін мүмкіндігін жүзеге асыруға көмектесуі керек. Алайда егер шаңғышының жұмыскерлік қабілеті төмен болса, ең дамыған техника да жоғары спорттық жетістіктерге әкелмейді. Және керісінше, егер қимыл әрекеттері жақсы дамыған спортшы дамыған техниканы меңгермесе, спорттық жетістіктерге жете алмайды. Бұл техника мен спортшының дене бітімінің күш жұмсау қабілетінің өзара байланыстылығымен түсіндіріледі. Шаңғымен жылжу техникасының көрсеткіштері табиғилық, нәтижелілік, жылдамдық және үнемділік болып табылады. [15.10б]

Табиғи жүріс - шаңғы тебудің  негізгі қозғалысы. Табиғи жүріспен жүргенде, айталық оң аяқ алдыға шықса сол қолмен таяну, сол аяқ  алдыға шықса оң қолмен таяну арқылы шаңғымен жүру жалғасады. Жүгіру де осылай орындалады. Шаңғы тебу барысында  трассаның бойында жота, еңіс, қия  бет, т.б. кедергілі жерлермен өтуге  тура келеді. Сондықтан жылдамдықты  арттыру үшін өрлеу жерлерде таяқты алма-кезек пайдаланып, итеріліп отыру  керек. Жазық жерде әдеттегідей  табиғи жүріспен жүруге болады.

Оқу орнының арнаулы белгіленген  шаңғы тебетін, яғни, сабақ өткізетін  алаңы болады.

Шаңғыны бұрын салынған шаңғы  ізімен жүргізіп сабақ өткізеді.

Шаңғы пайдалану мазмұнына  қарай төрт түрге бөлінеді:

  • оқу-үйрену шаңғысы;
  • жарыс жолына шығатын жүгіру шаңғысы;
  • тау шаңғысы;
  • туристік шаңғы.

Шаңғы тебуді үйрену арнайы ережелерді талап етпейді. Жаттығуларды қарапайым  жай жүрістен бастаған дұрыс. Егер сіз  шаңғы тебуді үйренем десеңіз, келесі бірнеше кеңеске құлақ түру қажет. [13.20б]

Шаңғы тебуді үйренудің қарапайым  тәсілі – екі аяқпен адымдап, алға қарай сырғанау. Осы әдіс екі аяққа  салмақты алма-кезек түсіруге негізделген. Адам сол аяқпен адымдағанда таяқ ұстаған қолды алға, ал оң аяқпен адымдағанда сол қолды алға қарай  сермейді. Осылайша, алма-кезек адымдау  кезінде таяқ жерді бір рет  қана тірейді. Бұл әдіс шаңғы ізімен жүргенде де, қар енді ғана түскенде де қолданылады. Шаңғы ізімен немесе өрден төмен сырғанағанда, екі аяқты қатар қойып, таяқпен қос қолдап, серпе сырғанаған тиімді. Осындай әдісте екпін алу үшін бірнеше адым алға жасап, қос қолдап таяқпен серпу керек. Шаңғы тебудің қарапайым әдістерін меңгеріп алғаннан кейін, оның күрделі түрлерін серуенге шыққан сайын жетілдіруге болады. Шаңғыға алғаш рет тұрғанда,  серуен 3 шақырымнан аспауы тиіс. Әдетте шаңғы тебуді кәсіпке айналдырған адам 10 шақырым жүре алады. [25.10б]

Бұл спорт түрімен айналысқанда киетін киім-кешекке де көңіл бөлген дұрыс. Ең бастысы киетін киім жеңіл, әрі жылы болуы тиіс. Тізеден төмен түймеленетін қысқа шалбар мен жүннен тоқылған жылы шұлық кию артық болмайды. Шаңғышының ішкі киімдері де жүн матасынан тігіледі. Шаңғы тебудегі ең басты атрибутика ретінде аяқ киімді айтсақ, қателеспейтін шығармыз. Шаңғы тебудегі ең ыңғайлы әрі жылы аяқ киім – табаны қатты, былғарыдан тігілген етік. Әдетте, аяқ-киімнің өлшемі күнделікті киіп жүрген етіктен кең болады. Сондықтан, аяқ-киім таңдауда арнайы кеңесшілердің сөздеріне құлақ түрген жөн. Қолға бес саусақты биялай емес, былғары қолғап киген дұрыс.

Қандай зат болмасын уақыт өте келе тозатын бір қасиеті бар. Шаңғыны дұрыс пайдаланып, табанына арнайы май жақса, бұл спорттық бұйымның ескіруін мейлінше баяулатады. Ауа райына байланысты жағылатын майдың бірнеше түрі болады. Егер ауа райы құбылмалы болып, жерде көбік қар жатса, сарғыш түсті май пайдалану керек. Шаңғыны майлаған кезде бірнеше ереже есте сақтаған дұрыс. Біріншіден, шаңғы табаны құрғақ әрі таза болуы тиіс; майды шаңғының табанына біркелкі етіп жаққан дұрыс. Шаңғыменайналысатынадамныңшаңғыбаптайтынөзқұралдарыболады.

Информация о работе Шаңғы тебу әдістемесі