Шаңғы дайындығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 09:52, курсовая работа

Описание работы

Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.

Файлы: 1 файл

Жоспар.doc

— 185.00 Кб (Скачать файл)

                                               

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе ...........................................................................................................3 - 4

 

І-бөлім.

    1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеу..........5 - 7
    2. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру..........8 - 10
    3. Қимыл-қозғалыс ойындары туралы  пікірлер..................................11 - 13

 

ІІ-бөлім

2.1. Ересектер тобында қимылды ойындарды ұйымдастыру

      және өткізудің    әдіс-тәсілдері.............................................................14 - 19

2.3. Ересектер тобында  өткізілетін қимылды

        ойындардың мазмұны...........................................................................20 - 28

 

Қорытынды .................................................................................................29 - 30

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

ХХІ – ғасыр  білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында "Салауатты  өмір салтын" ұстау қазіргі таңда  өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян» делінген.

Сонымен қатар, Елбасымыз: «Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті» деп баса айтады.

Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің  негізгі тұжырымдамасы бойынша  осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде.

Неміс ғалымы В.Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.

Дене тәрбиесі – ілім. Оның мазмұны мен құрылымы педагогикалық тұрғыдан талданып, жан-жақты сарапталуы, пән ретінде жүйеленуі – дене тәрбиесінің теориясы деп аталады.

Дене тәрбиесінің  теориясы мен әдістемесі педагогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, оның денсаулығын нығайтудың жолдарын жан-жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді. Осы пәндерден алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады.

Кез келген балабақшаның негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.

Балабақша балалары болашақ  иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

 

 

 

 

    1.  Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеу.

Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік  қасиеттер қалыптасады.

Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Ойын мазмұны мен  түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.

Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Дидактикалық  ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтармен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.

Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым  жасалады:

  • ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.
  • ерік  және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
  • ұжымдық  сезім әрекеттері өсе түседі.
  • эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
  • еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
  • дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Дене тәрбиесі іс-әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.

Сонымен бірге ойын ойнау  негізінде бала:

  • көңілді болып жақсы демалады;
  • денесі қимылдап, бойы сергейді, миы тынығады;
  • ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.

Қимыл –қозғалысты ойындарды ойнатудың негізгі мақсаты :

  • балалардың денсаулығын нығайту;
  • денені шынықтыру;
  • мәдениетін қалыптастыру;
  • өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен  үйретудің міндеттері:

  • қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
  • қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
  • денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
  • қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

Оқу іс-әрекеттерінде  бағдарламаның мазмұнына қарай  сергіту жаттығулары ретінде  қолдануға болады. Мектепке дейінгі  ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде қимыл-қозғалыс ойындарды көптеп жоспарлауға болады.

    1. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру.

Дене шынықтыру  жүйесі дегеніміз – әлеуметтік, экономикалық, қарым-қатынастық ғылыми әдістемелік  нормативтік  бағдарлама негіздерінің жиынтығы.  Дене шынықытыру жүйесінің мақсаты – күш-қуаты мықты, жан тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты  дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі міндеттерге негізделеді:

Білім беру міндеттері –  қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру  және дене шынықтыру көлемінде  мектепке дейінгі балаларға білім беру.

Сауықтыру міндеті –  дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен  мектепке дейінгі балалардың денсаулығын күшейту.

Тәрбиелік міндеттері –  мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.

Дене тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.

Дене тәрбиесі мәдениеті  – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи тәжірибе процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Дене тәрбиесі мәдениеті – дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.

Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және әдістемесімен тығыз байланыста болады.

Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы  және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен  сабақтар оқу және өткізу әдістемесін талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу әдістемесін талдап жасауға көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі  балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.

Дене тәрбиесі – жалпы  тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Информация о работе Шаңғы дайындығы