Шаңғы дайындығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 09:52, курсовая работа

Описание работы

Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.

Файлы: 1 файл

Жоспар.doc

— 185.00 Кб (Скачать файл)

Мектеп жасына дейінгі  балалар дене тәрбиесінің теориясы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым.

Мектепке дейінгі жастағы  балалар дене тәрбиесінің басты  міндеті — өмірді қорғау және денсаулық нығайту, балалардың ағзасын шынықтыру болып табылады.

Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлауды жүзеге асыру маңызды болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаты мынадай:

- балалардың  негізгі қимыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындары үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру. Бұл мақсатта бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұраптылып келген озық тәжіребелер де ескерілген.

Жас ұрпақты  неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс  жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ  азаматтың денсаулығы мықты, мүсін  тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады.

Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы  бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.

Қазіргі уақытта  балабақшаларда заман талабына сай, жақсы жабдықтылған музыка залы, спорт ауласы және ойын алаңдары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы спорттық ойындар жиі жүргізу жоспарланады. Жоспардың мақсаты - күнделікті ертеңгілік балалармен дене шынықтыру жаттығуларын жасау, сабақ барысында балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, бұлшық еттері қатаюына көңіл бөлу болыа табылады.

Түскі ұйқыдан  тұрғаннан кейін балалар бірнеше дене жаттығуларын жасайды. Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер етеді. Әр сабақ жан – жақты талқыланып, кем – кетігі болса толықтырылып, баланың толыққанды өсіп - өнуі мұқият қадағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қимыл-қозғалыс ойындары туралы  пікірлер.

Қозғалмалы  ойындарды дене тәрбиесі сабақтарына  кеңінен пайдалануды орыс ғалымы П.Ф.Лесгафт ұсынды. Ол балаларды  ауыр гимнастикалық жаттығулардан  сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды пайдалануды орынды деп дәлелдеді. П.Ф.Лесгафт ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп отыруы үшін ойын керек деді.

«Бала ағзасы үшін ұйымдастырылған қимыл-қозғалыстардың маңызы зор», деп жазады Ж.Д. Демеуов  бастаған бір топ ғалымдар. Сондықтан  да мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап, оны іске асыру балалардың қимыл дағдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді.

Келесі ғалым  А.Б.Нұрлыбекова өз еңбектерінде дене шынықтыру сабағындағы ойын түрлерін үш үлкен құрылымға бөліп жаттығу, еліктеу және ереже деп атайды. Барлық үш құрылымға ойынның үш түрі тән: жаттығумен дағдыны талап ететін ойын, белгілі бір нәрсеге еліктеу арқылы өткізілетін (аң-құс, мал, зат т.б.), үшіншіге арнайы қатаң ережеге бағынатын ойындар.

Ойындарды белгілі  бір топтар арқылы кезең-кезеңге бөліп қарастыратын болсақ, алғашқы негізгі орынды жаттығуларға береміз. Келесі маңызды обьект еліктеу, ал соңынан ережені қадағалаймыз деп ұсынады.

Денсаулықты қалыптастырып  орнықтыратын және шыңдайтын дене жаттығуларын екі үлкен топқа бөліп қарастыруды  Н. Мырзақанұлы ұсынады ол жаттығуларды біртектес және әртектес деп топтастырады. Бір тектес дене қозғалыстары түрлері үздіксіз бір текті және тұйықталған әрекеттерді қайталайтын қимылдар жүйесінен тұрады бұған: жүру, жүгіру, велосипед тебу, суға жүзу т.б. жатады. Әр текті дене жаттығулары айырмашылығы олар қимыл-әрекеттерін орындау үстінде жаттығу түрлері үнемі өзгеріп отырады оларға: гимнастикалық жаттығулар, күрес түрлері, спорттық ойындарын жатқызады.

Бала қозғалысы  туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Адам  денесі  қозғалуды  тілейді. Адам неғұрлым  жас  болса, соғұрлым  қозғалуды  көп  тілейді. Екі  жастағы  дені  сау  бала  бір минут  тыныш  отыра  алмайды. Күні  бойы  шаршау  білмейді, ойнайды  да жүгіреді».

Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесі  - қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі» ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.

Ғалымдар Д.А. Фарбер, В.И. Козлова балалардың ми қыртысындағы сезім аймақтарының даму ерекшеліктерін зерттеп оның 14 жасқа дейін қалыптасатынын анықтады. Бұған қоса баланың зейіні 3-4 жаста қалыптаса бастап, 6-7 жаста зейін  тұрақтанатынын анықтаған.

З.М.Богуславская, Е.О.Смирнованың еңбектерінде 3-4 жастағы  балалардың  ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар дамыту ойындарының бірнеше  талап бағыттарын көрсетеді. Аталған авторлардың айтуынша: «баланың ой-өрісінің  жан-жақты дамуына  ойын элементтерін дене  тәрбиесі сабақтарында аз-аздан енгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу–тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді» деген пікір айтқан.

Совет замынындағы  педагогикада  балалардың қозғалмалы ойындарының классификациясы  туралы  мәселелер Н.К.Крупскаяның еңбектерінде  қарастырылған. Ол өзінің мақалаларында ойындарды балалар өздері ойлап шығаратын (ерікті, өз бетінше, шығармашылық) және дайын ережелері бар ұйымдастырылған ойындар деп бөліп көрсеткен.

Қазіргі педагогикалық  әдебиеттерде және тәжірибеде  балалар  өздері ойлап шығаратын ойындар  шығармашылық ойындар немесе сюжетті-рөлді  ойындар деп аталады. 

Ережесі бар  ойындар алғаш рет халық педагогикасында пайда болды.  Олардың құндылықтары туралы жазушы К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Балаларға арнап ойындар ойлап табу, меніңше, ересектер үшін аса қиын міндеттердің бірі...  Халық ойындарына  назар аударып, осы бай қайнарды өңдеп, оларды ұйымдастырып және  олардан құдіретті де  құнды тәрбие құралын құру  - болашақтағы педагогиканың міндеті»

Қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың әдістемесі Е.А.Аркиннің, В.В.Гориневскийдің, Н.А.Метловтың, А.В.Кенеманның, М.М.Конторовичтің, Л.И.Михайлованың,  Е. А. Тимофееваның  және т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Бұл еңбектер мектепке дейінгі мекемелерде қозғалмалы ойындарды өткізу әдістемесін байытып, толықтырды.

Қозғалмалы  ойындардың әлеуметтік мәнінің маңыздылығы  мен  құндылығын түсінген педагог-ағартушы А.С.Макаренко болды.  Ол өзінің тәжірибелік  әрекетінде,    қозғалмалы ойындардың  теориялық  аспектілерін өңдеуде  ойынды  тәрбиелік мақсатта  қолдануға аса ерекше мән берді.

Қазақстандық  ғалымдар М.Т.Турысгельдина, Ә.Жолымбетов, С.Ахметов балалардың дене тәрбиесі бойынша  бағдарлама, мектепке дейінгі мекемелерге арнап қозғалмалы ойындар жинағын құрастырды. 

А.Усованың айтуынша: «Қимыл-қозғалыс ойындары кезінде балада жарысуға деген қызығушылық пайда  бола бастайды, ол  ептілікке, жылдамдылыққа, секіруге,  шыдамдылыққа, ұйымдастырушылыққа жетелейді.  Ал Е.А.Аркин қозғалмалы ойындарды баланың дамуы үшін, мектепке дейінгі тәрбиелеуде  негізгі таптырмайтын құрал деп есептеді.

 

 

 

2.1. Ересектер  тобында қимылды ойындарды ұйымдастыру  және өткізудің әдіс-тәсілдері.

3-5 жас аралығындағы  баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтан да қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы  күшті әсер етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы нашарлайды және кешігеді.

Күнделікті  тіршілікте орындалатын қимылдардың  қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.

П. Ф. Лесгафт мектепке дейінгі балалар үшін қозғалмалы ойындарды екі топқа  бөлді.

1. Қарапайым   немесе жекелеген. Бұл ойындарда   әрбір бала  жеке әрекет етіп, ойын ережесіне сәйкес  өз әрекеттеріне  ғана жауап береді.

2. Күрделі ойындар (топпен). Мұнда әрбір бала  ойын ережесіне сәйкес   тобы үшін талпынып, жарысу сезімдері басым болады. 

Қозғалмалы  ойындар  әр түрлі параметрлері  бойынша  жасына қарай, баланың қозғалу дәрежесіне қарай (кіші, орта, үлкен қозғалыстағы ойындар), қозғалыс түрлеріне қарай (жүгіру, лақтыру және т.б.), мазмұнына қарай (спорттық ойындар және ережесі бар қозғалыс ойындары) болып   топтастырылады. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінде келесі ойындар топтамасы қабылданған. Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетті емес ойындар жатады. Спорттық ойындарға – баскетбол,  үстел теннисі, футбол және т.б. ойындар жатады. Сюжетті қимыл-қозғалысты ойындардың  шартты түрінде өмірдегі немесе ертегілік эпизодтағы ойындарды қамтиды.

Сюжетті емес қимыл-қозғалысты ойындарға қызықты,  мақсатқа жетуге бағыттайтын қозғалмалы ойынды тапсырмалар жатады, олар ойындардың түрлеріне қарай бөлінеді: жүгіріп өту, қағып алу; жарыс элементтері бар ойындар, құралдармен ойнайтын ойындар.

Қимылды ойындар күннің әр мезгілінде және дене шынықтыру сабағында өткізіледі. Тәрбиешінің балалар тобына арнап ұйымдастырған қимылды ойындарының ұзақтығы 10 минутқа дейін болады.

       Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылып, мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Таңертеңгі жаттығулар.

2. Қимыл –  қозғалыс ойындары, спорттық ойындар

3. Спорттық жаттығулар

Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі  бойынша сауықтыру шараларын (таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер,  ойын – сауықтар) өткізіледі.

Таңертеңгі асқа дейінгі ойын, әдетте, балалардың шағын тобына арналған жеке қимылды ойындар да болады. Мұндай ойындар көбінесе қызу қимылды қозғалысқа толы. Балаларды таңертеңгі гимнастикаға дайындау және соған қатыстыру оларды ұйымдастырудың әдеттегі күн тәртібіне баулудың жақсы жолы болып табылады.

        Таңертеңгі уақыт тәбиешінің қимылы баяу балаларға көбірек көңіл бөлуіне де қолайлы. Әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың біреуімен ол доп ойнайды, басқасына секіргішпен секіру әдістерін үйретеді және т.б.        Таңертеңгі тамақтан кейін, егер алдағы сабақ баланың ұзақ, бір қалыпта отыруын және терең зейін сала жұмыс істеуін ( сурет салу, жабыстыру, оқу, санау т.б) талап етсе, онда балалардың тек жеке және шағын тобы ғана бірігіп ойнайтын, баяу қимылды қажет ететін ойындар пайдалы (шеңберге доп лақтыру ойындары т.б).

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру  ерекшеліктеріне қарай сабаққа  дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты  балаларды ұйымдастыру олардың  назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.

Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне  мән берілуі керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.

Информация о работе Шаңғы дайындығы