Стандарттау, метрология және сертификаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 12:32, реферат

Описание работы

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шетелдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру - дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.

Файлы: 1 файл

СМиС. АКИШЕВ, Дарибаева.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

 

4.5. Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі

4.5.1. Ұлттық стандарттар

1. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты әзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралы хабарлама береді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты әзірлеуші мүдделі тұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.

2.  Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.

3. Ұлттық стандарттың жобасы мүдделі түлғалардан жазбаша түрде алынған пікірлермен қоса стандарттау жөніндегі техникалық комитетке жіберіледі, комитет жобаны сараптамадан өткізеді. Техникалық комитет сараптау нәтижесі бойынша жобаны бекіту немесе қабыл алмау жөнінде дәлелді ұсыныс жасайды. Техникалық комитет ұсынысты ұлттық стандарттау органына жібереді, орган комитет жіберген құжаттар негізінде шешім қабылдайды.

Ұлттық стандарттың бекітілуі туралы хабар органның баспасөз беттерінде және электронды сандық жалпы қолданыстағы ақпарат жүйесінде жарияланады. Жариялану мерзімі стандарт бекітілгеннен кейін бір айдан аспауы керек.

4. Ұлттық стандарттау органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп баспасөз бетінде және ақпараттық жүйеде жариялайды.

 

4.5.2. Ұйым стандарттары

Ұйым стандартын, соның ішінде коммерциялық, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің стандарттарын қажет болғанда олар оз бетімен әзірлеп, бекіте алады. Қажеттілік мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:

-  өндірісті жетілдіруге  және өнім сапасын жақсартуға;

- қызмет көрсетуге;

-  зерттеулердің (сынақтардың), өлшеулердің және басқа да жаңалықтардың нәтижелерін таратуға және пайдалануға.

Ұйым стандартын дайындаушы жобаны сараптамадан өткізу мақсатында, техникалық комитетке жіберуі мүмкін. Сараптама нәтижесі бойынша техникалық комитет қорытынды шығарып оны стандарт жобасын дайындаушыға жібереді.

 

V тарау. ӨҢІРЛІК ЖӘІІЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІ

5.1. Мемлекетаралық  стандарттау жүйесінің жұмысы

1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген МЕМСТ-тар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондық базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертифи-каттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі.

Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мем-лекетаралық стандарттардың жобаларын бекіту, стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті.

Келісімге қатысқан ТМД елдерінің стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары мемлекетаралық кеңестің мүшелері болып табылады. Мемлекетаралық жұмыстың негізгі органы - стандарттың, метрология және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында кезектесіп өткізіліп отырады.

Мемдекетаралық кеңестің жұмысы арқасында КСРО-да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық эталондары) сақталып қалынды.

Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттық сертификаттау жүйелерін өзара тану үдерісі толығымен аяқталды. Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы - мемлекетаралық техникалық комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық стандарттау саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды жүргізеді.

Мемлекетаралық стандарттар  және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі  рет өткізіледі.

Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеуге бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып стандарттау жөніндегі халықаралы ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.

5.2. Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мәселелері

Халықаралық байланыстың даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттаудың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда.

Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықаралық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттың алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан.

Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселесі - үйлестіру, яғни Қазақстан Ресиубликасының мемлекеттік стандарттау жүйесін басқа елдердің халықаралық, аймақтық, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын жоғарылату.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады.

5.3. Стандарттау  саласындағы халықаралық мекемелер

Халықаралық стандарттау саласында стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралың электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) 1947 жылы құрылған. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникада басқа стандарттау салаларының барлығын қамтиды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары - Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық секретариат, Жоғарғы органы – Бас

ассамблея (2-сурет).

 

 


 


 

 


 

 

 

 

 

 

 



 


 

 


 

 

 

 

2-сурет. ИСОның құрылымы

 

Бас ассамблея сессияларының арасында ұйым жұмысын ИСО-ның Кеңесі басқарады. Кеңеске стандарттаудың ұлттық мемлекеттік өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын атқарушы бюро құрылған.

Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды.

Техникалық комитеттер жалпытехникалық жене техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге белінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен шұғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК 12), «Ерекше сандар» (ТК 19) ж.б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамыыда олардың саны шамамен 140) техніиканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж.б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостық техника ж.б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады.

Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек.

2000 жылдың басында  шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған.

Халықаралық стандарттарды  қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады.

Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол 1906 жылы, яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған.

Әр уаңытта құрылғандықтан және жұмыс бағыттары әр түрлі болғандықтан осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған.

Біраз елдерде электротехника, электроника және байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің санынан аз.

ХЭК жоғарғы органы - барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты ұйым мүшелерінің жарна төлемінен және халықаралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық оргиндарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас - техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы мамандар қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған. Халықаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар - Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Еуропалық экономикалық комиссиясы, Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдар да қатысады.

Дүиие жүзіндегі стандаратау  саласында жеті аймақтық ұйымдар жұмыс істейді. Скандинавияда, Латын Америкасында, Арабия аймағында, Африкада, Еуропа-лық Одақ (Е.О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады.

 

5.4. Стандарттау  жұмыстарын Еуропалық Одақ (ЕО) шеңберінде ұйымдастыру

 

Қазіргі кезде экономиканы  интеграциялауға, аймақтық біріккен нарықтар құруға бетбұрыс айқын байқалады.

Интеграцияның кең дамыған  аймағы - Еуропалық Одақ шеңбері (ЕО).

1993 жылы Еуропаның 15 елі бірігіп құрған нарық осы елдердің шамамен 400 млн. тұрғындарын қамтиды. Осыған байланысты ұлттық кедергілерді жою мақсатында аймақтық стандарттарға басты назар аударылып отыр.

1961 жылы стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет (СЕН ЭЛЕК) құрылды. Бұл комитеттердің құрамында 239 техникалық комитеттер бар.

Біріккен нарық жағдайына сәйкес ЕО «Еуропаның жасыл кітабы» деп аталған (Еуропада техникалық интеграцияны жеделдету үшін еуропалық стандарттарды дамыту) бағдарлама жасалды. Бұл бағдарлама Еуропада стандарттауды қайтадан құру және дамыту жоспары қарастырылған. «Жасыл кітапта» көрсетілгендей еуро-стандарттар техника мен технологияның ең соңғы жетістіктерін қамтуы керек, ал директивалар - түрғындар мен қоршаған ортаға қауіпсіз емес немесе зиянды өнімдерді Қоғамдастыққа енгізбеу үшін тиімді шараларды қарастыру қажет. Осындай шаралар негізіыде стандарттау жұмыстарында көптеген ілгерілеу жасалды. Мысалы, 1991 жылы ЕО 200 директива және 1200 еуро-стандарттар болған болса, 1993 жылы директивалар саны екі есе ұлғайтылып, еуростандарттар саны бірнеше мыңға жеткізілді.

Қазіргі жагдайда СЕН жәые СЕНЭЛЕК-тің басты саясаты - ИСО/МЭК халықаралық стандарттарын аймақтық ретінде кеңінен қолдану. Осының нәтижесінде ЕО шеңберінде қолданылатын нормативтік құжаттардың 45% -ын ИСО/МЭК шығарған халықаралық стандарттар.

 

5.5. Саудадағы  техникалық кедергілер жөніндегі  келісім

 

Қарастырылып отырған келісім Дүниежүзілік сауда ұйымының (1993 жылы бұрынғы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім осы ұйым түрінде қайта құрылды) халықаралық стандарттау шеңберіндегі жұмыстар ережелеріне арналған 40 құжаттың бірі.

Бұл ережелер мыналар:

1. Үйлестіру. Егер халықаралық стандарттар (ерікті техникалық құжаттар ретінде), регламенттер (міндетті түрде орындалуға тиісті құжаттар) немесе сәйкестікті бағалау ережелері (сертификаттау жұмыстарында ) болса, онда Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшелері оларға сәйкес келмейтін ұлттық құжаттарды дайындамауға тиісті.

2.  Ұлттық режим және дискриминацияламау. Шетелдік өнімдердің сапасын бағалау жағдайының қолайлылығы отандық өнімдерді бағалау жағдайынан кем болмауы тиісті, яғни шетелдік өнімдерге қойылатын талаптар отандық өнімдерге қойылатын талаптардан қатаң болмауға тиісті.

3. Хабарлау және айқындылық. Егер жекелеген елдердің халықаралық нормативтік құжатгардан өзгеше құжаттар қабылдау туралы ниеті болса, онда ол ДСҰ секретариятына оның дәлелді себептерін және құжат жобасының қысқаша мазмұнын хабарлауға тиісті. Барлық қабылданған нормативтік құжаттар жедел жариялануы керек және олар барлық ел ішіндегі және сыртқы мүдделі жақтардың қол жеткізуіне (айқындылық) ыңғайлы болуы қажет.

Информация о работе Стандарттау, метрология және сертификаттау