«Қобыланды батыр» жырын оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 20:41, реферат

Описание работы

Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде білім беру ісін адамзаттық құндылықтарға негіздеу және ұлттық сананы құрметтеумен ерекшеленетіндіктен, қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиет пәнін оқыту мәселесі де заман талаптары мен әлеуметтік сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.

Файлы: 1 файл

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ.doc

— 368.50 Кб (Скачать файл)

-- Батырлар  жырының ауыз әдебиетінің басқа  түрлерінен басты-басты айырмашылық,  ерекшеліктерін саралау.

-- Аллитерация,  ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау, олардың қолдану орны мен маңызын дәлелдеу.

-- Сөздік  жұмысын жүргізу.

-- Оқушылармен  сыныпта атқарылатын, сыныптан  тыс орындауға берілетін жұмыстардың барлығында да шығармашылық, іздендірушілік сипат болуы.

«Қобыланды  батыр» жырын оқыту кезінде оқушылардың  зейінін сабаққа аударту үшін, қызығушылықтарын ояту үшін сабақты мынадай түрде жүргізуге де болады:

 

 

 

 

Үлгі:

Сабақ барысы

Әдіс-тәсіл

Әрекеті

Қызығушылықтарын  ояту:

-«Топтастыру  стратегиясы»

а) «Батырлар  жыры» жайлы  өз ой-тұжырымдарыңызды жазыңыздар.(бес минут)

ә) «Батырлар жыры» туралы не білеміз немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Сол жайлы көршіңізбен ой бөлісіңіз, талқылаңыз, пікірлесіңіз.

Сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс

Өткен материалды еске түсіріп, қорытындысын айтады.

Мағынаны  ажырату

- «Кубизм  стратегиясы» бойынша жұмыс жасау

Зерттеңіз:

Жырдың  тақырыбын, идеясын ашу.

а)Жырда  қандай мәселелер сөз болады?

ә) Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?

б) Жырдың негізгі ойы қай бейне арқылы көбірек беріледі?

Суреттеңіз:

Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау.

а) Портреттеу, суреттеулерді тауып, оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы

Жазбаша жұмыс, баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, проблемалық ізденіс тудыру, ой қорыту

Тірек сөйлемдер мәтінді талдайды, дәлелдейді.

Салыстырыңыз:

а ) Жырдағы әйелдер бейнесі бойынша  Құртқа мен «Алпамыс батырдағы» Гүлбаршын бейнесін салыстырыңдар.

ә) «Ер  қанаты – ат» тақырыбы бойынша  Тайбурыл мен Байшұбарды салыстырыңдыр.

Өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын  табу.

Сұрақ-жауап, проблемалық ізденіс тудыру, оқу, жазу, айту

Тапсырмаларды өз бетінше орындайды, салыстырады.


 

Жалпы білім беретін мектептерде «Қобыланды батыр» жырын өтуге бағдарламада төрт сағат бөлінген. Осыған орай сабақтың мынадай жүйесін көрсетуге болады:

Бірінші сабақ: Ел намысы- ер намысы.

Екінші  сабақ: Ер ермен шайқаста танылады.

Үшінші сабақ: Жырдағы әйелдер бейнесі.

Төртінші  сабақ: Тайбурыл- жылқының тұлпары.

Ал енді бұл  сабақтардың біреуіне мысал келтірейік.

 

Бірінші сабақ.

Мұғалім бұл сабақты дәріс әдісімен «Қобыланды батыр» жырының халық арасына  көп тараған әрі көлемді, әрі  көркемінің бірі екенін, негізгі тақырыбы және нұсқалары туралы айта келіп, жырдың оқиға желісімен таныстырудан бастайды.

Жырдың негізгі  тақырыбы - өз елін, өз жерін сыртқы жаудан қорғау. Жырдағы өзекті ой – «ел намысы- ер намысы». Қобыланды өз басының қамы емес, бүкіл елдің бүтіндігін, тәуелсіздігін ойлайды. Қолына сол үшін қару алады, жауға қарсы аттанады.

Жырдың идеялық-көркемдік  мазмұны, негізінен, Қобыланды бейнесі  арқылы көрсетілген. Халықтың арманы да осы арқылы берілген. Оның арманы – «Қарааспан тауын жайлаған қалың қыпшақ қамы», ел қамы. Сондықтан да «Қобыландының тілегін бүкіл қыпшақ тілейді». Ол жауға аттанарда «жіберуге қимай, жиылып жұрты жылайды». Артында қалып бара жатқан ата-анасын, қарындасы Қарлығаш пен өмірлік жары Құртқаны «Сендерді мұнда жылатпас, қалың қыпшақ қарындас» деп жұбатады. Мұғалім бұның бәрін жырға сүйене отырып баяндағаны жөн.

Сөйтіп, мұғалім  Қобыланды батыр бойындағы жақсы қасиеттерді- оның адамгершілік, ерлік мінездерін жырдың нақты оқиғасына ене отырып, баяндаса, оқушылар елі үшін еңіреген ер мінезіне сүйсінер еді. Бұл тақырып бойынша мұғалім төмендегідей сұрақтар мен тапсырмалар беруге болады:

-Қобыландының  балалық шағы. Оның бойына жақсы  қасиеттердің қалыптасуына өскен  ортасының әсері.

-Жауға аттанарда  ата-анасымен, қарындасы Қарлығашпен, сүйікті жары Құртқамен қоштасқан жерінде Қобыланды мінезінің қандай жақсы жақтары ашылған?

-Жыр халықтың  қандай арманынан туған?

-Қобыландының  ерлік, батырлық сипаттары жырдың  қандай оқиғалары үстінде ашылады?

Екінші сабаққа  Оқушыларға жырдағы Қобыланды мен  Қараман, сол сияқты Қобыланды мен жау батырларының бейнесін салыстырып сипаттама беріңдер деген сияқты тапсырма беруге болады.

 

«Ер ермен шайқыста танылады» деген тақырыптағы  сабақты аналитикалық әңгіме түрінде  өткізуге болады. Өйткені өткен сабақта  Қобыланды мен Қараман, сол сияқты Қобыланды мен жау батырларын салыстыра сипаттау туралы тапсырма берілген болатын.Мұғалім соған орай оқушылар назарын мына мәселелерге аудартады:

-Қобыландыны ерлікке бастаған қандай биік арман?

- Ал, Қараман  жауға қандай мақсатпен аттанды?  Оны шынайы батыр дей аламыз ба? Дей алмасақ, неге? Жырдағы Қобыланды мен Қараман іс-әрекеттерін салыстырыңдар.

-Жау батырлары  жырда қалай көрінген? Қобыланды  мен оларды салыстыра сипаттаңдар.

Бұл тақырыпты  өту барысында мұғалім оқушыларды шығарма арқауына үңілдіруі керек. Жалпылама сөйлеу- шығарманы тану емес. Шығармаға талдау жасай отырып, оқушы өз пікірін, өз түсінігін айтып беретін болса, бұл пайдалы.

«Жырдағы әйелдер  бейнесі» тақырыптағы үшінші сабақта кейіпкерлерге салыстырмалы сипаттама беру тәсілін қолдану ұтымды. Себебі, ол оқушыларды мәтінге үңілдіреді, ізденіс жасауға жетектейді. Мұғалім Құртқа мен Қарлыға бейнелерін салыстырғанда жыр арқауына сүйене отырып, ашуы керек.Осындай салыстыра отырып сипаттама бергенде кейіпкерлерді оқшау алып қарастырмай, бір-бірімен байланыста қарағанда ғана шығармадағы проблематика жан-жақты ашылады.

Төртінші сабақтың тақырыбы- «Тайбурыл- жылқының тұлпары». Жырда батырдың қанаты- Тайбурыл бейнесі  шебер суреттелінген. Жыршы-ақын көркем сөз айшықтарын талғампаздықпен  қолданып, аттың тек сұлу мүсінін ғана емес, оның «алты айшылықты алта-ақ аттар» дүлдүл екендігін ерекше суреттеген. Жыршы-ақын оның асқан жүйріктігін сипаттауда гипербола әдісін шебер қолданған. Мұғалім оқушы назарын жырдағы атты суреттеу тәсіліне аударып, жырдың көркемдік шеберлігін ашуы керек.

Проблемалы баяндау  үстінде мұғалім оқушыларды жыр  арқауына, оның ішкі қатпарына үңілдірсе, жырдың идеялық-көркемдік сапалары ашылмақ. Үйге Тайбурылдың шабысы суреттелетін жерлерді жаттап келу және сондағы ақындық тәсілге назар аудару тапсырылуы керек.

Сабақты қорытындылау кезінде мұғалім оқушыларға мынандай сұрақтар беруге болады:

-«Қобыланды батыр» жырын неге эпостық жырға жатқызамыз, дәлелдеп айтып беріңдер.

-Жырдың  тақырыбы, ол тақырып халықтың  қай арманынан туған?

-Қобыланды  бойындағы қас батырға тән мінездер, қимылдар жырда қалай көрсетілген?

-Қараманның  жырдағы іс-әрекетіне сай оған  сипаттама беріңдер.

- Жырда  әйелдер бейнесі қалай суреттелген?

-Тайбурылды суреттеудегі ақындық көркемдік тәсіл, оның ұтымдылығы.

Жалпы батырлар жырын, оның ішінде «Қобыланды батыр» жырын оқытқанда, оларды тек  өткен өмірдің ізі ретінде  ғана қарамай, соның бүгінгі өмірмен  үндесу жағына зер салу абзал. Олардағы үлкен ой түйіні қазіргі ұрпағымызға да тіл қатады. Батырлар жырындағы елін, халқын сүю, адалдық, адамгершілік, риясыз достық сияқты азаматтық сарын біздің заманымызға жетті. «Қобыланды батыр» жырын оқытқанда мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:

Алғашқы тарауды  өткен кезде- ақ оқушыларды  тақырыпты оқуға және аударуға міндеттеу керек. Сонда оқушы өзіне жүктелген  тапсырманы орындау  барысында қазақ халқының салт- дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерін  түсіндіреді.

Айталық баланың  алғашқы қадамы, бірінші шыққан тілі , атқа мінуі  немесе «сүйінші!» деп қуануы да қазақ ұлтына  тән өзіндік қайталанбас ерекшеліктері. Міне, осыларға жырды оқи отырып, оқушылардың назарын аудартқан абзал. Сөйте отырып, жырдағы неше  алуан көркемдігін, байлығын және өткір де дана сөздің  маржаны мақал- мәтелдерді қалай қолданылатынын да айту дұрыс. «Қобыланды батыр» жырынан қазақ халқының  неше алуан қанатты да асыл  сөздерін табуға болады.

Мысалы: «Жалғыздың үні шықпас», «Бірлік болмай тірлік болмайды» , «Халық тілегі- көз» т.б.

Басты кейіпкерді анықтауда оқушы  батырдың батылдығын, ерлігін мәтін ішінен оқып, көрсетуі тиіс. Осы жерде мұғалім оқушыны  ойландыратын  философиялық сұрақтарды қойған дұрыс.

1.Қобыланды батырдың: Жер басып жүрген жалғыздықтан не пайда? Неге бұлай айтылады?

2. Қобыланды Қарлығаны бағалады ма? Ол жырда қалай көрінеді? Әлде бағаламады ма? Оны дәлелдеңіздер.

3.Қомбыландының орнында сендер болсаңдар, Қарлығаға не істер едіңдер?

Мұнда Қараман  батырдың да  образы қызық.

Жұмыс барысында  төмендегі  берілген сұрақтарды қоюға  болады.

1.Қараман  Қобыландыны бағалап, құрметтей ме?

2.Қобыланды Қараман туралы не айтады?

Эпоста әйел  бейнелері де  көрнекті орын алады. Олардын ішінен  Қобыландының жары- Құртқаны бөліп алуға болады. Жұбайы болған соң Құртқа өзінің  ақылдылығымен, батыр бейнесін жан-жақты толықтырып отырады. Қазақтың белгілі жазушысы М. Әуезов: «Құртқа Қобыландының  жұбайы ғана емес, оның қорғаушы да, ақылшы досы, қиындықты және білетін серігі» деген.

Оқушылар осы  сөзді оқи отырып бекітуі тиіс. Сондай-ақ Қарлыға бейнесі жан-жақты талданғаны дұрыс. Ол үшін оқушыларға  төмендегідей сұрақтарды қою керек.

  1. Қарлыға Қобыландыға қандай көмек көрсетеді?
  2. Неге Қарлыға Қобыландыны жаралайды?

Тарауда «Тайбурыл» бөлімі де ерекше орын алады. «Ат- ер қанаты»  деген сөз де бекер айтылмады.

Тайбурыл Қобыландының жауға шапқан мінетін  тұлпары ғана емес, қиналған сәтте сырласар ақылшысы. Бұларға Тайбурыл мен Тарланды жатқызуға  болады. Оқушыларға  Тайбурылдың  шабысын жырлаған сөздердің  мағынасын да тереңірек түсіндірген жөн.

Жырда баласы жоқ  ата- аналарды  негізгі мағынада көрсете отырып, бала сұрап құдайға жалыну  тәсілі де өте шебер көрсетіледі және дүниеге келген жалғыз бала ата- ананың  баласы болмай,  адамның баласы болып, отбасының емес, Отанын, халқын қорғау  үшін ер болып  туатынына қуанғандайсың. Қыпшақ елінің бір руында өте бай адам болады,  бірақ олардың балалары болмайды. Кезекті бір тойда Тоқтарбай мен Аналыққа баласы жоқтығы жайлы той жүргізуші бетіне басады. Бұған қатты ренжіген Тоқтарбай мен Аналық аруаққа сыйынып, құдайдан бала тілейді. Ақырында ата- ананың арманы орындалып, дүниеге Қобыланды келеді. Ол жыл айын емес, сағат сайын өсіп, өзі мықты ел қорғайтын батыр болып өседі. Батырлығын Қалмақ, Жоңғар шапқыншылығында дәлелдейді. Оқушылар осы жерде жырдағы Қобыландының сырт жаулардан қорғаудағы ерлігін жоғары бағалай отырып, ұлт азаттылығының  жоғары идеясын да  түсінуі керек.

Осы жыр арқылы оқушылар әр ұлттың өз эпосы  бар, ондағы жағымды кейіпкерлердің барлығы да халқы  үшін күресетіні, жаудан жерін қорғайтынын жоғары бағалап, құрметтеуі тиіс. Сондай- ақ қандай ұлт, халық  оларды құрметтей отырып, кіші немесе үлкен , жақсы әлде жаман деуге болмайтынын айта кету керек. 

Әрине, жоғарыда келтірген сабақ үлгілерін сол қалпында пайдалану міндет емес. Мұғалім өзінің қалыптасқан тәжірибесіне орай, өзінің талғамына қарай, шығарманы оқушыларға эстетикалық әсерлі етіп қабылдатуға, соған ынталандыруға жәрдемдесер деген әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалануға ерікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДӘСТҮРЛІ  ЕМЕС ОҚЫТУ ФОРМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ.

 

Оқытудың  дәстүрлі емес түрі- ең тиімді сабақ. Оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады, жалпы оқуға деген ынтасын тудырады деген пікірлер айтылып жатыр. Мен де осы пікірлерге қосыламын. Бұл – дұрыс ой.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өтудің мәні мынада:

- оқушылардың  танымдық белсенділігі, оқуға қызығуы  артады;

- оқушылардың  бастамашыл, шығармашылық әлеуеті  дамиды;

- мұғалім  оқыту мен тәрбиелеудің қолайлы  жағдайын іздестіреді.

- режиссерлік,  орындаушылық, әртістік, т.б. қабілеттерін жетілдіріп, кәсіби мәнге ие қасиеттерін қалыптастырады, т.т.

Оқытудың  дәстүрлі түрлерінің (дәріс, семинар, зертханалық  және тәжірибелік жұмыстар, консультация, емтихан, сынақ) мүмкіндігі шектеулі, мұғалім  тек оқыту жағдайында ғана болады. Ал дәстүрлі емес сабақ түрінде мұғалім режиссерлік, консультанттық, ойлап табушы немесе суретшілік, сондай-ақ оқушының белгілі іс-әрекетін, мектептегі білім үрдісін ұйымдастырушы міндеттерін бірдей атқара алады. Мұндай әртүрлілік оқушылардың жан-жақты дамуын, оның ой іс-әрекетінде жүйелік сипаттамаларының болуын қамтамасыз етеді.

Информация о работе «Қобыланды батыр» жырын оқыту