Стандарттау, метрология және сертификаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 12:32, реферат

Описание работы

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шетелдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру - дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.

Файлы: 1 файл

СМиС. АКИШЕВ, Дарибаева.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

5) Кешенді стандарттау. Белгіленген мәселені оңтайлы шешу үшін кешенді стандарттауда өзара үйлестірілген талаптар тек қана оның объектісіне ғана емес, сондай-ақ осы объектінің әрбір элементтеріне мақсатты және жоспарлы түрде тағайындалады және қолданылады. Өнімге қатысты ол дайын бұйымның сапасына және осы сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті шикізаттарға, материалдарға, жинақталған бөліктерге қойылатын өзара үйлестірілген талаптар. Мысалы, жеңіл машинаның сапасына қойылған талаптар металл өндірісіне, химия, электроника, ж.б. көптеген салаларға әсер етеді.

6) Стандарттаудың болжауға  негізделген әдісі. Ғылым мен  техниканың даму қарқыны жоғарылаған  сайын жаңа ғылыми жаңалықтардың  ашылу және олар-ды өндіріске енгізу аралықтары қысқарады. Осыған байланысты стандарттарда келтірілген бұйымдардың негізгі параметрлер деңгейі тез ескіріп отырады. Бұл жағдайда мәселенің шешімі - ол стандарттарда болжау негізінде анықталған ілгері уақыттарда болатын параметрлер деңгейін белгілеу болып табылады. Параметр деңгейін тағайындаудың бір түрі, ол - параметрдің әр түрлі деңгейлерін қамтитын сатылы стандарттар (1-сурет) жасау.

А - параметрдің қол жеткізген деңгейі.

ВХС - параметрдің болашақ уақыттарда қол жеткізілетін деңгейлері.

 

Параметрлер деңгейі

                         С

           А

В

 

 

 

 

 

 

 


 

О      N1    N 2     N3

1-сурет. Сатылы стандарттау

 

[V тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЕЛПКАСЫНДА СТАНДАРТТАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТІК ЖҮЙЕСІ

4.1. Жүйенің жалпы сипаттамасы және оны реформалау бағыттары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзіреті шегінде техникалың реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемле-кеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының  «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.

1-кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекетік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап аталған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.

2-кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жүмысының құқыңтық статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгерту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін ұлттық стандарттау жүйесі етіп қайта құру.

3-кезең - қорытынды, яғни стандарттаудың ұлттық жүйесін қалыптастыруды аяқтау. Бұл жүйені мемлекеттік емес ұйымдар басқаруға тиісті және жүйе ерікті қолданылатын ұлттық стандарттарға негізделеді.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және нормативтік құжаттар құрды.

Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның омірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалың реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс.

Қорытынды кезең. 2013 жылға  дейін ұлттық жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан ұлттық стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады.

Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазақстанның стандарттау саласындағы ұлттық органның жұмысын, ұлттық стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады.

Стандарттардың екі категорияеының болуы - « ұлттық стандарттың» және «ұйым стапдарттарының» - әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды, яғни, бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйе және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйе.

Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:

- ұлттық стандарттар;

-  стандарттау ережелері,  стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар;

- техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіші.

Стандарттаудың жергілікті жүйесі ұйым стандарттарына негізделген. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында келтірілген мекеме қоғамдардың және қоғамдық бірлестіктердің стандарттарын алмастырады.

 

4.2. Қазақстан Республикасының   стандарттау саласындағы органдары мен қызмет атқаратын мекемелері

Стандарттау саласындағы  органдар мен қызмет атқаратын мекемелер - негізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері.

Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясы - стандарттау жұмыстарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы - «Техникалық реттеу және метрология комитеті».

Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:

1.  Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.

2.  Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.

3.  Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелерімен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.

4. Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басьш шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.

5. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдардамаларын әзірлеу тәртібін белгідейді.

6.  Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арқылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелер - белгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.

1.  Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.

2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне кіреді:

- бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

- Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге және оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;

-  Мемлекеттік техникалық  реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына  техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.

 

4.3. Стандарттардың  әр түрлі санаттарының жалпы сипаттамалары

 

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде нормалар мен нормативтік құжаттарға мыналар жатады:

1.  Халықаралық стандарттар.

2.  Өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар.

3.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері.

4.  Ұйымдар стандарттары.

5.  Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары.

6.  Шет мемлекеттердің  ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экояомикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар төмендегілерге сәйкес әзірленеді және бекітіледі (қабылданады). Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚРСТ.1.2 бойынша.

ТЭӘА мемлекеттік сыныптауыштары - ҚР СТ. 5.0, ҚР СТ. 5.1. ҚР СТ.5.2 бойынша мемлекетаралық стандарттар мен сыныптауыштар МЕМ СТ.1.2.

Стандарттау және сертификаттау салаларындағы шетелдік нормативтік құжаттар - ҚР СТ. 1.9.

Стандарттау саласындағы  ережелер мен ұсыныстар ЕР 50.1.20 бойынша техникалық шарттар - ҚР СТ. 1.3 бойынша.

Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

Өңірлік стандарт - стандарттау  жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол  жеткізе алатын стандарт.

Мемдекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт.

Ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт.

Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт.

Ұлттық стандарт - шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

 

4.4. Стандарттардың түрлері

Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оган белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:

- негізге алынатын стандарттар;

-  өнімге (көрсетілетін  қызметке) стандарттар;

- процеске стандарттар;

-  бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рәсімдеу) стандарттар.

Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруга негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады.

Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді.

Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтыды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып-түю, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып-түю, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары.

Процестерге стандарттар  әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен  жөндеудің технологиялық үдерістерінде  әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді.

Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыстарында автоматты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стандарттардың атқаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл машиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жобалауға жұмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан.

Саудада тамақ өнімдерін  сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар  маңызды рөл атқарады.

Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандардыдайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр.

Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді.

Әрбір әдіске олардың  ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді: а) сынау құралдары және басқа да керек-жарақтар; б) сынауды өткізуге дайындалу тәртібі; в) сынауды өткізу тәртібі; г) сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері; д) сынау нәтижелерін дайындау ережелері; е) сынау қателігінің мүмкін деңгейі.

Информация о работе Стандарттау, метрология және сертификаттау