Баланың мектепке психологиялық-педагогикалық дайындығының мониторингі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 19:23, реферат

Описание работы

Мектеп табалдырығын аттау - бүлдіршін өміріндегі заңды құбылыстардың бірі: әрбір бала жасы жеткенде мектепке барады.
Қай жастан бастап үздіксіз білім алуды бастаған жөн: алтыда ма немесе жетіде ме, әлде сегіз жастан ба? Баланы қандай бағдарлама бойынша оқытқан жөн: дәстүрлі ме, әлде Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жүйесі немесе Л.В.Занков жүйесімен бе, әлде мүмкін шетел тілін тереңдете оқытатын арнаулы мектепке берген жөн бе? Мектеп жүктемесін алып кете ала ма, жақсы оқи ала ма? Баланы мектепке қалай дайындаған жөн? Кішкентай оқушыны мектепте кездескен алғашқы қиыншылықтарды жеңе білуге қалай дайындауға болады?

Файлы: 1 файл

Баланың мектепке психологиялық.doc

— 40.50 Кб (Скачать файл)

Баланың мектепке психологиялық-педагогикалық  дайындығының                                        

 мониторингі.     

 

 

        Мектеп табалдырығын аттау -  бүлдіршін өміріндегі заңды құбылыстардың бірі: әрбір бала жасы жеткенде мектепке барады.        

 Қай жастан бастап үздіксіз білім алуды бастаған жөн: алтыда ма немесе жетіде ме, әлде сегіз жастан ба? Баланы қандай бағдарлама бойынша оқытқан жөн: дәстүрлі ме, әлде Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жүйесі немесе Л.В.Занков жүйесімен бе, әлде мүмкін шетел тілін тереңдете оқытатын арнаулы мектепке берген жөн бе? Мектеп жүктемесін алып кете ала ма, жақсы оқи ала ма? Баланы мектепке қалай дайындаған жөн? Кішкентай оқушыны мектепте кездескен алғашқы қиыншылықтарды жеңе білуге қалай дайындауға болады?    

   Осындай сұрақтар болашақ оқушылардың ата-аналарын да, тәрбиешілерін де мазалайды, осы сұрақтарын олар балабақшалардың психолог мамандарына  жолдайды. Ата-аналар мен педагогтардың мазасыздануы түсінікті де: өйткені оқушының алғашқы жылдағы табысы келер жылдардағы оқуының табысының негізі, мектепке деген дұрыс көзқарасының негізі, одан қалды мектептегі және болашақ үлкен өмірдегі табысының негізі болып табылады. Егер оқушыға оқу қиыншылық туғызса, мектептен нашар бағалар мен ескертулер  әкеліп отырса, бұның бәрі семьяның психологиялық ахуалына теріс әсерін тигізеді: үй тапсырмасын орындау  жанұяның барлық мүшелеріне жазаға айналады, ал ата-аналар жиналысына қатысу – нағыз азап.        

 Психологтар  мен педагогтарды  қынжылтатын бір жәйт – соңғы кездерде нашар оқитындар қатарына сырттай  тәп-тәуір, ойлау қабілеті жоғары деңгейде, оқу мен жазуды мектепке дейін-ақ меңгеріп алған балалардың қосылуы. Мұндай балалардың ата-аналары психологқа кеңеске келгенде: «Біз баламызбен көп дайындалдық, оның дамуына көп күш жұмсадық. Неліктен ол нашар оқиды?» - деп дал болады. Мұның басты себебі баламен дайындалған сабақтардың барлығы дерлік мектепке дайындықтың негізі бола алмайды. Қазіргі заман психологтары көпжылдық теориялық және тәжірибелік зерттеулер негізінде баланың мектептегі оқуды бастауына аса қажет жеке бас қасиеттерін анықтады.(оқуға қажет қасиет д.а.)

Осы қасиеттердің даму деңгейі баланың оқудың алғашқы  сатысындағы білімді меңгеруінің  табыстылығын айқындайды, дәл осы  қасиеттерді баланың мектепке дайындығын қалыптастыру кезеңінде естен шығармау керек. Бұл мүлде оқу-тәрбие жұмысы тек оқуға қажет қасиеттерді дамытумен шектеледі деген сөз емес: «психикалық даму» ұғымының  «мектептегі оқуға дайындық» ұғымынан әлдеқайда аясы кең. Педагогтар мен ата-аналардың басты міндеті – баланың толыққанды және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Бұл жерде ең басты мәселе қандай сабақтардың баланың дамуы мен мектепке дайындығына қажет деңгейді қамтамасыз ете алатынын дәл анықтау.Баланың үлкендердің тапсырмасын қалай орындайтыны да өте маңызды – егер ол оқу дағдылары көзқарасы жағынан қате тәсілдерді қолданатын болса, әрі қарай дұрыс қалыптаспаған дағдылар мектеп бағдарламасын толық игеру жолында кедергі болуы мүмкін. Үйретуге қарағанда қайта үйрету әрқашан қиын екені белгілі ғой.      

 Кейде ата-аналар  да тәрбиешілер де «дамытушылық сабақтар қанша көп болса, баланың мектепке дайындығы да сонша жақсы болады» принципімен әрекет етеді. Ал бұл әрекет баланың ақыл-ой және физикалық шамадан тыс шаршауына әкеліп соғады да, денсаулығының нашарлауына ықпал етеді.    

 «Мектепте оқуға  дайындық» деген не ұғым? Әдетте, мектепке дайындық дегенде баланың  психикалық, физикалық немесе әлеуметтік  дамуының  оның денсаулығына нұқсан келтірмей мектеп бағдарламасын игеріп әкете алатын деңгейін айтады. Демек, «мектепке дайындық» дегеніміз баланың  мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дайын болуы. Осы үш құрамдас бір-бірімен тығыз байланыста, біреуінің жетіспеушілігі баланың мектепте оқуының табыстылығына  кері әсерін тигізеді. Бала ағзасының негізгі функционалдық жүйесінің дамуы мен денінің саулығы мектепке дайындықтың фундаменті болып саналады. Балалардың мектепке дайындығының деңгейі мен жеке бас ерекшеліктерін анықтау мақсатымен психологтар «Балалардың мектепте оқуға дайындығының кешенді диагностикасы» атты әдістеме әзірледі. Бұл әдістеме негізінде аудан балабақшаларында мониторинг өткізіліп, балабақша түлектері бес бөлім бойынша тексерілді.

1.     Дене дамуы бойынша : орнынан ұзындыққа секіреді – 100%                                             

 тепе-теңдікті сақтай алады – 90-95%                                              

 допты еденге  соға алады – 83%        

                                        кедергіні жеңе жүгіреді  – 70-74%                                             

 мәдени-гигиеналық  дағдыларды түсінеді және                                                

 орындай алады  – 100%.

2.     Әлеуметтік дамуы бойынша: басқа баламен біріге берілген тапсырманы                                                       

 орындай алады  – 90%                     

                                  балалар тобын басқара біледі, көшбасшы                                                            

 рөлін  атқара алады  – 50-55%                                                      

 сәтсіздікке  мойымау, қатені өз бетімен                                                       

 түзете  алу  - 80-85%                     

                               психоэмоционалдық жағдайы қалыпты - 100%                                                     

 өз  қалауы бойынша ермек таба біледі – 100%.

3.     Тіл дамыту бойынша: қазақ тілінің барлық дыбыстарын                                          

 дұрыс  айта алады – 100%                                          

 күрделі  сөйлемдерді дұрыс құра біледі  – 80%                                    

        диалог құра біледі – 60%                                         

   қазақ әліпбиінің әріптерін таниды – 90%          

                                 математикалық алғашқы ұғымдарды түсінеді – 78%

4.     Танымдық дамуы бойынша: қоршаған орта туралы түсінігі бар – 80%                                                      

 Салыстыра біледі, ұқсас нәрселерді көрсете                                                         

 біледі -90-95%                                           

 тапсырмаларды  орындағанда керек                                           

 заттарды,түстерді  қолдана біледі – 85-90%                         

              көрсеткен үлгі бойынша іс-әрекет жасай біледі -100%                                          

 нұсқауды түсініп, дұрыс орындай алады – 90%                                          

 білмегенін, түсінбегенін  сұрап алады – 70%

57 Эстетикалық дамуы  бойынша: ертегілерді,әдеби шығармаларды                                                          

 біледі – 100%                    

                                     музыкалық және әдеби шығармаларды                                                        

 әсерлі қабылдайды  – 100%                                                        

 жұрт алдында  өзін еркін ұстап, қысылып-     

                                                    қымсынбайды – 60-65%                                                       

 көркем бейнелерді  түс,көлем,формалары                                                       

 арқылы дұрыс бейнелей  алады -60-70%.

Дегенмен де мектепке дайындықтың қажет деңгейін қамтамасыз ету ата-аналар және педагогтардың  белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Ал ол үшін олар мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктері, мектепке дайындықты қалыптастыру әдістері, алғашқы сәттердегі кездесетін қиындықтар жөнінде білулері керек. Осы және басқа да жиі қойылатын  көптеген сұрақтарға жауап беру балабақша педагог-психологтарының міндеті.  

1-қыркүйек келеді  де, мектеп парталарына кешегі  балабақша тәрбиеленушілері отырады. Мектептегі алғашқы күн – құшақ толы гүл, құттықтау, қуанышты толқу сәт(Мен оқушымын!). Мұның бәрі өтеді де,  қуанышы мен реніші, жеңісі мен жеңілісі қатар жүретін күнделікті мектеп өмірі басталады. Кішкентай оқушылардың нағыз оқушыларға айналуына, жаңа ортаға, жаңа тәртіпке, жаңа күн тәртібіне, жаңа педагог пен жаңа сыныптастарына үйреніп кетуіне біраз уақыт керек болады. Баланың мектепке үйренуі бір күндік шаруа емес. Бұл баланың психикасы мен жас ағзасына күш түсіретін ұзақ процесс.Оқу жылының басында барлық дерлік бірінші сынып оқушыларында тым белсенді қозғалыс немесе керісінше, тым баяушылық,  ашуланшақтық, тәбеті нашарлау, ұйқысыздық, тез шаршағыштық байқалады. Бұл бала ағзасының өзінің үйреншікті дағдыларынан басқаға ауысына берген заңды жауабы.      

 Мамандар баланың  мектепке бейімделуінің үш негізгі  кезеңін атап көрсетеді.Бұл кезеңнің  әрқайсысының өз ерекшелігі бар.       

 Бірінші кезең  – бағдарлау кезеңі – ерекшелігі  бала ағзасының өзгерістерге  қызу жауап беруі, 2-3 аптаға созылады. Бұл кезеңде бала өз шамасының шегінде «жұмыс істейді», сондықтан да бала салмағын жоғалтады, жиі басы ауырады, ұйқысы жоғалады, жиі ауырады.     

 Екінші кезең  – тұрақсыз бейімделу кезеңі  – бала ағзасы іздеп және  жаңа өзгерістерге  оңтайлы жауап таба бастайды.     

 Үшінші кезең  – мейлінше тұрақты бейімделу  кезеңі – бала ағзасының жаңа  өзгерістерге (ақыл-ой, дене, көңіл-күй)  нақты, тиянақты жауап беретін  , сөйтіп, балаға түскен алғашқы  күндер ауыртпалығын жеңілдететін  кезең.       

 Барлық үш  кезеңнің ұзақтығы – 5-6 апта; ең қиыны алғашқы төрт апта.                                     

 


Информация о работе Баланың мектепке психологиялық-педагогикалық дайындығының мониторингі