Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері.........................................................................................................15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32

ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44
Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82

Қорытынды..............................................................................................................86

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88

Файлы: 1 файл

1366194937.doc

— 2.82 Мб (Скачать файл)

Салық мөлшерін көбейту  мақсатында салық  ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу  өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.[7]

Салық механизмін, оның ішінде салық ставкаларының деңгейін зерттеген ғалымдардың тұжырымдары мынаны дәлелдейді.

  • егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50% -нан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады;
  • егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай ұдайы өндіріске әкеледі.
  • егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40%-ы мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Қазақстан Республикасында  корпорациялық табыс салығының  қазіргі кездегі ставкасы 30%, ал ауылшаруашылығындағы өндіріс орындары үшін 10%.

Шаруашылық субъектілер  мен халықтар табысының бір бөлігін  мемлекеттің орталықтандырылған қаржы  көздеріне айналдыру салықтардың  ұдайы өндірістегі қызметін көрсетеді.

Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемін жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады.

Салықтардың келесі негігі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау.

Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы  салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет  саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық  бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.

Салықтардың түрлеріне  келетін болсақ, қазіргі кезде  Қазақстан Республикасында олардың 9 түрі бар, сонымен қатар бұлардың құрамына 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан салықтың тағы бір түрі енгізілді.  Бұл – экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы болып табылады.

Елімізде осы аталған  салық  түрлерінің алатын орны өте  зор, өйткені олар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі қаржылық көзі болып табылады.

Салық ісін тиімді ұйымдастыру  мақсатында  салықтарды белгілі  топтарға бөліп жіктейміз.

Салықтарды мынадай  ерекшелік белгілері бойынша  жіктейміз:

    1. Салық салу объектісіне байланысты;
    2. Қарауына қарай;
    3. Салық салу органына байланысты;
    4. Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
    5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;

Салық салу объектісіне  қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

Тікелей салықтар тікелей  табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мынадай  салықтар жатады:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • жер салығы;
  • көлік құралдарына салынатын салық;
  • мүлік салығы;
  • жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
  • әлеуметтік салық.

Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.

Жанама салықтарға мыналар  жатады:

  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер;

Бюджетке түскен соң  қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және  арнайы болып жіктеледі.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады.Оған корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т.б.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгіленген  нақты шараларға жұмсалды. Мысалы, көлік құралдарына салынатын  жол қорын  құруға жұмсалады.

Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінсе, экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын  салық және тұтынуға салынатын салық  болып жіктеледі.

Табысқа салынатын салықтар салық  төлеушінің кез келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан  алынады. Олардың санатына мына салықтар кіреді: табыс салығы, пайдаға салынатын салық.

Тұтынуға салынатын  салықты салық төлеуші тауар  немесе қызмет құнын төлеген кезде  төлейді. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер жатады.

Салық салу объектісін бағалау  дәрежесіне қарай  салықтар нақтылы  және дербес болып бөлінеді.

Нақтылы салықтар салық  төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы белгісіне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады.

Дербес салықтар салық  төлеушінің салық салынатын объектісінен алатын табыс мөлшеріне байланысты салынады. Оған корпорациялық табыс  салығы, жеке  табыс салығы жатады. 

Енді салықтарыдың негізгі  түрлеріне толығырақ тоқталып өтейік.

Корпорациялық табыс салығы – заңды тұлғалардың табысына салынатын жалпы мемлекеттік тікелей салық.  

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық Банкі мен мемлекеттік  мекемелерді қоспағанда, Қазақстан  Республикасының резидент заңды  тұлғалары, сондай – ақ, Қазақстан  Республикасында тұрақты мекеме арқылы  қызмет жасайтын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектісіне: салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс жатады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады.

Салық салынатын табыс  дегеніміз жылдық жиынтық табыс  пен заңға сәйкес алынатын шегерістердің  айырмасы.

Салық кезеңі ішінде төленетін  корпорациялық табыс салығы бойынша  аванстық төлемдер сомаларын салық  төлеуші, өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша  декларацияда көрсетілген нақты  салық міндеттемесі сомасын негізге  алып, ағымдағы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын ескере отырып, есептеп шығарады.

Корпорациялық табыс  салығы бойынша декларация тапсырылғанға  дейінгі кезеңдердегі аванстық төлемдер сомалары өткен салық кезеңі үшін төленген орташа  айлық аванстық төлемдер мөлшерінде есептеп шығарылады.

Салық кезеңінің қорытындысы  бойынша залал шеккен  немесе салық  салынатын табысы жоқ салық  төлеушілер корпорациялық табыс  салығы бойынша декларация тапсырған  күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құралған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, салық кезеңі ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдердің болжамды сомасының есебін салық органына табыс етеді.

Күнтізбелік жыл корпорациялық  табыс салығы үшін  салық кезеңі болып табылады. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген барлық салықтар мен алымдардың ішіндегі ең маңыздысы „корпоративтік табыс салығы” болып табылады. Табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет түсімдерінде маңызды орын  алады. Мысалы, 1999 жылы заңды тұлғалардың  табыс салығының үлесі 16%, 2000 жылы 30%, ал 2001жылы 27% құрады.

Корпоративтік салықтан түскен алымдардың  100% - тің республикалық  бюджетке беруден Қазақстанның жергілікті бюджетінің кірісіне нұсқан келмейді. Қазіргі уақытта корпоративтік  табыс салығы мен  акциз 50/50 арақатынасында орталық және аймақтық бюджетке алынады. Корпоративтік табыс салығын ресубликалық бюджетке ауыстыру қажеттігін  бұл салық түсуінің экономикалық жағдаймен өте-мөте байланысынан деп түсінуімізге болады.

Мұның өзі бірқатар әлеуметтік төлемдер жөнінде міндеттемелер  жүктелген жергілікті бюджет үшін жол беруге болмайтын нәрсе.

Жеке  табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кірістерінің басты көздерінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей тікелей әсер ететін салықтың бір түрі. Осы табыс салығын төлеуші болып салық жылы ішінде салық салынатын табысы бар  Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әрбір салық төлеушілер табыс салығын өздері тұрған жері бойынша төлеуді жүзеге асырады. Жеке табыс салығын салу объектілері мыналар:

  • төлем көзінен салық салынатын табыстар;
  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.

Салық төлеушінің төлем  көзінен салық салынатын табыстарына  мыналар жатады:

  • қызметкердің табысы;
  • бір жолғы төлемдерден алынатын табыс;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларына берілетін зейнетақы төлемдері;
  • дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
  • стипендиялар.

Салық төлеушінің төлем  көзінен салық салынбайтын табыстарына  табыстың мынадай түрлері жатады:

  • мүліктік табыс, оған:

а) бағалы қағаздары, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесі;

б) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан  жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен  қымбат бағалы металдар бар басқа  да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды сату кезіндегі олардың құнының өсімі;

в) мүлікті жалға беруден  алынған табыс;

г) мүлікті сату құны мен  бағалау құны арасындағы, бірақ оны  сатып алу құнынан кем  болмайтын  оң айырма, мүлікті сату кезіндегі  құн өсімінен алынған табыс;

- Жеке кәсіркерлердің  салық салынатын табысы.

-Адвокаттар мен жеке  нотариустардың – заңдық көмек,  нотариалдық іс-әректтер ақысын  қоса алғанда, адвокаттық және  нотариалдық қызметті жүзеге  асырудан түскен табыстарының  барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған табысы.

- Басқа да табыстар  – Қазақстан Республикасының  шегінен тыс  жерлерден алынған  табыстар.

Салық төлеушінің салық  жылы ішінде салық салынатын табыстарына  мынадай салық ставкалары бойынша салық салынады.

Кесте-1

Салық салынатын табыс 

Салық ставкалары  (%)

15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке  дейін

Салық салынатын табыс сомасынан 

5 %

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке  дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 10%

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке  дейін

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы+одан асатын сомадан  20%

600 еселенген және одан жоғары

600 еселенген жылдық есептік  көрсеткіштен салық сомасы+одан  асатын сомадан 20%


     Әлеуметтік салық еліміздің салық жүйесіне 1999 жылдан бастап енгізілген тікелей салық.

Қазақстан Республикасының  резиденттері, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстанда қызмет жасайтын резидент еместер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектісі 

  • Резидент және тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын резидент емес заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық салу объекті жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары.
  • Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар үшін әлеуметтік салық салу объектісі болып салық төлеушінің өзін қоса алғандағы, жұмыскерлерінің саны табылады.

Салық ставкалары.

Қазақстан Республикасының  резиденті және тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын резидент емес заңды  тұлғалары әлеуметтік салықты, салық  салу объектісінен 21% мөлшерінде төлейді.

Ал қарамағында шетелдік азаматтар жұмыс жасайтын салық  төлеушілер шетелдік жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген төлемдерден 11% ставкамен әлеуметтік салық төлеуге тиісті.

Төмендегі талаптарға жауап  беретін тірек қимыл мүшесі бұзылған, есту, көру, сөйлеу қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін, мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты 6,5% ставкасымен төлейді. Егер: а) салық кезеңіндегі жалпы еңбекақы қорының 51%-ы мүгедектердің еңбекақыларына жұмсалса; б) салық жылындағы жұмыскерлерінің 51%-ы мүгедектерден құралса.

Арнаулы салық режимін  қолданылатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар өздері үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әрбір жалдамалы жұмыскері үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салықты ай сайын төлейді.

Информация о работе Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі