Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 08:37, реферат

Описание работы

Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы дегеніміз қимыл жүйесі, олар арқылы шаңғышы өз қимылының жоғары жетістігіне жетеді. Басқаша айтқанда, шаңғымен жылжу техникасы шаңғышыға белгілі бір нәтижеге жету үшін оның дене күшінің дамуына сәйкес келетін мүмкіндігін жүзеге асыруға көмектесуі керек. Алайда егер шаңғышының жұмыскерлік қабілеті төмен болса, ең дамыған техника да жоғары спорттық жетістіктерге әкелмейді. Және керісінше, егер қимыл әрекеттері жақсы дамыған спортшы дамыған техниканы меңгермесе, спорттық жетістіктерге жете алмайды. Бұл техника мен спортшының дене бітімінің күш жұмсау қабілетінің өзара байланыстылығымен түсіндіріледі. Шаңғымен жылжу техникасының көрсеткіштері болып табиғилық, нәтижелілік, жылдамдық және үнемділік табылады.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 28.73 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы дегеніміз қимыл жүйесі, олар арқылы шаңғышы өз қимылының жоғары жетістігіне жетеді. Басқаша айтқанда, шаңғымен жылжу техникасы шаңғышыға белгілі бір нәтижеге жету үшін оның дене күшінің дамуына сәйкес келетін мүмкіндігін жүзеге асыруға көмектесуі керек. Алайда егер шаңғышының жұмыскерлік қабілеті төмен болса, ең дамыған техника да жоғары спорттық жетістіктерге әкелмейді. Және керісінше, егер қимыл әрекеттері жақсы дамыған спортшы дамыған техниканы меңгермесе, спорттық жетістіктерге жете алмайды. Бұл техника мен спортшының дене бітімінің күш жұмсау қабілетінің өзара байланыстылығымен түсіндіріледі. Шаңғымен жылжу техникасының көрсеткіштері болып табиғилық, нәтижелілік, жылдамдық және үнемділік табылады.

 

1 Жалпы жағдай

Шаңғышы-жарысушының көптүрлі қимыл-қозғалысын жақсы түсіну үшін тұтас қимылдарды белгілі бір бөлімдерге бөліп қарастырған жөн. Шаңғы жүрісінің шаңғышылармен жиі қолданылатын негізгі тәсілдерінің бірі - жеке сырғанау адымдардан тұратын ауыспалы екі адымды жүріс. Қимыл фазалары деп шартты түрде аталған сырғанау адымының бөлімдері өзара жеке дене мүшелері қимылының сипаты жағынан емес, өзара байланысқан топтар жағынан бөлінеді.

2 Сырғанау адымның фазалары

Сырғанау адымының әрбір фазасының өзінің жеке сипаттары бар – орындалу уақыты, жылдамдығы, сырғанау ұзынды және т.б.

 

Жалғыз сырғанау адымы екі кезеңге нақты бөлінген – шаңғының сырғанауы, мұнда шаңғышы бір шаңғымен сырғанайды және шаңғының қозғалыссыз тұруы, мұнда итерілістің алдында сырғанаудың соңынан сол шаңғымен кідіріс жасалады. Бұдан кейін екінші шаңғымен екінші сырғанау адым жасалады. Сөйтіп, шаңғышы оң және сол аяқтарын ауыстырып сырғанау адымдарын жасайды.

 

Ауыспалы адым жасағанда шаңғышы-жарысушы екі шаңғымен қатар жүрмейді.

 

Шаңғымен сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді, ал итеріліс кезеңі екі фазаға бөлінеді.

 

І фаза – амортизациямен еркін сырғанау (2.1 сурет, а - в). Итерілістен кейін, мәселен, оң аяқпен итерілгеннен кейін шаңғышы сол аяқпен сырғанайды. Оң жақтағы шаңғы және екі таяқ ауада орналасады және қарға сүйенбейді. Еркін сырғанау жасалады. Бұл шаңғышының жылдамдықты ұлғайта алмайтын жалғыз фазасы. Фазаның шекаралары болып келесі сәттер табылады: басы – оң жақтағы шаңғының тіректен кетуі және соңы – оң жақтағы таяқтың қарға тірелуі.

 

ІІ фаза – тірек аяғын тік қою арқылы сырғанау (2.1 сурет, в - д). Бұл қимыл бұл фазада тік жүрген тірек аяқтың тізе буындары бүгілгенге дейін жалғасады. Бұл сәт ІІ фазаның соңы. Фазаның барысында шаңғышы жылдамдықты барынша төмендетпеуге ұмтыла отырып, таяқпен белсенді итеріледі. Таяқпен итерілу келесі екі фазада да жалғасады. Сондықтан ІІ фаза бұл маңызды қимылмен емес, жақсы ажыратылатын сипат – тірек аяғын тік қоюмен аталады.

 

ІІІ фаза – жартылай отырып сырғанау (2.1 сурет, д - е). Бұл сырғанаудың соңғы фазасы. Ол сирақты түсіру сәтінен басталып, шаңғының тоқтауымен аяқталады.

 

ІV фаза – жартылай отырып алға қарай ұмтылу (2.1 сурет, е - ж). Ол тізе буынында итерілетін аяқтың тік қойғанға дейін жалғасады. Бұл фазада тізе буынында жартылай отыру аяқталады. Ортан жіліктің ұршық басындағы белсенді жазуды үлкен жылдамдықпен нәтижелі итеріліс қамтамасз етеді.

 

V фаза – аяқты жазу  арқылы итеріліс (2.1 сурет, ж - и). Бұл  фаза жартылай отырыстың соңынан  сол жақтағы шаңғының тіректен үзілуіне дейін жалғасады. Аяқпен алға ұмтылу фазаның соңында аяқталады. Сырғу адымы аяқталды, осы сәттен бастап келесі сырғу адымы басталады, ендігі жерде оң жақтағы шаңғыдан басталады.

 

 

Сырғу адымының кезеңдері

 

Фазалар

 

Фазалардың шекаралары

 

Сырғу

 

І – амортизациямен еркін сырғу

 

Қозғалыс тудыратын аяқтың қардан үзілуі

 

Таяқтарды қарға қою

 

ІІ – тік аяқтармен сырғу

 

Тік қоюдан кейін тірек аяқты тізеде бүгуді бастау

 

ІІІ – жартылай отырып сырғу (топпен)

 

 

 

Қозғалыс тудыратын аяқтағы бәтеңке өкшесінің шаңғыдан ажырауы

 

 

Итерілу

 

ІV – тізе буынында қимыл тудыратын аяқты бүге отырып алға ұмтылу

 

Тізе буынында қимыл тудыратын аяқты тік қою

 

 

V – қимыл тудыратын  аяқты тік қоя отырып итерілу

 

Қимыл тудыратын шаңғының қаржын ажырауы

 

2.1 сурет – Ауыспалы  екі адымды жүріс

3 Негізгі жағдай

Шаңғы жүрісінің көп түрлілігіне қарамастан, олардың жалпы негізгі элементтері бар.

 

Отыру. Дененің және оның жеке бөлшектерінің оптималды жағдайы, олар қиылысқан жерде шаңғымен жүру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

 

Сырғу. Бір шаңғымен сырғу кезеңін (жүрістің қандай да тәсілі болса да) анализ қолайлылығы үшін үш бөлікке бөлуге болады: амортизациямен еркін сырғу (3.1 сурет, а), тік аятармен сырғу (3.1 сурет, б) және жартылай отырып сырғу, топпен (3.1 сурет, в).

 

Бір шаңғымен сырғанау кезінде екіншісін салмақ салмай алға жылжытады.

 

3.1 сурет – Сырғанау

Жүрудің ауыспалы тәсілінде, сондай-ақ бір шаңғыда бір жүрістен екінші жүріске ауысудың бірқатар ауысымында қолдардың белсенді жұмысы да қолданылады.

 

Аяқпен қозғалу. Шаңғышы аяқпен қозғалу арқылы дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстырып отырады және түсетін жылдамдыққа ие болады. Мәселен, тек ауыспалы екі адымды жүрісте аяқтың ауыспалы қозғалысында жалпы жылдамдықтың 80 пайызын жетілдіруге болады. Аяқпен қозғалу – бұл ортан жіліктің ұршық басындағы аяқты тік қою және тізені бір уақытта бүгу және тік қою арқылы денені алға қарай жылжыту қимылы (3.2 сурет).

 

3.2 сурет – Аяқпен қозғау салу

Қимылдардың жалпы үйлесімі. Шаңғышының қимыл үйлесімінде маңызды фактор болып ритм саналады. Қатаң белгіленген уақыт және кеңістік сипаты бар қимылдардың заңды қайталануының бүзылу қажығандыққа әкеліп соқтырады. Жүріс бір қалыпты, жеке жағдайда артық кідіріссіз қимыл біркелкі болуы тиіс.

 

Жүрістің цикліндегі қимылдардың жалпы үйлесімділігінде біркелкіліктің маңызы зор: сол қолды оң аяқпен алға шығару, оң қолмен оң аяқты белсенді алға шығару арқылы қозғалысты бастау.

4 Қимылдың сыртқы сипаттары

Жүрістің түрлі тәсілдерін қарастырмас бұрын қимылдың сыртқы сипаттарына тоқталған жөн.

 

Қимыл құрылымы – жүріс циклындегі шаңғышы қимылдарының белгілі өзара байлынысы мен құрылымы.

 

Шаңғы жүрісінің циклы – бірізді өзара байланысқан қимылдар жиынтығы, олардың нәтижесінде шаңғышы қозғалысты бастаған жағдайға қайта оралады. Ол аяқталған қимылды құрайды, ол жылжу процесінде міндетті түрде қайталануы тиіс. Жүріс циклының уақыт және кеңістік мөлшерлемесі бар.

 

Циклдың ұзақтығы – уақыт аралығы (м/сек), оның мерзімі біткеннен кейін шаңғышы қозғалысты бастаған жағдайға қайта оралады.

 

Циклдың ұзындығы – бір циклда шаңғышының тігінен өткен қашықтығы.

 

Аяқты тіреу уақыты – итерілістің басынан аяғына дейінгі аралық; сілтеу аяғын ауыстыру уақыты аяқпен итерілістің аяқталуы кезінде басталып, оған дененің салмағы салынғанда аяқталады.

 

Тірек реакциясы – шаңғышының қысымына немесе оның белсенді әрекетіне жауап беретін тіректен шығатын күш. Тірек реакциялары көлемі жағынан да, бағыты жағынан да өзгере алады. Тірек реакциясының бағыты белсенді күштің әрекет бағытына кері, ал көлемі оған тура пропорционалды.

 

Қайраң – шаңғышы денесінің бір шаңғымен аяқ итерілімінің аяқталуынан кейін екінші аяқ итерілімінің жағдайына ауысуы (4.1 сурет).

 

Циклдың жұмыс кезеңі – шаңғышының белсенді әрекеті шапшаңдатуды немесе оның қимыл жылдамдығының төмендеуіне кедергі жасайтын кезеңі.

 

Циклдың біршама пассивті кезеңі – шаңғышы қимылы жұмыс кезеңіне бағытталған кезеңі.

 

Прокат – бұрындары жеткен жылдамдық арқылы болатын цикл кезеңі (бір шаңғымен сырғанау кезеңі).

 

Қимыл қарқыны – уақыт бірлігіндегі аяқталған қимыл саны.

 

Қимыл ритмы – шаңғышының жүріс цикліндегі уақытта, кеңістікте және тырысу сипаты бойынша қатаң белгіленген қимылдарының заңды алмасуы.

 

4.1 сурет – Перекат

5 Ауыспалы екі адымды  жүріс

 

Қозғаушы және тежеуші күштің өзара байланысына байланысты екі адымды жүрістегі цикл ұзындығы 3,5-6,5 м шамасында құбылады, ал ұзақтығы 0,8-1,5 сек шамасында. Ең кең тараған қарқындық – минутына 40-75 цикл; жазықтағы қимылдың орташа жылдамдығы 4-6,4 м/сек тең келеді.

 

Ауыспалы екі адымдағы жүрістегі сырғу адымы анализінің қолайлылығы үшін шартты түрде оны екі кезеңге бөліп қарастырайық – қозғау салу және сырғанау. Қозғау салу кезеңі екі фазаға бөлінеді: аяқты бүгу және тік ұстау арқылы итрілу; сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді: амортизациямен сырғанау, аяқты тік қою және топпен.

 

Ауыспалы екі адымды жүрістің техникасын дұрыс талдау үшін шаңғышының жақсы жағдайда жазықтағы қимыл процесін қарастырған жөн.

 

Аяқпен қозғау салғаннан кейін шаңғымен сырғанау басталады (5.1 сурет). қозғау салудың ұзақтығы 0,12-0,20 сек., бұл ретте бірінші бөлім а – б екіншісінен б – в біраз қысқа (5.1 сурет).

 

 

5.1 сурет – Аяқпен қозғау  салғаннан кейін бір шаңғымен сырғанау

Таяқты дұрыс қоюдан сырғанаудың екінші фазасы басталады. Шаңғышы тірек аяғын тік ұстайды. Ол еркін тұрған аяқтың тірек аяғына 40-50 см-ге жақындаған кезде барынша тік болады. Бұл жерде сирақ және тізе буындары үлкен жылдамдыққа ие, ал ортан жіліктің ұршық басының жылдамдығы аздау, себебі аяқтарды тік қоюмен қатар шаңғышы денесімен төмен және алға қарай қосымша қимыл жасайды. Дененің еңкею бұрышы – 8-ден 11 градусқа дейін. Сырғанау процесінде ырғақпен аяқты тік қою бос аяқты белсенді алға шығаруға тиімді жағдай жасайды және мықты әрі жылдам қозғау салуға қажетті топтастыруды жасауға мүмкіндік береді. Мықты шаңғышы-жарысушылар дененің жалпы ауырлық орталығының артық тігінен келетін тербелістен құтылу үшін аяқты тік қойған кезде денелерімен қарсы орнын толтыратын қимыл жасайды – қосымша оны алға қисайтады. Денені алға және төмен түсіру арқылы дененің жалпы ауырлық орталығы жарыскердің аяқты тік қойғанына қарамастан сол деңгейде қалады.

 

Аяқты тік қойғаннан кейін жарыскер итеріліске дайындалады – сырғанаудың үшінші фазасы басталады – сирақты түсіріп сырғанау. Дайындық бос аяқтың тірек аяғынан 40-50 см аралықта тұрған жағдайда басталады.

 

Сонымен қатар жарыскер аяқпен қозғау салудың басталуына қарай бәтеңке тақасын шаңғыдан ажыратпай дене салмағы аяқтың саусақтарына жұмылдыруға тырысады. Дененің осы қалпы өтпелі болып табылады. Ол итеріліске қолайлы жағдай жасайды (5.2 сурет), әйтпесе, оптимальды амплитудамен жылдам қозғау салуды орындау қиынға түспек.

 

 

5.2 сурет – Қозғалыс  басында шаңғышының отыруы

Қозғау салудың алдында дұрыс қалыпқа келуге перекат көмектеседі. Аяқталған толық жасалған перекатсыз аяқпен бағытталған, мықты қозғау салуға болмайтынын есте сақтаған жөн. Перекат арқылы аяқпен қозғау салуды бастауға қолайлы жағдайлар жасалады; және бұл жағдай арқылы дененің жалпы ауырлық орталығының проекциясы тірекке қатысты алға шығарылады, қозғау салу жоғары және алға қарай бағытталады (5.3 сурет). Бұл бағыт шаңғышыны алға қарай жылжытатын күшті тудырады.

 

 

 

а – шеттегі артқы қалыбы, б – бір аяқпен сырғанау процесінде, в – шеттегі алдағыға ауысады

 

5.3 сурет – Аяқпен қозғау салуды аяқтағаннан кейін перекат басталады: дененің жалпы ауырлық орталығының

Қимыл бағытына қарай жұмсалатын күшті зерттей келе, шаңғышының қозғалыс салудың алдында тірек аяғымен көтерілетіндей болатынын аңғаруға болады. Қозғау салудың алдында пайда болатын күш екі бірдей шаңғышының салмағына тең келеді. Күштің көлденең құрылымын қозғау салудың бірінші кезеңі барысында өсетін қисық ретінде қарастыруға болады. Тәжірибе түрінде аяқпен қозғау салудың 2/3 бойында өседі, содан кейін барып төмендейді және соңына қарай нөлге дейін жетеді (5.4 сурет).

 

Қозғау салудың көлденең құрылымының максимальды мөлшері 30 кг-ға дейін жетеді. Бұған бос аяқтың тежеліп, тірек аяқтың алдына 50-60 см дейін жеткенде пайда болатын күш әсер етеді. Бос аяқтың тежелгендегі инерция күшінің салмағы 5-7 кг дейін жетеді.

 

Шаңғымен кез-келген жүріс, әсіресе, ауыспалы екі адымды жүріс техникасында маңызды сәт болып (5.5 сурет ) дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыру табылады. Ол аяқпен қозғау салудан басталып (5.5 сурет, а), бос аяқтың алға қарай тежелуімен қатар аяқталады (5.5 сурет, в). Бұлшық еттерді бос ұстап оларды тек тежеу кезінде ғана қатайтып, аяқты алға қарай шығару. Аяқты алға шығару кезінде аяқ табаны артта қалып, алға шығару жылдамдығын тежеу кезінде тіземен бір қатарға шығарылады.

 

 

 

5.4 сурет – Аяқпен қозғау  салудың Fкг көлденең құрылымының қисығы

Қозғау салу кезінде бос аяқтың сирағын алға шығару бір аяқпен сырғанауды тежейтін қателік.

 

Бос аяқ ауырлық күшінің қысымымен төмек түсіріледі, содан кейін шаңғышы оны белсенді алға шығарады, нәтижесінде ол тізе буынында сәл бүгіледі (5.5 сурет, г, з). Бұл қимылдардың барлығы біркелкі, тоқтаусыз орындалады.

 

Мықты шаңғышы-жарысушылар бос аяқты алға шығарудың сипаты бойынша екі түрлі нұсқасын қолданады. Бірінші нұсқасында шаңғышы сан жанбасты алға шығарады, бұл жағдайда аяқ тізе буынында көбірек бүгіледі. Екінші нұсқада сирақты алға шығаруға назар қойылады. Нәтижесінде аяқ аз бүгіледі де бұл қимыл бос аяқты сілтеу күшін күшейтеді. Аяқпен сілтеуді күшейту жүрістің тиімділігін ұлғайтады. Мұнымен екінші нұсқаның кең таралғандығы түсіндіріледі (5.5 сурет, ж, з). Қозғау салудан кейін бір аяқпен сырғанауға көшкенде шаңғышы бірнеше рет жүріп өткеннен кейін таяқтарды жерге қояды (5.5 сурет, г, з). Нәтижесінде циклда жарыскердің жылдамдығы көп жағдайда бір дәрежеде сақталады. 15-20 кг жететін қолмен қозғау салу сырғанаудың орташа жағдайларында бір шаңғымен сырғанау жылдамдығын сақтауға, тіпті оны қозғау салудың ортасында ұлғайтуға жеткілікті. Қимыл жылдамдығын төмендету пассивті сырғанаудың ұзақтығына байланысты.

Информация о работе Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы