Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері.........................................................................................................15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32

ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44
Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82

Қорытынды..............................................................................................................86

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88

Файлы: 1 файл

1366194937.doc

— 2.82 Мб (Скачать файл)

Әлеуметтік салық ай сайын есептеледі және есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей бюджетке төленуі керек. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-сінен кешіктірмей салық органына тапсырылуы қажет.

Құрылымдық бөлімшілер бойынша төленуге тиіс әлеуметтік салық  сомасы  осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген салық сомасы негізінде анықталып, тұрғылықты жеріндегі тиісті бюджетке аударылады.

Есеп қисап көшірмесін салық төлеушінің тіркелген жеріндегі  салық органы куәландыруы керек.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

Жер қойнауын пайдаланушы  деп Қазақстан Республикасы аумағындағы  геологиялық зерттеуді пайдалы  қазбалар өндіруді, техногендік құрылымдарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы заңнамаларында бекітілген тәртіппен шарт жасаған тұлғаларды айтады. Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін салық режимі тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісім-шартта айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығына мыналар жатады:

  • бонустар
  • роялти
  • үстеме пайда салығы.

Бонустар жер қойнауын пайдаланушылардың тіркелген төлемдері  болып табылады. Және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгіленген мөлшерде  ақшалай нысанда төленеді. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мына түрлерін  белгілейді:

  • қол қойылатын;
  • коммерциялық табу бонусы.

Роялти.

Жер қойнауын пайдаланушы  роялтиді Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін пайдалы қазбалардың әр түрі бойынша, оның сатып  алушыларға өткізілгенінен немесе өз қажетіне пайдаланғанына қарамастан жеке төлейді.

Үстеме пайда салығын  төлеушілер – жер қойнауын пайдалану  шартына сәйкес пайдалы қазбалардың түрлерін өндіретін, салық салу режимінің бірінші үлгісі бойынша салық төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар.

Жер қойнауын пайдаланушы  ішкі пайда нормасының 20 пайызынан  астамын алған салық кезеңіндегі  әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша  жер қойнауын пайдаланушының таза табыс сомасы үстеме пайдаға салық салу объектісі болып табылады.

Үстеме пайдаға салынатын  салық, салық кезеңінің аяғында  қол  жеткен ішкі пайда нормасының деңгейі негізге алына отырып, салық Кодексінде белгіленген ставкалар бойынша есептеледі.

Үстеме пайда салығы салық кезеңіндегі таза пайдаға  мынадай ставкалармен бекітіледі.

Кесте-2

Пайданың ішкі нормасы (ГПН), %

Үстеме пайда салығының ставкалары

20-ға тең немесе кем

0

20-дан жоғары, бірақ 22-ке тең  немесе кем

4

22-ден жоғары, бірақ 24-ке тең немесе кем

8

24-тен жоғары, бірақ 26-ға тең  немесе кем

12

26-дан жоғары, бірақ 28-ға тең  немесе кем 

18

28-ден жоғары, бірақ 30-ға тең  немесе кем

24

30-дан жоғары

30


 

Жер салығы.

Республикадағы жер  қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөніндегі заңдарында, Жер Кодексінде бейнеленеді. Қазақстанның Жер Кодексінде Жер Республиканың айрықша меншігі деп айтылған. Жерді иелену және пайдалану үшін төленетін ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, жергілікті аймақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығы толығымен жергілікті бюджетке түседі, сондықтан бұл жергілікті өкімет органдарының аталған салықты жинауға мүдделерін арттырады.

Жер салығын төлеушілер – меншігінде немесе тұрақты пайдалануында  жер учаскесі бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың  филиалдары, өкілдіктері және жерге иелік етуші жеке тұлғалар.

Жер салығының мөлшері  жер учаскесінің саласына, құнарлығына, орналасу аймағына және сумен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай анықталады және жер иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық нәтижесіне байланысты болмайды.Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген төлем түрінде белгіленеді. Ал басқа мемлекеттерге берілген жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық салудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шараларымен анықталады.

Жер салығының салық  салу объектісі – жерге иелік  ететін немесе пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы  жер учаскелері. Олардың түрлерін атап өтетін болсақ, олар мыналар:

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер;
  2. Елді мекендік жерлер;
  3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де мақсаттағы жерлер;
  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;
  5. Орман қоры жерлері;
  6. Су қоры жерлері;
  7. Қордағы (запастағы) жерлер.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер  беріліп, салықтан босатылатын төлеушілер:

  • біртұтас жер салығын төлеушілер;
  • діни бірлестіктер;
  • мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар;
  • уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы  түзету мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
  • салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша жұмыс жасайтын жер қойнауын пайдаланушылар;
  • „Батыр ана” атағын алған, „Алтын алқамен” марапатталған көп балалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген  тұлғалар, бала кезінен мүгедек тұлғаның ата-анасының біреуі.

Мүлікке  салынатын  салық.

Салық салу объектісіне  қарай мүлікке салынатын салық  тікелей салықтарға жатады. Белгіленген  ставкаларды есепке ала отырып, салық  мүліктің құнына тікелей салынады.

Мүлік салығын төлеушіер:

  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі  бар заңды тұлғалар (соның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес  тұлғалар);
  • Қазақстан Республикасының  аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер;
  • меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар.

Меншік иесі салық  салу объектілерін сенімгерлік басқаруға  немесе жалға берген кезде меншік иесімен келісім бойынша салық  төлеуші сенімгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкін.

Жеке тұлғалар үшін салық  салу объектісі - Қазақстан Республикасының  аумағындағы тұрғын үй – жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар болып табылады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі – негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің орташа жылдық құны.

Салық Заңдылығына сәйкес төмендегі объектілерге мүлік салығы салынбайды:

  • жер салығын салу объектісі болып табылатын жер;
  • көлік қ<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Ch

Информация о работе Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі