Стандарттау, метрология және сертификаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 12:32, реферат

Описание работы

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шетелдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру - дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.

Файлы: 1 файл

СМиС. АКИШЕВ, Дарибаева.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

8.  Дәлелділік функциясы. Бұл функцияның мәні нақтылы техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар регламенттің маңызды талаптарының дәлелділігін көрсетуінде.

 

III тарау. СТАНДАРТТАУ ӘДІСТЕРІ 3.1. Стандарттау әдістерінің түрлері

Стандарттау әдістері - стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданылатын жекелеген  тесіл немесе тәсілдер жиынтығы. Стандарттау  жалпы ғылыми және арнайы әдістерге негізделеді.

Стандарттардың кең  тараған әдістері: 1) стандарттау  объектілерін ретке келтіру; 2) параметрлік стандарттау; 3) өнімді сәйкестендіру; 4) агрегаттау; 5) кешенді стандарттау; 6) стандарттаудың болжауға негізделген әдісі.

1) Стандарттау объектілерін ретке келтіру. Стандарттау жұмыстары әр алуан болып келеді. Ретке келтіру әр түрлі әдістерді қолданып, осы әр алуан жүмыс-тарды мүмкіндігінше қысқарту. Бұл әдістер: жүйелеу, түрлендіру, оңтайлау, т.б.

Стандарттау объектілерін жүйелеу - стандарттау объектілерінің жиынтығын ғылыми тұрғыдан негіздеп сыныптау және ретке келтіру. Мысал ретінде Жалпыресейлік өнімдер сыныптауышын (ОКП) келтіруге болады. ОКП сыныптаушылық пен ассортименттік (әр алуан тауарлар жинағы) бөлімдерден тұрады. Сыныптаушылық бөлімі сыныптауыш топтардың кодтары мен атауларының жүйелік жиынтықтары (класс - класс бөлімдері - топтар - топтар бөлімдері - түрлер), ал ассортименттік бөлімі нақтылы түрлерді, таңбалауларды, т.б. ұқсастандыратын кодтар мен атаулар жиынтықтары.

Мысалы, тамақ өнімдеріне қатысты нормативтік құжаттарда және сертификаттауда мынандай кодтар қолданылады:

911304...911358 - әр түрлі  қара бидай ұнынан жасалатын нан.

911400.. .911498 - әр түрлі  бидай ұнынан жасалатын нан.

911500...911683 - әр түрлі бөлке нан азықтары.

911700...911896 - әр түрлі кептірілген нан азықтары.

911900...911985 - әр түрлі  ұндардан жасалатын пирогтар.

912000...912499 - тәтті тағам  бұйымдары.

912500...912599 – шоколад және шоколад бұйымдары.

912600...912971 - ұннан жасалатын тәтті тағам бұйымдары (печенье ж.б.).

914000...914972 - өсімдік майлары,  әр түрлі макарон бұйымдары.

Стандарттау объектілерін түрлендіру - үлгі болып саналатын объектілерді, конструкцияларды, құрылымдарды, технологиялық ережелерді, құжаттарды жасауға бағытталған жұмыс. Мысалы, 60-шы жылдары телевизорлардың 100-ге тарта конструкциялық шешімдері пайдаланылған. Кейіннен осындай алуан шешімдерді қысқарту мәселесі туындаған. Жүйелеу жұмысының негізінде экран диагоналіне байланысты олардың үш нұсқасы іріктеліп алынған - 35,47 және 59 см. Әрбір нұсқалардан ең жақсы кестелер іріктелініп алынып әрі қарай жетілдірілген. Осы жұмыстар нәтижесінде үлгілі конструкциялар УНТ-35, УНТ-47, УНТ-59 жасалды.

Стандарттау объектілерін оңтайландыру кезінде оңтайлы басты параметр және басқа да сапа мен экономикалық тиімділік көрсеткіштері анықталады. Оңтайландыру арнайы экономикалық-математикалық әдістерді және оңтайландыру модельдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Оңтайландырудың мақсаты оңтайлы деңгейдегі реттеуге және мүмкіндігінше ең жоғары мөлшердегі экономикалық тиімділікке қол жеткізу.

2) Параметрлік стандарттау - параметрлік қатарларды анықтау процесі.

Стандарттаудың басты  мақсаттарының бірі, ол -халық шаруашылығында қолданылатын бұйымдардың атауларын мүмкіндігінше қысқарту. Ол үшін стандарттарды жасауға қатысты мына мәселелерді шешу қалжет: бұйымдарға қатысты параметрлерді анықтау, стандартталатын параметрлердің өзгеруі, диапазонның өзгерісін анықтау, диапазон аралығын лайықты параметрлік қатарға бөлу. Параметрлер басты, негізгі және көмекші болып бөлінеді. Басты параметр деп негізгілер ішінен іріктеліп алынған, бұйымды жан жақты толық сипаттайтын, ұзақ уақыт өзгермейтін, ал өзгерсе де тек қана өте құнды бұйымдар пайда болғанда ғана өзгеретін параметрді айтады. Стандартталатын параметрлер саны мүмкіндігінше аз, бірақ та бұйымды толық сипаттайындай болуы керек. Көмекші көрсеткіштер әр түрлі жиі болып тұратын өзгерістерге байланысты болғандықтан олар да жиі өзгеріп түрады. Осы себепті олар стан-дарттарда келтірілмейді.

Стандартталатын басты параметрдің өзгеру диапазоны, параметрдің ең кіші және ең үлкен мөлшерлерімен шектеледі. Бұл мөлшерлер бұйымның қолдану аймақтарын және стандартты қолдану мерзімін ескере отырып анықталады. Диапазонды жіктеу немесе параметрлік қатарды тұрғызу деп екі қатар сандар арасындағы интервалдың өзгеру заңдылығын анықтауды айтады. Бұл заңдылықтар көп жағдайда ерекшелік принципі негізінде ерекше сандарды қолдану арқылы қалыптастырылады.

Ерекше сандар белгілі заңдылыққа бағынатын сандардың қатарын түзейді. Мұндай қатарлар көп жағдайда арифметикалық және геометриялық прогрессиялар түрінде құрылады. Арифметикалық прогрессия түрінде құрылған қатарларда екі қатар орналасқан «а.» және «а. х» сандарының айырымы тұрақты сан болады, яғниа=а-амтұрақты. Мысалы, бұйымның мөлшері 20-дан 110 мм дейін өзгеретін болса, онда: 20, 25, 30, 35, ..., 100, 105, 110 мм түрінде құрылған қатар д = 5 мм арифметикалық прогрессия түзейді. Арифметикалық прогрессия түріндегі қатарлардың негізгі кемістігі, ол қатардағы мөлшерлердің қарастырылып отырған мөлшерлер шегінде біркелкі таралмауы. Мысалы, келтірілген қатарда екі қатар бастама сандарының қатынасы 25/20=1,25 болса, соңғы сандарының қатынасы 110/105 =1,047. Осыған байланысты арифметикалық прогрессия түріндегі қатарларға бастама сандарда қатар сиректігі, ал соңғы қатарда керісінше, қатар жиілігі тән.

Геометриялық прогрессия түрінде құрылған қатарларды екі қатар орналасқан «а.» жөне «ан» сандарының қатынасы тұрақты сан. Бұл қатынас а" = а./(аіХ) про-грессия көрсеткіші деп аталады. Мысалы сандар қатары 1; 1,6; 2,5; 4; 6,3; 10; 16;... геометриялық прогрессия түріндегі қатар, ал оның көрсеткіші д= 1,6.

Прогрессияның бүл түріне тән жагдайлар: 1) қатарда мөлшерлердің біркелкі таралуы; 2) қатардағы кез келген екі санның көбейтіндісі немесе қатынасы осы қатар мөлшерлерінің біріне тең (1,6 х 2,5; = 4,0 ж.б); 3) Қатар сандарының қай-қайсысы болса да толық оң немесе кері санға дәрежеленсе оның нәтижесі осы қатардағы санның біріне тең болады. (1,63=4,0, 7І6= 4 ж.б.). Екінші және үшінші жағдайлардың приктикалық маңызы зор. Өйткені квадрат, куб, тік төртбүрыш, ж.б. түріндегі денелердің қабырғалары геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін қатар түзесе, осы денелердің ауданы мен көлемдерінің мәндері осы қатарлардағы сандардың біріне тең.

Стандарттарда қажетті қатарлар түзеу үшін прогрессиялардың екі түрі де қолданылады, бірақ та геометриялық прогрессия түріндегі қатарлар жиірек қолданылады.

Көптеген жылдар жинақталған  тәжірибе геометриялық прогрессия көрсеткіші ретінде д= х√10 санын қолдану тиімді екенін көрсетті. Мұнда - X - 5, 10, 20, 40 немесе 80 тең дәреже көрсеткіші.

Қазіргі кезде төрт негізгі  және бір қосымша ерекше сандар қатарлары  қолданылады (1-кесте).

1-кесте

Ерекше сандар қатарларыныц негізгі параметрлері (МЕМСТ 8032)

Қатар

Қатардың шартты белгісі

Прогрессия

көрсеткіші

Ондық аралықта (1-10) қатарға  кіретін мөлшерлер саны

Негізгі

К5

5√10 =1,6

5

 

К10

10√10 =1,25

10

 

К20

20√10 =1,12

20

 

К40

40√10= 1,06

40

Көмекші

К80

80 10 = 1,03

80

       

 

Дәреже көрсеткіші х  қатарлардың шартты белгілерінде көрсетіледі. Ерекше сандар қатарларының мүшелері ретінде тұтас есепке келтірілген қатар сандарын геометриялық прогрессия көрсеткішіне көбейту арқылы тағайындалған сандар алынады.

Негізгі қатарларға 1-ден 10 мм-ге дейінгі аралыққа кіретін  мөлшерлер 2-кестеде келтірілген.

2-кесте

1-ден 10 мм-ге  дейінгі аралықтағы ерексше сандардыц  негізгі қатарлары

 

К5

К10

К20

К40

К5

К10

К20

К40

1,00

1,00

1,00

1,00

 

3,15

3,15

3,15

     

1,06

     

3,35

   

1,12

1,12

   

3,55

3,55

     

1,18

     

3,75

 

1,25  ,

1,25

1,25

4,00

4,00

4,00

4,00

     

1,32

     

4,25

   

1,40

1,40

   

4,50

4,50

     

1,50

     

4,75

1,60

1,60

1,60

1,60

 

5,00

5,00

5,00

     

1,70

     

5,30

   

1,80

1,80

   

5,60

5,60

             

6,000

     

1,90

6,30

6,30

г0,30

6,30

 

2,00

2,00

2,00

     

6,70


 

     

2,12

   

7,10

7,10 7,50

   

2,24

2,24

     

 

     

2,36

 

8,00

8,00

8,00

2,50

2,50

2,50

2,50

----------

   

8,50

----------

   

2,65

 

 

9,00

9,00

 

 

2,80

2,80

     

9,5

     

3,00

10,00

10,00

10,00

10,00


 

Ерекше сандар қатары шексіз созыла береді. 10 жоғары сандар (10-нан 100-ге дейін, 100-ден 1000-ға дейін ж.б.) 1-ден 10-ға дейінгі ерекше сандарды 10, 100 ж.б. көбейту арқылы, ал 1-ге дейінгі мөлшерлерді 0,1; 0,01, т.б. көбейту арқылы алынады.

Қажет жағдайларда негізгі қатарлардан  олардың екінші, үшінші, т.б. мүшелері іріктеліп алынған туынды қатарлар да қолданылуы мүмкін. (К 20/3(1...)- 1,1,4; 2,0; 2,80; ж.б.). Сонымен қатар стандарттарда құрама қатарлар қолданылады, яғни, бір қатар әр түрлі көрсеткіштер негізінде құрылған бірнеше бөлімнен құрылады.

Параметрлік қатарларды таңдағанда тек қана тұтынушылардың мүддесі емес, сонымен қатар өнімді өндірушінің, тасымалдаушылардың, т.б. мүдделері ес-керіледі. Мысалы, консерв қалбырын, оларды тасымалдайтын құралдарды тиімді пайдалану мақсатында теміржол вагондарының және жүк машиналарының жүк көтерімділігінің қатарларын контейнерлер, жәшіктер және жекелеген консерв банкасының мөлшер қатарларын К 5 қатары түрінде алу ұсынылған.

3) Өнімді сәйкестендіру - функционалды қолдану жағдайлары бірдей бөлшектер мен агрегаттар түрлерін ұтымды қысқарту. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары:

-  бұйымдардың, машиналардың, приборлардың, түзілімдер мен бөлшектердің параметрлік және мөлшерлік қатарларын дайындау;

-  біртекті өнімдердің  сөйкестендірілген топтарын құру үшін қажетті типтік бұйымдарды ірікте;

- сәйкестендірілген технологиялық үдерістерді дайындау;

- қолдануға рұқсат етілген бұйымдар мен материалдардың атауларын ұтымды деңгейде шектеу.

Сәйкестендіру деңгейін анықтау үшін қолданылатын көрсеткіштердің бірі - қолданылу коэффициенті (Кп). Бұл коэффициент былай анықталады:

              Кп = n-nо / n *100%

п мұндағы а - бұйымдағы бөлшектердің жалпы саны, ал по - солардың ішіндегі жаңадан жасалған бөлшектер саны.

Қолданылу коэффициенті жекелеген бұйымдарға мөлшерлер (параметрлер) қатарын түзейтін бұйымдар тобына, конструкциялық сәйкестендірілген қатарларға есептеліп шығарылады.

4) Агрегаттау - машиналарды, приборларды, құрал-жабдықтарды әр түрлі бұйымдарды геометриялық және функционалдық өзара алмастыру үшін қолданылатын жекелеген стандартталған және сәйкестендірілген түзілімдерден құрастыру әдісі.

Мысалы, жиһаз өндірісінде 15 түрлі мелшерде жасалатын тақталарды және үш түрлі мөлшерде жасалатын стандартталған жәшіктерді қолданып осы элементтерден жиһаз құрастыру үшін әр түрлі шешімдер қолдана отырып 52 түрлі жиһаз жинастыруға болады.

Агрегаттау әдісін қолданудың алғашқы қадамы әр түрлі бұйымдарды біркелкі жұмыс атқаратын түзілімдерді анықтаудан басталған. Осындай біркелкі жұмыс атқаратын түзілімдерден сәйкестендірілген. Агрегаттар, түзілімдер жөне бөлшектер жасау негізінде агрегаттау әдісін машина жасау және радиоэлектроника салаларында кең қолдану мүмкін болды.

Информация о работе Стандарттау, метрология және сертификаттау