Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 08:37, реферат

Описание работы

Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы дегеніміз қимыл жүйесі, олар арқылы шаңғышы өз қимылының жоғары жетістігіне жетеді. Басқаша айтқанда, шаңғымен жылжу техникасы шаңғышыға белгілі бір нәтижеге жету үшін оның дене күшінің дамуына сәйкес келетін мүмкіндігін жүзеге асыруға көмектесуі керек. Алайда егер шаңғышының жұмыскерлік қабілеті төмен болса, ең дамыған техника да жоғары спорттық жетістіктерге әкелмейді. Және керісінше, егер қимыл әрекеттері жақсы дамыған спортшы дамыған техниканы меңгермесе, спорттық жетістіктерге жете алмайды. Бұл техника мен спортшының дене бітімінің күш жұмсау қабілетінің өзара байланыстылығымен түсіндіріледі. Шаңғымен жылжу техникасының көрсеткіштері болып табиғилық, нәтижелілік, жылдамдық және үнемділік табылады.