«Қобыланды батыр» жырын оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 20:41, реферат

Описание работы

Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде білім беру ісін адамзаттық құндылықтарға негіздеу және ұлттық сананы құрметтеумен ерекшеленетіндіктен, қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиет пәнін оқыту мәселесі де заман талаптары мен әлеуметтік сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.

Файлы: 1 файл

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ.doc

— 368.50 Кб (Скачать файл)

Дәстүрлі  емес сабақтарды өткізу мұғалім мен  оқушылар тарапынан мынадай іс –қимылдарды  талап етеді:

- Сабақтың  алдын-ала өте ұқыпты дайындалуы: арнайы тапсырмалар беріледі, сабақ мақсаты, құрылымы, әр оқушының міндеті мен рөлі түсіндіріледі. Қажетті дидактикалық материалдар мен әр түрлі көрнекіліктер әзірленеді.

- Сынып  және әр оқушы ерекшеліктеріне , білім деңгейлеріне сәйкес сабақтың жүру барысы тыңғылықты ойластырылады. Нақты жоспарланады.

-Нашар  үлгеретін және білімге немқұрайлық  танытқан оқушылардың танымдық  іс-әрекетін жандандыруға ерекше  көңіл бөлінеді.

Дәстүрлі  емес сабақтардың өткізілуі де алуан  түрлі, мұғалім қиялында шек болмайды, тек түпкі мақсат – сабақты  жандандыру, оқушының білімге қызығуын арттыру, еш өзгеріссіз сақталуы тиіс. Дәстүрлі емес оқытудың ең маңызды әдістерінің бірі – «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясының пікірталас әдісі. Психологтердің пікірінше, жоғары сыныптардағы пікірталас өз нәтижесін беруі мүмкін. Педагогикада мұны коммуникативтік әдіс деп атайды, ол жаңа оқыту тәсілі бойынша «дебат» бағдарламасы деп те аталады.

Пікірталас - әлдебір сауал, сұрақ немесе мәселені талдау, талқылау. Пікірталас, әдетте, адамдар әр түрлі көзқараста болып, бірыңғай пікірге келмеген күрделі мәселеге айналады.

Пікірталас  оқушылардың ақыл-ойын, тілдік қарым-қатынас  жасау қабілетін жетілдіріп, тұлға  ретінде қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Пресс-конференция - оқушылардың іскерлігі мен танымдық  белсенділігін арттыратын  жұмыс түрі.  Пресс-конференцияны жоспарлы түрде іске асырған мақұл. Алдымен осы сабақты өткізудің дайындық мәселелерін шешіп алған жөн. Мұғалім пресс-конференция сабағының тақырыбын бір апта бұрын хабарлап, Қазақ әдебиеті кабинетіне «почта жәшігін» орналастырады. Бұл почта жәшігіне  оқушылар екі түрлі мәселелер төңірегінде сұрақтар жазып тастайды: бірінші – қаралып отырған мәселе немесе тақырып жөнінде; екінші - өзін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрайды. «Маман» оқушылар осы сұрақтарды және өзіне қатысты объектілерді  үңіле зерттеп, оқулық бойынша алған білім мен білігін көмекші құралдар, кітаптар және мерзімді баспасөз материалдарымен байытады. Сөйтіп, «маман» оқушылар сабақ өтілетін күні өзіне қойылатын түрлі сұрақтарға жауап беруге әзір тұрады.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша, әсіресе «Қобыланды батыр» жырын оқыту барысында дәстүрлі емес сабақтардың пресс-конференция түрінің тиімділігі өте зор. Бұл, ең алдымен оқушылардың әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын оятса, екінші жағынан, жаңа тақырыпты тез және ұғынықты меңгерулеріне жол ашады. Осы пікірталасты немесе пресс-конференция сабағын алуан түрлі тақырыптарға өткізуге болады.  Сыныпты екі топқа бөліп, олардың арасынан «Тілші» және «Маман» оқушыларды таңдап аламыз. Тақырыптар алдын-ала беріледі, оқушылар өздеріне лайықтысын таңдап алып, сол бойынша дайындық жүргізеді және өздерінің қарсыластарына сұрақ пен тапсырмалар дайындайды.

Пресс-конференция  тақырыптары:

- «Қобыланды батыр» жырындағы халық арманы

- Ел  намысы- ер намысы

- Ер  ермен шайқаста танылады

- Жырдағы әйелдер бейнесі

- Тайбурыл  – жылқының тұлпары

Және қосымша сұрақтар беріледі:

-«Қобыланды  батыр» жырының тарихы және  зерттелуі

- «Жер  басып жүрген жалғыздықтан не  пайда?»- деген Қобыландының сөздері  нені білдіреді?

- Жырдағы  Қараман батырдың бейнесі немен ерекшеленеді?

- Қобыландының  орнында болсаңдар қандай әрекет  жасаушы едіңдер? Неге?

Оқушылар  дайындалғанда, тақырыпты ашу үшін баяндама, реферат және т.б. жазылулары тиіс. Өйткені, мұндай жұмыстар  мектеп оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін дамытып, сөздік  қорлары артады, жалпы тіл мәдениеті қалыптасады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда, “Қобыланды батыр” жыры - өзінің идеялық -көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі  таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда ерлік,  елдік, жақсылық пен жамандық, кіршіксіз адал махаббат секілді үлкен проблемалар көрсетілген. Басқа  батырлар жыры сияқты “Қобыланды батыр” жырының негізінде де тарихи оқиғалар жатыр. Халқымыздың басынан кешкен  тарихи-әлеуметтік оқиғалар, халықтың әдет-ғұрып салт-санасы  рухани тіршілігі , арман-мұраты  көрініс береді.  Батырлар жырын оқытудың маңызы зор . Себебі, батырлардың ерлік бейнелері арқылы оқушыларды батылдыққа, ерлікке тәрбиелеп, олардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін оятуға болады. Батырлар жырын оқыту кезінде  дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың  тиімділігі көрінеді.

Дәстүрлі оқыту процесінде “проблемалық жағдай”, “ оқу проблемасы”, “мәселенің принциптері” сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген  теориялық білімдері блок-блокпен жинақтап оқытуға ынталанады. Дәстүрлі оқытуда оқытудың мақсаты  өзгерсе, оның барлық құрылым жүйесі басқаша өзгереді.

Қорытындылап айтқанда, батырлар жырын оқыту кезінде  дәстүрлі және дәстүрлі емес  сабақтардың тиімділігін көреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША №1

Сабақтың  тақырыбы: Ел намысы – ер намысы.

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға батырлар жайлы ұғымын пресс-конференция (пікірталас) арқылы “Қобыланды батыр” жырын оқыта отырып, жырдағы тілдің неше алуан көркемдігін айқындау, сөздік қорларын байыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Батырдың батылдығын, ерлігін анықтап, оқушыларға үлгі тұту. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, адамгершілік , ізгілік қа сиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың  түрі: дәстүрлі емес , пресс-конференция

Сабақтың  типі: жаңа сабақ

Сабақтың  барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларға  үйге берілген тапсырмаларын  жинақтап, пікірталасқа дайындау.

2. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Маман» және «Тілші» топтары

(Топ басшыларын  таңдау)

II. Жаңа тақырыпты  меңгерту.

1. Топтардың дайындаған баяндамаларын тыңдау.

1- топ.Ел намысы- ер намысы

2 -топ.Ер ермен шайқаста танылады

2.Сабақта қарастырылатын негізгі мәселелер негізінде топтар бір-біріне сұрақтар қояды:

1.Қобыланды бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?

2. Жырдағы Құртқаға қарап, бұрынға қазақ әйелдері қандай болған? Оның бейнесінің негізіндегі халық арманы не деп түйендер едің?

3. Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?

4. «Жер басып жүрген жалғыздықтан не пайда?»- деген Қобыландының сөздері нені білдіреді?

5.Жырдағы Қараман батырдың бейнесі немен ерекшеленеді?

6.Қобыландының орнында болсаңдар қандай әрекет жасаушы едіңдер?

3. Оқушылардың жауабын тыңдау, талдау, бағалау.

 

III. Бекіту.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

     

(Оқушылар өздері толықтырып, сабақты қорытындылайды).

IV. Бағалау

(Оқушылар өз-өздерін  бағалайды)

V. Үйге тапсырма  беру: Тайбурылдың шабысын жаттап  келу

Жыр кейіпкерлерінің  бейнелерін ашу.

 

ҚОСЫМША №2.

 

Сабақтың  тақырыбы: Ел намысы- ер намысы.

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға батырлар жыры жайлы ұғым беріп, “Қобыланды батыр” жырын оқыта отырып , жырдағы тілдің неше алуан көркемдігін айқындау. Батырдың батылдығын, ерлігін анықтау, оқушыларға үлгі тұту. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, олардың тапқырлық, ізеттілік қабілеттерін қалыптастыру.

Сабақтың  түрі: дәстүрлі, дәріс

Сабақтың  типі: жаңа сабақ

Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардан үйге берілген тапсырмаларын жинақтап, дәріс жазуға дайындау.

Дәріс:

Жырдың идеялық-көркемдік мазмұны, негізінен, Қобыланды бейнесі арқылы көрінген. Халықтық арманы да осы арқылы берілген. Оның арманы – “Қара аспан тауын жайлаған қалың қыпшақ қамы”, ел қамы. Сондықтан да “Қобыландының тілегін бүкіл қыпшақ тілейді”.

Халық Қобыланды  бойына батырлықты жастайынан дарытқан. Алты жасында қолына қару ұстатады. Жанына болат байлатады. Ол – аңшы. Ол –мерген.

Батырдың өскен  ортасы да оның мінезінің қалыптасуына ықпал етеді. Ол ыстық-суықты малшылармен  бірге кешіп , бірге өседі. Бойындағы  жақсы қасиеттер еңбек адамдары арасында қалыптасады. Жырда Қобыланды тек батырлық , ерлігімен ғана емес, бүкіл жан жылу\ымен , адамершілігімен де көрінген. Батырдың ата-анасына сүйген жары Құртқаға, қарындасы Қарлығашқа деген туыстық мейірімі, жарға деген адал жүрек сезімі арқылы оның бойындағы адамгершілік сапаларын байқаймыз.

Қобыландының  шынайы батырға тән мінезі Алшағырмен кездескен жерден байқалады. Ол Қазанмен шайқасарда жекпе-жекті қалайды. Қапылыста , қамсызда, әккілікпен ұрланып келіп, жауын жығу – ердің емес, батырдың емес , қорқақтың ісі. Қобыланды мұндай жолға бармайды, Өйткені ол шынайы батыр. (жалғасы кітаптан)

 

II. Бекіту кезеңі (сұрақ-жауап)

III. Үйге тапсырма беру

  1. Дәріс бойынша дайындалу.

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША №3.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Отанын сыртқы жаулардан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді етпеу тілегін қамтитын, қазақ халқының басынан кешірген жауынгерлік өмірі суреттелетін жырлар

А) батырлар жыры

Б) лиро-эпос жырлар

С) жоқтау

Д) беташар

2.Батыралар жырын көрсет

А) “Аяз би”

В) “Қобыланды батыр”

С) “Алдар көсе”

Д) “Қозы Көрпеш- Баян сұлу”

3.“Қобыланды батыр” жырының басты кейіпкері

А) Құртқа

В) Тоқтарбай

С) Қобыланды

Е) Тайбурыл

4.Қобыландының атасы

А) Қыпшақ

В) Тоқтарбай

С) Қарақыпшақ

Е) Естеміс

5.Қобыландының қарындасы

А) Қарлығаш

В) Қаракөзайым

С) Құртқа

Д) Гүлбаршын

6.Алты жасқа келгенде

Арыстан туған...

Қазнадан қамқа  киеді

Өзімнің еншім болсын деп

Тобылғы менді  торы атты

Енші қылып  мінеді

Бұл кім туралы айтылған?

А) Қобыланды

В) Құртқа

С) Қарлыға

Д) Қамбар

 

 

 

7.Қобыландының тұлпары

А) Құлагер

В) Тайбурыл

С) Тарлан

Д) Ақмаңдай

8.Қыпшақтарға шабуыл жасаған Қызылбас елі неліктен олай деп аталған?

А) Елдің ханы Қызылбас болған

В) Бастарына  қызыл бөрік киген

С) Шаштарын қызылға  бояған

Д) Туы қызыл  түсті болған

9.Қобыланды батырда суреттелетін қазақ елінің қақтығысқан жаулары қандай?

А) қалмақтар

В) Көбікті ханға  қарсы

С) Қият-ноғай  мекені

Д) жауаптардың  бәрі дұрыс

10.Қобыландының жары Құртқа кімнің қызы?

А) Көклан

В) Тарлан

С) Көбікті

Д) Қазан

11.Қобыланды  Құртқамен қалай қосылды?

А) Қалың мал  беріп

В) Әкесінен ұрлап

С) Құртқа қойған шарттарын өтеп

Д) Бәрі дұрыс

12.Қобыланды  жырда қалай бейнеленген?

А) көрсеқызар, қорқақ бейнесінде

В) халық қамы үшін күрескер бейнесінде

С) өз жерін сатып, сатқын бейнесінде

Д) дұрыс жауабы жоқ

13. Қобыландыға  үнемі болысып жүрген кім?

А) Қараман

В) Алшағыр

С) Көклан

Д) Алпамыс

14. “Қобыланды  батыр” жырының негізгі тақырыбы

А) махаббат

В) Отан қорғау

С) білімге шақыру

Д) Қобыландының бүкіл өмірі қамтылады

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі . Алматы “Рауан”, 1997 131-бет
  2. Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде оқыту”  Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет
  3. Икапова Д. “Оқушыларға батырлар жырын оқыту” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №7 122-бет
  4. Имжарова З. “Пікірсайысы – жаңашылдық қайнары” Қазақстан мектебі 2003, №6 54-бет
  5. Көшекова А. “Батырлар жырының зерттелуі” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №6 73-бет
  6. Мырзабекова К. “Алпамыс батыр жырының сюжеті мегн композициясы” Қазақ тілі мен әдебиеті , 2003, №12 35-бет
  7. Сағындықова Қ. “Білім сабақ санасынан” Қазақстан мектебі , 2004 №7 30-бет
  8. Серікбаев Т. “Дәстүрлі емес сабақтар туралы бірер сөз” Қазақстан мектебі , 2002 №11-12 62-бет
  9. Тәжібаева С. “Дәстүрлі емес сабақтар” Қазақстан мектебі , 2003 №2 27-бет
  10. Үрістенбекова Г. “Пікірталас дамыту және тәрбиелеу құралы” Қазақстан мектебі 2003 №5 39-бет

Информация о работе «Қобыланды батыр» жырын оқыту