«Қобыланды батыр» жырын оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 20:41, реферат

Описание работы

Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде білім беру ісін адамзаттық құндылықтарға негіздеу және ұлттық сананы құрметтеумен ерекшеленетіндіктен, қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиет пәнін оқыту мәселесі де заман талаптары мен әлеуметтік сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.

Файлы: 1 файл

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ.doc

— 368.50 Кб (Скачать файл)

 


      «Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебі» ММ

Ә.Апсалямова

 

 

 

 

 

 

«Қобыланды батыр» жырын оқыту

(көмекші құрал)

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар, 2011 жыл

 

 

 

КІРІСПЕ

Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде  білім беру ісін адамзаттық құндылықтарға  негіздеу және ұлттық сананы құрметтеумен ерекшеленетіндіктен, қазақ мектептеріндегі  қазақ әдебиет пәнін оқыту мәселесі де заман талаптары мен әлеуметтік сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді.

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды  мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық  қасиеттерін қалыптастыру қажет  екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.

Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде қазақ әдебиеті пәні бойынша батырлар жырын оқытудың маңызы зор. 6-9 сыныптарында батырлар жырын оқытудың маңызы - оның өзіне тән ерекшеліктерін, негізгі қағидаларын, жалпы ондағы  халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататынын айқындап көрсету.

Батырлар  жыры өздерінің тақырыптары жағынан  сан алуан болды. Айталық олар батырлар туралы, салт-дәстүрлерді, достық пен махаббатты жырлады. Мысалы: батырлар жырына “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” эпостарын жатқызуға болады.

Қазақ халқының сүйіп тыңдайтын жыры –  “Қобыланды батыр” . Деректерге қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың аяғынан  айтылып келе жатыр делінген. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында “Қобыланды батыр” жырын эпик ақын Марабай Көлбаев жырлаған. Бұл жырды ең алғаш рет Ыбырай Алтынсарин Марабай ақыннан жазып алып, 1879 жылы бастырған. 1914 жылы Қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев жинаған нұсқалар жарық көрген.

“Қобыланды  батыр” жыры – эпикалық поэма. Оның 10000-нан астам сөзі Қобыландының  ғажайып тууы, ата-анасы, балалық шағы, қаһармандықпен үйленуі, оның Қазанмен, Алшағарымен, Көбіктімен т.б сыртқы дұшпандармен соғыстары, Қарлығамен арадағы қарым-қатынасы, ерлігі, жауға шапқан жорығы суреттеледі.

Сөйтіп, батырлар жырын оқыта отырып, оқушыларды батылдыққа, ерік-жігерге тәрбиелеп, олардың патриоттық сезімдерін оятуға болады.

 

 

 

 

 

 

“ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР” ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ

 ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының  жалпы білім беретін мектептерінде  кез келген пәнге байланысты жүргізілетін сабақтар дәстүрлі және дәстүрлі емес түрінде болады. Бұл екі сабақтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Екеуінің де маңыздылығы мен тиімділігі сабақтың тақырыптарына сай қолданылады.

Сабақ дегеніміз - оқытуды ұйымдастырудың басты формасы, екіншіден, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын ұйымдастырудың басты формасы. Кез келген сабақ қоғаммен, оның идеологиясымен, саясатымен, қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен байланысты.

Әрбір сабақтың алдында мынадай мақсаттар  тұрады: білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Дұрыс қойылған сабақтың мақсаты – мұғалім еңбегінің мәдениеттілігінің көрсеткіші.

Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу  мен, дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді дайын күйінде меңгертеді.

Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендерін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пкіірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес , жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік одақта қызмет істейді.

Дәстүрлі  оқыту процесінде “проблемалы жағдай”, “оқу проблемасы”, “мәселенің принциптері” сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық  оқытуда оқушы меңгерген теориялық  білімдерін блок-блокпен жинақтап отыруға  ынталанады. Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар функциясы – білімді ғылыми негізде меңгерту. Сөйтіп, іс-әрекетті ғылыми зерттеушілікке бағыттайды. Нәтижесінде, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, қажетін дидактика әлемінен өздігінен іздейтін іс-әрекетке даярлайды. Оқушыда эмоциялық-еріктілік және уәждік қажетсіну іс-әрекеті ұшталады. Әрине, мұндай оқытуды іске қосудың өзі оқулықта міндетті түрде байланысты болып келеді.

Әдеби нысанында оқушының жанрларға жіктей білуі, егер эпикалық жанр болса, кіші әңгімеден эпопеяға дейінгі басқыштарды ажыратады, олардың жасалу жолдарын айқындауы, бейнелер, кейіпкерлер, қаһармандарды топтастырып, автордың позициясын, құбылыстарды менгеру процестер, суреттер, сұхбат түрлері мен монологтары арқылы түйсінуі, егер поэзия жанры болса, одан элегияға дейінгі басқыштарды жіктеп беруі, лирикалық қаһарманнның позициясы, өлең өрнегіндегі троп пен фигурасының түрлерін талдауы және тағы басқа.

Батырлар  жыры – ауыз әдебиетінің маңызды  да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы - ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-9 сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек:

Кіріспе жұмыстар:

 

  • “Батырлар жыры” туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)
  • Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны.

 

Мазмұнын меңгерту бағытындағы  жұмыстар:

 

1.Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. Мысалы, 6-сыныптағы “Қобыланды батыр” жырына мынадый жоспар жасауға болады:

 

Қобыландының  дүниеге келуі

Қобыландының  алғашқы күресі

Қобыландының  аты – Тайбурыл

Тайбурылдың шабысы

Қобыланды және қазақ хандығы

Қобыландының  тұтқынға алынуы

Көбіктінің  ащы сөзімен жеңілісі

Алшағыр ханның сарайында

Қобыландының  Құртқа сұлуға үйленуі

Қобыланды батырдың ұлы – Бөгенбай

 

 

 

Қорытынды

Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға  осындай жоспар құру балалардың жырдағы  басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы, ірә сол бойынша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады.

1.Жырды  күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға да болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.

2.Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, өзінше мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу, аннотация жаздыру.

Мына  үлгіде жүргізуге болады:

Басты эпизодтар

Сұрақтар

-Қобыландының  дүниеге келуі

- Қобыландының  алғашқы күресі

- Тайбурылдың  шабысы және т.б.

 

 

3.Жырды оқып болған соң, мазмұнын толық айтқызу. Ол үшін үйге тапсырма бергенде, жауаптарының тезисін, жоспарын жасатқызу. Мазмұндау жүйелі болу үшін, соған қарап айтқызу.

  1. Оқушылардың жауабын бір-біріне толықтыртып отыру.
  2. Бір-біріне қоятын сұрақтарын әзірлету.
  3. Ұнаған жерлерін жатқа айтқызу.
  4. Жауаптарында да жырдан үзінді келтіре отырып айтқызу.

Жырға әдеби талдау жасау

а) Жырдың идеясын тақырыбын ашу. Оны мұғалім  әңгімесі, сұрақ-жауап арқылы жүзеге асыру. Мынадай сұрақтар қоюға болады:

- Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады?

- Жырдың негізгі  ойы қай бейнеден көбірек көрінеді?

ә)  Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау

- Қобыландының  қандай қасиеттерін ерекше бөле-жара айтар едің?

- Қобыланды бейнесін  жасай отырып халық не айтпақшы  болған?

- Құртқаға қарап  бұрынғы қазақ әйелдері қандай  болған деп ойлайсың?

- Қазан, Көбіктілер бойындағы жек көрінішті қасиеттер қайсы?

- Портреттеу, суреттеулерді тауып, оны кейіпкерлер іс-әрекетін      ашудағы маңызы, орнына тоқтал.

б) Тіл  көркемдігі, өлең құрылысына талдау жасау.

- Жырда асыра, әсірелей суреттелінген жерлерін табу;

- Теңеулерді, эпитеттерді табу;

- Диалогтерді  табу, оның жырдағы орнын, маңызын  ашу;

- Өздеріне ұнаған айшықты сөздер, сөз тіркестерін тапқызу;

- Сөздік жұмыстарын  жүргізу.

Жырды талдау кезінде сурет мысалдарды пайдалану, оқушыларға жыр бойынша өзіне ұнаған  эпизодтарға суреттер салғызудың  маңызы зор. Мүмкін болса, жыршы-термешілермен кездесу өткізіп, жырдан үзінді жаттатып, оқушыларды да жырды мақаммен айтқызуға талаптандыру.

Батырлар  жыры ауыз әдебиетінің ірі саласы ретінде тоғызыншы сыныпта өтілген. Бұл сыныптарды оны оқытудың өзіндік  жолдары қайсы?

- Жыр  мазмұнын меңгерту алдын-ала үйден  оқып келу , сыныптан тыс оқу  арқылы жүзеге асырылады. Төменгі  сыныптардағыдай емес, жыр толық беріледі, оны талдау да күрделене түседі.

- Жыр  мазмұнын тез, әрі өз мәнінде  толық меңгеру үшін мұғалім басты-басты эпизодтарын қамтыған сюжеттік жоспарын ұсына алады.

- Бұл  сыныптарды жырдың тарихи негізі, яғни халқымыздың басынан өткен  тарихи оқиғалары осы батырлар жырларынан  көрінетініне тоқталу керек. Бұл мәселені мұғалім өзі, немесе тарих мұғалімінің көмегімен жүзеге асырады.

- Танымдық: іздендіретін, ойландыратын сұрақтарды  алдын-ала беріп, оқушылардың  өз ойларын , пікірлерін жинақтап, пікірталастарын туғызудың да ерекшелігі тиімді болмақ.

Ғылыми  материалдармен мынадай жұмыстар жүргізуге  болады:

а)  Мұғалім өтіліп жатқан тақырыпты қамтитын еңбектің нақты жерлерін көрсетіп беріп, оқушылардан оны  талап етуді пайдаланады. (үзінділер келтіру арқылы)

ә)  Ғылыми материалдарды оқып, жауаптарының жоспар – тезисін жасау, қысқаша  конспектілеу.

б)  Мұғалім оқушылардың бірнеше  ғылыми материалдар бойынша өз пікірлерін ортаға салып салыстыруға, әдеби әдіс ұйымдастыруға бастамашы болады.

- Батырлар  жырын талдауда, әсіресе, образдарды талдауда салыстыру жұмыстарының маңызы зор.

Салыстыру жұмыстары үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады:

- Батырлар  жырындағы әйелдер бейнесіне  тән ортақ қасиеттерді сарала.

- Өзіндік  ерекшеліктері, айырмашылықтары  туралы қандай пікірдесің?

- Әйелдер  бейнесі арқылы бұрынғы  өткен  әпкелеріміз, аналарымыз туралы  не айтар едің?

- Батырлар  жырындағы ең ақылды, ең сұлу деп кімді айтар едің?

- Жырдағы  әйелдерге берілген портреттеуді  салыстыр

а) Поэтикалық тіліне назар аудар, яғни портреттеуде қандай айшықты сөздер пайдаланған?

ә) Ұқсас  портреттеулер бар ма?

- Жырдың  өлең құрылысын бұрын өтіп  кеткен тұрмыс-салт жырларымен  салыстыруға болады?

- Образдарды  талдағанда да, немесе тіл көркемдігі сөз болғанда да, үнемі мәтінге сүйенудің маңызы зор. Мұғалім өз түсінігінде де, бала жауабында да мәтінді басшылыққа алғаны дұрыс. Үнемі нақты мысалдар келтіріп, дәлелді сөйлеудің орны бөлек. Себебі, жырдың тілі күрделі, оны тіпті мәтінге жақын мазмұндау да қиын болып келеді.

- батырлар  жырын талдауда көрнекіліктердің де маңызы  бар.  Мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыланды бейнесін оқытуда төмендегі көрнекілікті пайдалануға болады (кесте-плакат етіп жазып пайдалану)

 

Үлгі:

Оқиға

Қобыландының  іс-әрекеті

Қысқаша мінездеме


 

ә) Жалпы  жыр туралы ғалымдар, фольклористер пікірін, бағаларын жазып, іліп қою, керегінде пайдалану.

б) «Батырлар  жыры - өнерімізде» деген стенд  жасауға да болады. Мысалы, артистер ойынынан көрініс, жыр кітаптарының суретті безендірулері т.б.

- Әдеби-теориялық  ұғым беру (төменгі сыныптардағы ұғымды тереңдету мақсатында  теориялық жұмыстарды практикалық жұмыстармен  байланыстыру)

Мысалы , мынадай практикалық жұмыстар орындауға  болады:

-- Қанатты  сөздерді теріп жазу, оның маңызын  анықтау.

-- Архаизм,  историзм сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндінру.

Информация о работе «Қобыланды батыр» жырын оқыту