Тактикалық дайындық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 10:48, реферат

Описание работы

Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.
Әскер жабдықталатын қару – жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика–техникалық талаптар да өседі.

Файлы: 1 файл

ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.docx

— 969.29 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТД. Т. 2. с 1. Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

    Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.

    Әскер  жабдықталатын қару – жарақ  неғұрлым жетілдірілген сайын,  соғұрлым оның тактикаға ықпал  етуі терең және жан - жақты  болып келеді. Басқа жағынан алып  қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған  сайын, оған деген тактика–техникалық  талаптар да өседі.

    Жаңа  қарудың пайда болуы ұрыс сипатына  өзгерістер енгізілуімен ерекшеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста  тез ататын және алысқа ататын  артиллерияны, жаяу әскердің автоматты  қаруын, автоматты – пулеметтерді, танк, авиация және басқа да  ұрыс құралдарын пайдалану қазіргі  жалпы әскери ұрыстың тактика  элементтерінің пайда болуы мен  дамуының себептері болып табылады. Дүниежүзілік екі соғыстың тәжірибесі  ұрыстар мен операцияларды қару  мен ұрыс техникасының өсу  мүмкіндіктеріне талдау жасау,  өмірдің талдау ерекшелігі мен  оны жаппай ендіру негізінде  тактиканың, әскери өнердің ескі  қағидаларын батыл жойып, ұрыс  әрекеттерін жүргізудің жаңа  тәсілдерін жасаған жақтың табысқа  жететіндігіне әбден көз жеткізді. Дүниежүзілік екі соғыс танк  әскерлері, әскери әуе күштері,  әуе шабуылына қарсы қорғаныс  әскерлері тактикасының пайда  болуы мен дамуына себепті  болды.

    Ұрыстың  жаңа құралдарының пайда болуына  байланысты артиллерия мен авиация  әрекетінің тактикасы да өзгерді.  Олар дивизия, батареядан атыс  жүргізудің дәстүрлі әдісінен  басқа тапсырманы взвод және  жеке қарудан атыс жүргізе  отырып орындайды, ал авиация  жаппай және шоғырланған соққылармен  қатар жеке ұшақтармен немесе  шағын топтармен соққы бере  алады.

    Ұрыс  әрекеттерін орындау кезінде  бүркенішке, жеке құрамның жергілікті  жердің қорғаныш қасиеттері мен  ұрыстық техниканың ебін тауып  пайдалануға деген талаптар өсті. Түнде және көрінуі шектеулі  жағдайларда ұрыс әрекеттерінің  рөлі арта түсті.

    Ұрысты  ұйымдастыру кзінде бөлімшелерді  мүмкін болатын соққылардан дер  кезінде шығару, әскер мен басқару  пункттерінің ұрысқа қабілеттілігін  тез арада қалпына келтіру  және беріктігін арттыру, қарсыластың  атыс соққысының зардаптарын  жою шаралары мұхият ойластыра  жасалады. Тактиканың одан ары  даму бағытын анықтау үшін  жаңа атыс құралдарының алысқа  атуының ұлғайуын есепке алу  керек.

    Бірқатар дамыған мемлекеттер  армиясын жабдықтауда жаңа, дәлдігі жоғары өздігінен бағытталатын және басқарылатын ұрыстық жүйелермен толықтырылды. Олардың жою құралдары автоматтандырылған жүйелер базасындағы барлау құралдарымен байланысты. Мысалы, АҚШ және НАТО армияларындағы соққы беру -– барлау кешендерінің, «Ассолт брейкер» және т.б. лазер, инфрақызыл сәулелену немесе радио оқ - дәрілер көмегімен өздігінен бағытталатын кешендердің, лазерлі қашықтық өлшегіштердің «Такфайр» (АҚШ), «Фальке» (ГФР) типті артиллерия атысын автоматты басқару жүйесінің зертеулері нысананы жою дәлдігін 8-10 рет арттыруға, атыс тапсырмасын орындау уақытын 10-15 рет қысқартуға жағдай жасады. Осының нәтижесінде, әскерлер нысананы қысқа мерзімде тауып қана қоймай, оны бірнеше минут ішінде жоғары сенімділікпен жоя алады.

    Қазіргі  кезде НАТО армияларында түрлі  радиоэлектронды, оптика-электронды, инфрақызыл, лазерлі және т.б.  жүйелерді даярлауға және оларды  ұрыста қолдануға аса зор көңіл  бөлінуде. Мысалы, АҚШ армиясында  қарсыластың басқару жүйелері  жұмысын бұзу жолында радиоэлектронды  басымдылықты жеңіп алу жолында,  радиоэлектронды күресті тактикалық  буында өткізу шаралары жүргізіледі. 

    Сауытталған  ұрыс техникасымен қатар шет  мемлекеттер армиясының құрамалары  әскерге жерде ғана емес, әуеде  де белсенді ұрыс жүргізе алатын  әр түрлі мақсаттағы тік ұшақтармен  жабдықталған.

    Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы – жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы.

    Егер  Екінші дүнйежүзілік соғыс кезеңінде  қарсылас дивизиясының екінші  эшелонына дүркін-дүркін ғана  әсер ете алған болса, ал  қазіргі кезде қарсыластың ұрыстық  тізілу элементтерін жаппай нақты  атыспен үздіксіз ұстап тұруға  мүмкіндік бар. Өйткені тікүшақтардың  әрекет ету радиусы мол және  олар жақсы бүркемеленген нысаналарды  тез табуға, жоғары сенімділікпен  оларды жоюға қабілетті. Олардың  маневр жасауы жинақылықпен, кенеттілікпен,  «Әуе-Әуе», «Әуе-Жер» класты басқармалы және басқарылмайтын ракеталарды, зеңбірек-пулемет қару-жарақтарын, бомбалар мен миналарды тиімді қолдануына негізделеді.

    Қазіргі  жағдайда бір уақытта атыспен  әсер ету тереңдігі 300км-ден  астам болады. Бұл кезде алысқа  ататын артиллерияны – 40км-ге  дейін, жорық жасайтын тікұшақтар  топтарын 50-60км-ге дейін, оперативтік-тактикалық  ракеталарды-200км-ге дейін, тактикалық  авиацияны 300км-ге дейін пайдалану  жоспарланады. Бұл көрсеткіштер  қарсылас атысымен тек қана  бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер  мен артиллерия топтасуын, әуе  шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл  объектілерін жою қаупі ұлғаятынын  көрсетеді. Осыған байланысты  ұрысты дайындауға және оның  барысында жауынгерлік күшті  сақтауға, әуе шабуылына қарсы  қорғанысты ұйымдастыруға мұхият  көңіл бөлу талап етіледі.

    Жаңа  қарудың пайда болумен байланысты  командирлер мен штабтардың ұрысқа  дайындық және оны жүргізудегі  жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді.  Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін  құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге  ұрыс міндеттерін айқындаудың  және т. б. ұйымдастырудың неғұрлым  тиімді стандартқа сай емес, жаңа  тәсілдерін іздестіру талап етіледі.

    Мұның  бәрі қазіргі кезде өзіндік  ерекшеліктері мен заңдылықтары  бар жалпыәскери ұрыстың жаңа  тактикасы туып, дамып келе жатқанын  көрсетеді.

 

 

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.

    Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

    Қазіргі заманғы ұрыс  жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері,  аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің  бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен  бірге теңіз жағалау бағыттары  қимылдарында – шекара қызметіндегі  теңіз дивизия кемелері және  әскери - теңіз күштері қатысады.

    Қазіргі заманғы ұрыста  қарсыластар жағы ядролық қару  және жеңіліске ұшыратудың басқа  да құралдарын немесе тек әдеттегі  қару-жарақтар қолданып жүргізуі  мүмкін. Қарсыласты талқандау және  ұрыста жеңіске жету, қарудың  барлық түрлерінің қуатты соққылары,  ұрысқа қатысушы бөлімдер мен  бөлімшелердің белсенді және  шешуші қимылдары, жауынгердің  моральдық және дене күштерінің  шектік төзімділігі нәтижесінде  мүмкін болады.

    Қазіргі заманғы  ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық - психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.

    Қазіргі ұрыс  түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.

    Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

    Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол  қарсыластың маңызды объектілерін  талқандау мақсатында оның қорғанысына  артиллерия мен авиацияның алдын  ала жоспарланған және дайындаған  соққысын жіберуден тұрады.  Осы  уақытта ядролық соққылар да  жіберілуі мүмкін.

Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу.

    Бетпе – бет  ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі. Ол ұрыс барысында: шабуылда - қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы мүмкін. Бетпе – бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне - қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.

 

 

Ұрыстық әрекет негіздері  және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.

    Мотоатқыш бөлімше –  ең төменгі тактикалық бөлімше.  Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы  (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына  кіреді.

    Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:

  • бөлімше командирі;
  • көздеуші – оператор;
  • механик – жүргізуші;
  • пулеметші;
  • гранататқыш;
  • гранататқыштың көмекшісі;
  • аға атқыш;
  • атқыш.

       ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.

    Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.

    Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

          Мотоатқыштар әскері (Мотострелковые войска) — жүрдек сауытты машиналармен, автоматты атқыш қарулармен, танкіге қарсы қолданылатын күшті құралдармен және басқа да қаружарақпен жабдықталған құрлық әскерлерінің бір түрі. Мотоатқыштар әскері ядролық соққыдан соң шабуылды үдемелі қаркынмен дамытып әскердің басқа түрлерінің көмегімен қарсыластың адам күшін жоюға және қолға түсіруге, қарсыластың ұрыс техникасын алып, басып алынған жерді үстап тұруға қабілетті қуатты күш болып табылады. Қазіргі кездегі ұрыс жағдайында шапшаң ілгерілей алатын Мотоатқыштар әскері танк әскерлерімен тығыз байланыста болады. Мотоатқыштар әскері машиналарда, ал қажет болған жағдайда жүріп келе жатып та, сонан соң кайта машинаға мініп, танкілерге ілесіп те ұрыс қимылдарын жүргізе алады. Ұйымдастырылуы жағынан Мотоатқыштар әскері мотоатқыштар құрамалардан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады.

 

 

 

Мотоатқыштар  әскері

Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

    Қарудың барлық түрлерінің  ішінде ату ұрыста қарсыласты  жоюдың негізгі құралы болып  табылады.

    Мотоатқыш бөлімшелері  қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан қарсыластың бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі аймағындағы нысаналар тобын ату.

    Атыс бағытына байланысты  ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болып бөлінеді.

    Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде тиімді.

    Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.       

    Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.

Информация о работе Тактикалық дайындық