Билік және опозиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 18:48, реферат

Описание работы

Ал оппозиция – бір саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық ету, кедергі жасаушы және партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы болып табылады. Демократиялық елдерде парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік қызмет атқарады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
Билік – оппозиция……...........................................................................................4
Дағдарыспен оппозиция мен билік бірлесіп күрессе…………………………5
Қорытынды..............................................................................................................7
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................................9

Файлы: 1 файл

Билік және опозиция.docx

— 26.65 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

                                                                                 

 

 

                                                                                        

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Пәні: Саясаттану

Тақырыбы: Билік және опозиция

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 

 

 

 

 

                                                                               

                                                                                       Орындаған: АиУ-12-1 тобының

                                                                                 студенті Арқабаев Н.Б.                                                           

                                                                Жетекшісі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013

ЖОСПАР

 

Кіріспе......................................................................................................................3

Билік – оппозиция……...........................................................................................4

Дағдарыспен оппозиция мен  билік бірлесіп күрессе…………………………5

Қорытынды..............................................................................................................7

Әдебиеттер тізімі.....................................................................................................9

 

КІРІСПЕ

 

Билік –  адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі болып табылады. Олар адамдарға саяси билік жүргізетін мемлекеттік органдардың жүйесі, мемлекеттік және өкілеттігі бар қызмет адамдары немесе органдары болады.

 Ал  оппозиция – бір саясатқа, саяси  іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық  ету, кедергі жасаушы және партияның  не оның бір бөлігінің билік  етуші элитаға, көпшіліктің немесе  үстемдік етуші пікірге қарсы  тұруы болып табылады. Демократиялық  елдерде парламенттік оппозицияны  әдеттегі, дұрыс жағдай деп санайды.  Олар билеушілерге қарсы тежемелік,  тепе-теңдік қызмет атқарады.

«Cын түзелмей, мін түзелмейді» демекші әрбір нәрсеге сын көз айтылмаса, ол жақсы жаққа ұмтылуға тырыспайды. Мен семестрлік жұмыста қазіргі кездегі Қазақстандағы билік пен оппозиция арасын барынша ашып көрсетуге тырыстым.

 

 

 

Билік – оппозиция 

 

Оппозициядағы партия, қоғамдық ұйым болсын өздерінің  қабылдаған бағдарламасы арқылы жұмыс  істейді. Мысалы, саяси мәдениеті  көпке үлгі болған АҚШ-тағы президент, конгресс сайлауларында демократтар  мен республикашылдар алма-кезек  жеңіске жетіп, бір-біріне оппозиция  болудың классикалық үлгісін  қалыптастырды. Тасада тұрып тас  атпайды. Жеңілісінің төркінін өз бағдарламалары мен атқарылған жұмыстарынан іздеуге  тырысады. Сайлау кезінде өзін көрсете  алмаған партиялар келесі науқанға дейін жұмысын тоқтатпай, көзқарастарының  дұрыс екенін дәлелдеу жолында еңбектенеді. Еліміздегі оппозиция маңызды сайлаулардан еш қалыс қалып көрген емес. Дегенмен де біздегі оппозиция қоғамда  өз орнын тауып, лайықты беделге  ие бола алмай келеді. Оларға абырой әпермей отырған жайттар –  біріншіден, идеялары мен пікірлері  ортақ іргелі партиялардың бір тудың  астына біріге алмауы. Оның себебі саяси  партия жетекшілерінің жекелеген амбицияларын жеңе алмауынан сияқты. Сенбі күні бірікпек болған оппозиция күбір  әңгімеден әрі аса алмай тағы тарқасты. Екіншіден, билік тарапына бірауыздан сын айтқанмен, бағдарламалары әркелкі. Бұл жерде жоба-жоспарларының  жүйесіздігі мен билікке балама құжаттарының жоқтығын айтып отырмыз.

Бойына  осы екі кемшілігі қатып-семген оппозицияның билікке қарсы әрекетін футбол ойынымен өрнектесек. Себебі оппозиция 2007 жылғы сайлаудың алдындағы  науқан кезінде кәнігі футболшылар  сияқты түскен суретін таратып, «Парламенттің  кубогы бізде» деген жарнамамен таласқа  түскен еді. Стратегиялық және тактикалық қателіктерден көз ашпаған оппозиция  командасы жеңілістерінің себебін  өзінен емес, өзгеден іздеп әлек. Енді осы уақытқа дейін өткен  «матчтардың» есептері турасында…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дағдарыспен оппозиция мен билік  бірлесіп күрессе

 

Ең қауіпсізі  – оппозицияға арқа сүйеу.  
(Райчак Феликс)

 

Қоғамдық палата экономикалық дағдарыс сияқты қиын-қыстау кезде барлық қоғамдық ұйымдарды күш біріктіріп, Президенттің маңайына топтасып, жұмыла жұмыс жасауға  шақырды. Ал осындай сәтте оппозиция  мен билік «бір жағадан бас, бір  жеңнен қол шығара» ала ма?

Ұлыбританияда ең ірі оппозициялық партия (яғни парламенттік сайлауда екінші орын алған партия) лидері министр  деңгейінде корольдік жалақы алады. Себебі оларды қоғам мен мемлекет үшін өте маңызды шаруа атқарып  жатыр деп, «Ұлы мәртебелінің оппозициясы» деп әспеттейді. Оппозиция «көлеңкелі үкімет» жасақтап, оның министрлері  үкіметтік шараларды қадағалап, сынап, өз бағыттары бойынша оппозициялық бағдарламалар жасаумен айналасады. Бұл қазіргідей сын сағатта қолайлы-ақ…

Бірақ Қазақстанда қалай? Үкімет пен  оппозиция үнемі қырғи-қабақ. «Біздің  оппозицияның бар тарихы 80% партиялық  құрылыс, қайта ұйымдасу, партияға атау беру, өзара тайталастан құралса, тек қалған 20% ғана – жұмыс, яғни билік үшін күрестен тұрады», – деп  жазған Сергей Дуванов. Мұның өзінде ол «жұмыс» деп сайлау кезіндегі  шараларды меңзеп тұрса керек.

Оппозиция әзірге тек билікті сынайтын мәлімдеме таратумен ғана айналысса, Үкімет олардың жасаған бағдарламаларын  көпе-көрінеу елемеуге тырысады. Яки  Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасына балама жоба жасаған Мұхтар Әблязов  сияқты «борттың сыртында» қалуға да болады.

Ал мемлекет үшін оппозициямен күресіп  қана қоймай, онымен ынтымақтасқан  тиімді деп есептейді ресейлік саясаттанушы Алексей Власов. Бұл – «посткеңестік  бюрократия үшін қатерлі көрінгенімен, билік үшін кадр «сәкісі» соншалық тарылған тұста ең дұрыс жол. Азшылықтың сөзіне құлақ түріп, ортақ мүдде  үшін олармен ынтымақтасудан қорықпау керек» деп есептейді сарапшы. Осы  ретте ол биліктегілермен саяси  пікірі үйлеспеген мықты мамандар мен  басқару менеджерлері керексіз болып  қалған Ресейдің жақсы үлгі көрсетіп отырмағанына өкініш білдіреді. «Осы бір  өте күрделі мәселеде Қазақстан  басшылығы үлгі көрсетеді деп  сенгіміз-ақ келеді» деп жазады сарапшы.

Сонымен, қазіргі жағдайда бітіспес қазақстандық екі жақ конструктивті  диалогқа баруы мүмкін бе? Оппозицияның бұған дейін Үкімет тарапынан  ұйымдастырылған түрлі комиссияларға  қатысудағы «белсенділігін» ескерсек, олардың дағдарыс кезіндегі жұмысының  беталысын оңай болжауға болады. Бірде-бір  оппозиция өкілі қатыспайтын  Қоғамдық палатаның үндеуін олар назарға да ілмейтіні анық. Олардың  бар жұмысы наразылық жиындарын  өткізу арқылы билікке қысым көрсетумен шектеледі. Бұл өз кезегінде жер-жердегі  оппозиция өкілдерінің қудалануы  мен олардың жұмысына кедергі  жасау әрекеттеріне соқтырады. Мысалы, ақпанның 21-де митингі ұйымдастырғысы келген оппозиция Алматыдан басқа ешбір аймақтардан рұқсат ала алмағандарын айтады. Бұл елдегі демократияның дамуына бір мысқал да үлес қоспайтыны, екі жақтың күресін ушықтыра түсетіні түсінікті.

Мұндай жағдайда не істеуге болады? Осы тұста белгілі әлеуметтанушы  Р.Дарендорфтың қағидасы еске түседі: «Оппозицияға саяси шешім қабылдаудың 10% мүмкіндігін берсін, сол кезде  оппозиция да болмайды». Оппозиция  болған күннің өзінде айғайшыл, құр  дабырашыл күйде қалмайтыны анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оппозиция – демократиялық қоғамның ең маңызды нышандарының бірі. Оппозиция ұғымының негізгі мағынасы қарсы тұру болса да, елдегі билік пен саяси режимге балама күш болып қалыптасуы шарт. Сонда ғана мемлекеттегі азаматтық қоғам институттарының дамуы мен плюрализмді қалыптастыру үрдісі жеделдейді.

Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев оппозицияның бірігетіндігіне күмән білдіреді. Ал, «Азат» партиясының басшысы Болат Әбілов өзгеше пікірде.

Себебі Ермұхамет мырзаның айтуынша сол көтерген кеуделері бүкіл қазақстандық оппозицияның идеясынан да жоғары. Тіпті, елдің жалпыұлттық мүдделерінен де жоғары дер едім. Сондықтан, Қазақстанның негізгі төрт оппозициялық партиясы қазір де, кейін де, 2012 жылы да іс жүзінде бірікпейді. Бұл – бір. Екіншіден, бұл сұрақ Ақорда үшін мүлде көкейтесті мәселе емес. Өйткені, қазіргі оппозиция жұмыс істеп тұрған саяси жүйеге ешқандай қауіп төндірмейді. Олар жеңіске жететіндей жағдайға ешқашан келе алмайды: қазір де, үш жарым жыл өткеннен кейін де.

Мәселен, «Азат» партиясының көшбасшысы Болат Әбілов ашық түрде премьер-министр болудан бас тартып отырғанда оппозицияның жеңісі туралы қалай сөз етуге болады. Алдағы парламент сайлауында 20 немесе 30 пайызға қол жеткізуді ғана армандайтынын ол еш бүкпелемей, ашық айтып отыр. Яғни, онда күресуге, жеңіске жетуге деген ұмтылыс жоқ. Былайша айтқанда Ермұхамет мырза қазақстанда азаматтық қоғам атымен жоқ, халқымыз табиғатынан саясатқа бейжай қарайды, жұмыс істеп тұрған саяси жүйеге оппозиция ешқандай қауіп төндірмейді деген қорытындыға келді.

Ал Болат Әбіловтың айтуынша, ешкім бізге билік жүргізіп, бұйрық бере алмайды, бірігу жолы – бір күннің шаруасы емес, және де оппозиция билікке қараған партиялар секілді бұйрықпен бірікпейді. Азаттық радиосына берген сұхбатында Болат Әбілов былай деді:

- Мақсат бар, әрине. Бірігу мақсаты. Қазір келіссөздер жүруде. Бірақ, қалай болғанда да бірігу-бірікпеу – әркімнің өз құқығы. Сондықтан да, біз бұл мәселеге сабырмен, байыппен қараймыз.

Бізде «Нұр Отан» партиясы билікті қолдан шығарып алсақ, президент Назарбаев тақтан тайқып кетсе апат болады деп санайды. Жоқ, ешқандай да апат болмайды. Тек ұрлық азайып, тәртіп пен әділеттілік күшейеді.

Ал, бүгінгі саяси жүйе үшін оппозиция қауіп төндірмейді деу күлкілі! Егер бізді қауіп көрмесе, онда бізді соттамас еді, қуғын-сүргінге ұшыратпас еді. Қанеки, бізге, біздің электронды БАҚ-на өздерімен тең жол берсін. Олармен ашық та адал бәсекеге түсейік, қордаланған өзекті мәселелерді ашық талқылайық!

Осы кезде белгілі әлеуметтанушы Р.Дарендорфтың қағидасын еске түсірсек: «Оппозицияға саяси шешім қабылдаудың 10% мүмкіндігін берсін, сол кезде оппозиция да болмайды». Оппозиция болған күннің өзінде айғайшыл, құр дабырашыл күйде қалмайтыны анық.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Чеботаров А. Проблемы становления оппозиции как полноценного элемента политической системы РК // Саясат.-1998. –№11
  2. Еремин А. Оппозиция сдает позиции // Мысль -1995.-№6
  3. Малинин Г. Социальная трансформация казахстанского общество: особенности и тенденции. –Саясат – Полис, 2006г. №12
  4. Куликов Ю. Страдания юной оппозиции // Деловая неделя. - 1997. - 18 апреля
  5. www.alashainasy.kz
  6. http://www.aikyn.kz/

 


Информация о работе Билік және опозиция